Солтүстік Америка материгінің табиғаты
Солтүстік Америка материгінің табиғатының қалыптасуы және жер бедері
1.1.Геологиялық даму тарихы және пайдалы қазбалары
Протерезой дәуірінің аяқ кезіне қарай қазіргі солтүстік америка материгінің орнында жан-жағынан геосинклинальды (ұзақ уақыт бойы төмен түсумен болған кең алқап) белдеулермен көмкерілген аса үлкен платформа болған. Оны солтүстігінде – Арктикалық шығысында, солтүстік-шығысы мен оңтүстік–шығысында–Атлантикалық геосинклинальдық белдеулер көмкерген. Бұл геосинклинальдық белдеулер солтүстік Америка платформасын Еуропа платформасынан, сондай-ақ кейінгі протерезой дәуірінде негізі түзілген Шығыс Тынық мұхиттық белдеу платформаны Тынық мқхиттың ежелгі ойысынан бөліп тастады.
Солтүстік Америка платформасының жоғарғы көл аймағы мен Гренландияның солтүстік бөлігі солтүстік-шығыс бөлігі аралығындағы солтүстік-шығыс бөлігінің көпшілігі көтеріліп, содан Канада қалқаны пайда болды. Геологиялық даму тарихының бұдан кейінгі барысында платформаның өзге бөліктері жалпы алғанда төмендей берді. Палеозой дәуірінің бас кезінен бастап платформа Канада қалқанынан оңтүстікке қарай және геосинклинальдық белдеуінің бір бөлігі болған Аппалач геосинклиналынан батысқа қарай барынша төмен түсіп, оны теңіз суы басқан. Сонымен қатар бұл майысу қалұанның қазігі Гудзон шығанағы жатқан ішкі бөлігі мен оның жағалауы маңындағы ойпаттарды да, әрі арктикалық геосинклинальдық белдеудің құрамына енген Франклин геосинклиналымен шектесетін солтүстік бөлігін де қамтыды.
Канада қалқанынан иоңтүстікке қарай шөгінді жыныстардың төмен түсуі мен оның жинақталуы палеозой дәуірінің бүкіл барысында жүріп жатты, сөйтіп ондағы шөгінді жыныстар жалпы қалыңдығы 1000-2000м-ге жетті.
Кордильер геосинклинальдық белдеуінің жер қыртысы қатпарының түзілуі мен аракідік жқғары көтерілу процесі кейінгі кембрийге дейінгі дәуірде және алғашқы палеозой дәуірінде жүрді. Ал шын мәнінде, Кордильер тауларындағы алғашқы орогендік тау түзілу процестерінің білінуі жоғарғы палеозой дәуіріндегі девон кезеңінің аяғынан бастап пайда болды. Бұл процестер бүкіл беледуді түгелдей қамтыды және Аляскадан Сьерра-Невада тауларына дейінгі аралықта магмалық жыныстардың енуімен қоса жүрді.
Ежелгі платформаны солтүстік-шығыс, шығыс және оңтүстік-шығыс жағынан көмкеріп жатқан басқа геосинклинальдық белдеулерде де осындай күшті тектогенез (жер қыртысында болатын өзгерістер) орын алды. Төменгі палеозой дәуірінде платформаның солтүстік-шығысында қалың қатпарлардың түзілуіне апарып соққан ең күшті қозғалыстар болды. Сөйтіп ол жерде Солтүстік Америка және Еуропа платформаларын өзара жалғастырған орасан үлкен құрлық пайда болды. Бұл құрылымдар Грендандияның солтүсігі мен шығысында және Аппалач тауларында, әсіресе оның солтүстік бөлігінде, сақталып қалған. Сол кезде түзілген таулардың жеміріліп бұзылған қалдықтары жалғас жатқан өзге бөліктеріне жиналды, сөйтіп, Аппалач етегіндегі орасан зор майысқан ойпатты толтырып тастады. Бұл ойпаттық майысу сол кездегі Аппалачтың батысында, Аппалач пен ежелгі платформаның аралығында болды. Аппалач және Уачита тауларының негізгі орогендік циклі жоғарғы палеозой дәуірінде жүзеге асты. Сондай-ақ осы цикл кезінде қазіргі Аппалачтың шығысы мен оңтүтігіне қарай, мексика шығанағының айнала төңірегінде құрлық пайда болды. Мұның соңғысы кейінгі палеозой немесе мезозой дәуірінде пайда болған синеклиза (төмен қарай иілген жердің ойлы-қырлы қатпары) болып табылады, ал оның айналасындағы палеозой кезінде түзілген құрлық (Голф-Кост) дамудың платформалық сатысына ауысқан.
Сөйтіп палеозойдың аяғы мен мезазойдың басында Солтүстік Америка материктен мейлінше өзгеше болған. Ол кембрийге дейінгі және палеозой дәуірлерінде пайда болған қатпарлардың өзара тығыз біріккен құрылымдарынан түзілген және ол солтүстік Еуразиямен жалғасып, көне заманғы біртұтас Лауразия континентін құрған. Одан батысқа және оңтүстікке қарай геосинклинальдық тұрғыдан теңіз алаптары болған.Ал Крдильер геосинклиналы алабындақұрлықтың палеозой дәуірінде қалыптасқан жекелеген жерлері жоғары көтерілген.
Солтүстік Америка қазіргі табиғат жағдаларының маңызды болған үлкен өзгерістерге мезазойкезінде душар болған. Мезазой оқиғаларының әсіресе Кордильер үшін зор маңызы болды. Ол кезде бұл белдеу альпі тектогенезінің алғашқы кезеңдерінен өтті.
Шөгінді жыныстардың тереңге ойысып батуынан және мол жиналуынан кейін триас дәуірінде және юра дәуірінің бас кезінде геосинклинальдық белдеуді түгел қамтыған, сөйтіп эоцен дәуіріне дейін созылған жоғары көтерілулер, қалың қатпарлықтар және күшті магмалық әрекет пайда болды. Бұл кезде тектоникалық әрекеттің екі дәуірі-невадалық және ламарилік дәуірі болғаны айқындалы. Бірақ, бұрын жорып келгендегідей, бұл екі дәуірдің арасында анық үзіліс жоқ. Кейінгі невадалық кезеңде (бор дәуірінің бас кезі) орогендік процестер Алясканы, Сеңгір тауларды, Жағалық жоталарды, Мексиканы және орталық Американы қоса алғанда геосинклинальды түгелдей қамтыды. Күшті интрузиялық әрекеттің барысында Сьерра-Невадада, Каскад тауларында басқа да тауларда батолиттер (тереңдегі қабаттарда магманың суынуынан пайда болған тау жынысы) түзілді. Көтерілген тау жоталарының батысына таман майысу пайда болды, онда шөгінділердің қалың қат-қабаты жиналды. Бор мен эоценнің аралық кезеңінде тектогенездің ламарилік дәуірі болған. Бұл дәуірде платформаның көтерілуі мен қатпарлық қазіргі Сеңгір таулардың Канададан бастап Мексикаға дейінгі аймағын, бүкіл Алясканы қамтыды, Калифорнияның Жағалық жотасы түзілді, жарылған желілер бойында аса қуатты интрузиялық процестер өтіп жатты.
Оңтүстік-шығыс пен солтүстіктегі ларамилік қозғалыстар аймағы платформаның шеткі бөлігін де қамтыды, мұның өзі АҚШ-тағы Шығыс Сеңгір таулары мен Маккензи тауларының пайда болуына әкеліп соқты.
Сөйтіп, кайназойдың бас кезінде Солтүстік Американың геосинлинальдың орнында Кордильер тау жүйесінің қалың қатпарлары түзілді, бұл жүйе солтүстік-шығыс Еуразияға дейін созылып жатты. Бірақ оның қазіргі тау жүйесінен әлі де елеулі өзгешелігі болды.
Солтүстік Американың платформалық бөлігі кайназой дәуірінің бас кезінде құрлық түрінде болды, ол солтүстікте полюске дейін созылып, солтүстік-батыс пен солтүстік-шығыста Еуразияға дейін жалғасып жатқан құрлық болған. Бор дәуірінің орта кезінен бастап бұл құрлықтың алабына оңтүстіктен су алабы қаптап, платформаны Кордильерден бөліп тұрған майысуды толтырған. Сонымен қатар теңіз суы қазіргі материктің оңтүстік-шығысын түгел басып кеткен. Кайназойдың бас кезінде әсіресе су алабының жағаларында лимат ыстық рі ылғалды болған. Ол жерлерде қазір 40 параллельден солтүстікке қарай кездеспейтін секвойя, магнолия, мәңгі жасыл емен және басқа ағаш тұқымдарынан құралған жылылықты сүйетін мәңгі жасыл ормандар өсті.
Солүстік Американы оңтүстік материкпен жалғастырған құрлық алқабы солтүстік материкке өсімдіктер мен жануарлардың тропиктік аймақта тараған рүрлері енетін төте жолға айналды.
Бордың аяқ кезі мен палеоген дәуірінде платформа мен Кордильер таулары арасындағы су алабы Солтүстіктен оңтүстікке қарай бірте-бірте шегіне бастады да ақырында жойылып кетті. Тап осы кезде материктің солтүстігі мен ішкі аймақтарында климат суытып, құрғай түсті, сондай-ақ онда далалық және шөлді аймақтарда өсетін ксерофитті өсімдіктер пайда бола бастады.
Олигоцен дәуірінен басталып, осы уақытқа дейін созылып келе жатқан жаңа-кейінгі альпі дәуірі (В.Е.Хайн бойынша)-Кордильердегі орогендік кезең болып табылады. Ол тау жүйесінің түрлі бөліктерінде әр түрлі болды. Мысалы, Тынық мұхит бөлігінде түрліше бөлінген қозғалыстар болып өтті. Мұның өзі бір аймақтардың су астында қалуына, ал басқаларының жоғары көтерілуіне апарып соқты. Суға ең көп батқан, сөйтіп шөгінділердің қалың қабаттарын түзген қозғалыстар, Әсіресе, Калифорнияны, Ванкувер аралы маңын, Алясканы, сондай-ақ қазір Тынық мұхит суының астында жатқан бірқатар көрші аудандарды қамтыды. Тап сол кездегі АҚШ-тағы Жағалық және Аралдық жоталардың, Канаданың, Оңтүстік Алясканың антиклинорийлері жоғары көтерілді.
Кордильердің өзге бөлігінде орасан зор территориялардың күмбезденіп көтерілуі орын алды. Бұған платформаның қатар жатқан бөліктері де қамтылды.Бұл күмбездердің үстінде ойыстар пайда болды. Мысалы, Үлкен Алаптағы, Мексикадағы, Алясканың ішкі бөліктеріндегі ойыстарды айтуға болады.
Сонымен қатар тектоникалық әрекет жанар таулардың өте күшті атқылауынан лаваның ысып ағуы түрінде жүріп жатты. Ол эоцен дәуірінде басталып, миоцен дәуірінде ең жоғары сатыға жетті, сөйтіп АҚШ-дағы Снңгір тауларды, Үлкен Алапты, Мексика таулы қыратын, Колумбия үстіртін, Каскад тауларын қамтыды. Қазіргі кезде бұл әрекет едәуір бәсеңдеді.
Олигоцен дәуірінде бұған дейін тегістелген Аппалач аймағында жоғары көтерілу қозғалысы бастиалды да, онда тау бедері пайда болды. Атлант мұхиты маңындағы жазық пен Мексика маңындағы жазықта жердің жоғары көтерілу әрекеті теңіз суының шегініп, құрлық көлемінің ұлғаюына әрі күшті эрозияға (мүжіліп шайылуға) тап болды. Атлант мұхиты жағасындағы жерлердің арагідік төмен түсуі өзен сағаларының су астында қалуына және қазіргі эстуарийлік-лагуналық жағалардың пайда болуына ықпал жасады.
Солтүстікте төмендеудің орын алуы салдарынан архипелагтар пайда болды. Мұның өзі кей жерлерде лавалардың ағып төгілуімен ұштасты.
Палеоген дәуірінің аяқ кезі мен неоген дәуірінің климат жағдайларының өзгешеліктері бола тұрса да қазіргі климат жағдайларына жақын болды. Климаттың ылғалдылығы шығыс пен батыстан бастап бірте-бірте материктің ішкі бөліктеріне қарай азая береді. Батыс пен шығыста құрамы әр түрлі ормандар қалыптасты, өйткені олардың арасында түрлердің араласуы қиын болған: оларды алдымен су бассейні, кейіннен құрғақ климатты жазық аудандар бөліп жатты, бұл жазықтарда дала және орманды дала алқаптары қалыптасты. Кордильердің оңтүстік бөлігі (Үлкен Алап, Колорадо үстірті) сол кездің өзінде-ақ шөлді аймақтың өсімдіктері басым келетін аридтық (климаты ыстық және құрғақ жер) жағдайда еді.
Таулы жерлерде күшті жоғары көтерілудің біршама тыныштық кезеңімен алмасып отыруы белсенді эрозиялық әрекетті, таулардың мүжілуін және тегістелген жерлердің түзілуін тудырды, кейін бұл алаптар едәуір өзгерістерге ұшырады.
Кордильер таулары плиоценнің аяқ кезі мен плейстоценнің бас кезінде барынша жоғары көтерілді. Бұл көтерілу мен климаттың палеоген дәуірінің өзінді-ақ басталып, одан әрі күшейе түскен жалпы суытуы солтүстік Америкада материк пен тауларды мұз басып қалуға душар етті.
Плиоцен дәуірінің өзінді-ақ климаттың суытуына байланысты Солтүстік Америкада тайгалық және тундралық флора мен фауна пайда болды. Американы Беринг теңізі арқылы Еуразиямен жалғастырған құрлық түрлердің пайда болуы орталығына айналуына мүмкін еді. Бұл құрлық өсімдіктер мен жануарлардың екі материк арасында түр алмасуын қамтамасыз еткен көпір де болған.
Солтүстік Американы неоген дәуірінің өзінде-ақ Гренландияда басталған мұз басу плейстоценнің бас кезінен бастап кең тарала бастады. Екі орталықтан (Лабрадордан және Кордильерден) тарала отырып, ең көп мұз басу кезеңінде мұздықтар солтүстік ендіктің 40˚-ына дейінгі бүкіл материкті, яғни оның көлемінің 65 %-на жуығын алып жатты. Еуразиямен салыстырғанда Солтүстік Американы біршама көбірек мұз басып қалуы оның ішкі аймақтарының көп мөлшерде ылғалды болуы байланысты. Материктің солтүстік жартысында Алясканың солтүстік бөлігін мұз басқан жоқ. Өйткені сол кездің өзінде онда континенттік климат болған. Мұз Канада арктикалық архипелагының батыс бөлігін де басқан жоқ.
Тап Еуразиядағы сияқты Солтүстік Америкада да мұз басуы мен шегінуі болып өтті. Ал, оның соңғысы, Висконсин мұз басуы шамамен алғанда осымен 10-15 мың жыл бұрын аяқталған. Мүз басу орасан зор территориядағы топырақ-өсімдік қабаттарын құртып кетті.
Байырғы ағаш өсімдіктер мен ежелгі далалар енді материктің оңтүстік аудандарына қарай ойысты. Ол жақта тіршілік жағдайы сақталып қалды. Мысалы, Оңтүстік Аппалач аймағында-жалпақ жапырақты флора, Кордильердің оңтүстік-батысында –қылқан жапырақты флора сақталды.
Мұз басу мен климаттың ылғалдануы қатар жүрді. Су ағыны оңтүстікке қарай бағытталды. Соңғы мұз басу кезінде мұхит суы қазіргіге қарағанда әлдеқайда төмен болды, матриктің солтүстігі мен оңтүстігіндегі шығанақтар мен бұғаздар ол кезде құрлық болған. Қазіргі Беринг және Чукот теңіздерінің сол кездегі құрлық болған учаськелері Америка мен Еуразияны жалғастырған. Ол учаськелер арқылы материкке өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлері ғана емес, сонымен қатар адамдарда-американың байырғы тұрғындары болып тадылатын үндістердің аталары да келген.
Соңғы мұз басудың кейін шегінуі жағалаулардағы ойпаң жазықтарды теңіз суының басуын туғызды, әрі мұздық аймақтарының маңында орасан зор көледер пайда болды.
Мұз басу Еуразиядағы сияқты мұнда да жер бедерінің қалыптасуына өте күшті ықпал етті. Мұз басу аймақтарының ішкі бөлігі шамамен Канада қалқанының шекарасымен сәйкес келді. Сондықтан ол мұз басу аймақтарының орталықтарына таяу және олардың тікелей екі аралығында жатты. Қазір ол мұздық көшкіні қалдырған белгілері көп аймақ ретінде сипатталады. Мұз басу аймағының шет жақтары мұздіқтардың жүріп өткен жерлерінде шөгінді жыныстардың бір жерге жиналуынан түзілген жер бедерінің кең таралғанымен ерекшеленеді. Солтүстік Американың мұз басудан тыс аймақтары үшін құмды алаңдар мен сары топырақ шөгінділерінің жинақталуы тән болады.
Тау жүйелері жер бедерінің қалыптасуына таудағы мұз басу күшті ықпал жасады. Таудағы мұз басу Каскад тауларында, Сьерра-Невадада және Сеңгір таулардың кейбір бөліктерінде өте күшті болды. Онда орасан зор жерді альпі мұздықтары алып жатты. Мұздықтар кей жерлерде қатар жатқан жазқтарды да басып қалды немесе теңізге тікелей төне түсті. Канаданың оңтүстігі мен Америка Құрама Штаттарының солтүстігіндегі ішкі үстірттерде мұздақ қар күмбездері пайда болып, көптеген аңғарларды мұздықтар басып қалуына себеп болды.
Висконсин мұздығы екі үлкен алапқа-Лабрадор және Киватин алаптарына – бөлінгеннен кейін және мұз қабаттары біржола жойылғаннан кейін материктің солтүстік бөліктерінде өсімдіктер мен жануарлар пайда бола бастады, климат едәуір жылы әрі құрғқ бола түсті, сөтіп бірте-бірте осы күнгі ландшафттар қалыптасты.
1.2. Жер бедерінің негізгі ерекшеліктері
В. Е. Хаиннің пікірі бойынша, Солтүстік Америка өзге материктермен салыстырғанда құрылымының мейлінше симметриялы болуымен және құрылымы мен жер бедерінің мейлінше толык сәйкес келетіндігімен ерекшсленеді. Материктің орталық гипсометриялық (жер бетіндегі биіктіктігін анықтайтын ғылым тарауы) төмендеген бөлігі, сонымен қатар Гренландияның едәуір бөлігі мсн Қанадалық Арктика архипелагының аралдарын қоса қамтнтын ежелгі платформадан түзілген. Бұл платформа барлық жағынан ерте және кейінгі палеозой дәуірі мен мезозой-кайнозой дәуірлерінде әр кезде пайда болған қатпарлы тау сілемдерімен көмкерілген.
Ежелгі Солтүстік Америка платформасы Европа платформасы сияқты осы күнгі жазық жер бедері басым болатын тұрақты платформалар түріне жатады.
Платформаның мейлінше түрақты бөлігі — Канада кристалды қалқаны.Оның етегіндегі жер бедерінде Лаврентий қыраты жатыр. Бұл қыраттың ең биік жерлері 500—700 метрге, ал біріиама төмен жерлерінің биіктігі 100—200 метрге жетеді. Қыраттың ежелгі тегістелген жер бетінде әр түрлі қатты тау жыныстарының шығып жатуына сай күмбездер мен бұйратты адырлар жиі кездеседі. Онда сонымен қатар тектоникалық процестер мен мүздықтардың нәти-жесінде пайда болғаи көптеген келдер де бар. Сондай-ак қыратта жер бедерінің экзарацнялық (мүздықтардың жүріп өткен жерле-рінде пайда болған кедір-бұдырлы жер бедерінің түрі) және аккумуляциялық (шегінді жыныстардың бір жерге жиналуынан түзілген жер бедерінің түрі) түрлері кездеседі.
Гренландияда және Канада архипелагы аралдарында қалқанның етегінде жатқан жазықты материктегі мұз қабаттары басып қалған және оның деңгені кей жерлерде мүхит деңгейінен төмен.
Гудзон шығанағының бүрыннан қалган орасан зор қазан шұң-қырларьшың шет жақтарында және төменгі Маккензи бассейніндэ қабатты және аккумуляциялық жазықтар бар. Олар төменгі палео¬зой дәуірінің қалың шөгінді жыныстарынан құралған. Сонымен ка¬тар мұздық дәуірінен кейінгі теңіздін. қүрлыкты басуы кезінде оның үстіңгі қабатьш шөгінді жыныстар жапқан.
Қалқаннан оңтүстікке қарай жатқан территория Орталық жазық деп аталады, ал құрылымы жағынан ол палеозой дәуіріндегі теңіз шөгінділерінін. қалың қабатын жамылып жатқан плитаға үқсайды. Оның жер бетінде кристалды тау .жыныстарының көтерілуіне байланысты пайда болған синеклизалы (ойлы-қырлы қатпарланған) күмбездер (Мичиган, Иллинойс т. б.) жиі кездеседі. Жа-зықтың ең биік жері—Озарк үстірті. Ол 700 метрден асады. Оның жоғарғы бөлігінде кристалды негізді құрайтын тау жыныстары көрініп жатады.
Солтүстікте кристалды қалқанның жиегіндегі аймақта, тығыздығы әр түрлі бЪлып келетін шөгінді тау жыныстары бір жақка ка¬рай көлбей" жаткандықтан ол жерлерде куэсталар (кыраттардың бір түрі) түзілген. Силур дәуірінің тау жышыстарынан түзілген куэста кемері мейлінше елеулі болады. Ол кемерді Ниагара өзені кесіп өткен жерде Ниагара сарқырамасы пайда болған.
Сейтіп, Орталық жазықтың морфоқұрылымының негізгі түрлері қалың қабаттардан тұратын төбелі және еңіс жазықтар болады.
Жазықтың солтүстік жартысының жер беті муздықтардың жүріп еткен жерлерінде шөгінді жыныстардың бір жерге жнналуынан түзілген жер бедерінің түрлерімен күрделене түскен: мұздықтардан пайда болған ақырғы мореналық төбелер, ұзынша төбелер жиі кездеседі. Көлдердің төңірегінде көлемді-көлемді әр турлі шөгінділердің жиынтығынан түзілген ойпаттар орналасқан.
Жазықтын, оңтүстік жартысындағы морфоқұрылым ушін езен лоне жыра жүйесі өте жиі эрозиялық түрлердің басым болуы тән нәрсе. Ал қиыр оңтүстікте жер бетіне палеозой дәуіріндегі ізбес тастары шығып жатқандықтан жер бедерінің карстық (тау жыныстарының суға еру процесі) түрлері кең дамыған.
Платформаның батыс бөлігінде, Кордильер тауларымен шектес аймақта Үлы жазық жатыр. Бұл Ұлы жазық платформаның шеткі бөлігі болғандықтан және Кордильер тауларының жоғары көтерілуінің әсері тигендіктен қазіргі жер бедерінде тау бөктеріндегі қабат-қабатты үстіртті түзеді. Ол шығысқа қарай еңістей береді де тік кемерленіп шектеледі. Оиың Кордильердің етегіндегі биіктігі. 1200—1700 м-ге жетеді, ал төменгі негізі 1000 м тереңдікке дейін барып, одан әрі палеозой дәуірінен палеоген дәуіріне дейін пайда болған аса калың шөгінді қабаттарға барып тіреледі. Орталык. жазықтағы сияқты Ұлы жазықтыц солтүстік аймақтары үшін мұздық шоғырландырған жер бедері, ал оңтүстік аішақтары үшін эрозиялық жер бедері тән.
Платформаның қойнауында пайдалы казбалардың едәуір қоры бар. Қалқан аймағы, әсіресе оның онтүстік бөлігі түсті жане сирек: кездесетін металдар рудасына бай. Сондай-ақ Канаданыц оңтүстігіндегі протерозой дәуірі лаваларында мыс, никель және кобальт ' кен орындарының мейлінше зор маңызы бар. Қалқанның шет жақтарындағы Үлкен көлдер аймағында уран рудаларының қоры жатыр. Алтын шығатын кен орындары архей дәуірінің граниттері бар жерлерде.
Жоғарғы көл ауданында, Америка Қүрама Штаттары мен Ка¬нада жерінде, протерозойда пайда болған такта тас кұрамында шөгінді тау жыныстарынан түзілген темір рудасы бар. Темір рудасының ірі кен орны Унгава шығанағынан октүстікке карап жатқан Лабрадор түбегінде де кездеседі.
Орталық жазык алабында платформаның тұнба шөгінділерінің жамылғы қабатында тас көмір (Иллинойс жоне Батыс бассейндері) мен мүнай, ал Үлы жазыктың палеоген-неоген дәуіріндегі шегінді қабаттарында коңыр көмір мен лигнит (сұр тас көмір) қоры бар.
Ежелгі платформаны солтүстігінен, шығысынан және оңтүстік- • шығысынан палеозой дәуірінде пайда болған құрылымдар көмкеріп жатыр. Қазіргі жер бедерінде бұл құрылымдар негізінен эпиплатформалық биік және орташа жақпарлы таулар болып табылады.
Гренландняның және Элсмир, Мелвнлл аралдарының солтүстігінде 3000 м биіктікке дейін көтеріліп Иннуит қатпарлы тау жүйесінің кұрылымдары жатыр. Бұл жүйе төменгі және орта палео¬зой дәуірінде Франклин геосинклиналынан пайда болып, кейін неоген-антропоген дәуірінде тағы да кетерілгеи. Иннуит таулары әлі де жоғары көтерілуде. Ол Солтүстік Мұзды мухит тубінде Ло¬моносов жотасы арқылы жалғасып жатыр.
Платформаныд ендігі бір жүйесі палеозой дәуірінде көмкерілген Шығыс Гренландия қатпарлы тау жүйесі болып табылады. Ол жүйе Каледон геосинклиналы алыбында пайда болып, кейінгі ең жаңа қозғалыстар нәтижесінде 3000 м-дей дерлік биіктеді. Бүл таулардың жер бедеріне тән маңызды белгісі — базальт үстірті мен басқа да жанар тау тұрғысындағы түрлер. Олар бор дәуірінің аяқ кезі мен палеоген дәуіріндегі ірі жарықтар жиегінде пайда болған.
Шығыс Гренландия тауларынан оңтүстікке қарай платформа-иыц қатпарлы таулар қоршауы үзіледі, ал содан кейін Ньюфаунд¬ленд, Аппалач таулары және олардыд оңтүстік-батысқа карай созылған жалғасы Уачита — Маратон жүйесі түрінде тағы да пайда болады. Тау құрылымының осы біртүтас алабы палеозой дәуіриь де қалыптасқан қатпарлы жуйенің бір бөлігі болып табылады. Ол солтүстік-шығысында Атлант мұхиты суының астына, ал шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-батысында Атлант мүхнты ма-ңындағы және Мексика теңізі маңындағы жазыктардың мезокайнозой дәуіріндегі шөгінді .жамылғысымен астасады.
Аппалач тауларының оңтүстіктегі үлкен бөлігі каледон-герцин дәуірінің қурылымына жатады, ал оның солтүстік бөлігі Нью¬фаундленд аралын коса тек капа палеозой дәуірінің алғашқы жартысында қатпарлар түзе бастады. Ал ол екеуінін шекарасы ретінде Эри көлінен бастап Гудзон езенінің аңғарына денінгі тектоникалық терең оііыс саналады. Осы ойыстан солтустікке карай биіктігі 2000 м-ден аспайтын аласа таулар бой көтереді. Ол таулар кұрылым белгілері онша айқын емес кристалл және метаморфоздық (тау жыныстары құрамының езгеру процесі) тау жыныстарынан түрады. Олардың бөктерлік майысу белгілері жоқ, сондықтан Канада калқанына тікелей барып тіреледі. Солтүстік Аппалач таулары мүздық қалдырған жер бедері түрлерінің күшті дамығандығымен сипатталады.
Оңтүхтік Аппалач таулары геологиялық түрғыдам алғанда да, геоморфологиялық тұрғыдан алғанда да үзына боііына жатқан түрлі апмақтардан түрады. Аппалач етегіндегі үстірт төрткүл жер бе¬дері бар тау мен платформаның жалғасатын жеріндегі бөктерлік майысумен сәнкес жатыр. Үстірт езен аңғарларымен терең тілімделген. Ал шығысына қарай кәдімгі Аппалач тауыныц кұрылымына сай келетін әрі Аппалач тауы жер бедерімен бірдей келетін шөгінді тау жыныстары апмағымен алмасады. Бүл аіімақ спнклпнальды (тау жынысы қабаттары төмен карай иілген) құрылымы бар қатарласа жаткан жоталардан жэне антиклннальды (тау жынысы кабаттары жоғары карай иілген) кұрылған аңғарлардан тұрады Мұндай инверсиялық жер бедері (жер бедерінің алғашқы түрінің бұзылуы) тығыздығы әр түрлі тау жыныстарынан түзілген тау жүйесін ұзақ уакыт бойы ағын судың бұзып, шайып кетуі нәтижесінде пайда болған. Одан әрі меплінше биік кристалды аймақ, ең ақырында, тау етегіндегі Пидмонт деп аталатын үстірт алабы жатыр. Бұл үстірт Атлант мұхиты маңындағы ойпатқа жетіп тік кемерленіп үзіледі.
Аппалач тауын жер бедерінің алғашқы түрініц бүзылуы (Аппа-лач тауларына тән жер бедері) айқын білінетін биіктігі орташа болып келетін платформа үстіндегі таулар тобына қосуға болады.. Аппалач тауының оңтүстік-батыстағы жалғасы, Уачпта тау жүйесінің едәуір бөлігі сняқты, палеозой доуірінде пайда болған плитаның (Голф-Кост) үстіндегі шөгінді жыныстардың қалың қабатының астында калған. Уачита тау жүйесінің шағын бөлшектері аласа Уачита тауларында (биіктігі 900 м-ге дейін) және Кордильер тау жүиесімен шекарада жатқан Маратон алқабында ғана баііқа-лады.
Сслтүстік Американыц онтүстік-шығыс және оңтүстік шеткі аймақтары палеозой дәуірінің құрылымдары жауып жаткан және мезозой-кайнозой дәуірлерінің қалың шөгінді қабаттарының жамылғысы тараған аймақ болып табылады.
Флорида түбегі, Багам аралдары жэне Юкатан түбегі аймақтарындағы қатпарлы негіз қабаттарының жоғары көтерілуі қалың қабаттар жауып жатқан әлгі аймақты, бір жағынан, Атлант мұхиты маңындағы майысуға, екінпіі жағынан, Миссисипи синеклизасы жалғастыратын Мексика маңы майысуына (Голф-Кост) бөледі. Жер бедері жағынан бұл майысуларға шөгінді жыныстары қабат-қабат болып келген Жағалық ойпаттар сәйкес келеді. Биіктігі 100 метрге жетпейтін мейлінше тақтайдай тегіс бүл оппаттарды арнасы тайыз өзен аңғарлары кесіп өтеді. Өзендер теңізге таянғанда ездері ағызып әкелген тосқын шөгінділерінің үстімен ағады, сөйтіп кейде ағып өтетін жерлерінін. денгейінен биіктеп те кетеді. Кей жерлерде ойпаттыңбет жағын әк тас кабаттары түзеді және олар карстың (тау жыныстарының суға еру процесі) кеңінен дамығанын көрсетеді. Карсты жер бедері әсіресе Флорида жэне Юкатан түбектерінде ерекше орын алады.
Миссисипи ойпатын аллювиалды түнбалардың (ағын су іыц орекетінен пайда болған түнба) қалың қабаты жауып жатыр. Ол Миссисипи өзенінің орасан зор, барған саііын ұлғайып отырған атырауының алабында мейлінше қалың болады.
Атлант мұхнтының жағалауы ойпаң болып келеді, онымен жарыса кұмды төбелер, құм қайырлар мен қайраңдар жатыр. Саяз шығанақты (лагуна) жағалаулар Мексика шығанағы мен Атлант мұхитында жиі кездеседі. Нью-Йорктен оңтүстікке карам Жағалық жазықты өзендердің сағасындағы кеңейген жайылма су мен көлтабан су тілімдейді. Соның нәтижесінде Атлант мұхиты маңындағы жазықтың бұл бөлігі өз алдына дербес жатқан дерлік бірнеше түбектерден тұрады.
Пайдалы казбалардың едәуір қоры палеозой дәуірінде пайда болған қатпарлы қабаттар аймағында жатыр. Олардың ішіндегі ең маңыздысы — көмір. Ол тау бөктеріндегі майысуларда (Пен¬сильвания бассейні, Уачита бассейні) кездеседі. Аппалач кұрылымында, Ньюфаундлендте және Гренландияда полиметалл рудаларының кен орындары бар. Оңтүстік Аппалачта силур дәуірінде пайда болған тау жыныстары аса маңызды темір рудасының бір түрі — гематит қорларына ете бай. Солтүстік Аппалачта асбестің аса ірі кен орны бар.
Голф-Костың мезозой-кайнозой дәуіріндегі шөгінді жамылғысынан құралған қалың қабаттарыпда мұнай, газ және тұз кездеседі.
Материктін. Аляскадан Панама мойнағына дейінгі бүкіл батыс жағы, сондай-ақ Антиль аралдары Кордильер қатпарлы тау белдеуіне енеді. Оның казіргі жер бедері юра доуірінен бастап неоген дәуірінің екінші жартысына дейінгі ұзақ уақыт бойы қалыптаскан.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?