География | ДҮНИЕЖҮЗІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ОРНАЛАСУ ТЫҒЫЗДЫҒЫ

География | ДҮНИЕЖҮЗІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ОРНАЛАСУ ТЫҒЫЗДЫҒЫ

ДҮНИЕЖҮЗІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ОРНАЛАСУ ТЫҒЫЗДЫҒЫ

Адамзат баласы өзінің тарихында жер шарының территориясына бірте-бірте қоныстанды. Дүниежүзінде халықтардың қоныстануы бірқалыпты емес. Кейбір аудандарда халық сирек орналасса, кей аудандарда халық тығыздығы 1 км2-ге 1000 адамнан келеді. Адамдар қоныстанбаған аймақтарға оңтүстіктің поляр белдеуіне жақын орналасқан, яғни күннің ыстықтығы 78°-қа жететін, солтүстікте күннің суықтыш 54°-қа жетегін аймақтар жатады. Теңізден 5000 м. биіктікте орналасқан Тибет және Перу таулы аудандарының кей жерлерінде де адам мүлдем тұрмайды. Сондай-ақ, Орталық және Оңтүстік Батыс Азия және Солтүстік Африканың шөлдерінде адам тұрмайды деуге болады.
Ал Еуропа, Австралия және Мұхит аралдары мемлекеттерінің 10/9 бөлігінде халық орналасқан. Африка мен Оңтүстік Американың хадықтарының көпшілігі теңізден 500-1500 м. биіктікте орналасқан өңірлерде тұрады. 500-1500 м. биікте Африканың 34,6%, Оңтүстік Американың 27,5% жері орналасқан. Халықтың 3/2 бөлігі теңізден 1000 метр биіктікте орналасқан жерге қоныстанған мемлекеттер бар. Олар Боливия (88%), Перу, Мексика, Ауғанстан, Эфиопия елдері. Нидерланды, Польша, франция, Жапония, АҚШ т.б. мемлекеттер тұрғындары теңізден 500 м. биіктікте тұрады. Тіпті Нидерландияның 5/2 бөлігі дамбалармен судан сақтану үшін қоршалған аймақта тұрады. Жер жүзінде құрғақ аймақтарға қарағаңда теңіз жағалауларына орналасқан қалаларда халық тығыздығы басым болады.
Дүниежүзі бойынша 1920 жылы 1 км2 жерге халықтың аздығы орташа есеппен 13 адамды құраған. Ал 1950 жылы 1 км2 жерге 18 адамнан, 1983 ж. 34 адамнан келген. Өнеркәсібі дамыған елдерде елді мекендерде халық сирек орналасады да қала халқы тығыздығы басым болады. Халық өте тығыз орналасқан Үндістан мен Бангладеш мемлекетінде де урбанизация өте төмен қарқынмен жүреді.
Халықтың тығыздау орналасқан мемлекеттер қатарына егіншілік дамыған Ніл өзені бойындағы Африка мемлекеті, Оңтүстік, Оңтүстік Шығыс, Шығыс Азия мемлекеттері жатады. Дүниежүзі бойынша халық ең тығыз қоныстанған жер Сижаггурда - 6742; ең сирек қоныстанған жер Батыс Сахарада - 0,9, Моңғолияда - 1,7 адамнан келеді.
Рссейде 1 км2-ге 8,5 адамнан келсе, Орта Азия мемлекеттерінде қоныстану тығыздығы әркелкі. Өзбекстанда 1 км:-ге - 57,1 адам. Қазақстан Республикасының жер көлемі 2.727 9 км2 Қазақстанда халық тығыздығы 1 км2-ге 5 – 5.5 адам болып саналады.
Еуропада халық тығыздығы санаулы ғана мемлекеттерден көрінеді. Нидерландияда 1 км2-ге - 352, Бельгияда - 336,9 Ұлыбританияда - 244,3 адамнан келеді- Жерортатеңізі жағалауы мемлекеттерінде де халық тығыз орналасқан. Халықтың сирек орналасуы Еуропаның таулы аудандарына және Финляндия, Исландия, Скандинавия т.б. елдерге тән.
Азия елдерінде халық тығыздығына келер болсақ Бангладеште 1 км2-ге 926,8 адамнан, Жапонияда - 340,9, Ливанда — 353,8, Үндістанда — 318,1. Керісінше Монғолияда 1 км2-ге 1,7 адамнан, Сауд Аравиясында – 10,5, Оманда-5 адамнан келеді. Халық тығыздығының әркелкілігі мемлекет ішінде де көрінеді. Мысалы, Индонезия мемлекетіндегі Явада Калимантан аймағына қарағанда 60 есе халық тығыздығы жоғары болса, Ириан-Джая аймағынан 250 есе жоғары. Үндістанда халықтың тең жартысы Ганга бойындағы қалаларда, Индостан түбегінің оңтүстігінде және арал жағалауындағы территорияларда тұрады. Яғни бұл жерлер мемлекет жерінің 5/1 бөлігін алып жатыр.
Азияның жеңіл өнеркәсібі мен ауылшаруашылығы дамыған аймақтарында халық тығыздығы негізінен басым. Халық тығыздығы басым Азия орталықтарына Оңтүстік және Орталық Қытай, Жапонияның оңтүстік аймақтары, Ганга жағалауы, Брахмапутраның төменгі ағысы, Индостанның шығыс жағалауы, Меконга жағалауы және Үнді Қытайдағы Хонгха жағалауы, Ява аралдары жатады. Жекелеген аймақтарда 1 км2-ге 1500 — 2000 адамға жетсе, жалпы өңірлерде 300-800-ден төмен түспейді. Африкада салыстырмалы түрде сирек орналасқан. Жиі орналасқан аймақтар: Руандеде 1 км2-ге - 281,3; Буриндида - 229,2 адам.
Сирек орналасқан Батыс Сахара, Намибия, Боствана, Ливия, Мавританияда 1 км2 — 0,5-тен 2,6 адамнан. Ал, Ніл өзені жағалауларында халық тығыздығы ерекша жоғары, 1 км2 - 1300 адамнан. Сондай-ақ тығыз орналасқан аймақтарынан Магриб ауданы, Конго жағалаулары, Тропикалық Африканың жазығы, Оңтүстік Африқаның өндірістік қалаларын атауға болады.
Америкада халық тығыздығы Орталық Америка және Вест-Индияда басым. Мысалы, Сальвадорда 1 км2-ге 304,6; Ямайкада- 243.6; Канадада - 3.2: АҚШ-та - 29.5; Мексикада — 52,8; Эквадорда - 47,4; Бразилияда 20,7; Перуде-21,7 адамнан келеді. Ал Миссисипи жазығында 1 км2 - 1 адамнан келеді.
Австралияда халық тығыздығы сирек, 1 км2-ге 2,5 адамнан, ал ауылдық жерлерде 0,3 адамнан келеді. Батыс және Оңтүстік Австралия, Квислендте халық өте сирек орналасқан. 1 км2-ге 1 адамнан жетпейді. Аралдарды алып қарастырар болсақ, Африкадағы Маврикий аралында, Кариб бассейніндегі Барбадоста, Пуэрто-Рикода, Мартянидида, Үнді теңізіндегі Мальдив аралында - 1 км: жерге 500-600 адамнан келеді. Аралдарда халықтың тығыз орналасуы демалыс орындары, жағажайлардың болуымен байланысты.
Портты қалаларда да халық тығыздығы басым. Мысалы, Мальтада 1 км2-ге — 1257,9 адамнан. Сондай-ақ теңіз жағалауы елдерінде де халық тығыздығы басым болады. Мысалы, Шығыс Сомаода 1 км2-ге - 63,8, Науруда - 587,1, Тувалуда -428,7 адамнан келеді.
Солтүстік Африка, Оңтүстік-батыс Азия және Орталық Азияның шөлді және жартылай шөлді жерлерінде күннің ыстық, құрғақ болуына байланысты халық сирек қоныстанған, бұл жерлерде көшпелі және жартылай көшпелілікті кәсіп ететін тайпалар өмір сүреді, олардың жалпы саны 60" млн-дай. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын тайпалар Сауд Аравиясы, Иран, Ауғанстан, Пәкістан, Үндістан, Алжир, Ливия, Судан сияқты елдерде сақталған.
Сондай-ақ ауылдық жерге қарағанда қалалық жерлерде халық саны басым болып келеді. Қала халқының ең басым жерлері Сингапур, Монако (100%), Кувейт (98%), Бельгия (97%) елдері; АҚШ халқының 77%-ы, Ресей халқының 73%-ы қалада тұрады. Керісінше, Руандада -6, Бутанда - 7, Бурундида - 9, Нелалда - 12% халық қана қалада тұрады.
Материк бойынша айтар болсақ, Еуропада 1 км2 жерге -65,4; Азияда 1 км2 жерге - 84,7; Африкада 1 км2 жерге - 27,8; Солтүстік Америкада 1 км2 жерге 20,1; Оңтүстік Америкада 1 км2 жерге — 19,4; Австралия және Мұхит аралдарында 1 км2 жерге 3,7 адамнан келеді.
Халықтарының орналасу тығыздығы (2004 ж.)
11-кесте
Мемлекеттер Жер көлемі: мың км2 және км2
есебімен Халық саны: млн. және мың адам есебімен 1 км2-жерге
1 2 3 4
Норвегия 324,2 4,5 13,9
Швеция 450 8,9 19,7
Финляндия 337 5,2 15,4
Дания 43,1 5,4 124,6
Исландия 103 279,4 2,7
Ұлыбритания 244,1 59,8 244,3
Ирландия 70,3 3,9 55,2
Германия 357 83.2 233,2
Нидерлаңды 415 16,1 474
Бельгая 30,5 10,3 336,9
Швейцария 41,3 7,3 176,8
Люксембург 2,6 448,6 мың 173,5
Лихтенштейн 157 32, 8 мың 209,2
Польша 312,7 38,6 123,5
Чехия 78,9 10,3 130
Словакия 49 5,4 110,7
Австрия 83,8 8,2 97,5
Франция 544 59,8 109,8
Монако 1,95 км2 32мың 16,4
Испания 504,8 40,1 79,4
Португалия 92,3 10,1 109,2
Андорра 465 км2 68,4 мың 147,1
Италия 301,2 57,7 191,6
Мальта ЗІбкм2 397,5 мың 1257,9
Сан-Марино 61 км2 27,7 мың 454,6
Ватикан 0,44 кмг 0,9 мың 2045
Венгрия 93 10,1 108,3
Румыния 237,5 22,3 94
Словения 20,25 1,95 96,2
Хорватия 56,5 4,4 77,7
Сербия және Черногория 102,2 10,7 104,3
Босния және Герцоговит 51, 1 4 77,6
Болгария 110,9 7,6 68,7
Македония 25,7 2,05 80
Албания 28,7 3,5 123,5
Греция 131,9 10,6 80,7
Эстония 45,2 1,4 31,3
Латвия 64,6 2,4 37,2
Литва 65,2 3,5 53,4
Белоруссия 207,6 10,3 49,8
Украина 603,7 48 80
Молдавия 33,8 4,4 131,6
Ресей 17,075,4 145 181,9 8,5
Қазақстан 2,717,3 15 5,5
Өзбекстан 447,4 25,6 57,1
Түркмения 448,1 4,7 9,6
Қырғызстан 198,5 5,0 25
Тәжікстан 143,1 6,5 45
Грузия 69,7 5,0 72,0
Әзербайжан 86,6 8,2 95
Армения 29,8 3,2 107
Иордания 89,4 5.3 59,4
Туркия 779,5 67,3 86,4
Кипр 9,25 767,3 мың 83
Сирия 185,2 17,15 92,1
Ливан 10,4 3,7 353,8
Израиль 20,8 6,0 289,9
Палестина 5879 км2 3,5 -
Сауд Аравиясы 2240 23,5 10,5
Сувейт 17,8 2,4 136
Біріккен Араб
Эмираттары 83,6 2,4 29,2
Оман 309,5 2,7 8,75
Йемен 528 18,7 35,4
Бахреин 695,2 км2 656,4 мың 941,3
Катар 11,4 793 мың 70
Иран 1648,0 66,6 40,4
Ирак 438,3 24 54,8
Ауғанстан 652,1 27,8 42,6
Пәкістан 796,1 147,7 185,5
Үндістан 3287,6 1 045,8 318,1
Непал 147,2 25,9 175,8
Бутан 47 2,1 44,5
Бангладеш 143,9 133,4 926,8
Шри-Ланка 65,6 19,6 298,4
Мальдив 298 км2 320,2 мың 1074,4
Мьянма 676,6 42,2 62,4
Таиланд 513,1 62,4 121,5
Лаос 236,8 5,8 24,4
Вьетнам 331,7 81,1 244,5
Камбоджа 181 12,8 70,6
Жапония 372,5 127 340,9
Қытай 9598 1 335,8 139,2
Моңғолия 1566,5 2,7 1,7
Корея ХДР 120,5 22,7 188,4
Корея Республикасы 98,5 48,3 490,5
Иидонезия 1904,6 231,3 121,5
Малайзия 329,8 22,7 68,7
Сингапур 0,6 4,4 6742
Бруней 5,8 350,9 мың 60,5
Шығыс Тимор 14,6 952,6 мың 65,2
Филиппин 300 84,5 281,7
Алжир 2381,7 32,3 13,6
Марокко 446,5 31,2 69,8
Тунис 163,6 9,8 60
Мали 1240,2 11,3 9,1
Нигерия 923,8 129,9 140,6
Либерия 111,4 3,3 29,5
Бенин 112,6 6,8 60,3
Гамбия 11,3 1,5 128,8
Гвинея-Бисау 36,1 1,3 37,3
Батыс Сахара 266 256,2 мың 1
Кабо-Верде 4 408,8 мың 102,1
Мавритания 1030,7 2,8 2,7
Сьерра-Леоне 72,3 5,6 77,6
Того 56,8 5,3 93,1
Буркина-Фасо 274,2 12,6 46
Гана 238,5 20,2 84,9
Гвинея 245,9 7,8 31,6
Кот-Д-Ивуар 322,5 16,8 52,1
Нигер 1267 10,6 8,4
Сенегал 196,7 10,6 53,8
Египет 1001,4 70,7 70,6
Эфиопия 1 104,3 67,7 61,3
Сомали 637,7 9,2 14,5
Судан 2 505,8 37,1 14,8
Ливия 1 759,5 5,4 3,1
Эритрея 117,6 4,5 38
Джибути 23,2 472,8 мың 20,4
Чад 1284 8,2 6,4
Конго ДР 2345,4 55,2 23,5
Конго 342 3 8,6
Камерун 475,4 16,2 34
Замбия 752,6 10 13,2
Ангола 1246,7 10,6 8,5
Орталық Африка
Республикасы 623 - 3,6 5,8
Габон 267,7 1,2 4,6
Экваторлық Гвинея 28,05 498,1 мың 17,8
Сан-Томе және Принсипи
1
170,4 мың
170
Кенил 582,6 31,3 53,4
Мадагаскар 587 16,5 28,1
Мозамбик 801,6 19,6 24,5
Танзания 945,1 37,2 39,3
Уганда 236 24,7 104,6
Руанда 26,3 7,4 281,3
Бурунди 27,8 6,4 229,2
Малави 118,5 10,7 90,3
Коморы 2,2 614,4 мың 279,3
Маврикий 2,04 1,2 588,3
Сейшель аралдары 455 км2 80,1 мың 176
Ботсвана 600,4 1,6 2,6
Зимбабве 390,8 11,4 29,1
Намибия 824,3 1,8 2,2
Оңтүстік Африка
Республикасы 1221 43,6 35,7
Свазиленд 17,4 1,1 64,6
Лесото 30,4 2,2 72,6
Канада 9970,6 31,9 3,2
АҚШ 9518,9 280,6 29,5
Мексика 1958,2 103,4 52,8
Гватемала 108,9 13,3 122,3
Куба 110,9 11,2 101,2
Сальвадор 21 6,4 302,6
Шикарагуа 120,3 5 41,8
Коста-Рика 51,1 3,8 75
Белиз 23 263 мың 11,4
Панама 75,5 2,9 38,2
Гондурас 112,1 6,6 58,5
Багам аралдары 13,9 300,5 мың 21,6
Гаити 27,8 7,1 254,1
Домишосан 48,7 8,7 179,1
Ямайка 11 2,7 243,6
Ашигуа және Барбуда 441,6 км2 67,4 мың 152,7
Сент-Китс және Невис 261,6 км2 38,7 мың 38,7
Доминика 749,8 км2 70,2 мың
Сент-Люсия 616 км2 160,1 мың 260
Сент-Винсент және
Гренадины 389,3 км2 1І6,4мың 299
Барбадос 430 км2 276,6 мың 643,3
Гренада 344,5 км2 89,2 мың 259
Тринидад және Тобаго 5,1 1,2 228,2
Колумбия 1138,9 41 36
Венесуэла 912,1 24,3 26,6
Перу 1285,2 28 21,7
Бразилия 8512 176 20,7
Аргентина 2780,1 37,8 13,6
Гайана 215 698,2 мың 3,2
Суринам 1633 436,5 мың 2,7
Боливия 1098,6 8,4 7,6
Парагвай 406,8 5,9 14,5
Эквадор 283,6 13,4 47,4
Чили 756,6 15,5 20,5
Уругвай 176,2 3,4 19,2
Австралия 7682 19,5 2,5
Жаңа Зеландия 270,5 3,9 14,4
Вануату 12,2 196,2 мың 16,1
Кирибати 810,5 км2 96,3 мың 118,8
Маршалл аралдары 181,3 км2 73,6 мың 406,1
Науру 21 км2 12,3 мың 587,1
Палау 508 км2 19,4 мың 38,2
Палуа- Жавд Гвинея 462,8 км2 5,2 11,2
Самоа 2,8 178,6 мың 63,8
Соломон аралдары 28,4 494,8 мың 17,4
Тонга 748 км2 106,1 мың 141,9
Тувалу 26 км2 11,1 мың 428,7
Микронезия 702 км2 135,9 мың 193,5
Фиджи 18,3 856,3 мың 46,9

Бұл кестеде Еуропа мемлекеттері І - 43, Азия мемлекеттері 44 - 91, Африка мемлекеттері 92 - 145, Америка мемлекеттері 146 — 180, Австралия және Мұхит аралдары мемлекеттері 181 - 194 қатарда берілді ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!