Қазақша реферат: Мырзағұлұлы Бекет ата (1750–1813) » ZHARAR © 2017 | мырзағұлұлы бекет ата туралы қазақша реферат, бекет мырзагулулы туралы казакша реферат, бекет мырзагулулы туралы казакша омирбаяны, мырзағұлұлы бекет ата туралы қазақша өмірбаяны, реферат на казахском языке бекет мырзагулулы




  • »

Қазақша реферат: Мырзағұлұлы Бекет ата (1750–1813)

Қазақша реферат: Мырзағұлұлы Бекет ата (1750–1813) казакша Қазақша реферат: Мырзағұлұлы Бекет ата (1750–1813) на казахском языке

Мырзағұлұлы Бекет (Бекет ата 1750–1813) – Кіші жүз құрамындағы Байұлы тайпасының Адай руынан шыққан, абыз-көреген, қазақтың әйгілі батыры, сәулетші. Туып-өскен жері Атырау облысы, Жем өзені бойындағы Ақмешіт-Құлшан және Маңғыстау өңірі. Өзі тұрғызған Оғыланды мешітіне жерленген. Хорезмдегі Пақыржан қажыдан оқып, діни білім алған.

Қазақша реферат: Мырзағұлұлы Бекет ата (1750–1813)Бекет жастайынан білмекке құмар болып, алғырлық зеректігімен көзге түскен. Ол ат жалын тартып мінген, оң-солын тани бастаған кездің жаугершілігі мол болған. Содан да ел қамы, халық тағдырына қатысты істерге ерте араласып, парасат-пайымымен, ерлік-табандылығымен жұрт көзіне ертерек түскен. Ол, әсіресе, медресе-мешіттер салдыртып, халықты имандылыққа, кісілікке, ауызбірлікке баулуға айрықша көңіл бөлген.

Көзінің тірісінде оның қабілетін, қызметі мен жеке басына төн жаратылысын сипаттайтын ерекше төрт қасиеті болған:

Біріншісі — халықтың тәуелсіздігі жолында жауларға қарсы күреске белсене араласқан батыр;
Екінші — ғылымның қиын жолымен жүріп өтіп, балаларды білім нәрімен сусындатқан ағартушы;
Үшінші — ежелгі дәстүр бойынша көптеген елді мекендерде мешіттер мен медреселерге арнап ғимараттар салған сәулетші;

Төртінші — мүсәпірлер мен ауруларға қол үшін берген ерекше дарынды, атпал азамат және аса маңызды оқиғаларды болжай білген сәуегей.
Бекет атаның бұл қасиеттері көзінің тірісінде-ақ ел арасында аңызға айналғаны сонша, «Мединеде — Мұхаммед, Түркістанда — Қожа Ахмет, Маңғыстауда — Пір Бекет» деген сөз сол кезде шықса керек. Сондықтан да оның ел алдында мәртебесі биік болған, сәуегей ретінде құрметтеп, пір тұтатын.

Халық мұндай асыл азаматқа деген сүйіспеншілігі мен құрметін ұрпақтан-ұрпаққа аңыз арқылы жеткізген. Әрине, аңызға ақиқат ретінде қарауға болмайды, дегенмен, Бекет атаның атына байланысты жазылған әңгімелер оның өмірінен алынған.

Қалың жауға қарсы қол бастап, қарсы шапқан қаһармандығымен Бекет батыр атанған. Шайқастарда Бекет батырға оның мейрімділік, әділдік сияқты адал қасиеттерінен туындаған бейбітшілікке деген сүйіспеншілігі сүйеу болған. Адам баласына көмектесуді жөне оларға білім беру, жақсылық жасауды Бекет ата Алланың бұйрығы деп санаған.

Бекет ата жер асты ғимараттарын қашап жасаудың ежелгі дәстүрін дамытқан.

Қазіргі таңда Бекет атаның Адамдықтың Ақ жолы, Әулиелік өсиеттері өсіп келе жатқан жас буынды тәрбиелеуде көп септігін тигізіп отыр. Іс-әрекеті мен қадір қасиеті аңызға айналған Бекет ата Маңғыстауда, Оғыландыдағы өз мешітіне жерленген. Көпшілік Бекет атаны әулие тұтып, қабіріне түнейді.

Бекет ата ескерткіштері — Маңғыстау, Үстірт, Жем бойындағы Бекет ата есімімен байланысты жерасты ғимараттарының ортақ атауы. Олар туралы халық жадында сан алуан аңыздар сақталған. XIX ғасырда Үстіртті зерттеген топограф Эдуард Эверсман, Александр Дюгамель ғалымдар сол аңыз-әңгімелердің негізінде жинаған деректерін жазып қалдырған.

Эдуард Эверсман: «Үстірттегі таудан үңгіп жасаған мешіттер араб, парсы жазуларымен безендірілген. Мұндай ескерткішті Бекет төрт жерде жасаған. Оның бірі Маңғыстаудан қашық емес, Оғыландыда, екіншісі Бейнеуде, үшіншісі Жем бойында, төртіншісі Арал жағасындағы Баялыда», — дейді. Бекет ата бұл мешіт-медреселерде құдайға құлшылық еткен, бала оқытқан. Оғыландыдағы ғимарат жақсы сақталған. Оңтүстік Үстірттің Маңғыстау ойысына тірелген бір тұмсығының үзіліп қалған шоқысына қашалған. Үш-төрт қанат көлеміндей үш бөлме. Бекет ата мүрдесі осы бөлмелердің бірінің іргесіне қашап орналастырылған. Жерасты ғимараты маңында Бекет ата пайдаланған бұлақтар, құдықтар бар.

Ел жадында қалған әңгімелерде Жем бойындағы Ақмешітте Бекет ата бала кезін, ал өмірінің соңғы жылдарының көбін Оғыландыда өткізген.

Бекет ата салдыртқан мешіттер күні бүгінге дейін біршама тәуір сақталған. Әсіресе, өзінің сүйегі қойылған Үстірттің Маңғыстау жақ ойысындағы Оғыланды мешіті үш бөлме етіп ойылған қалпы әлі тұр. Бекеттің немересі Мұрынның мүрдесі де осында.

Күні бүгінге дейін халқы әулие тұтатын Бекет атаның қадыр-қасиеті, қиялдай ғажап ерлік істері мен ақыл-парасаты ұрпақтан-ұрпаққа үлгі-өнеге бола бермек.



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Рефераттар жинағы | | 42
Рейтинг:
(голосов: 0)

KZ портал » Қазақша Рефераттар жинағы, мырзағұлұлы бекет ата туралы қазақша реферат, бекет мырзагулулы туралы казакша реферат, бекет мырзагулулы туралы казакша омирбаяны, мырзағұлұлы бекет ата туралы қазақша өмірбаяны, реферат на казахском языке бекет мырзагулулы, биография на казахском языке бекет мырзагулулы, биография на казахском языке, бекет мырзагулулы, реферат на казахском языке, мырзағұлұлы бекет ата туралы, қазақша реферат, мырзағұлұлы бекет ата, мырзағұлұлы бекет ата туралы қазақша реферат, бекет мырзагулулы туралы казакша реферат, бекет мырзагулулы туралы казакша омирбаяны, мырзағұлұлы бекет ата туралы қазақша өмірбаяны, реферат на казахском языке бекет мырзагулулы, Қазақша реферат: Мырзағұлұлы Бекет ата (1750–1813) реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .