» » » Реферат: Экономика | 1993 жылғы Қазақстан Республикасындағы ақша реформасы

Реферат: Экономика | 1993 жылғы Қазақстан Республикасындағы ақша реформасы

Реферат: Экономика | 1993 жылғы Қазақстан Республикасындағы ақша реформасы казакша Реферат: Экономика | 1993 жылғы Қазақстан Республикасындағы ақша реформасы на казахском языке
Ақша сұранысы: теория

Ақша - төлем немесе халықаралық айырбас құралы.
Ақша сұраныспен талқылағанда біз оны нақты баланстарға сұраныс тұрғысынан қарастырамыз. Бұдан мынадай тұжырымдар шығады: ақша сұранысы жеке адамдардың иемденетін ақшаларының сатып алу қабілетіне байланысты:
1. Нақты ақша сұранысы баға деңгейі өскен кезде өзгеріссіз болады.
2. Атаулы ақша сұранысы баға деңгейімен бірдей атрады. Онда жоғарыдағыдай өзгерістер болмайды.
Өзгерістер байқалмаған жағдайды төмендегіше айтамыз. Егер баға деңгейіндегі өзгерістер жалпы басқа өзгерістерді тұрақтандырса, жеке адам «ақша сұранысына» ие болмайды. Бұған керісінше, жеке адам баға деңгейінің өзгеруіне орай әрекет еткенімен, барлық нақты өзгерістер сол күйінде қалады да, ол бәрібір ақша салымынан зиян шегеді.
Жинақталған тәжірибеге сүйене отырып, ақша сұранысының нақты баланс сұранысымен бірдей екенін, ондағы өзгерістер баға деңгейіне пропорционалды болатынын көреміз.
Теориялық тұрғыдан алғанда, ақша сұранысы қызметі өзекті мәселенің бірі болып келеді. Ол нақты табыс өскенде артуы тиіс, ал атаулы пайыз мөлшерлемесі өскенде ол қысқаруы тиіс.
Ақша сұранысын айқындайтын негізгі үш себеп бар. Табыстағы өзгерістер мен пайыз мөлшерлемесіндегі өзгерістердің ақша сұранысына әсерін көруге болады.
Сөйтіп, төмендегі үш теория Кейнстің ақша ұстаудағы үш теориясымен сабақтас келеді:
- Келісімдер мотиві, мұнда ақша сұранысы әрдайым төлем ретінде қолданылады;
- Сақтық аргументі: ақша сұранысы күтпеген кездейсоқтыққа тап болады;
- Жалдаптық дәлел: жеке адамдар қолындағы активтер мен ақша құнына сенімсіздік білдіреді.
Келісімдер мен сақтық дәлел туралы сөз болғанда, біз негізінде М1 жөнінде айтамыз себебі М2 мен М3 жалдаптық дәлелге жатады.
Ақша сұранысын талқылағанда 2 тұжырымға сүйенеді:
- монетарлық;
- кейнстік.
Классиктер ақша сұранысын мына теңдеу арқылы түсіндіреді:

М – айналымдағы ақша көлемі;
V – ақша айналымының жылдамдығы;
P – баға деңгейі;
Y - өнім шығару көлемі.
Сандық теория тұрғысынан ақшаға сұраныс екі мотивке негізделеді. 1-мотив бойынша адамдар мен фирмалар ақшаны төлем құралы ретінде қажет етеді.
Мәміле жасау үшін керекті ақша көлемі:
- тауар жиынының көлемі;
- баға,
- жиынтық табыс;
- ақша айналымының жылдамдығына тәуелді болады.
Бірақ басты фактор табыс болып саналады, сондықтан

Бұл жерде - ақшаға трансакциялық сұраныс;
- жиынтық табыс.
Сұраныстың 2-мотиві сақтық мотиві бойынша сұраныс деген атқа ие болды. Ол адамдарда көзделмеген төлемдерге кез болғанда пайда болады. Бұл үшін оларда белгілі бір ақша қоры болуы керек. Оның көлемі көзделмеген шығындар көлеміне байланысты болып, ал оның өзі ұлттық табысқа тура пропорционалды болуы керек:

- сақтық мотиві бойынша ақша сұранысы.
Бұл 2 сұраныс пайыз мөлшерлемесіне тәуелсіз болғандықтан, 34-суретте ол тік сызық ретінде көрсетіледі.
Дж. Кейнс ақша сақтаудағы үшінші мотиві – жалдаптық мотиві бөліп көрсетті. Бұл жағдайда ақша қорының дивиденд әкелмеген кезі қарастырылады.
Жалдаптық сұраныс кезінде ақша қаржы активтерін сату және қайта сату арқылы табыс әкеледі. Келесі формула жоғарыда айтылғандарды суреттейді:

34-сурет. Ақша сұранысы
а – трансакциялық, ә - жалдаптық, б – жалпы

Классиқалық және кейнстiк тұжырым ақша сұранысында келесi факторларды бөлiп шығарады:
- табыс көлемi Ү;
- пайыз мөлшерлемесi i.

Классикалық теория ақша сұранысын табыспен, ал кейнстiк керiсiнше пайыз мөлшерлемесiмен байланыстырады.
Инфляция факторын жою үшiн ақшаға нақты сұраныс көрсеткiшiн пайдаланады , ал сұраныс функциясында атаулы пайыз мелшерлемесi i пайдаланылады.

34 (б)-суретiнде жалпы ақшаға сұраныс қисығы трансакциондық және жалдаптық сұраныстарды горизонталды қосу арқылы алынған. Ақшаға сұраныс i осiн қиып өтпейдi, өйткенi трансакциялық сұраныс және ақшаға сұраныс мотивi бойынша пайыз мөлшерлемесiнен байланыссыз, ол табыс деңгейiмен анықталады.
Мұқтаждықты қанағаттандыратын ақша басқаға да пайдасын тигiзедi. Адамдардың алыпсатарлық жасауы үшiн бiрқатар қаражаты болғанымен, олар кездейсоқ мұқтаждықтарға, яғни сақтауға жұмсалуы мүмкiн. Жоғарыда айтылған үш дәлелдiң әрқайсысы, егер басқа активтерге пайыз мөлшерлемесi артса, онда ақша сұранысы төмендейдi.
Ақша басқа активтерге қарағанда аз пайыз түсiредi: доллар пайызының түсуi көп болған сайын жеке адам аз ақша ұстайды. Ақшаның пайыз мөлшерлемесi артқан сайын ақша сұранысы да артады, ал балама активтерге пайыз жоғары болған кезде ол азаяды. Iс жүзiнде бiз ақша құнын ақшаға аламыз және де басқа активтерге, мысалы, сақтау мекемелерiндегi депозит немесе бiрлестiктердiң депозит куәлiгi немесе коммерциялық iс-қағаздарға төленген пайыз арқылы да өлшеп аламыз. Ақшаның пайыз мөлшерлемесi - дербес пайыз мөлшерлемесiне жатады.
Бұл тұстағы ақша құны басқа активтерден түскен табыс пен дербес пайыз мөлшерлемесi аралығындағы айырмашылыққа тең болады.

Келiсiмдер жөнiндегi сұраныс

Келiсiмдер жөнiндегi сұраныс қашанда ақшаның тауар және қызметке төленуi барысында пайда болады.
Келiсiмдер жөнiндегi сұранысты қарастыра отырып, бiз пайыз мөлшерлемесiнiң сомасы мен ақшаны аз ұстаудағы қолайсыздықтар арасындағы айырмашылық¬қа кезiгемiз. Бұл түсiнiктi болу үшiн мынадай мысал келтiрейiк. Әлдекiм ай сайын, салық төлегеннен кейiн, 1800 долл. алады делiк. Ал бiр күнде ол ай сайын алатын 1800 доллардан 60 долларды жұмсайды немесе бiр күнде 60 долл. жұмсап, қалған 1,740 долларды үнемдеуiне болады. Бiрақ оның қүн сайын банктен 60 долл. алып тұруына тура келедi. Салымшы ай сайын сақтық кассасында қалып отыратын ақшасына пайыз ала
35-сурет.

Мұны ақшадан түскен табыс деймiз. Келiсiм арқылы қанша ақша ұстауды бiлу үшiн жеке адам қолдағы ақшасының құнын бiлуi тиiс. Жеке адамның ай сайынғы атаулы табысы делiк. Сол кассадағы есепке ай сайын төленедi; оны жұмсау үшiн ол кассадан валюта немесе чек түрiнде қаражат алады. Кассада қалған депозиттен әр ай сайын i пайыз мөлшерлемесi пайда ретiнде түседi. Ал қолдағы ақшадан ондай пайда түспейдi. Жеке адамның қолындағы және сақтық кассасындағы есебi арасындағы басқа келiсiм құны (tс). Ол күн жеке адам уақыты немесе басқа адам аударымының құны болуы мүмкiн.
Ай сайынғы қолда бар ақша сомасының шегерiлгендегi сомасына жақындығы 35(а)-суретiнде жеке адам бiр айда бiр келiсiмге сақтық кассасынан қолма-қол ақша алғаны көрсетiледi. Айдың басында жеке адам бар сомасын -дi қолма-қол алады да, оны сол бiр ай бойы жұмсайды. 35(ә) суретiнде ақшаны екi келiсiм жасағаны үшiн ұстайды, бiрiншiсi айдың басында, ал екiншiсi айдың орта шенiнде жүзеге асады. (а)-да бiр айдағы кассадағы ақша - /2; (ә)-де - /4

36- сурет.
Кассаны үйлесімді реттеу - орынды шығын санын анықтайды. Басқа келісім құны - tc - тұрақты сома, ол МС сызығымен қескiнделген. Шектi табыс - МВ - аз мөлшердегi ақша балансының пайыздық сомасы. Шектi табыс шығын саны көбейген сайын азая бередi. Е нүктесiнде ақша құны азайған Е нүктесiне сәйкес n* шығын санын үнемдеу есебiнен ақшаға айналады.
36-суреттен екi маңызды мәселе туындап отыр. Бiрiншiден, делдалдық құны артты делiк. Ол МС қисық сызығын жоғары қозғалтып, шығын дар санын азайтады, сондықтан n ақшаны арттырады. Екiншiден, пайыз мөлшерлемесiнiң өсуi МВ қисық сызығын қозғалтады. Сондықтан артқан n ақшаны азайтады: пайыз мөлшер¬лемесi жоғары болған қезде жеке адам жоғары пайыз мөлшерлемесiн алу үшiн банкке жиi баратын болады. Сол себептi 36-сурет ақша сұранысы пайыз мөлшерлемесiне қатысты екенiн көрсетедi.
Табыстың өсуiмен алғанда, 36-суреттен көрiнiп тұрғандай пайдасы аз. Табыстың өсуi МВ қисық сызығын жылжытып, келiсiмдер санын арттырады.
(1) формуласы бойынша (оны дамытқан Фильям Пауман мен Джеймс Тобин) табыстың ақша сұранысына еқi жақты әсерi бар. Ол формулада жалпы өзiндiк құн бойынша алынған ақша сұранысы және қасса балансы тендеуi қарастырылады. ....



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: nurgul95 | 77 | 16.03.2019


Загрузка...

KZ / Қазақша Рефераттар жинағы, реферат 1993 жылғы Қазақстан Республикасындағы ақша реформасы туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат 1993 жылғы Қазақстан Республикасындағы ақша реформасы на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Экономика жоспарымен, казакша реферат жоспар, 1993 жылғы Қазақстан Республикасындағы ақша реформасы, реферат 1993 жылғы Қазақстан Республикасындағы ақша реформасы туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет реферат 1993 жылғы Қазақстан Республикасындағы ақша реформасы на казахском языке скачать бесплатно информация рефераттар жинағы Экон, Реферат: Экономика | 1993 жылғы Қазақстан Республикасындағы ақша реформасы реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы