Қазақша реферат: Жұмекен Нәжімеденов Сабырұлы (1935 – 1983 жж.) » ZHARAR © 2016 | жұмекен нәжімеденов туралы қазақша реферат, жумекен нажимеденов туралы казакша реферат, жумекен нажимеденов туралы казакша омирбаяны, жұмекен нәжімеденов туралы қазақша өмірбаяны, реферат на казахском языке жумекен нажимеденов




  • »

Қазақша реферат: Жұмекен Нәжімеденов Сабырұлы (1935 – 1983 жж.)

Қазақша реферат: Жұмекен Нәжімеденов Сабырұлы (1935 – 1983 жж.) казакша Қазақша реферат: Жұмекен Нәжімеденов Сабырұлы (1935 – 1983 жж.) на казахском языке

Дүниеге келгені: 1935 ж. қарашаның 28 (1935—11—28)
Қошалақ ауылы, Құрманғазы ауданы, Атырау облысы
Қайтыс болғаны: 1983 ж. қаңтардың 22
Мансабы: ақын, жазушы
Нәжімеденов, Жұмекен Сабырұлы — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнүранының (мәтіні) авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері.

Мазмұны:

Өмірбаяны;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны;
Шығармалары.


Өмірбаяны
1935 жылдың 28 қарашасында Гурьев (Атырау) облысы Тенгіз (қазір Құрманғазы) ауданындағы Ашақ деген жерде дүниеге келген.

Жұмекен атасы Нәжімеден Стамғазиевтің бауырында өсіп, тәрбие алған. Сөз бен тарих және туған халқының дәстүрлеріне деген ыстық сүйіспеншілік сезімді бала бойында қалыптастырған сол кісі. Немересіне өзінің атақты бабалары Қартпанбет жырау (алтыншы ата) мен оның әпкесі Қосуан (Махамбет Өтемісұлының туған шешесі) туралы сыр шертетін.

1956–59 жылдары Қазақтың мемлекеттік консерваториясында оқыған. Содан кейін «Жазушы» баспасының редакторы, «Лениншіл жас» газетінде бөлім меңгеруші, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, Баспалар жөніндегі мемлекеттік комитеттің редакторы, «Мектеп» баспасында бөлім меңгеруші болып қызмет атқарған.

Жұмекен Нәжімеденовтің алғашқы «Егіс» лирикалық жинағы 1961 жылы жарық көрді. Төрт жылдан кейін «Жоқ, ұмытуға болмайды» атты поэмалар жинағы шықты. Ж. Нәжімеденовтің тірі кезінде барлығы он өлеңдер жинағы мен «Ақ шағылдар» (1973ж), «Кішкентай» (1975 ж), «Атақ пен дақпырт» (1978ж) атты үш романы басылды.

Жұмекен Нәжімеденов өзінің 48 жасқа толуына алты күн қалғанда, 1983 жылдың 22 қарашасында дүниеден озды. Ақын өлімінен кейін жарық көрген он жинағына тірі кезінде жарияланбаған өлеңдері, поэмалары, повестері мен романдары, мақалалары мен аудармалары және тоғыз күй енді. Оның шығармалары көптеген тілдерге аударылып, басылды. Ақын А. Вознесенскийдің, Е. Евтушенконың, Н. Хикмет пен Ә. Файзи шығармаларын аударған.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны
Жұмекен Нәжімеденов Қазақстанның қазіргі әнұран мәтінінің авторы. «Менің Қазақстаным» әні оның шығармашылық жолының басында, ақынның 21 жасында жазылған. Ол кісінің жұбайы Нәсіп апайдың айтуынша Жұмекен әнді осыдан 50 жыл бұрын, 1956 жылы Алматыда, белгілі қобызшы Гүлсара Бірманованың үйінде жазған. Бұл өлең бір қарағанда Қазақстан миллиард пұт астық жинағанына арналып жазылған сияқты болып көрінгенімен, негізінен «ел, жер менікі» деген отаршыларға қарсылықтан туған. Оны сезіп қалған коммунистер әнді мүлдем шығармай тастауға айналғанда Жамал Омарова ара түсіп, эфирден шырқауға мүмкіндік алған. Сөйтіп халыққа жетпей жатып қудалана бастаған ән бағы жанып, бейресмиден тәуелсіздіктің арқасында ресми әнұранға айналды.

2006 жылдың 11 қаңтарында «Менің Қазақстаным» әні елдің мемлекеттік әнұраны сипатында алғаш рет астаналық "Ақорда " резиденциясының шаңырағы астында, Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Президенті лауазымына салтанатты түрде кірісу сәтінде орындалды.

Шығармалары
Елуінші жылдардың екінші жартысында, алпысыншы жылдардың басында Жүмекеннің өлеңдері республикалық баспасөзде жиі жарияланып жүрді. Алпысыншы жылдардан бастап өлеңдері мен шығармалары, үш романы, аударма кітаптары «Жазушы», «Жалын» баспаларынан жарық көрді: «Балауса» (1961), «Сыбызғы сыры» (1962), «Өз көзіммен» (1964), «Жоқ, үмытуға болмайды» (1965), «Жарық пен жылу» (1966), «Күй кітабы» (1967), «Мен туған күн» (1972), «Мезгіл әуендері» (1968), «Ұлым, саган айтам» (1970), «Қызғалдақ жайлы баллада» (1971), «Ақ шағыл» (1973), «Кішкентай» (1975), «Даңқ пен дақпырт» (1977) «Темірқазық» (1981), «Менің топырағым» (1985) кітаптары, үш томдық шығармалар жинағы (1996–1997), «Мен — тамырмын» дастандар (2001), «Қасірет пен қайсарлық» (2001), «Жүмекен» (2002), «Жаңғырық» (2003). 1967 жылы «Жоқ, үмытуға болмайды!» атты поэмасы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанды. Ақын жырлары бірнеше шетел тіліне аударылған.

Жұмекен Нәжімеденовтің туғанына 80 жыл
Атырауда Жұмекен Нәжімеденовтің еңселі ескерткіші бой көтерді
Қазақ әдебиетінің қабырғалы қалам­гері, Мемлекеттік сыйлық­тың лауреаты Жұмекен Нәжімеденовтің шығар­ма­шылығы алуан қырлы десек артық бола қоймас. Хал­қына қалдырған мұрасы мол. Поэзия­дағы отты жырларымен бірге прозадағы елеулі еңбегі де бір бөлек дара дарынның еңселі ескерткіші Атырауда бой көтерді. Ескерткіш қаладағы көрікті нысан санатындағы Салтанат сарайы алдында еңсе тіктеп тұр. Қоладан құйылған ескерткіштің биіктігі тұғырымен бірге 8 метрді құрайды, ал туындының авторы – белгілі мүсінші Нұрлан Далбай.

– Биыл Әнұран авторларының бірі, талантты тұлға Жұмекен Нәжі­меденовтің туғанына 80 жыл толды. Осыған орай, осы жыл Атырауда Жұмекен жылы болып өтті. Өмірдің тауқыметін тартқан қиын кезеңде менің анам Жұмекенді арқалап өсірген екен. Мұны ақынның жұбайы Нәсіп апамыз ұдайы айтып отырады. Жұмекен ағамыз өзінің шығармашылығымен әдебиеттің биік шыңына көтерілді. Оның поэзиясының ең үлкен шыңы – еліміздің Мемлекеттік Әнұраны. Жыл басынан бері облыста Жұме­кен шығармашылығына арналған 80 түрлі іс-шара өтті. Сол іс-шаралардың үлкен тұғыры – бүгін ашылған еңселі ескерткіші. Ақын аты асқақтай берсін! – деді облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов.

Жұмекен Нәжімеденов ескерт­кішінің ақ жамылғысын ашу рәсімін облыс әкімі мен соғыс және еңбек ардагері Орын­ғали Қарасаев атқарды. Өңірде Жұмекен Нәжі­меденовтің шығармашылығы кеңінен насихатталып келеді. Есімін есте қалдыру шаралары да қолға алынды. Қазір облыста ақын аты 8 көше мен 1 мектепке, Құрманғазы ауданындағы 1 ауылға берілген. Елінің ертеңіне сенген ақын рухын асқақтатқан өнер туындысы Жұмекен Нәжімеденовтің бейнесін, мінезін, өмірде қалдыр­ған ізін көрсететіндей етіп сомдау үшін оның жары Нәсіп апай да ақыл-кеңесін беріпті.

Қайталанбас дара дарынның кіндік қаны тамған өңір оған деген құрметін еңселі ескерткіш орнатумен білдірді.



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Рефераттар жинағы | | 69
Рейтинг:
(голосов: 0)

KZ портал » Қазақша Рефераттар жинағы, жұмекен нәжімеденов туралы қазақша реферат, жумекен нажимеденов туралы казакша реферат, жумекен нажимеденов туралы казакша омирбаяны, жұмекен нәжімеденов туралы қазақша өмірбаяны, реферат на казахском языке жумекен нажимеденов, биография на казахском языке жумекен нажимеденов, биография на казахском языке, жумекен нажимеденов, реферат на казахском языке, жұмекен нәжімеденов туралы, қазақша реферат, жұмекен нәжімеденов, жұмекен нәжімеденов туралы қазақша реферат, жумекен нажимеденов туралы казакша реферат, жумекен нажимеденов туралы казакша омирбаяны, жұмекен нәжімеденов туралы қазақша өмірбаяны, реферат на казахском языке жумекен нажимеденов, Қазақша реферат: Жұмекен Нәжімеденов Сабырұлы (1935 – 1983 жж.) реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .