Солтүстік Американың географиялық орны

Солтүстік Американың географиялық орны


Солтүстік Американың географиялық орны. Ашылу және зерттелу тарихы.
Солтүстік Америка материгі Солтүстік жарты шарда арктикалық белдеудугі аралдардан субэкваторлық белдеуге дейін созылады. Солтүстік Американың ең енді бөліктері Еуразиядағы тәрізді қоңыржай және субтропиктік белдеулерге сәйкес келеді. Материк оңтүстігінде сүйірленіп, Панама мойнағы арқылы Оңтүстік Америкамен жалғасады. Бұл екеуі батыс жарты шарда орналасқан Америка дүние бөлігін құрайды. Мексика таулы қыратының солтүстігі мен Оңтүстік Америкаға дейінгі аралықты Орталық Америка деп те атайды. ХХ ғасырдың басында Панама мойнағы арқылы материктің батысы мен шығысындағы Тынық мұхит пен Атлант мұхитын жалғастырып тұратын Панама каналы салынған.
Солтүстік Американы Еуразиядан бөліп жатқан Беринг бұғазы екі материктің солтүстігіндегі Солтүстік Мұзды мұхит суларын Тынық мұхитымен жалғастырады.Солтүсті жарты шар материктерінде мұз басу кезеңінде Еуразия мен Солтүстік Америка Беринг бұғазы орнында болған құрлық арқылы жалғасып жатқан. Бұл құрлықтық « көпір » арқылы материктер арасында өсімдіктер мен жануарлардың алмасуы жүрген, адамдардың да осы жолмен азиядан Америкаға қонымтанғаны м и белгілі.
Солтүстік Америка жағалаулары солтүстігі мен шығысында күшті тілімденген. Материктің солтүстік жағалары жаппай мұз басу кезеңінде

күшті тілімденуге ұшырады, қазірдің өзіеде солтүтікткгі аралдар мен түбеатердің көпшілік бөлігін қалың мұз құрсап жатыр.
Солтүстік Америка табиғатының жалпы белгілері Еуразияға ұқсас болғанымен, географиялық орны мен жерінің аумағы жер бедердегі айырмашылықтарға байланысты табиғат кешендері өзіндік ерекшеліетерімен сипатталады.
Материктің ашылу және зерттелу тарихы. 1492 жылы Х. Колумб бастаған Испан экспедициясының материктік оңтүстік жағалауын ашқан. Х ғасырдың аяғында Исландия жағалауы арқылы Гренландия жағалауына жеткен нормандар солтүстіктің қатаң климат жағдайында бірнеше жүз жыл бойы аралдың оңтүстігі мен оңтүстің шығыс жағалауында тұрған. Кейінірек олар Лабрадор түбегінің солтүстік шығыс жағалауына дейін жеткен. Кейіннен ХV ғасырдың аяғында ағылшын қызметіндегі итальяндық Джон Кабот Ньюфаундленд аралы мен Лабрадор түбнгі жағалауын ашты. Ал 1519 жылы Эрнанд Кортес бастаған испандардың жорығы ацтектер мемелекеті орналасқан қазіргі Мексика елін басып алумен аяқталды. Ағылшын саяхатшылары Генри Гудзон, Александр Макензи материктің солтүстік және шығыс жағалауында көптеген жаңа жерлерді ашты. Материкте бұл саяхатшылардың құрметіне қойылған жер – су атаулары баршылық.
Солтүстік Американың Ресей шекараларына көршілес орналасқан Аляска жерін ашу мен оны зерттеп игеруде орыс саяхатшылары зор
Ф−ОБ−001/035
үлес қосты. 1741 жылы Витус Беринг пен Алексей Широков екі желкенді кемемен Алеут аралдарын бойлай жүзіп, Аляска жағалауын зерттеді. 1778 жылы ағылшын Джеймс Кук Солтүстік Американың батыс жағалауы мен жоғары ендікке дейін зерттеу жұмыстарын жүргізіп Нортон шығанағын зерттеді.
ХХ ғасырдың басында норвег поляр зертеуші Руаль Амудсен алғаш рет материктің солтүстік жағалауымен жүзіп өтіп, жердің солтүстік магниттік поюсінің орнын анықтады. Қазіргі кезде материк табиғатын зерттеумен табиғат байлықтарын игеруде ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтарын пайдаланылуда. Бұл зерттеулер осында орналасқан Ақш пен Канада сияқты күшті дамыған мемлекеттер қатысу арқылы жүргізіледі.
Жер бедері мен пайдалы қазбалары.
Солтүстік Американың жер бедерінде жазықтар басым. Таулар материктің үштен бір бөлігін алып жатыр. Материктің жазық жерлері ежелгі Солтүстік Америка платформасында орналасқан. Платформаның солтүстік бөлігі жаппай мұз басудың нәтижесінде майысып, төмен түскен. Кейіннен мұхит деңгейі көтерілген кезде бұл бөлікте Канаданың арктикалық архипелагы, Гудзон шығанағы мен бұғаздар жүйесі қалыптасты. Әсіресе Гудзон шығанағының жағалауы қатты майысқан,
мұнда ойпаттар тараған. Платформаның негізін құрайтын кристалды жыныстар Гренландия аралы мен Лабрадор түбегінде жер бетіне шығып жатыр. Ежелгі платформаның осы бөлігі Канада қалқаны деп аталады. Бұл бөлікке көтеріңкі жазықтар мен таулы үстірттер тән. Оңтүстікке қарай жер бедері аласарып, қалың шөгінді жыныстармен жабылған орталық жазыққа, одан Миссисипи ойпаты мен Мексика− шығанағының жағалау жазықтарына ұласады. Платформаның батыс бөлігінде Кордильераға қарай баспалдақ тәрізді бітріндеп биіетейтін, кең алқапты Ұлы жазық жатыр. Ұлы жазық таудан басталатын өзен аңғарлары мен күшті тілімденген. Материктің 40° с.е. дейінгі солтүстік бөлігін бірнеше ретт жаппай мұз басқандықтан, жер бедерінде мұздықтардың әрекетінен пайда болған үлкен жартастар, « қой маңдай » тастар, мұзжықтар қазған қазаншұңқырлар көптеп кездеседі.

Ірі қазаншұңқырларды алып жатқан мұздық − тектоникалық көддер жүйесі бір − бірімен қысқа өзендер жүйесімен жалғасып жатыр. Орталық жазық түгелімен мұздықтар өңдеп тасымалдаған жыныстар − мореналармен жабылған. Миссисипи ойпатын өзен тасымалдап әкелген жыныстар жауып жатыр. Материк жағалауындағы жазықтар теңіздік шөгінділеден түзілген.
Платформаның солтүстігі мен шығысында палеозойлық аласа және орташа биіктегі таулар орналасқан, оларға Канаданың арктикалық
архипелагының солтүстігі мен Гренландия аралының шығысындағы және Аппалач таулары жатады.
Солтүстіктегі таулар мұздықтардың әсерінен өте күшті тілімденген, ал Аппалач тауларын көптеген өзен аңғары ұзына бойы да, көлденеңінен де кесіп өтеді. Аппалач тауы жер бедерінің сипаты, биіктігі жөнінен Еуразиядағы Орал тауына өте ұқсас: тау беткейлері көлбеу, шыңдары күмбез тәрізді жұмыр болып келеді.
Материктің батыс бөлігін бойлай жер шарындағы ұзын тау жүйелері болып есептелетін Кордильера тау жүйесі созылып жатыр. Кордильера испан тілінен аударғанда « тау жотасы, тау тізбегі » деген мағынаны білдіреді. Себебі Кордильера бір − бірімен жалғасқан тау жоталарының бірнеше қатар тізбектерінен тұрады. Мұндағы үшкір шыңдар тізбегенен тұратын тау жоталары сьерралар деп аталады. « Сьерралар » испан тілінен аударғанда « ара » деген мағынаны білдіреді. Шындығында да Сьерра −

Невада, Сьерра − Мадре жоталарындағы қатар тізіле орнласқан шыңдар ара тістеріне ұқсайды. Кейбір тау тізбектерінің барлығын өте көлемді, кең алапты қамтитын көтеріңкі жазықтар мен үстірттер алып жатыр.
Бұл таулар асқақтығымен, шетсіз − шексіз алаптығымен, табиғатының көз жауын алатын әдемілігімен таңғалдырады. Өте терең тау аралық ойыстар мен каньондар асқар шыңдар, алып жанартаулармен қатар кездеседі. Кордильераның ішкі бөліктерінде жанартаулар атқылауынан
Йеллоустоун үстірті орналасқан. Мұнда 3000 − нан астам гейзерлер мен ыстық бұлақтар бар.
Кордильераның биік бөлігі оның солтүстігінде орналасқан, мұнда тауларды қалың мұз басып жатыр. Мұздықтардың кейбіреулері тау етектеріне дейін төмендеп, теңіз жағалауына тіреледі.
Кордильера екі литосфералық тақтаның түйіскен жеріне түзілген тау жүйесі болғандықтан жер қвртысында көптеген жарықтар пайда болған. Олардың бойында сөнбеген жанартаулар тізбегі орналасып, күшті жер сілкінулер байқалады. Бұл апатты оқиғалар адамдар өміріне қауіп төндіріп көп қайғы − қасірет әкелед. Мысалы, 1985 жылы Мехико қаласында болған жер сілкінудің нәтижесінде төрт мың адам қаза тауып он үш мыңнан астам адам баспанасыз қалды.
Пайдалы қазбалары. Солтүстік Америка пайдалы қазбаларға бай. Материктің солтүстігіндегі жазықтарда металдардың кен орындары кең таралған. Орталық жазық пен Ұлы жазықтың шөгінді жыныстарында және
Миссисипи ойпатында мұнай мен газ, тас көмір көп. Аппалач пен оның тау бөктерінде темір мен таскөмірдің бай кен орындары бар. Кордильера тау жүйесінің қойнауы шөгінді жолмен қалыптасқан мұнай, газ, таскөмңрмен қатар, магмалық жолмен түзілген түсті метелдарға, алтын мен уранға бай болып келеді. ХІХ ғасырда Кордильера қойнауынын өзендер ағызып әкелген шөгінді жыныстардан алтынды шайып алу кең етек алды. Мол алтынға кенеліп, тезірек баюды ойлаған мыңдаған адамдар материктің батысына қарай ағылды. 1849 жылы алтын іздеушілердің осындай бір тобы аптап ыстық пен шөлге шыдамай қаза болған. Кейіннен « Өлім аңғары » деген атаққа ие болды. Тарихта бұл кезең
« алтын безгек » деп ата
Солтүстік Американың климаты және ішкі сулары.
Солтүстік Америка солтүстік жарты шарда Еуразиямен қатар орналасқандықтан, климаттық жағдайлары құсас болып келеді. Материк солтүстік жарты шардағы экваторлық белдеуден басқа барлық климаттық белдеулерді кесіп өтеді.
Материк ауданының Еуразияға қарағанда шағын болуы; солтүстік полюске неғұрлым жақын орналасуы; оңтүстігіне қарай сүйірленуі; батысы биік таулы, ал шығысының аласа болуы; ендік бағыттағы таулардың болмауы − міне осының бәрі климаттың өзіндік ерекшеліетерін қалыптастырады.
Материктің солтүстігіндегі мәңгі мұз құрсап, қар жамылғысы қалың жататын аудандарда күн сәулесінің кері шағылысуы күшейеді. Сондықтан ауа температурасы төмен болады, осында қалыптасқан суық ауа массалары еш кедергісіз ңтүстігіндегі Мексика шығанағына дейін өтіп кетеді. Осының нәтижесінде субтропиктік белдеуде де қар жауады. Солтүстік Американың шығысындағы Атлант мұхитынан келетін жылы, ылғалды ауа массалары Арктикадан келетін суық ауа массаларының
әсерін шектеп отырады. Материктің батысында орналасқан Кордильераның биік жоталары Тынық мұхиттан келетін ауа массаларының құрлыққа тереңдеп енуіне кедергі келтіреді. Сондықтан оңтүстікте Мексика шығанағы үстінде қалыптасатын тропиктік ауа массалары солтүстікке қарай емін − еркін өте алады.
Осы ауа массалары арасындағы температура мен қысымның үлкен айырмашылықтары материктің орталық бөлігіндегі жазықтарда өте құбылмалы ауа райын қалыптастырады. Сондықтан күшті желдер мен құйын тәрізді қозғалатын дауылдар − торнадо жиі байқалады. Жылдамдығы сағатына 800 км − ге жететін кенеттен пайда болатын торнадо көп апат әкеледі: жүріп өткен жолында алып ағаштарды тамырына қопарып, үйлерді қиратып, ірі заттарды да көтеріп әкетеді. Орталық жазықта аңызақтар мен құрғақшылық, топырақтың құнарлы қабатын ұшырып әкететін шаңды дауылдар жиі байқалады. Ал Атлант мұхиты жағалауындағы тропиктік ендіктерде жаздың аяғы мен күздің басында мұхиттан соғатын өте күшті, апатты дауылдар − долы ( ураган ) жиі болып тұрады. « Ураган » майя тілінде « дауыл құдайы » деген мағынаны білдіреді.
Солтүстік Америка материгі мол сулы өзендерге, тұщы сулы терең көлдерге бай. Су қоры жөнінен Оңтүстік Америка мен Еуразиядан кейін үшінші орынды алады. Сонымен қатар биік таулы мұздықтар мен
материктің солтүстігін алып жатқан қалың мұз жамылғылары және жер асты суларының мол қоры бар.
Өзен жүйелері климаттық жағдай мен жер бедеріне байланысты біркелкі таралмаған. Олардың басым бөлігі Солтүстік Мұзды мұхит пен Атлант мұхитына бағытталған. Өзендері негізінен жаңбыр және еріген қар суымен қоректенеді. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?