Қазақша реферат: Сырдария қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарған көтерілісі (1853–1858) » ZHARAR © 2017 | Сырдария Жанқожа Нұрмұхамедұлы көтерілісі туралы қазақша реферат, жанкожа нурмухамедулы туралы Сырдария Жанқожа Нұрмұхамедұлы көтерілісіакша реферат, реферат на Сырдария Жанқожа Нұрмұхамедұлы көтерілісіахском языке жанкожа нурмухамедулы, реферат на Сырдария Жанқожа Нұрмұхамедұлы көтерілісіахском языке, Сырдария Жанқожа Нұрмұхамедұлы көтерілісі туралы




  • »

Қазақша реферат: Сырдария қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарған көтерілісі (1853–1858)

Қазақша реферат: Сырдария қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедұлы  басқарған көтерілісі (1853–1858) казакша Қазақша реферат: Сырдария қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедұлы  басқарған көтерілісі (1853–1858) на казахском языке

XIX ғасырдың екінші жартысында Сырдария бойындағы қазақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы өте ауыр болды.

Хиуа және Қоқан феодалдары Сырдарияның төменгі ағысы бойындағы және Ырғыз, Торғай, Емба өзендерінің аңғарларындағы қазақтарды өздеріне қаратуды көздеді. Олар бұл жерлерге үнемі шапқыншылық жасап отырды. Сырдарияның төменгі ағысы бойындағы Жаңадария және Қуандария алқаптарын басып алып, бұл жерлерде әскери бекіністер салды, оған Арал маңындағы қазақтарды күштеп пайдаланды. Хиуа хандығы жергілікті халықтардан алым-салық жинап отырды. Сөйтіп, қазақтар тек өз феодалдарына ғана емес, сондай-ақ Хиуа және Қоқан билеушілеріне де зекет және ұшыр төледі. Алым-салық жинау үшін олар әскери күштерді пайдаланды.

Қазақша реферат: Сырдария қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедұлы  басқарған көтерілісі (1853–1858)Хиуа және Қоқан хандықтарының үстемдігіне қарсы Сырдария қазақтары көтеріліске шыға бастады. Мұндағы қазақтардың көтерілісін Әлім руынан шыққан Жанқожа Нұрмұхамедұлы (1780–1860жж.) басқарды. Шекті руы басшыларының бірі – Жанқожа жай қарапайым халық арасында беделді әрі мақсаткер батыр ретінде даңққа бөленді. Жанқожа Сырдария бойы қазақтарының, соның ішінде егінші бұқараның өте күшті отаршылдық езгіге түскендігін түсінді. Сондықтан Сыр бойы қазақтарының бостандығы және хиуалықтардың озбырлығына қарсы күресте батыр өзінің жасақтарын құрды. Оның жасақтары бұған дейін 1838 жылы Кенесары сарбаздарымен бірге Созақ қамалын қамауға қатынасқан болатын. 1842 жылдың күзінде Жанқожаның әскері Хиуаның ірі бекінісі Бесқаланы қиратып, қала коменданты Бабажанды өлтірді. 1843 жылы Жанқожа батырдың жасақтары Қуандария бойындағы хиуалықтар тұрғызған қамалды талқандады, ал 1845 жылы осы қамалды қайтадан қалпына келтіру үшін жіберілген екі мың хиуа шоғырларын талқандап жеңді. 1853 жылы орыс әскерлері Ақмешітті басып алып, жаңадан Сырдария әскери желісі пайда болды.

Алым барлық халықтардан бірдей алынды. Ірі бай, орташа, кедей – бәрі бірдей мөлшерде, яғни әр шаңырақ төлеп отырды. Сырдария бойындағы шекаралық өкімет Райым және Қазалы әскери қамалдарын салу үшін мыңдаған қазақ шаруаларын айдап келіп, еріксіз жұмыс істетті. Әскери қару-жарақтар және азық-түлік тасу үшін де қазақтарды күштеп қызметке тартты. Қазақ еңбекшілері екі түрлі қанаудың патша өкіметі және жергілікті өз феодалдарының тепкісін бастан кешірді.

Орыс отарлаушыларына қарсы Сыр қазақтарының көтерілісі 1856 жылы желтоқсан айында басталды. Көтерілістің басталуының себептері қазақтардың еріксіз жұмыстарға жегілуінде, жолды пайдаланудағы, керуендерге қызмет көрсетудегі ауыр салықтар, сондай-ақ патша өкіметінің қоныс аударушылық саясатында жатты. Бұл көтеріліс кезінде Жанқожа өзінің жақсы меңгерген әскери әдісін қолданды, ол 1856 жылдың аяғында Қазалы фортын қоршауға алды. Бұған дейін көтерілісшілер казак-орыс тұрған Солдатская слобода поселкісін жойды.

1856 жылы 19–23 желтоқсан аралығында көтерілісшілер тобы патша әскерлерінің майоры Булатов қолбасшылық еткен екінші бір отрядпен шайқасты.

Көтерілістің кеңінен таралуы Орынбор генерал-губернаторы әкімшілігін қатты састырды. Оның бұйрығымен көтерілісті басу үшін Ақмешіттен генерал-майор Фитингоф бастаған әскери топ жіберілді. Көтерілісшілермен шешуші шайқас 1857 жылы 9 қаңтарда Қазалыға жақын жердегі Арықбалық мекенінде жүрді. Жанқожа сарбаздарының шабуылы сәтсіздікпен аяқталып, аман қалғандары бытырап тарап кетті. Ауыр жараланған Жанқожаны сарбаздар шайқас болған жерден алып шығып, қауіпсіз жерге жасырды.

Көтерілістің жеңілуінің басты себебі, оның жете ұйымдаспағаны және ол кезде күшті қаруланған патша әскерлеріне, ешқандай зеңбірегі, ататын мылтығы да жоқ, қазақ жасақтарының қарсы тұруы мүмкін емес еді.

Көтерілістен кейін Жанқожаның өзі халықтан бөлініп, тек бидің қызметін атқарды, кейін оны жаулары опасыздықпен өлтірді. Бірақ осыған қарамастан Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарған 1856–1857 жылдары болған Сырдария қазақтары көтерілісінің тарихи маңызы өте зор. Өйткені, ол патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы халық-азаттық қозғалыс еді.



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Рефераттар жинағы | | 45
Рейтинг:
(голосов: 0)

KZ портал » Қазақша Рефераттар жинағы, Сырдария Жанқожа Нұрмұхамедұлы көтерілісі туралы қазақша реферат, жанкожа нурмухамедулы туралы Сырдария Жанқожа Нұрмұхамедұлы көтерілісіакша реферат, реферат на Сырдария Жанқожа Нұрмұхамедұлы көтерілісіахском языке жанкожа нурмухамедулы, жанкожа нурмухамедулы, реферат на Сырдария Жанқожа Нұрмұхамедұлы көтерілісіахском языке, Сырдария Жанқожа Нұрмұхамедұлы көтерілісі туралы, қазақша реферат, Сырдария Жанқожа Нұрмұхамедұлы көтерілісі, жанкожа нурмухамедулы туралы, қазақстан тарихы рефераттар тегін, реферат сайты Сырдария Жанқожа Нұрмұхамедұлы көтерілісіахстан тарихы, қазақстан тарихы реферат скачать бесплатно, скачать реферат бесплатно по истории Сырдария Жанқожа Нұрмұхамедұлы көтерілісіахстана на Сырдария Жанқожа Нұрмұхамедұлы көтерілісіахском языке, Сырдария Жанқожа Нұрмұхамедұлы көтерілісі туралы қазақша реферат, жанкожа нурмухамедулы туралы Сырдария Жанқожа Нұрмұхамедұлы көтерілісіакша реферат, реферат на Сырдария Жанқожа Нұрмұхамедұлы көтерілісіахском языке жанкожа нурмухамедулы, реферат на Сырдар, Қазақша реферат: Сырдария қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарған көтерілісі (1853–1858) реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .