Қазақша реферат: Анаболикалық заттардың спортсмендердің организміне, дене бітіміне әсер етуін зерттеу

Қазақша реферат: Анаболикалық заттардың спортсмендердің организміне, дене бітіміне әсер етуін зерттеу казакша Қазақша реферат: Анаболикалық заттардың спортсмендердің организміне, дене бітіміне әсер етуін зерттеу на казахском языке

Кіріспе
Медицина, сонымен қатар антибиотиктерді шығаруға арнлаған зертханалардың дамуы адам ағзасына жақсы әсер етті, алайда көп ұзамай осы антибиотиктердің құрамы күрделеніп, адам ағзасына енгенде түрлі әсер беріп жатады. Соның ішінде спортсмендер арасында дене бітіміне, сонымен қатар организмне әр түрлі әсер етеді. Бұл антибиотиктердің бастау алған кезі 1930- жылдар, алайда стероидтар жүйке жүйені емдеу үшін қолданылған препарат. Анаболикалық стероидтармен жүйке жүйені емдеу барысында, кері әсер берген жағдайцлар байқалды, мысалға: пациенттердің ашушаң болуы, галлюцинация мен депрессияның байқалуы.
Анаболикалық заттарды бастапқыдан бастап жоғары сатыдағы спортсмендердің көбісі қолданады, бірақ сол препараттардың әсерін көбісі біле бермейді. Бұл антибиотиктерді спортсмендер бір мақсатпен ғана қолданады: бұлшық еттерін қатайтып, әдемі қалыпқа келтіру.
Стероидтар тек бұлшық ет емес, сонымен қатар адамның жүйке жүйесіне, қан айналымына, бауырға, жыныс органына, тері мен иммунитетке әсер етеді. Бұлшық ет құрылымын күшейтіп, үлкейтсе, қалған органдарға кері әсерін тигізеді, кей кезде олардың мүлдем құртылып кетуіне әкеліп соғады. Қазіргі кезде бұл спортсмендер арасында актуальді проблема, тәжірибесі жоқ жас спротсмендер дәрі- дәрмек дозасын көп мөлшерде қолданып, организмге жазылмас ауру жұқтырады, ал бұл іспен көп жылдар бойы айналысқан, мамандандырылған спортсмендер қалай қолдану қажет, қандай мөлшерде, пайдалы ма әлде зиян ба, қандай мерзімде қолдану керек екнінде жеткілікті ақпараттандырылған. Соның өзінде, олар өз денсаулығын үлкен қауіп- қатерге ұшыратып жатыр. Әсіресе “бодибилдинг” саласында анаболикалық заттарды қолдану сол спроттың “дәстүріне” енген.
Менің бұл тақырыпты таңдау себебім, жас спортсмендерді ақпараттандыру, себебі көбісі оңай жолмен барғысы келеді, сондықтан да стероидтарды қабылдайды. Ал бұл препараттарды қабылдамай, үлкен дәрежеге жету үшін кемінде 10 жыл қажет.
Мен өзім культуризмді қолдаймын, себебі культуризмде тек мінсіз дене бітім емес, сонымен қатар денсаулығыңды, шыдамдылық пен тек алға ұмтылуы қабілетіңді дамытасың, бірақ белгілі бір уақыт өткеннен кейін нәтиже көрсеткіші бәсеңдей бастайды, оны көп жас спортсмендер психикалық түрде түсіне бермейді, осы периодта шаршау, алдына қойған мақсатына жейтпеймін деп ойлайды және соның әсерінен оңай жолға түсіп, гормондары бар стероидтар мен допингтерді қабылдай бастайды. Әрине, бұл дәрілелрдің пайдалы және зиян әсерлері бар, мысалға: стероидтағы тестостерон гормоны еркектердің жыныс органына жақсы әсер етеді, сонымен қатар адам өсуіне ықпалын тигізеді; метаболизм түзіледі, ол адам организмнде болып жатқан зат алмасу процессін қамтамасыз етеді, сонымен қатар метаболиттердің қарқынды дамуына ықпал етеді.
Допингтер көбінесе порошок түрінде кездеседі және оның ішінде бұлшық ет қоректенетін ақуыз мөлшері көп болады, спортмсендердің шаршамай, бұлшық еттің түзіліп, қалпына келу процесін тездетеді. Сонымен қатар, келтіретін зияны туралы айтып кетсем: стероид қабылдаған жағдайда энергетикалық заттар қанға араласып, адам агрессивті болуы мүмкін, соның әсерінен ол көп жұмыс істеп, демалуға өте аз мөлшерде уақыт жұмсайды; қанның циркуляциясын нашарлатып, ақыр соңында бауырдың рак ауыруы шалдығуына әкеліп соғады.
Лицензиясы бар допингтер мен заң жүзінде қолдануға тыйым салынған стероидтардың қолдануы адам ағзасы үшін өте зиян деген ойдамын, түрлі химикаттармен қоректену келешекте жақсы жетістіктерге алып келмейді. Олардың орнын таза табиғи дәреумендермен алмастыруға болады, сүзбе мен сүтте ақуыз мөлшері анаболикалық заттардың құрамындағы мөлшеріне қарағанда бірталай көп және пайдалы, бірақ ол дәреумендермен мақсатқа жету үшін ұзақ уақыт және шыдамдылық қажет.

1. Негізгі бөлім
Анаболикалық заттар- тез арада анаболикалық процесстердің жақсаруын және қалпына келуін қамтамасыз ететін заттар, яғни зат алмасуды жақсартатын, жасуша элементтері мен терінің қалпына келуіне ықпалын тигізеді, сонымен қатар бұлшықет құрылсын дамытады. Анаболикалық препараттар негізінен медицинада ұзақ мерзімде ауырған пациенттерге аз мөлшерде (доза) беріледі. Көбінесе анаболиикалық заттардың ішіндегі сетроидтар спортта допинг ретінде қолданылады. Неміс ғалымы Арнольд Адольф Бертольд, 1849 жылы осы заттардың құрылысын зерттеді (ЗАО «ЖЕЛЕЗНЫЙ МИР», 29.11.2013). Сол жылдардан бастап анаболикалқ заттарға ұсыныс көбейді, көптеген культуристтер тестостерон гормоны бар препараттарды қабылдады немесе солармен қоректенді деп айтсақ да болады. Анаболикалық заттардың ең алғаш құрбаны болған ағылшын велосипедшісі Дэвид Линтон, 1886 жылы Францияда болған жарыста қаза тапты (Федерация стрельбы Украины, 2009).
Адамдарда “анаболикалық заттардың барлығы бір және барлығы бірдей ағзаға жаман әсер етеді” деген стереотип қалыптасып кеткен, соның салдарынан культуристтерді “анаболиктер, стероидтармен қоректенеді” деп айтады, бұның барлығы анаболикалық заттар туралы толық ақпараттың білмеуі. МОК (Международный Олимпийский Комитет) қабылдауымен қолдануға болады және сауда- саттықта лицензиясы бар анаболикалық заттар: кленбутерол, салбутамол, дигидротестостерон, тестостерон, алайда бұларды қолданудың нормалары бар. Салбутамол үшін 1000 нанограммды 1 миллилитр суға араласытру қажет, ал нормасынан тыс болып, дозасынан артық кетіп тыныс алу жүйесіне әсер етеді (Национальный Олимпийский комитет Республики Казахстана, 01.01.2003). Бұл препарат негізінен бронхит ауруын емдеуге, астма ауруымен ауыратын спортсмендерге Олимпиада кезінде беріледі.
ВАДА (Всемирное Антидопинговое Агенство) 1991 жылы 10 қарашада МОК қолдауымен құрылды. Бұл одақтың құрылуының себебі, спортсмендердің спортта, Олимпиадада, жарыстарда, сонымен қатар жеке өмірлерінде допингтерді қолданатынын тесттен өткізу, ақпарат беру, ”Всемирный антидопинговый кодекс”- те статья мен қандай жаза тартатыны туралы жазылған. Бұл кодекс 2009 жылы қабылданды және ережелері барлық спортсмендерге бірдей (РУСАДА, 2009).
Анаболикалық препараттарда, допингтер мен АС-да тестостерон гормоны маңызды роль атқарады, себебі тестостерон адам организмнде көптеген қызмет атқарады, оның біріншісі- андрогендік: адамның жынысының дамуын, спермотогенездің дамуын, адам денесінде шаш пен жүн өсуін қамтамасыз етеді. Екіншісі- метаболизм немесе анаболизм деп айтсақ та болады. Ондай жағдайды бұлшық еттің өсіп, оның тез қалпына келуін, адам денесіндегі майдың жойылуын және бауырдағы зат алмасуды қамтамасыз етеді. Яғни тестостерон гормоны біздің өміріміздегі организмге керек барлық процесстерді орындап шығады (Тихомиров Сергей Владимирович, 28.10.2012).
Қоғамда “кім АС немесе допинг және протеинді қолданады, соның организмі нашар, ол препараттар тек кері әсерін тигізеді” деген пікір қалыптасып кеткен, алайда толық ақпаратты біліп алмай, өз көзқарасын айта берсе ол басқа адамдардың көзқарасын өзгертуі мүмкін. Менің айтып келіп тұрғаны- барлық препараттар бірдей зиян емес.Леветон П және Леветон Форте- энергия мен күш береді, Элтон П және Элтон Форте – жыджамдылық пен төзімділікті дамытады, Мәскеу ғылыми- практикалық центрде белгіглі мамандар ГОСКОМСПОРТпен допингті бақылау лабороторияда сәтті өтті. Яғни бұл препараттар зияны жоқ және кез келген спорт түрінде қолдана беруге болады деген рұқсат берілді (БАРОКОМ центр спортивной медицины, 02.06.2014).
Препараттарды қолданған кезде нәтиже 2-3 айдан кейін көріне бастайды. Олар организмге жақсы және жаман жақтан әсер етеді. Анаболикалық заттарды қолдану кезінде байқалатыны бұлшық еттің дамуы, себебі бұл заттарда биосинтзедеуге ақуыз көп мөлшерде болады. Клеткалардың дамуы, бұлшықеттердегі байланысты тез қалпына келтіруі. Психилогиялық тұрғыда әсер етуі шыдамдылық, төзімділік болып табылады. Сонымен қатар, анаболикалық заттарды қолданған кезде адам денесіндегі май мөлшері азая бастайды. Қанның циркуляциясын жақсы болған кезде, адам денесіндегі жұмыс істейтін бұлшықеттерге барып, оларды керекті қоректік заттармен қамтамасыз етеді (Энциклопедия научного бодибилдинга, 2010).
* Енді препараттар дәрі- дәрмек ретінде қолданған соң ол белгілі бір органға әсер етеді, көбінесе бауыр құртылады, оның себебі дозаны нормасынан артық қабылдауы және 17-алкилирленген препарат қолдану кезінде, бұл препарат көбінесе капсула түрінде кездеседі.
* Екіншісі, дененің бөртіп кетуі немесе акне деп атайды. Бұнда шығуына тек осы жоғары деңгейдегі андрогендіқ препараттар әсері.
* Үшіншісі, холестериннің көтерілуі, анаболикалық стероидтар үлкен қысымдағы липопротеинді басып тастайды және липопротеинді басып тастайды.
* Төртіншісі, жүрекке әсер етуі, ол қандағы халестериннің көбюі мен артериалды қысымның артуы.
* Бесіншісі, бүйректің зақымдануы. Бүйрекке тікелей әсер ететін препарат жоқ, бірақ ол артериалды қысымның салдарынан көп нагрузка түскен кезде функциясы құртылады (University of Gothenburg, 20.05.2013).

2. Мақсаты
Жобалау жұмысымның негізгі мақсаты культуризм немесе бодибилдинг саласындағы спортсмендерді, сонымен қатар басқа саладағы спортсмендерді ақпараттандыру; олардың анаболикалық заттарға қандай көзқраста екенін және оның сол заттар туралы қаншалықты білетінін білу және оны
Сондықтанда берілген жобалау жұмысының негізгі сұрақтары осылар болды:
• Стероидтар мен допингтер адамның физиологиялық жағдайына әсері қандай?
• Тестостерон гормоны неден алынады және не үшін қолданылады?
Анаболикалық препарттардың барлығы бірдей зиян ба?
Анаболикалық заттарды табиғи заттермен алмастыруға бола ма?
Жобалау жұмысының қорытындысы адамдардың стеродитар мен допингтер жайлы білімін дамытады, олардың физиологиялық және психологиялық тұрғыда қалай әсер ететінін білетін болады, сонымен қатар кей адамдарға бұл, өз жобалау жұмысындағы алдын алу шараларын жазуға мүмкіндік береді.

3. Әдіс
Жобалау жұмыста бірнеше әдістер қолданылды, себебі анаболикалық заттар туралы ақпарат көп болғандықтан әр біреуін тексеріп отырмас үшін жаңартылған ақпарттарды алып, оларды сенімді дереккөз екеніне көз жеткізу керек болды. Бұл дереккөзді тексеру үшін дене шынықтыру және медецина саласының мамандарынан интервью алынған болатын. Бұлай тексеру себебім, көп онлайн сайттағы ақпарат көне, яғни жағартылмаған немесе авторы жоқ, егер кез келген сайттан ақпаратты алсам, менің жобалау жұмысым сенімді емес болып шығатын еді.
Сайтты тексеру үшін алдымен сол сайт не үшін арналғанын біліп аламыз, мысалға анаболикалық препараттарды сатып жүрген маркетингтегі компаниялар өз тауары жайлы тек жақсы статья жазады, сондықтанда онлайн реклама беретін сайттардын ақпарат алған тиімді емес. Сайтты бір компания немесе белгілі специалист ашады және сол жаққа статья енгізеді, ол статьяны оқып болғаннан кейін жазылған күні міндетті түрде болу қажет, статьяның авторы жайды мағлұмат тереміз , егерде ол сол саланың маманы болса, ақпарат сенімді деуге болады.
Анаболикалық заттардың қолдануы актуальді проблема болған соң мен жалпы мәлімет іздедім, маған ВАДА , МОК , НОКРК зерттеген жұмыстары мен ақпараттары жақсы көмегін тигізді; және зерттеу кезінде білгенім “Всемирный антидопинговый кодекс” дүние жүзінде барлық спортсмендерге бір екенін білдім.
Сонымен қатар медицина саласның мамандары жазған статьядан ақпарат алдым, көп терминдер таныс болмаған соң олардың мағынасын тауып, түсіну керек болды. Мысалы, эстроген деген сөз маған таныс болмады, мен оның синонимын іздегенде “гормон және эстрон” деп берілді, гормон дегеннен кейін мен оның анаболикалық препараттың негізі екенін білдім.
Мен анаболикалық препараттар жайлы ақпарат алу үшін екі әдісті қолдандым: интернеттен ақпарат алу және мамандардан интервью алу. Сауалнаманы алғым келді, алайда анаболикалық заттар жайлы көбісі біле бермейді, ал менің жобалау жұмысым анаболикалық заттар туралы ақпарат беру.
Интернеттен алынған ақпаратты тексеру үшін денешынықтыру, медицина, химия және биология мамандарынан интерьвю алдым, интервью 7 сұрақтан тұрады. Өз қалауларымен жауап берген болатын және интервью 10- 15 минут жүргізілген соң, сонымен қатар психологиялық қысылулар болмас үшін су мен шоколад берілген болатын.
Олар жауап беру кезінде жауапты талқылауға рұқсат берілген болатын, сонымен қатар өз жауап беруде нақтылауды қажет етті. Интервью респонденттерден камераға түсіру, қағаз түрінде немесе диктофон арқылы алынды, бұлай алу себебім жауап берушілердің көбісі камера алдында қысылады. Қағаз түрінде алу себебім, көбісі айту емес, қағаз бетіне жазу арқылы ойын жақсы жеткізе алады.
Интервью 7 адаманан алынды, олардың ішінді 3 денешынықтыру пән мұғалімі, 1 врач- педиатор, 1 химия пәнінен сабақ берсе, 1 биология пән мұғалімі, сонымен қатар капоэйра тренері жауап берген болатын. Жалпы жауап берушілердің ішінде 3 ер адам және 4 әйел адам болды.
Алынған интервью жауаптары анализделінген және жобалау жұмысында қолданылады. Астыда нәтижелері көрсетілген

4. Қорытынды
Берілген жауаптардың нәтижелкріне қарап зерттеу сұрақтарына мынандай қорытынды жасауға болады:
• Стероидтар мен допингтер адамның физиологиялық жағдайына әсері қандай?
Стероидтар тестостерон гормоны негізінде жасалған антибиотиктер, олар адамға екі түрлі әсер етеді: андрогендік және метаболизм. Андрогендік ол жыныстық гормондар дамуы, бұлшық еттің тез арада қалпына келуі. Метаболизм- адам ағзасындағы зат алмасу процесіне байланысты, көбінесе қанның циркуляциясы көп болғандықтан, бүйрекке нагрузка түседі.
• Тестостерон гормоны неден алынады және не үшін қолданылады?
Тестостерон гормоны- ер адамдарда барлық өмірлік функцияларды атқаратын гормон және ол бұлшық еттің қалыптасуына, адамның төзімді болуына, шаршамауына өте үлкен ықпалын тигізеді. Ал бұл гормонды ерлердің аталық жұмыртқа жыныс жасушасынан алады.
Анаболикалық препараттардың барлығы бірдей зиян ба?
ВАДА шешімі бойынша қабылдауға болады және рұқсат етілмеген препарттар бар. Рұқсат етілмеген препараттар тек докторлардың рецепті бойынша ұзақ мерзімде ауырған адамдарға беріледі. Сондай- ақ, бұл рұқсат етілмеген симуляторларға кокаин, метадон және марихуана да жатады. Қолдануға болады деген препараттар адамға зиян емес, себебі МОК шешімі бойынша олардың ішіндегі стероидтардың мөлшері өте аз және бұл препараттар көбінесе төзімділік пен күш көрсеткішін дамыту үшін қолданылады.
Анаболикалық заттарды қандай табиғи заттермен алмастыруға болады?
АС олар синтетикалық жолмен белгілі бір гормондардан құралған антибиотиктер, бұлардың құрамындағы заттар кәдімгі біз жеп жүрген тағамда кездеседі, бірақ аз шамада. Стероидтар, допинг, протеиндерді ақуызбен алмастыруға болады. Ал ақуыз мөлшері сүзбе, сүт, ет және жұмыртқада көп кездеседі. Әрине, бұның барлыға диетологпен қадағаланады.
Жобалау жұмысты қорытындылай келе айтарым, анаболикалық заттардың қолдануға болатын түрлері бар және олар адам ағзасына зияны жоқ. Сол препаратты қолданбас бұрын, нақтылап біліп алу қажет. Жас спортсмендердің толықтай ақпарат алатынына және сол ақпаратты спортта дұрыс қолданатынына сенімдімін, себебі АС пен протеиндерді қалай ажырату керек екенін және олардың әсері қандай екенін толықтай білетін болды.
Зерттеу жұмысын жазбас бұрын стероидтар жайлы көзқарасым оң болды, себебі оны арнай мамандар культурситтерге жазып береді деп ойладым. Зерттеу кезінде стероидтардың симуляторлардан айырмашылығы неде екенін түсініп, көзқарасым өзгерді. Тек қолдануға болатын препараттар мен протеиндер ғана адам ағзасына зияны жоқ.

5. Бағалау
Жобалау жұмысы негізінен жақсы жазылды және мақсаттағы сұрақтарға жауап берілді.
Зерттеушілік жұмыста интернеттен онлайн ресурстарды алуда сенімді дереккөзді іздеу қажет болды. Сол үшін мен МОК, ВАДА, НОКРК және мамандар жазған энциклопедиядан ақпараттарды алдым. Алайда, бұл сенімді дереккөз болғанымен байқау керек, себебі көп сайтта өзінің қызығушылығы мен зерттеу сұрағы туралы жазып кетуі мүмкін. Сонымен қатар ақпарат алу кезінде қиыншылдықтар болды, себебі статистиканың көбісі ескерген немесе жаңартылмаған. Мамандардан интервью алған кезде интернеттен алынған ақпарат пен респондент жауабы сәйкес келмей, түсініспеушілік туындау мүмкін болды.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?




KZ » Қазақша Рефераттар жинағы, анаболикалық заттар туралы реферат, анаболикалық стероидтар туралы реферат казакша, анаболических стероиды реферат на казахском языке, анаболика туралы реферат, реферат на казахском языке о анаболике, қатар, сонымен, анаболикалық, болады, етеді, ақпарат, себебі, препараттар, жақсы, заттар, немесе, болды, Анаболикалық, гормоны, қандай, бұлшық, қажет, болатын, кезде, туралы, анаболикалық заттар туралы реферат, анаболикалық стероидтар туралы реферат казакша, анаболических стероиды реферат на казахском языке, анаболика туралы реферат, реферат на казахском языке о анаболике, қатар, сонымен, анаболикалық, болады, етеді, ақпарат, , Қазақша реферат: Анаболикалық заттардың спортсмендердің организміне, дене бітіміне әсер етуін зерттеу, Қазақша реферат: Анаболикалық заттардың спортсмендердің организміне, дене бітіміне әсер етуін зерттеу реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы