Психология | Қабілет туралы жалпы ұғым

Психология | Қабілет туралы жалпы ұғым

Күнделікті ауыз екі сөзде «Қабілет» деген атауды жиі қолданамыз.Мәселен мұғалім оқушысына мінездеме бере отырып,осы баланың математика пәніне, қабілеті күшті екенін айтады.Мектепте оқушыларға түрлі қоғамдық жұмыстар жүктеледі олардың кейбіреулерінің ұйымдастырғыштық, екіншісінің музыкалық,үшіншісінің суретшілік қабілеті еске алынып,бұған ерекше мән беріліп отырылады.Бұл мысалдар әр адамның әрекеттің бір түріне жарамдылығын көрсететін дара ерекшелігі болатын байқатады. Мұндай ерекшеліктер әс - әрекетті орындау үстінде, әсәресе оның нәтижесінен жақсы көрініп отырады. Мәселен, біреу қолына алған ісін бұрқыратып тез бітіріп тастайды және оны өте нәтижелі етіп шығарады. Ал екінші біреу өте баяу қимиылдап, әрі істі сапасыз етіп орындайды. Бүл мысалда да бірінші адамның іске қабілеттілігі екіншіге қарағанда әлдеқайда жоғары екендігі көрініп тұр.
Қабілеттің дамуы оны қажет ететін қызмет саласында және әрекетке үйрену үстінде көрініп отырады.
Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты болады. Мәселен, оқушыда техникалық қабілеттің ойдағыдай дамуы үшін техникалық конструкциялардың құрылысын жақсы білуі, оны тәжірибе жүзінде пайдалана алуы қажет. Баланың білімі тереңдеп, икемділігі артып, дағдысы көбейе түссе, оның қабілеті де ойдағыдай дамып отырады. Мәселен, кейбір мұғалімдер өз оқушыларының ( тіпті ол жақсы оқитын оқушы болса да ) үлгеріміне көңілі онша тола қоймайды. Ол өз оқушысының бар мүмкіндігімен жұмыс істемейтіндігін айта келіп, егер ол сабаққа бар ынтасымен кірісетін болса, бұдан да гөрі жақсы оқи алар еді – ау деп қынжылады. Бұл жерде мұғалім қолынан істесе, дағдыға тез машықтанғыш баланың, қажірлі әрекетке бойын жөнді ұсына алмағандықтан, қабілетін жөнді көрсете алмай отырғанын айтып отыр.

1. Қабілет туралы жалпы ұғым.

Қандайда болмасын бірер нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін. Тәжірибе мен парасат адамдардың тең емес екенін дәлелдейді дегенде теңдік деп адамдардың қабілеттерінің теңдігі немесе дене күштері мен рухани қабілеттіктерінің бірдейлігін түсінеді.
Бұл мағанада алғанда адамдардың тең емес екендігін түсінікті. Қабілеттіктің өлшемі – белгілі бір істің нәтижелі болып орындалуыда. Қабілет адамның іс - әрекетінің белгілі – бір түріне,, өнер саласының біріне жарамдылығын жақсы көрсете алады. Белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттерінің ( музыкалық саңылау, түстерді жақсы ажырата алу, қолдың икемділігі т.б.) қиысып келуін, яғни адам қасиеттерінің синтезін қабілет деп атайды.
Оқу - тәрбие процесінде қабілет, білім, дағды, ептілік сияқты психологиялық ұғымдарды өз мәнінде түсіне алмау мұғалімдерді педагогикалық қателерге ұшыратуы да мүмкін. Мұны дәлелдейтін мысалдар көп. Сурет академиясына оқуға келген Суриковтың арнаулы қабілеті ерте көрінгенмен де, сурет салуға қажетті дағды білімі болмаған.Сондықтан да ол академияға қабылданбаған.Академияның мұғалімдері Суриковтың сурет өнеріне тиісті білімі мен дағдысының жоқтығына қарап,оның зор қабілеттілігін көре алмай,үлкен қате жіберген.Кейін ол өзінің зор қабілетінің арқасында сурет өнеріне қажетті білім мен дағдының екі-үш ай ішінде меңгереді де, академияға түсуге право алады. Бұл жайт академиялардың Суриков жөніндегі пікірлері жаңсақ болғандығын, аңғартады. Бұл мысал адамның қабіліттілігі білімі мен икемділігі, дағдыларды тез меңгеруге жағдай туғызатынын, сондай-ақ балардың қабілеттерін дұрыс байқай алып,онымен санасып отырудың қажеттілігіне мұғалімдердің зер салуын керек етеді.
Қабілет негізінен екіге бөлінеді.Адамның ақыл- ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез келген адамнан табылатын қабілет жалпы қабілет деп аталады.Ақылдың орамдылығымен сыншылдығы,материалды еске тез қалдыра алу, зейінділікпен бақылағыштық, зеректік пен тапқырлық т.б.осы секілді ақыл-ой әрекетінде көрінетін өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады.
Іс-әрекеттің салаларында ғана көрініп,оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілетті арнаулы қабілет деп атайды. Бұған суретшінің, музыканттың, актёрдің, спортшының, математик-ғалымның ақын жазушының қабілеттерін жатқызуға болады.
Соңғы кездері кейбір зерттеушілер қабілеттің түрі деп практикалық іске қабілеттілікті айтып жүр.Бұған ұйымдастырғыштық ,педагогтық конструктивті-техникалық қабілеттерді жатқызады. Қабілеттердің осы түрлері іс - әрекеттің басты салаларына орайлас бөліне,ді.
Адам қабілетінің дамуы қоғамның дамуына, оның әлеуметтік сипатына ғылыми техникалық прогрес байланысты болып отырады. Мәселен, капитализім қалыптасып келе жатқан дәуірде, ғылымның сан алуан салаларының дамуына буржуазиялық қоғам кең өріс беріп отырады.өйткені қауырт дамып келе жатқан капиталистік өндіріс барған сайын жаңа ғылыми білімдерді талап ете бастады. Мұның өзі білімді адамдардың көбейе түсуіне қолайлы жағдай туғызды. Сол кездері жан – жақты қадбілетті, аса дарынды адамдар көп болды. өйткеғні бұл қоғамның қажетінен туған құбылыс еді. Ф. Энгельс «Қайта гүлдену бәуірінде» берген сипаттамасында сол дәуірді: «күшті ой өрісі, құштарлығымен сипаты, сан қырлылығымен, ғылымдағы жағынан алыптарды туғызған заман болды.» ол кезде алысқа сапар шекпеген, төрт бес тілде сөйлемеген, творчествоның бірнеше саласында жарқырап көзге түспеген бірде – бір адам болған жоқ дерлік еді. Леонардо да Вичи ұлы художник болып қана қойған жоқ, сонымен қатар ұлы математик, механик және инженер болды, физиканың сан алуан тарауларында табылған маңызды жаңалықтар соның арқасы. Альберхт Дюрер сүйретші, грабер, скульптор, архитектор болды, оның үстіне өзінің кейбір идеялары бар фортификация системасын ойлап тапты. Бұл идеяларды көп заман өткеннен кейін барып Монталамбер және фортификация жайындағы ең жаңа неміс ілімі қайтадан көтеріліп кетті. Макиавелли мемлекет қайраткері, тарихшы, ақын болды, оның үстіне жаңа замандағы ауызға алуға лайықты бірінші әскери жазушы болды. Ол замандағы геройлар кісінің өрісін тарылтатын, сыңар жақтық туғызатын, олардың із басарларының бойынан ықпалы бізге сондай жиі байқалып жүрген еңбек бөлінісінің құлдары бола қойған жоқ . Ф. Энгельс айтып отырған орта ғасырдағы «қайта гүлдену» ХХ –ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында да белеңі алған еді. Осы кездегі тарихи аренаға жан – жақты қабілетті адамдар Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, Х. Досмухамметов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Шоқаев, М. Жұмабаев, т,б, шыққаны белгілі.
Адам қабілеттерінің жан – жақты жетілуі еңбектің ескі бөлінісін яғни ой еңбегі мен дене еңбегі болып бөлінуін, сөйтіп адамның белгілі бір кәсіпке немесе мсамандыққа танылып қоюын бірте – бірте жоюды көздейді. Әрине бұдан еңбектің түрлі салалары жойылып кетеді деген мағына тумайды. Еңбектің сан алуан түрлерінің ұштасуы адамның дене күшінің де, рухани күшінің де дамуына себепші болады, адамның білімі, шеберлігі, іс - әрекетінің түрлі саласындағы айрықша дамыған тәжірибе мен білім икеиі дұрыс ұштасқанда ғана білім, техника, әдебиет пен өнер саласында адамның қабілеті мен дарыны, таланты дамып оның ойдағыдай өрістей түсуіне кең мүмкіндіктер жасалады.

2. Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық дамуындағы қабілеттің рөлі
Балалардың психикалық дамуында жеке дара елеулі ерекшеліктер болады. Бұл айырмашылықтар ең алдымен психикалық дамудың қарқынына байланысты. Қандай да бір мәдениет жағдайында тәрбиеленген балаларда дамудың жасқа байланысты дағдарыстарының пайда болуының, дамудың бір кезеңінен екіншісіне өтудің белгілі орташа мерзімі болады. Жекелеген балаларда бұл мерзім не едәуір ерте, не едәуір кейін пайда болуы мүмкін. Іс-әрекеттің жекелеген түрлерін игеру қарқынында, психикалық процестер мен сапалардың дамуында бұдан да зор айырмашылықтар болуы мүмкін. Кейбір бала төрт жасында ешкім түсініп болмайтын әлдебір «шатпақ» сурет салса , ал екіншісі үйдің жанында тұрған адам суретін бейнелейді. Біреуі зейіннің тұрақсыздығын, алаңғасарлығын көрсетсе, ал екіншісі зейінін шоғырландырып, бірнеше сағат бойы сүйікті ісімен шұғылданады.
Балалар даму қарқынындағы айырмашылықтармен қатар, жасы өскен сайын жеке дара психологиялық сапалардағы: қызығуларындағы,мінез-құлық белгілеріндегі, қабілеттеріндегі- айырмашылықтар пайда болып ұлғая түседі. Алуан түрлі шексіз сұрақтар беретін,білуге құмар, ақыл-ойы жүйрік балалар бар, жөнді ештеңемен айналыспайтын енжар балалар да болады. Қыңыр мінез, ашуланшақ балаларда байсалды, мейірбан балаларға қарама-қарсы мінез қалыптасқан. Мектеп жасына дейінгі кейбір балалардың музыкаға (естіуі, ырғақты сезінуі),ал басқаларында – математикаға қабілеті байқалады. Математикаға қабілеті барлар бес – алты жасында-ақ едәуір қиын арифметикалық есептерді т.б. шығарады.
Балалар арасындағы жеке-дара психологиялық айырмашылықты қалай түсіндіруге болады деген сұрақтың тәрбие мәселесін әркіммен жеке-дара жүргізу үшін зор маңызы бар.Бұл сұраққа жауап беру үшін өзімізге бұрыннан таныс психикалық дамудың табиғи жағдайларына (нерв жүйесінің құрылымы мен функциясына, оның жетілу процесіне) және тұрмыс пен тәрбиенің қоғамдық жағдайына қайта оралу керек. Бірақ енді бұл жағдайларды екінші жағынан – олардың жекеленген балалардың дамуындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарға тигізетін әсері тұрғысынан қараған жөн. Балалар,сөз жоқ, өзара табиғи ерекшеліктері арқылы ажыратылады. Мысалы, жаңа туған нәрестелердегі шартсыз рефлекстердің өзі әр түрлі дәрежеде көрінеді. Түрлі нәрестелердің шартты рефлекстері түрлі жылдамдықпен пайда болады.Көру тітіркендіргігтеріне бағдарланатын реакция басым көрінетін сәбилер бар, екіншілері терісіне тигенге неғұрлым әсерленгіш келеді. Сірә, кейбір табиғи ерекшеліктер тұқым қуалаушылық жолымен, басқалары ана құрсағындағы кезеңіндегі қандайда бір даму жағдайының нәтижесінде пайда болдады.
Мидағы түрлі атаулы ақаулар- тұқым қуалайтын аурулар, дұрыс жетілмеу, туу үстіндегі зақымдар- психикалық дамудытежеуге әкеліп соқтырады, ал ерекше қиын жағдайда оны тоқтатып тастайды. Осыдан келіп, кейде өте тез немесе тм айқын өтетін психикалық даму да, шамадан тыс қабілеттің пайда болуы да мидың әлдебір туа біткен ерекшеліктеріне байланысты болады деп есептейді. Баланың жеке-дара психологиялық сапалары, алдымен бүкіл қабілетті тұқым қуалай ма дегенді анықтау үшін ғалымдар көп күш жұмсады. Осы мақсатпен аса көрнекті адамдардың тегі зерттелді. Көптеген семьяларда ата-аналары, балалары және алыс ұрпағы қандай бір салада белгілі қабілеттілік көрсеткені анықталды.Бұл ретте әсіресе, даңқты композитор Иоганн Себастьян Бахтың семьясы мысал бола алады. (1750 жылы үй іші салтанатына осы семьяның 128 өкілі жиналған еді, оның ішінен 57-сі музыкант болып шыққан) Сонымен бірге көрнекті адамдардың көзге түсерлік қабілетімен ерекшелінген бірдк-бір туысқаны болмаған жағдайлар да аз кездеспейді. Сірә, түгелдей суретшілер, музыканттар «әулетінің» болуын семьялық дәстүрге байланысты деп түсіндіруге әбден болатын сияқты, өйткені кейбір семьяларда тәрбиеге, белгілі қызығушылық пен қабілетті дамытуға қолайлы жағдайлар жасалады.
Психикалық дамуда тұқым қуалаушылықтың адамның жеке басы ерекшеліктеріне тигізетін әсерін анықтау үшін егіз туған балалар да зерттелген. Егіздербір жұмыртқалас және әр жұмыртқалас болады.Бір жұмыртқалас егіздердің барлқ тұқым қуалау қасиеттері бірдей,өйткені олар бір ұрықтық клеткадан тарайды. Ал, әр жұмыртқаластардың тұқым қуалауы әр түрлі.
Балалардың психикалық дамуының түрліше болуына, олардың қабілеттерінің қалыптасуына тұқым қуалаушылық ерекшеліктерінен гөрі тұрмысжағдайындағы, тәрбие мен оқытудағы айырмашылықтар көбірек әсер етеді. Бір жұмыртқалас егіздермен, яғни тұқым қуалаушылығы бірдей балалармен жүргізілген зерттеудің нәтижелері осыны дәлелдейді Ол үшін бес жарым алты жасқа дейінгі бес егіздер іріктеліп алынған. Олар арнаулы балабақшада тәрбиеленді. Барлық балалар егіздің бір сыңары бір топқа да екіншісі басқа топқа енетіндей етіліп, екіге бөлінді. Топтар бөлек үйге орналастырылды, ойнайтын, оқитын жерлері де бөлек болды, бір-біріне тек серуендеу кезінде ғана қатынасты.
Балаларды оқытуда әр түрлі әдістер пайдаланды. Бір топта құрастыру ойындарын ұйымдастырып, текшелерден құрылыс тұрғызуы крек болды. Екінші топтың балалары бөлшекке бөлінбейтін текшелерден жасалған үлгі бойынша, яғни бала әрбір кезде құрастыру шешіміне қажетті тәсілдерді өздігінен іздеуі, құрылыстың қандай да бір бөлімі қандай элементтерден құралған бола алатынын талдауы, қол жеткен нәтижені үлгімен үнемі салыстыра отырып, осыэлементтерді талдауы және араластырып құрастыруы керек.
Әрбір топта бес-он сабақ өткізілген соң барлық балаларға байқау есептер берілді.Олар бөлінетін және қажетті ұсақ-түйектері жоқ бөлінбейтін үлгілер бойынша құрылыс, ойлауы бойынша еркін құрылыс салулары және көптеген арнаулы тапсырмалар орындаулары керек болды.Олар орындауы әр түрлі фигураларды көзбен егжей-тегжей талдауды және ойша кеңітікте елестетіп мөлшерлеуді мысалы, текшелерден салған үйді ойша аударып-төңкеріп оның суретін салуды талап етеді.
Барлық байқау тапсырмаларын орындауда тұтас үлгімен құрылыс салумен айналысқан топ балаларының артықшылығы бірден көзге түсті. Бұл артықшылық тіпті бөлінетін үлгілермен қүұрастырған кезде де,яғни екінші топ үнемі жаттыққан іс-әреетте де көрінеді. Құрастыру ойындары мейлінше творчестволық сипат алған топтағы балалар құрылыстың элементтерін көзбен мөлшерлеуге, олардың арақатынасын, олардың формаларын қабылдауда үлкен дәлдәкке жетті. Құрылысты салмастан бұрын балалр үлгіні мұқият қарап, өлшеп, құрастырып, байқап көріп, содан кейін ғана тапсырманы орындауға кірісті. Басқаша айтқанда, тапсырманы орындауға кіріспес бұрын олар бірсыпыра бағдарлау жұмысын жүргізді, міндетті (қолда бар тектешелердің көмегімен үлгіні шығаруды) шешудің мүмкін жолдарын (текшелерді орналастыру варианттарын) салыстырып көрді.
Сөйтіп, айтпағанның өзінде, балалар құрастыру іс-әрекетіне белгілі қабілеттілікті игерді, ал бұл қабілет басқа жолмен үйретілген егіздің кінші сыңарында жоқ болып шықты. Бұл қабілеттілік бөліп қабылдау мен кеңістікте елестетуді мөлшерлеуді талап ететін құрастырылмайтын басқа да бірқатар байқау есептерін ойдағыдай шешуге мүмкіндік берді.
Әрин, бес жасар балаларда екі ай жарым уақыттың ішінде оның бүкіл өмір бойына қаларлықтай құрастыру қабілеттілігін тәрбиелеп шығару мүмкін болды деуге болмайды. Әңгіме тек қабілетті одан әрі қолдап, дамытуды қажет етеін кейбір бастамалар жөнінде ғана болуы мүмкін. Осының өзі де аз емес.
Советтік балалар психологиясы тұқым қуалайтын ерекшеліктер әлдебір қабілеттің болашағы ретінде қызмет етуі, олардың дамуы үшін не бірсыпыра жақсы, яки бірсыпыра жаман жағдай жасауы мүмкін деп есептейді. Ал қабілеттің өзі, басқа да психикалық сапалар сияқты, тәрбие мен оқытудың әсерімен өмір процесінде қалыптасады.
Бір баланың психикасына терең әсер ететін, назарын аударатын уақиғалар есепке алынбайтын, көбіне кездейсоқ жағдайлардың көптігіне байланысты екнші бала үшін еленбей жай ғана өте шығады. Тіптен нәрестенің дүниеге көзқарасында, қоршаған ортаеың әсерінен талғап қараушылық байқалады және осығанбайланысты белгілі бір іс-әрекеттің түрлі балалар үшін түрліше маңызы болады. Баланың жасы үлкейген сайн оның талғап қараушылығы арта түседі. Оның үстіне қоршаған ортаның әр балаға, тіпті ата-ананың егіздерге көзқарасы бірдй бола бермейді. Бір сөзбен айтқанда, жалпы әлеуметтік ортада әрбір бала үшін өзінң шағын ортасы қалыптасады. Осы ортаның ерекшелігі оның психикалық дамуының жеке-дара ерекшеліктерін айқындайды.Баланың психикалық дамуында оның іс-әрекетінің шешуші маңызы бар екені бізге белгілі. Бірақ әрқашан және тең мөлшерде бірдей іс-әрекетпен ғана айналысатын екі бала бола ма?
Тіпті кішкентай егіздердің өзінде де бұлай болмайды.
Дюка (Андрюша) ойыншықтарын «қайталап санауды» ұнатады. Әдетте бір текетес нәрселерді «қайталап санайды»... Кирилканы мұндай ойын тіпті де қызықтырмайды. Ол ықылыстана текшелерден құрылыстар тұрғызады. Құрылытары оның енді сан алуан.Кирюша бір құрылыс тұрғызғанда түрліше кубиктерді пайдаланады. (В.С.Мухинаның күнделігінен)
Бірі санап жаттығуды, екіншісі текшелерді қалауды ұнататын екі балада бірдей психикалық сапалар қалыптасады деп күтуге болмайды.
Психикалық даму саласында балалар арасындағы айырмашылықтар әр түрлі болады.Олрдың бәрі де тұрмыс пен тәрбие прцесінде пайда болып дпсиды. Туа пайда болатын бірде-бір жеке дара психологиялық сапалардың қалыптасу жолы және белгілі дәрежеде осы қалыптасудың нәтижесі табиғи ерекшелікке тәуелді болуы мүмкін. Кейбір сапалар үшін (мысалы, темперамент) бұл тәуелділік мейлінше мол басқалар үшін (мінез-құлық белгілері, қабілеттілік) одан азырақ, ал үшіншілер үшін (ынта, білім) мүлдем болмайды.


3.Мектепке дейінгі баланың қабілетін дамытудағы
іс-әрекеттің рөлі
Үлкендер мен құрдастары тарапынан балаларға тигізілетін ықпал негізінен іс-әрекет процесінде жүзеге асады. Үлкендер балалардың іс-әрекетін ұйымдастыра отырып ойындар мен суреттердің сюжеті жайында кеңестер мен нұсқаулар береді, бейнелейтін адамдардың өзара қарым-қатынастарымен және амалдарымен балалрды таныстырады, балалардың өздерінің іс-әрекеттері мен құлықтарына белгілі талаптар қояды, оларға баға береді, іс-әрекеттер барысында пайда болатын қиындықтар мен жанжалдарды шешуге көмектеседі. Балалар қоғамының негізін және оның мүшелерінің жеке басын дамытуға көмектесетін бірлескен іс-әрекетті орындағанда ғана балалар бірігеді және өзара әр түрлі қарым-қатынасқа түседі.
Адамның жеке басының дамуы үшін ойынның неғұрлым маңызды мәні бар. Балалар өздері үлкендер рөлін ала отырып, олардың іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарын елестетіп, үлкендер өздері еңбек және қоғамдық қызметте, өзара қарым-қатынаста жетекшілікке алып жүрген мінез-құлық ережелері мен қағидаларының өздері түсінген түрлері мен танысады. Мысалы, бала шеберханадағы жұмысшының рөлін орындағанда оның өз ісіне деген жауапкершілігін, ал дәрігердің рөлін орындағанда ауруға деген қамқорлық пен ілтипаттылықты көрсете білуге тырысады. Бұдан біз, баланың осы мамандыққа қабілетінің бар екенін көре аламыз.
Ойын балаларды баурап алады. Бейнеленетін кейіпкерлер басынан кешетін сезімдер ауруларға, балаларға деген сүйіспеншілік, жан ашу, үлкендерді силау т.б- оларды шынымен-ақ толғандырады. Ойында пайдаланылатын қуыршақтарға, ойыншық жануарларға балалар сүйіспеншілік, сүйемелдеушілік, мейірімділік көрсетеді.
Ойынға қызығу рөлді жақсы орындап шығу тілегінің күштілігі сонша, тіпті бұл жағдайларда балалар былайша алғанда қиын, тартымсыз іс-әрекеттерді орындап шығадынемесеойын барысында пайда болатын өзге тілектерін қанағаттандырудан бас тартады. Мектепжасына дейінгі балалар мектеп оқушыларын бейнелегенде бір әріпті бірнеше қайталап жазу секілді жалықтырарлықбір сарынды іспен ұзақ уақыт бойы және тырыса шұғылданады. Темір жолдағы буфетші әйелдің ролін ойнайтын бес жасар қыз бала өзінің қолындағы печеньені жемейді, өйткені бұл қылық жолаушыар мүддесіне қайшы келеді. Әйтсе де, ойында қол жетке табыстарды балалардың тікелей басқа жағдайларға, өздерінің күнделікті мінез-құлқына аударуы мүмкін деп ойлаудың қажеті жоқ. Дәрігер ролінде ауырған қыз балаға жаңағана қамқорлық көрсеткен бала бірнеше минут өткен соң, сол қыздың қолындағы ойыншықтарды оның жылағанына ешбір назар удармай, қымсынбастан тартып алып жатқанын жиі көруге болады.
Балалр өздері алған рөлдерге сәйкес ойнап шығатын іс-әрекеттер мен өзара қарым-қатынастар оларға үлкендердің мінез-құлқындағы, қылықтарындағы, сезімдеріндегі белгілі себептермен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді, біріақ әлі де балалардың оларды игеріп кетуін қамтамасыз ете алмайды. Ойын балалрды сюжеттік жағымен ғана емес, онда ненің бейнелейтіндігімен де тәрбиелейді. Ойын жөнінде өріс латын шынайы өзара қарым-қатынастар процесінде, яғни ойынның мазмұнын талқылағанда, рольдер мен ойындар материалдарын тағы басқаларды бөліскенде балалр шынында да жолдасының мүддесін ескеруді, оған тілекетстік білдіруді, жол беруді, жалпы іске өз үлесін қосуды үйрене бастайды.
Баланың жеке басының дамуына іс-әрекеттің жемісті түрлері, еңбек және оқу тапсырмаларын орындау септігін тигізеді. Іс-әрекеттің барлық осы түрлерінде балада үлкендер мен құрдастары ұнататын нәтижені алуға бағытталғандық қалыптасады. Оның нәтижесі сурет құрастырулар, жинақыланған бөлме немесе қазылған жүйек, арифметикалықесепті шығару және т.б.
Жақсы нәтижеге қол жеткізудің қажеттілігі баланы өз іс-әрекетін жоспарлауға, оны басқара білуге үйретеді, сүйтіп ерік-жігердің дамуына, өз мінез-құлқын басқара білуіне жетелейді. Бұған қоса іс-әрекеттің нәтижесі түрлі балалрдың қолы жеткен табыстарын салыстырудың негізі болып табылады. Егер бастапқыда мұндай салыстыруды балалар тобын қатыстыра отырып үлкендер жүргізсе , кейінірек өзін бағалаудың дағдыларын игере, өзінің жеке қасиеттері мен жетістіктерін түсіне отырып, баланың өзі орындай бастайды.
Белгілі нәтиже беретін іс-әроекеттің ықпалынан балалард міез-құлықтың жаңа мотивтерінің қалыптасуы ерекше маңызды. Еңбек тапсырмаларын орындағанда өздерінің өзге адамдарға (үй ішіне, өз тобына тіпті бүтіндей қоғамда) келтіретін пайдасын басшылыққа алуды үйретеді. Мысалы, мектепке дейінгі ересектерге тырнауыштың қосалқы тістерін жасауды ұсынғанда олар бір ай бойы дерлік күн сайын отыз минут бойы ағаш кесінділерін жонып жүрді және бұл жұмысты ықыластарымен ғана істеп қойған жоқ, өздерінен басқа балалардың бөгет жасамауын өтініп, тәрбиешіге ұсыныстар да жасады: «Серуенге шыққанда біздерге ағаш кесіндісі мен пышақ беріңіз онда жүргенд де біз жонатын болайық. Колхозшыларға тырнауыш тістері керек қой, ал біз оларды әлі түгелдей істеп бітірген жоқпыз» Басқа дамдарға пайда келтіре алатындықтарына балалардың көздері жетенде, оларда басқа колхоздар үшін де тырнауыштың қосалқы тістерін жасап беру немесе өз колхозы үшін өзге бір нәрсені істеу ынтасы пайда болды.
Оқу тапсырмаларын орындау балалардың танымдық мотивтерін- әуестік, жаңаныбілуге ынталану, сондай-ақ оқыту процесінде танысатын шындықтың жеке салалрын білуге ұмтылуын дамытуға көмектеседі.











4. Мектеп жасына дейінгі баланың қабілетін қалыптастыру.

Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеші баланың оқуға ынтасын тәрбиелеу арқылы олардың қабілетінің дамуына кең жол ашады. Тәрбиеші алғашқы күнен бастап баланың бейімділігін, оның қолынан не істеу келетіндігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығы қандай екендігін есепке алып, оқу процесін осы негізге орайластыра жүргізхгені дұрыс.
Кейбір тәрбиешілер баланың қабілеттігін оның оқу материалдарын тез ұға алушылармен ғана байланыстырады. Бұл жерде тәрбиешінің аса сезімталдығы қажет. Өйткені нерв жүйесінің тума қасиеттеріне байланысты табиғатынан баяу болып келетін балаларда аз емес. Осындай баяу ойланып жауап беретін балалар қабілетсіздер қатарына қосылатын болса, бұл педегогикалық тұрғыдан өрескел қате ьолып есептеледі.
Баланың қабілетін тәрбиелеу үшін жүргізілетін жұмыстардың мазмұны мен түрлері сан алуан. Бұлардың нақты жағдайларға байланысты жүргізе білу әрбір мұғалімнің жеке творчестволық ісі. Мәселен, мұғалім жүргізетін осындай жұмыстардың бірі – оқушылардың оқу әрекетін тартымды, мазмұнды, қызықты етіп ұйымдастыру. әсіресе төменгі клас оқушыларының бейімділіктерін, қызығуларын көре білумен қатар, оларды барынша көтермелеп, белсенділігін үнемі арттырып отырған жөн. Мәселен, мұғалім жақсы үлгеретін оқушыларға талапты көбірек қойып, қосымша тапсырмалар беретін болса, «орташа» қабілеті бар балаларды да бақылаудан тыс қалдырмау керек. Кей жағдайда осындай балалардың табиғи мүмкіндіктері жеткілікті болғанмен, мұғалімнің назхарынан тыс қалып қояды да ол «орташа» оқушы болып кете береді. Сондықтан да оқушылардың келешегіне зор үмітпен қарау керек. Мұғалім оқушылардың практикалық қабілеттерін дамытып отыруды да ұмытпауы керек. Бұл үшін оқушыларға қоғамдық тапсырма береді, оның орындалу сапасын тексереді, сондай – ақ баланың ыждағаттылығын, ұқыптылығын қадағалап, оның қабілетінің дами түсуіне бағыт көрсетіп отырады. Баланың практикалық қабілеттерін дамытуда мектептегі қоғамдық ұйымдардың жұмысы, еңбек, дене шынықтыру, айтыс, диспут, ән – күй сабақтары таптырмайтын шаралар болып табылады.
И. П. Павловтың нерв жүйесінің типтері туралы ілімі қабілеттердің физиалогиялық негізін түсінуде де үлкен орын алады.


Қорытынды

Бастауыш кластарда мұғалім оқушылардың оқуға ынтасын тәрбиелеу арқылы олардың қабілетінің дамуына кең жол ашады. Мұғалім алғашқы күнен бастап оқушының бейімділігін, оның қолынан не істеу келетіндігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығы қандай екендігін есепке алып, оқу процесін осы негізге орайластыра жүргізхгені дұрыс.
Кейбір мұғалімдер баланың қабілеттігін оның оқу материалдарын тез ұға алушылармен ғана байланыстырады. Бұл жерде мұғалімнің аса сезімталдығы қажет. өйткені нерв жүйесінің тума қасиеттеріне байланысты табиғатынан баяу болып келетін балаларда аз емес. Осындай баяу ойланып жауап беретін балалар қабілетсіздер қатарына қосылатын болса, бұл педегогикалық тұрғыдан өрескел қате ьолып есептеледі.
Баланың қабілетін тәрбиелеу үшін жүргізілетін жұмыстардың мазмұны мен түрлері сан алуан. Бұлардың нақты жағдайларға байланысты жүргізе білу әрбір мұғалімнің жеке творчестволық ісі. Мәселен, мұғалім жүргізетін осындай жұмыстардың бірі – оқушылардың оқу әрекетін тартымды, мазмұнды, қызықты етіп ұйымдастыру. әсіресе төменгі клас оқушыларының бейімділіктерін, қызығуларын көре білумен қатар, оларды барынша көтермелеп, белсенділігін үнемі арттырып отырған жөн. Мәселен, мұғалім жақсы үлгеретін оқушыларға талапты көбірек қойып, қосымша тапсырмалар беретін болса, «орташа» қабілеті бар балаларды да бақылаудан тыс қалдырмау керек. Кей жағдайда осындай балалардың табиғи мүмкіндіктері жеткілікті болғанмен, мұғалімнің назхарынан тыс қалып қояды да ол «орташа» оқушы болып кете береді. Сондықтан да оқушылардың келешегіне зор үмітпен қарау керек. Мұғалім оқушылардың практикалық қабілеттерін дамытып отыруды да ұмытпауы керек. Бұл үшін оқушыларға қоғамдық тапсырма береді, оның орындалу сапасын тексереді, сондай – ақ балан.ың ыждағаттылығын, ұқыптылығын қадағалап, оның қабілетінің дами түсуіне бағыт көрсетіп отырады. Баланың практикалық қабілеттерін дамытуда мектептегі қоғамдық ұйымдардың жұмысы, еңбек, дене шынықтыру, айтыс, диспут, ән – күй сабақтары таптырмайтын шаралар болып табылады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?