Әдебиет | Молдағұлова Әлия Нұрмұхамедқызы
Әлия Молдағұлова Нұрмұхамедқызы (шын есімі Ілия) (1924 — 1944) — 54-ші жеке атқыштар бригадасының снайпері, ефрейтор, Кеңес Одағының батыры.
1924 жылы 25 қазанда Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылында дүниеге келген. Ата-анасы қайтыс болғаннан кейін нағашысы Әубәкір Молдағұловтың қолында тәрбиеленіп, Ленинградтағы № 9 орта мектепте оқыды.
Ресейдің Рыбинск авиатехникумын бітірген (1941).
1942 ж. өз еркімен Қызыл Әскер қатарына алынып, мергендердің Орта әйелдер мектебін үздік бітіріп шықты (1943). 1943 жылдың тамыз айынан 2-Прибалтика майданында 26-атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысып, мергендігімен көзге түсті.
Новосокольники темір жол стансасы маңында болған ұрыста Молдағұлова жауынгерлерді шешуші шайқасқа бастап, қаһармандықпен қаза тапты.
Оның өмірі мен ерлігі жайлы ақындар Я. Хелемский «Әлияның жүрегі», С. Жиенбаев «Әлия» дастандарын, жазушылар Ж. Жұмақанов «Әлия Молдағұлқызы», Ә.Нұрмаханова "Шығыс шынары повестерін шығарған.
Ақтөбе қаласында Молдағұлованың мемориалдық мұражайы жұмыс істейді. Мәскеудің № 891 орта мектебі жанында мұражайлары бар.
Санкт-Петербург және Мәскеу қалаларындағы және көптеген облыстардағы ондаған мектептер, көшелер Молдағұлова есімімен аталады. Новосокольники, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе қалаларында және туған ауылында ескерткіш орнатылған.
Сол қастерлі мұралардың бірі — Ақтөбе қаласының Шернияз көшесіндегі Әлия Молдағұлова ескерткіші. 1959 жылы желтоқсанда облыстық комсомол комитеті облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Хасен Бектұрғановқа, облыстық атқару комитетінің төрағасы Өтеміс Алдабергеновке Әлия Молдағұловаға қаланың Карл Либкнехт (қазіргі Шернияз) көшесіне ескерткіш орнату туралы өтініш хат жазды.
Соғыстан кейінгі жылдарда қаржы мәселесі күрделі еді. Сол кезде облыста Куйбышев политехникалық институты архитектура факультетінің студенттері тәжірибеден өтіп жатқан. Барлық мәселе қоғамдық негізде шешілді. ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?