Музыка | МУЗЫКА ӨНЕРІ
Халықтың музыкалық творчествосы. Қазақ халқының тұрмысы мен қоғамдық өмірі және еңбек әрекетімен біте қайнасқан рухани мәдениетінің етене саласы музыка болды. Дәстүрлі орындаушылық — жеке ән салу мен аспапты жеке тарту — кең тараған, әнді қосылып айту сирегірек; шығармалардың негізгі түрлері ән мен күй болған.
20-дан аса әр түрлі музыкалық аспаптар болған, олардың бір сарынды ғана дыбыс шығаратын кейбіреулері — шертер, жетіген, саз сырнай, кепшік, шаңқобыз, даңғыра, асатаяқ және басқалары — профессионалдық талаптарға сай келмей, біртіндеп құри берген. Ал дыбыстық сапаларын жетілдіруге келетін басқалары музыкалық аспаптар тобын құрады. Олар: домбыра — ағаштан жасалған, шертіп ойналатын екі ішекті (үш ішекті болып келуі сирек кездеседі) аспап; шанағы сопақша (алмұрт тәрізді) жазық үш бұрышты немесе төртбүрышты (трапеция тәрізді) болып келеді; кобыз немесе қылқобызаяқ тәрізді толық ағаш шанақты және сабы ішіне қарай иілген ыспалы қос ішекті аспап; сыбызғы — ағаштан, іші қуыс қамыс-қурайдан немесе металл түтіктен жасалған, 4—6 саусақ басар ойығы бар ұзынша үрмелі аспап; дауылпаз — сырты тері-жарғақпен қапталған ағаштан немесе металдан жасалған кішкене қазан түріндегі соқпа аспап. Бертінде көпестер Россиядан айырбас сарайлары мен жәрмеңкелерден алып келген, екі қатарлы гармониканы осылай атап кетіскен, сырнай шықты.
Той-думан ән-күймен басталған, ақсақалдар кеңестерінің алдында, жайлауға көшу мен қыстауға қайтып оралу да ән-күймен атап өтіліп отырған; өлеңдерде қыран құс пен атышулы жүйріктер мадақталып, сұңқылдаған хабаршылар ауылдарды аралап жүріп, маңызды жаңалықтарды өлеңмен хабарлаған. Әйелдер үй тігіп, уық шанша жүріп, мал сауып, жүн сабаған, жіп иіріп, кілем тоқыған, киіз басқан кездерінде өлең айтып, балаларын тербете отырып, бесік жырын жырлаған. Қайғыға ұшыраған семьяны жұбататын көңіл айту, қуаныш хабарға сүйініп сүйінші сұрап, құттықтау дәстүрі де өлеңмен айтылған.
Музыкалық туындылар мазмұны мен қиындығы жағынан әр алуан болды. Еңбек процестері мен тұрмыстық жол-жора (той-томалақ, жерлеу) кезінде орындалатын әндер, сондай-ақ бесік жыры мен балалар әндері қысқалығымен, шағын диапазонды әуендерінің әсерлілігімен, текст мазмұнының дәстүрлілігімен ерекшеленді. Бұларды жұрттың бәрі айтатын болған. Ал әндер мен күйлердің, әсіресе лирикалық және әлеуметтік тақырыптарға, тарихи эпикалық және аңыздық сюжеттерге шығарылғандарының әуендері ырғақты қайырмалы болып келген формалары күрделі ырғақтық құрылымдары ауыспалы кен ауқымды болған. Олар профессионалдардың репертуарларына енді, ол профессионалдарды орындайтын шығармаларының тақырыптарына қарай «ақын», «жырау» немесе «жыршы» (эпосты, аңыздарды, тарихты жырлаушы), «әнші» немесе «өлеңші»„ «күйші», «ертекші» және т. б. деп атаған.
Профессионал музыкалық қайраткерлердің дарындылығы көпшілік алдындағы арнайы айтыстарда көрінген. Мұндай музыкалық-поэзиялық жарыстар тойларда, жайлауға көшуге байланысты, қыз ұзатқан кезде және басқа да семьялық қуаныштарға орай өтіп отырған. Жеңгендерге мол сыйлықтар беріліп, ерекше құрмет көрсетілген, аса көрнектілерінің есімдеріне «сал», «сері» деген құрметті атақтар қосып айтылған; олардың даңқы ауыл-ауылға тез тарап отырған; оларды барлық жерде зор құрметпен қабылдаған.
Түгелдей дерлік сауатсыздық жағдайында музыка, поэзия сияқты, адамдардың дүниеге деген көзқарасының, моральдық негіздер мен эстетикалық талғамдарының қалыптасуына орасан зор ықпал жасап отырды. Мұны үстемдік жүргізуші феодал-байлар тобы өз идеологиясы мен өздеріне қолайлы заңдарды және патриархаттық-феодалдық ескіліктің ғұрыптарын тарату және орнықтыру үшін кеңінен пайдаланды.
Репертуар. XVIII ғасырда — XIX ғасырдың бірінші жартысында музыка өнері өткен замандар туындыларының таңдаулы үлгілерін сақтау және олармен сабақтас халықтың күнделікті өмірімен тікелей байланысты жаңа шығармалар жасау негізінде дамыды. Әншілер мен музыканттардыя репертуарында космологиялық тақырыптағы — жұлдыздар туралы, ай, күн және басқа планеталар жайлы, демоиология тақырыбындағы — жезтырнақ, жын-пері жайлы әндер мен күйлер болды; ауылдарда бақсылардың балгерлік әрекеттері кезінде «арбау» музыкасы да орындалатын болды. Бірақ, Орта Азия мен Қазақстан халықтарын белгілі зерттеуші В. В. Радловтың дұрыс атап көрсеткеніндей, қазақ халқының өз өлең-жырларында бәрінен гөрі артығырақ бағалағаны «қайдағы бір керемет және ертегілік дүние болған жоқ, керісінше, ол өлең-жырлары мен ән-күйлерінде өзінің емірін, өзінің сезімдері мен талпыныстарын білдірді ақылға сыймайтын және жаратылыстан тыс нәрсені емес, қайта шын бар нәрсені жырлады» Шындық өмір кептеген алуан түрлі лирикалық және өзінің әуендері мен текстері жағынан неғұрлым тұрақты болып келетін семьялық-салттық, семьялық-тұрмыстық және еңбекке арналған -өлеңдер мен күйлерден көркем көрініс тапты. Оларда әлеуметтік теңсіздік, экономикалық тәуелділік, адамның жеке басын кемітушілік ашып көрсетілді. Мысалы, той салтының музыкасы жаркын поэзиялық кетеріңкі рухымен, қуанышты және қайғылы сезімдерінің шыншылдығымен ерекшеленді. Той «Той бастар» өлеңімен немесе күйімен басталатын, оларда күйеу мен қалыңдықтың ата-анасы, туған-туыстары мен бүкіл руының қадір-қасиеті аспандата мадақталатын да, екі жасқа семьялық бақытты өмір кешетіндері айтылатын. Жастардың оңаша кештерінде «Жар-жар» — болып жатқан оқиға жайында қолма-қол шығарып айтатын тапқырлық елеңдер жөнінен жарыска түскен қыздар мен жігіттердің айтысы болып отыратын. Ата-ана, туған-туысқан, аулымен қоштасарда ұзатылып бара жатқан қыздың мұңлы-шерлі әні — «Қыз қоштасуды» немесе «Сыңсуды» айтатын. Күйеудің ауылында оны киіз үйдің табалдырығы алдында ғибрат-өнеге өлеңі «Беташармен» қарсы алатын. Жыраулар мен жыршылар зпикалық және тарихи жырлар мен аңыздарды орындағанда, өздеріне тән әуендік сарындарды, сондай-ақ әндік және аспаптық формаларды да пайдаланып отырған. Бірақ эпосты орындаудың неғұрлым кең тараған түрінің синкретикалық, яғни түйдектете айтатын сипаты-болды, оған әндету, аспапта ойнау, жүз бен қол қимылдары элементтерін қатыстыра отырып баяндау шеберлігі негіз болды. Жыршы кейіпкерлердің диалогтарын әр түрлі: қаһарманды — қатаң, тегеурінді; қаһарман әйелді — нәзік, лирикалы; ұнамсыз кейіпкерлерді — керенау, ызалы интонациялармен құбылтып отырды. Көптеген зерттеушілер жыршылардың зөр шеберлігі мен олардың таңғажайып еске сақтағыш қабілеттерін атап керсеткен болатын.
XVIII ғасырда әншілердің, аспаптарда ойнаушылардың, ақындардың профессионалдық қызметі барынша дамыды. Солардың арқасында әндік музыкалық мәдениетте ежелгі заман авторларының туындылары: «Ақсақ құлан мен Жошы хан», «Қобыланды батыр», «Қамбар батыр» күйлері, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек» және басқа әнді циклдер сақталып қалды.
Алайда бұл — XVIII ғасырдағы музыкалық мәдениеттің бір ғана белігі. Оның екінші бір елеулі" саласы ежелгі замандар тақырыбына және әсіресе сол дәуірдің тақырыптарына шығарылған туындылар болатын. Қазақ даласында «Ескендір» — шапқыншылық жорықтар кезінде Окс пен Яксарт (Амудария мен Сырдария) өзендерінің бастауларына дейін жеткен Александр Македонский туралы, «Әмір ақсақ» — ортаазиялық қолбасшы және шапқыншы Ақсақ Темір туралы әндер де айтылатын. Бірак халық назарын осының бәрінен гері оның өз тарихына қатысты әндер мен күйлер көбірек аударды. Өзінің үні жағынан қайғылы болып келетін осынау күйлерде ру басыларының, сұлтандардың, батырлар мен билердің ұлыстарды билеу жолындағы, мал жайылымдарын иеленіп алу жолындағы үздіксіз қырқыстары мен соғыстары өздерінен біршама әлсіз рулық-тайпалық одақтарды басқа жерлерге көшіп кетуге мәжбүр еткен замандар жайлы әңгімеленетін.
Аспапты музыкада аса көрнекті тарихи адамдарға жеке күйлер арнау немесе күйлерде олардың өмірінің әр түрлі кезең-сәттерін суреттеу дәстүрі қалыптасты.
«Сырым сазы» күйі Сырым Датов жайлы бейнелі музыкалық суреттеме болып табылады. Музыканың әр алуан әуені көтерілістің жеңетініне кәміл сенімді Сырымның көтеріліс басталар алдындағы ойланыгитолғанған сәтін көрсетеді. Бұл шешуші эпизод күйдегі басты әуен болып табылады: күй музыкасында жауынгерлік ұрандардың жаңғырықтары, дауылпаздардың ұрысқа шақырған даңғыры естіледі, лап қойған көп салт аттьшың керінісі суреттеледі.
Жоңғар феодалдарының 1723 жылдыд көктеміндегі шап-қыншылығымен байланысты қазақ халқы тарихындағы қайғылы оқиғалар замандастарының көптеген күйлері мен әндерінен көркем бейнесін тапты. Солардың бірі керей руынан шыққан аса көрнекті домбырашы және композитор Байжігіт болды. Ол «Ақтабан шұбырынды» мен «Қайың сауған» (қайың шырыны халықты аштан өлуден аман алып калған) және басқа күйлер шығарған. Байжігіттің халық өмірі мен тұрмысы тақырыбына шығарған күйлері кеп болған (айтушыларға қарағанда 300-ге жуық), олардың ішінде аңға шыққан кезде болған әр алуан жайлар туралы 10 бөлімді «Аңшының зары» күйінің орны бөлек.
Белгісіз автордың әні «Елім-ай» тарихтың осынау түнек жылдарының неғұрлым жарқын бейнеленуі болды. Әуені жағынан қарапайым осынау әнде, мәңгі ескірмейтін музыкалық образдарда жер-суын тастап кетіп бара жатқан халықтың қайғы-касіреті көлденең қоспасы жоқ таза күйінде берілген.
XIX ғасырдың музыкалық мәдениетінде 1836—1837 жылдардағы феодализм Мен отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов пен оның ең жақын серігі, ақын әрі жыршы Махамбет Өтемісов бастаған көтеріліс елеулі із қалдырды.
Творчестволық жолын сол жылдары бастаған болашақ халық композиторы Құрманғазы Сағырбаев (1806—1879) өзінің алғашқы шығармаларының бірі — «Кішкентай» күйін Исатай Тайманов көтерілісіне арнады. Көтеріліске қатысқан ол бұл күйінде халықтың феодал-байлардың езгісі мен отаршылдық бұғауынан азат болуға деген тегеурінді талпынысын көрсетті. Одан халық қайғысының, жеңіліс күйінішінің үні естіледі. «Кішкентай» күйінің (күй аты «жеңіске керек күш аз болды» дегенді білдірді) музыкасы өзінің тебірентетін тегеурінді бейнелілігімен, композициясының айқындығымен, көркемдік техникасының күрделілігімен тамаша таланттың өсіп келе жатқанын көрсетті. Ол халықтың қалың ортасында өсті және қажырлы еңбегімен кейіннен халықтың профессионалдық музыкалық мәдениетініқ классикалық шыңына көтерілді.
МУЗЫКА АСПАПТАРЫ
Қазақ халқының негізгі музыка аспаптары: домбыра, қобыз және сыбызғы.
Домбыраның шанағы үш бұрышты немесе сопақ болып келеді. Оның мойнынан шанағының түбіне тартылған шегі, бұл шекті көтеріп тұратын кішкене ағаш тиегі болады. Мойнына перне байланады. Пернелердің саны әр түрлі: сегіз, он, ой бір, он үш болады. Домбыраның шегі қой мен ешкінің шегінен ширатылып жасалады. Домбыра қазақ арасына кең жайылған, шертіліп ойнатылатын аспап.
Қобыз — қазақ қауымына көп тараған ысқышты аспап, қобыздың мойны имек, шанағы ожау тәрізді және қуыс, бет жағы ашық, ал түбі көнмен (терімен) қапталады. Қобыздың екі ішегі және садақ (жақ) тәрізді ысқыш жылқының қылынан жасалады.
Сыбызғы — үрлеп тартатын аспап, оны қуыс қамыстан немесе жұмсақ ағаштың ішін үңгіп жасайды. Сыбызғыда саусақпен басып ойнайтын төрт тесік болады. Оның үні майда қоңыр, мұңлы келеді. Сыбызғы да қазақ арасына тым ерте кезден таралған аспаптардың бірі. Ол үнемі алып жүруге қолайлы. Сыбызғыны ен далада мал соңында жүрген қазақ малшылары көп тартқан.
11-ғасырда жасаған әйгілі ғалым Махмұд Қашқаридың атақты сөздігі «Диуан Лұғат ат-түрікте» қобыз бен сыбызғының аты кездеседі. Міне, бұл қобыз бен сыбызғының тарихының ұзақ екенін әйгілейді.
ӘН-КҮЙ
Қазақ халқы ән мен күйге аса бай халықтардың бірі. 19-ғасырдағы қазақтың музыка мәдениетін зерттеушілер қазақта мың ән, бес жүз күй барлығын жазған болатын. Қазақтың музыка мәдениеті дәуірден дәуірге дамып келді, қазақ халқы ән мен күйге аса құмар халық.
«Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Жүрекке түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй»,—
деген Абайдың өлеңі, қазақ халқының жақсы ән мен тәтті күйді жан азығы етіп ардақтаған көңіл-күйін бейнелейді.
Қазақтың ақын, жырау, өлеңші және әншілері өлеңдер мен жырларды, ұзақ дастандарды домбыраға қосып әнмен айтады. Эпостық немесе тарихи жырлардың қысқа қайрылатын баяу әндері болады, лирикалық әндер көте-ріңкі айтылады, неше тұрлі сарынға соғып, құйқылжиды.
Халық музыкашыларының эпостық, тарихи ертегі және тұрмыс тақырыптарына арнап музыка аспаптарымен орындауға шығарған шығармалары «кұй» деп аталады. Күй әнге қосылмай, тек музыка аспабымен ғана ойналады.
Әрбір күйдің өзіне тән аңыз-әңгімелері бар. Күйшілер шаршы топқа күйді орындар алдында мазмұнын қысқаша баяндай келіп: «Ал енді, осыны домбырадан тыңдаңыздар» деп күйді жорғалата жөнеледі. Қазақ күйлері сан-салалы, онда өзен толқыны, бұлбұл әні, дауыл, аттың жүрісі, сан алуан табиғат құбылыстары мен көңіл күйлер қамтылады.
Қазақтың ертеден келе жатқан тарихи күйі —«Бозторғайда», өзінің балапанын жыланнан қорғаған бозторғайдың үрейі ұшып жан таласады, жан ұшырған балапандарының шиқылы, жыланның ысылы, ана торғайдың қанаттарының діріл қағуы, ақырында балапандарын қорғап қалу үшін өз жанын қиып, жыланның аузына түскен кездегі оның ақтық рет шиқ еткені домбыраның үнімен беріледі.
Қазақтың эпостықкүйі «Ақсақ құлан» сонау 13-ғасырдағы Шыңғысхан дәуірінде шыққан күй. Тарихи аңызда айтылуына қарағанда: Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы хан аң аулап, жаралы ақсақ құланды қуып жүріп қаза табады. Мұны іштей сезген Шыңғысхан: осы суық хабарды кім естіртсе «кемейіне қорғасын құямын» деп жарлық айтады. Ханның қаталдығынан қорыққан қарашалардың бірде-бірі бұл қайғылы хабарды айтуға бата алмайды. Шыңғысхан онан әрмен ашуланып, халыққа қаһарын шашады. Жұрттың ауыр азабын жеңілдетуге ұмтылған найман тайпасының күйшісі Кербұға бұл хабарды Шыңғысханға «Ақсақ құлан» атты шығарған күйімен естіртеді. Шыңғысхан домбыраның көмейіне қорғасын құяды. Бұл күй ханның қаталдығын, халықтың ауыр азабын, аңшылық өмірді, сан алуан күйінішті көңіл-күйлерін бейнелейді. Міне, осы сияқты әр күйдің астарында аңыз-дастандар жатады.
БИ ӨНЕРІ
Қазақ билері халықтың өмірін, салт-санасын, көңіл-күйін бейнелейді. Қазақтағы «Қара жорға», «Ортеке», «Аю биі», «Дауылпаз», тағы басқа билер қазақ өмірінің бейнесі, онда малшылық, аңшылық тұрмыстары көрінеді.
Қазақ билері мереке-мейрам, тойларда биленеді. Мал күзетінде далаға от жағып қойып, қыз-келіншек, жас-жігіттер билеген. Ертедегі қазақ билерінің кейбіреуін ат үстінде билеген. Бишілер жерде билеп келіп секіріп атқа мініп, аттың о жақ-бұжағына түсіп, ат үстінде тік тұрып билеген. Мұндай билерді орындау өте шеберлікті талап еткен, олар өзі билеумен бірге атты да биге көндірген. Мұндай билердің көркемөнерлік сипатымен қабат, спорттық шынығу сипаты да басым болған.
«Қара жорға» биі жорға аттың жүрісін елестетсе, «Дауылпаз биі» сұңқар, қаршыға, лашын сияқты құстарды айдындағы ақ қазға салуды, саятшылық өмірді бейнелейді.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?