Тарих | Орыс шаруалардың Қазақстанға қоныс аудару

Тарих | Орыс  шаруалардың  Қазақстанға қоныс аудару

Осындай жағдайда Ресей үкіметі, біріншіден, ішкі губерниялардағы әлеуметтік тоқуларды әлсірету және жер мәселесін өзінше шешу үшін орыс шаруаларын шығыс аудандарға қоныс аудартуға ұйғарды.
Екіншіден, шаруалардың бір бөлігін ұлттық аудандарға көшіре отырып, патша үкіметі өзіне әлеуметтік тірек жасамақ болды.
Әуелгі кезде патша үкіметі қазақ өлкесін әскери, яғни казак – орыс отарлауымен шектелді. Ресейдің отарлық аудандарынан шаруаларды Қазақстанға қоныс аударту ХIX ғасырдың 60-жылдарының ортасында басталды. XIX ғасырдың 70-жылдарынан Ақмола, Семей, Жетісу, Орал, Сырдария, Торғай облыстарына орыс-украин шаруаларын қоныстандыру жаппай етек алды. Жетісу облысының губернаторы Г.А. Колпаковскийдің ұсынысына сай, 1868 жылы жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы жаңа ереже қабылданды. 1883 жылға дейін күшін сақтаған бұл құжатқа сәйкес жан басына 30 десятина мөлшерде жер берілді, бірқатар басқа да жеңілдіктер қарастырылды.
1883 жылы Жетісу облысында жаңадан келушілерді, сондай-ақ Шығыс Түркістаннан қоныс аударған ұйғырлар мен дүнгендер орналастыру туралы жаңа ереже бекітілді. Енді жан басына берілетін жер үлесі 30 емес, 10 десятина болып белгіленді, сонымен қатар қоныстанушы орыс шаруалары салықтар мен міндеткерліктерден үш жылға босатылды. Әрине, Жетісуда жердің тапшылығы және далалық аудандардан бұл жердің құнарлылығы, табиғи географиялық шарттардың қолайлылығы осындай шешімдердің іске асырылуын тездетті.
1889 жылы 13 шілдеде Село тұрғындары мен мещандарының қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы және олардан бұрынғы қоныс аударғандар жағдайын қарастыру жөнінде жаңа заң қабылдады. Бұл құқықтық талапла Тобыл, Том губерниялары, Жетісу, Ақмола, және Семей облыстары шаруаларды қоныс аударатын басты аймақтар ретінде белгіленді. 1891 жылғы ЕРЕЖЕ 1889 жылғы құжаттың жекелеген мәселелерін нақтылады. Мысалы, кейінгі шешімде облыстар мен губернияларды бұрын қоныстанған шаруаларға жан басына 15 десятинадан жер берілетің болып шешілді.
Ішкі аймақтардан шаруаларды қоныстандыру патша үкіметінің отаршылдық саясатының да бетін ашты. Келімсектерге көшпелі қазақтардың жерін тартып алып беру, тұрақты қоныстарынан ығыстыра бастау, жергілікті қазақ ауылдарының мүддесімен ешқандай санаспаудың салдары байқалды. Бұл құбылыс тіпті жылдан жылға тереңдеп, мал шаруашылығының дамуына да нұсқан келтірді. Тек 1855 жылдан 1893 жылға дейінгі аралықта Ақмола облысы қазақтарының пайдалануынан 250 мыңнан астам десятина егістік жері тартып алынып, 11 мыңдай орыс шаңырағы жайғасқан 24 село ұйымдастырылды. Ал Семей облысында нақ сол кезде қазақ шаруаларынан 33 мыңнан астам десятина егістік жері тартып алынды.
Әсіресе қоныс аударушылардың лек- лагімен шұбырған басты аймағы – Жетісу өлкесі. 1868-1880 жылдар аралығында бұл өңірде 3 мыңнан астам отбасының 2 мыңдайы жаңа қоныстанушы болса, оның 1 мыңнан астам шаңырағы қалаларда орын тепті. Қоныстандыру саясаты сонымен қатар Сырдария облысын да жаппай қамтыды. Шымкент, Ташкент, Әулиеата уездерінде орыс, украин шаруалары 1884-1892 жылдар аралығында 37 қоныс орындарын құрды.
Қазақ ауылының жағдайы. ХІХ ғасырдың ортасынан бастап қазақ жеріне капиталистік қарым- қатынастардың тарала бастауы қазақ ауылының шаруашылақ өміріне, әлеуметтік жағдайына әсерін тигізбей қоймады. Мал шаруашылығы мен отырықшы жер шаруашылығының етек ала бастауы да капитализмнің тікелей әсер етуінің бір көрінісі.
Дәстүрлі көшпелі өмірге негізделген мал шаруашылығы Сырдарияға жақын аудандарда, Орталық Қазақстанда, Бетпақдалада, Маңғыстауда, Семей, Ақмола облыстарында және басқа да өлкелерде сақталынды. Қоныс аудару процесі Қазақстанның солт. Аудандарында да кең етек алды. Мұнда егіншілік басым болатын да, таза көшпелі мал шаруашылығы сирек кездесетін еді. Бірақ оның өзінде малдың құрамы , жерді иелену сипаты ескі қөшпелі шаруашылыққа көп ұқсай бермейтін еді. Жылқы санының азайып, сиыр санының көбеюі де біртіндеп ауыл өміріне ене бастаған капитализмнің белгісі болды.
Капиталистік қатынастардың біртіндеп етек алуы және орталық губерниялардан орыс, украин шаруаларын көптеп қоныстандыру көшпелі қазақтар арасында отырықшылықтың кең тарауына себепші болды. Егін шаруашылығымен шұғылдану ауылды астықпен, тұқыммен тұрақты қамтамасыз етіп отыруға мүмкіндік берді. Далалы, қуаңшылықты аймақтарды суландыру жүйесін кең пайдалану қазақтарды отырықшылыққа кеңінен тартты. Егіншіліктің дамуы, әрине, табиғат жағдайына да байланысты еді. Ылғалдың жеткілікті сақталуы қазақтардың қарапайым соқаны тұрақты пайдалануына жағдай тудырды. Сырдария, Жем, Ырғыз, Сарысу өзендері алқаптарында егін шаруашылығы маңызды орын алды. 15 мың десятина жерді суландыру әдісімен өңдегенде қазақ шаруалары 1 миллион пұтқа дейін астық өндіретін.
Патша үкіметінің қауымдық жерлерді зорлықпен басып алу саясатын жүргізуі, отаршылдық- әкімшілдік басқару әдісінің күшеюі қазақ шаруалары арасында әлеуметтік жіктелуді тездетті. Қалалар мен орыс қоныстарының манайында орналасқан немесе көшіп – қонып жүрген қазақ шаруалары біртіндеп нарыққа тартыла бастады. Сөйтіп, көшпелі шаруашылық жүргізудің ескі әдістері өзгерді.
ХІХ ғасырдың 70-80 жылдарынан бастап кедейленген қазақтар күнкөріс көзін табу мақсатымен тау-кен орындарына, қалалы жерлердегі ірілі- ұсақты кәсіпорындарға тартыла бастады. Қазақ жатақтары ауылдық пролетариаттың әлі қалыптасып үлгірмеген тобына жататын.Өз руластарынан бөліне бастаған жатақтар қазақ ауылының басқа топтпрымен салыстырғанда жаңа, алдыңғы қатарлы өндіріске бір табан жақын еді. Жатақтар сонымен қатар әлеуметтік келбетін өзгерте бастады.
Рулық, патриархаттық ортадан ажыра тобына жататын.Өз руластарынан бөліне бастаған жатақтар қазақ ауылының басқа топтпрымен салыстырғанда жаңа, алдыңғы қатарлы өндіріске бір табан жақын еді. Жатақтар сонымен қатар әлеуметтік келбетін өзгерте бастады.
Рулық, патриархаттық ортадан ажыраған жатақтар жаңа таптық мазмұндағы құбылыстарды біршама тез қабылдады. Орыс жұмысшы шаруаларымен, қалалық нарықпен байланыстылығы олардың таптық көзқарастары мен мүддесі ортақтығын ерте сезіндірді.
Капитализмнің дамуы. Реформадан кейінгі жылдарда өндіргіш күштердің қауырт даму жолына түсуі, бүкіл- ресейлік нарықтық орталықтануы капиталистік қатынастардың ұлттық аймақтарда кеңейіп, дамуына әсер етті. ХІХ ғасырдың 30 – 50-жылдарында қазақ жеріндегі табиғи байлықкөздері біршама анықталып, көмір, кен, тұз, қорғасын жылдан-жылға көптеп өндіріле бастады.
Ресейлік кәсіпқойлар өз қаражатың Қазақстан сияқты пайдалы табиғи қазба байлықтары мол елде өндірістік орындар салдыруға жұмсай бастады.
Ауыл шаруашылығы шикізаттарын өндейтін тері, май кәсіпорындары іске қосылып, Каспий, Арал теңіздерінде, Балқаш көлінде балық аулау кәсіпшілігі қанат жайды.
Қазақстанды елдің басқа аудандарымен байланыстыратын темір жол тораптары салынды. Егер ХІХ ғасырдың соңғы он жылында өлкеде 482 верста темір жол тартылса, ХХ ғасырдың басындағы бес жылда бұл көрсеткіш 1 818 шақырымға жетті.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында негізгі бөлігі қалаларда шоғырланған өңдеу өнеркәсібінің зауыт, фабрикалары әлі де болса әлсіз, жабдықталуы тым қарапайым еді. Ешқандай техникалық мамандығы жоқ жұмыскер, әсіресе қазақ жұмысшылары, сапалы да көлемді өнім шығара алмады. Тек ХІХ ғасырдың соңында өнеркәсіптегі жағдай біршама өзгерді. 300-400 жұмыскері бар, салыстырмалы түрде ірі деп атауға келетін өндіріс орындары пайда болды. УСПЕН кешені, Қарағанды қөмір алабы, Екібастұз, Риддер өндірістік орындары – бүкіл ел көлемінде белгілі болды.
Табиғат байлықтарының қауырт игеріле бастауы, ақша –тауар қатынастарының дамуы банк-кредит ұйымдарынажол ашты. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!