Биология пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Бактериялы препараттарды егіншілікте қолдану


Бактериялы препараттарды егіншілікте қолдану. Ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге қажетті агротехникалық шаралардың бірі — бактериялы тыңайтқыштарды қолдану.

Бүл тамыр айналасындағы топыракты микроорганизмдердің пайдалы топтарымен байытып, өсімдіктердің қоректенуін жақсартады. Сөйтіп дақылдар өнімділігін арттырады. Біріншіден — бактериялы тыңайтқыштардағы микроорганизмдер өсімдіктерге аса қажетті физиологиялық активті заттар да (ауксиндер, витаминдер, түрлі органикалық қышқылдар т. б.) түзеді, екіншіден — микроорганизм-дердің бір тобымен тотіырақты әрқашан байыту нәтижесінде, олар-дың басқа топтарының тіршілігін жандандыруға және жақсартуға болады. Соның нәтижесінде өсімдіктерде косымша қоректік заттар түзіледі. Мәселен, бұған фосфоробактериннің нитрификация процесін жақсартатыны жатады. Үшіншіден— бактериялы тыңайтқыштармен бірге келіп түскен микроорганизмдер өсімдіктерді ауруға шалдықтыратын кейбір микробтарды жояды (мәселен, фосфоробактеринді колданғанда күибағыстың склеротиния ауруы азаяды, бәсеңдейді), төртіншіден—бактериялы тыңайтқыштар топырақты пайдалы микроорганизмдерге байытады.
Осыған байланысты біздің елімізде ұзақ жылдар бойына зерттеулер жүргізілді. Соның нәтижесінде, микроорганизмдердің пайдалы топтары табылды, олар жеке бөлініп алынып ұқыіпты зерттелді. Нәтижесінде, олардан практикаға қажетті бактериялы тыңайтқыштар даярланды. Мүндай тыңайтқыштарға нитрагин, азотобактерин, фосфоробактерин, торфты — ізбесті қоспада өсіріл-ген бактериялардан даярланған «АМБ» тыңайтқыштары және силикат бактерияларынан әзірленгеи препараттар жатады. Міне, осы тыңайтқыштарды жеке қарастырып, оларға сипатта-ма береміз.
Нитрагин. Топырақты азот қосылыстарымен байытуда бүр-шақ түқымдас өсіімдіктердің зор маңызы • бар. Ғылым олардың тамырында бірлесіп тіршілік ететін түйнек бактерияларының барлығын анықтады. Оларды 1888 жылы бірінші рет Бейеринк жеке бөліп альш зерттеді. Оны бактериум радицикола деп атады. Міне осы бактериялар бүршақ түқымдастарды азотпен камтамасыз етуде елеулі роль атқарады. Осы бактериялардан нитрагин деп аталатын препарат даярланды. Нитрагинді қолданғанда астык өнімі гекта-рына 2—3 -ге дейін, ал шөп 50—60-ге дейін артатыны анықтал-ды. Сонымен қатар, бұршақ тұқымдастардың түріне байланысты күзде егістің әрбір гектарында шамамен 20-дан — 2000 /сг-ға дейін азот жиналады. Бұл осы дақылдардан кейін еғілген өсімдіктердің өнімділігін арттырады. Практикада жаңа жерлерге егілген бұршақ тұіқымдас өсімдіктер бірден өніп-өсіп, өнім бере алмайтыны байқалады. Бұл жерде оларға қажетті түйнек бактерияларының болмауынан деп түсіндіріледі. Сондықтан бүршак түқымдастар жаңадан егілетін аудандарда нитрагинді қолдану кажетті агротехникалық шаралардың бірінен саналады. Бұл қосымша өнімді 50%-ке дейін арттырады. Сонымен қатар, бұршақ тұқымдастар көп жылдан бері өсіріліп келе жатқан аудаидарда да, тұқымға әлсін-әлінитрагинді жүқтыру, қосымша өнімді 15-тен 20%-ке дейін арттырады.
Соңғы кездерге дейін практикада топырақты нитрагин қолданы-лып келді. Оны даярлау да, жер-жерге тарату да өте қиынға түсті. Сондықтан еліміздің шаруашылықтарының нитрагинге мұқтаждығын толық қанағаттандыра алмады. Қазір заводтарда нитрагинді құрғақ күйінде даярлайды (29-сурет).
Үстіміздегі ғасырдың 30-шы жылдарында құрғақ нитрагинді даярлаудың қарапайым әдістері ұсынылды. Оны қазіргі кезде де қолдаыуға мүмкіндік бар. Н. И. Р ю м и н бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамырын күзде жинап альш, оларды топырактан тзартып, көлеңкеде кептіріп, үнтақтауды ұсынды. Осындай тәсілмен даярланған құрғақ нитрагинді көктемге дейін салқын жерде сактап, көктемде 1 гектар жерге себілетін түқымға нитрагиннен 100—200 г-дай қосып, жақсылап араластырып тұқыммен бірғе сеуіп тастайды.
Е. Ф. Березова мен Л. И. К ор е н я к о нитрагинді даярлаудың қарапайым оңай әдісін үсынды. Бұл үшін бұршақ түқымдас өсімдіктер өскен, өнімі мол учаскелерінен өсімдік тамырларын түйнектермен бірге қазып алып, суда аздап жуып, кептіріп, қүрғақ бөлмеде көктемге дейін сақтайды. Егістің бір гектарына сөбілетін түқымға сиыржоңышқа немесе бүршактың даяр тамырлары-ның 100—150 грамынан жоңышқа немесе беде тамырының 200—300 грамынан даярланған ерітіндімен тұқымды шылайды. За-водтық нитрагин жоіқта, осындай нитрагинді қолдану шаруашылық үшін өте пайдалы.
Көрсетілген тәсілмен әрбір шаруашылық нитрагинласап алуына болады.
Соңғы жылдары Бүкіл одақтық ауыл шаруашылық микробиология институты қүрғақ нитрагинді өндірістік жолмен өндіруді жүзеге асырды. Қүрғақ нитрагинді даярлау мынадай негізгі буындардан тұрады. Бактерияларды анаэробты жағдайда өсіру; бактериялар өсірілгеы қоректік ортаны машинада тартьш, одан коймалжың пас-та өндіру; бактерияға бай паста үшін қорғаныш орта даярлап, онымен араластырып, артынан ,құрғату. Қүрғақ бактерияларға бай препаратты арнаулы сазбен (коалинмен) араластырып, қағазға орап, даярлау. Жоғарыда баяндалған жүмыстардың ішінде бакте-рияларды қүрғату— ең ібір қиын да, жауаптысы. Көпшілік жағдай-да осындай орепаратта тіршілікке қабілетті клеткалардың мөлшері 10—20%-тен аспайды. Әдетте бөлме температурасында мүндай препаратты сақтаса, тірі клеткалар саны тез азаяды. Қайта +2—5°-та олар біршама тәуір сақталады. Сонымен қатар, қүрғақшылыққа төзімді түйнек бактерияларын іздестіріп тауып, олардан препарат даярлау кажет. Мүндай жұмыстар жүргізіліп, препараттар да даярланды. Соның нәтижесінде қазір әрбір грамында 5-тен 10 мил-лиардқа дейін бактериялары бар ыитрагиндер пайдаланылады.
Құрғақ нитрагинді іпайдалану да оңай. Бұл үшін әдетте дән улайтын машиналарды қолданады.
Осы мәселемен айналысып келген ғалым Ю. С. Бородулина құрғақ препараттың қолайлы және қажетті мөлшерін анықтауда тәжірибе жасады. Тәжірибеде нитрагиннің екі мөлшері алынды. Оның бірінде клеткалар саны 90 миллиард, екіншісіиде— 150 мил-лиард болды.
Егер де жұқтырылатын құрғақ нитрагинде 90 миллйардтай бак-териялар болса, барлық уақытта бірдей өнім бере бермейді, қайта клеткалар саны көбейсе өнім де артатынын көрсетеді (19-таблица). Нитрагинмен өңделген түқымдар біркелкі өніп-өседі, дамиды жэне тез өнім береді. Сонымен қатар, түқымдарды нитрагинмен өңдеу, бұршак тұқымдастарды түрлі ауруға шалдығуынан сақтайды, олардағы азот мөлшерін де арттырады.
Нитрагиннің пайдалы әсері топырақ түріне байланысты. Әдетте қышқыл топырақтар нитрагиннің пайдалы әсерін мүлде төмендетіп жібереді. Сондықтан ол жерде -бұршақ түқымдас өсімдіктердің егілгеніне карамастан түкыммен бірге нитрагинді қайтадан ендіруге тура келеді. Түйнек бактериялары қышқыл топырақтарда (рН— 5,4) бес жылға жетпей-ақ қырылып қалады. Сондықтан мұндай топырақтарды алдын ала ізбестеу керек. Ол бактерия-ларға қолайлы жағдай жасайды. Ал реакциясы нейтралды (рН— 7,0) топырақтарда олар жақсы тіршілік етеді. Бірақ мүндай топырақка да мезгіл-мезгіл нитрагин беріп түруға тура келеді. Осы кезде дақылдардың гектарынан қосымша 20—25%-тей өнім алуға болады. Түйнек бактерияларының өніп-өсуі және көбеюі үшін топырақтағы ауаның зор маңызы бар. Ауыр, лайлы, әрі бал-шьщты топырақтарда түқымға нитрагинді жүқтыру айтарлықтай нәтиже бермейді. Ал, қарашірігі мол топырақтар бүл препараттың тиімділігін арттырады. Отанымызда үзақ жылдар бойына жүргізіл-гөн (1958—1963) тәжірибелер нитрагинді қолдану арқылы дақыл-дар өнімін молайтуға мүмкіндік туатындығын толық дәлелдеді (19-таблица).
Бұл таблицадан бұршақ түқымдастарға нитрагин жұқтыру көпшілік жағдайда пайдалы екендігін көруге болады. Алынған қосымша өнім әдетте нитрагинді сатып алу мен қолдануға кеткен шығынды артығымен өтейді.
Әсіресе нитрагин ылғалы мол, қара топырақты жерлерде жақсы нәтиже береді. Мәоелен, Бүкіл одақтык астық шаруашылығы институтының жүргізген тәжірибесі нитрагин жүқтырылған бүршақ суперфосфатпен тыңайтылған жерге егілгенде жақсы нәтиже бере-тіндігін көрсетті. Алынған қосымша өнім гектар басына 13—22%-тей болды. Нитрагин тек өнімділікті арттырыіп қана қоймайды, сонымен қатар бүл тәсіл топырақты азотқа бай өсімдік қалдықта-рымен де толықтырады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу