» » » Реферат: Экономика | Бухгалтерлік есеп туралы жалпы мағлұмат

Реферат: Экономика | Бухгалтерлік есеп туралы жалпы мағлұмат

Реферат: Экономика | Бухгалтерлік есеп туралы жалпы мағлұмат казакша Реферат: Экономика | Бухгалтерлік есеп туралы жалпы мағлұмат на казахском языке
Бухгалтерлік есеп пәні
Кәсіпорындар мен ұйымдардағы болып отыратын барлық үдерістерді алдымен бақылап, орындалған жұмыстар мен атқарылған қызметтердің нәтижесінде өндірілген өнімдерді, олар үшін жұмсалған материалдар мен шикізаттарды, қаржы – қаражаттарды сандық өлшемге келтіріп және оны арнаулы құжаттарға қарай реттеп, соңынан тіркеу жұмысын жүргізетіндігі бухгалтерлік есептің басты міндеті болып табылады. Қандай да болмасын шаруашылыққа қажетті күнделікті қолданылатын есеп жұмысының белгілі бір кезеңдерге сай дамитындығы белгілі. Ал шарушылық есеп мәліметтері өндірістің экономикалық жағдайын белгілі бір дәрежеде жан – жақты сипаттап, талдап, қандай да бір шешім қабылдаудың басты мақсаттарын жүзеге асырушы экономикалық пән болып табылады. Қандай да бір шаруашылық құбылыстарын зерттеп, оларға экономикалық талдау жасау үшін белгілі бір есеп көрсеткіштеріне сүйенуімізге тура келеді. Шаруашылық есептің алғышарты материалдық өндірістің теориялық негізін зерттеуге байланысты. Қандай да болмасын есеп көрсеткіштері экономикалық жағынан маңызды мәселе болып табылады. Кәсіпорынның қаржы – шаруашылық қызметі туралы ақпараттық мәліметтерді жинақтау бухгалтерлік есеп пәні болып саналады. Бұл пәннің негізгі мақсаты – осы бухгалтерлік есепке анықтама беру және оны басқадай экономикалық пәндермен салыстырып, ұқсастықтар мен айырмашылықтарын, өз ерекшеліктерін теориялық, сондай – ақ іс – тәжірибелік тұрғыдан сипаттап қарау болып табылады.
Бухгалтерлік есептің қандай мәселемен шұғылданатынын, нені зерттейтіндігін, қай жерлерде қолдыналатындығын зерделеп қарау – бұл пәннің негізгі бағыты болып саналады.
Шаруашылық есептің қамтитын объектілері сандық көрсеткіштер арқылы өлшенеді. Оларды алу үшін есепте заттай, еңбек және ақшалай өлшеуіштер қолданылады.
Заттай өлшеуіштегі есеп объектілерін бейнелеу үшін масса, көлем, ұзындық бірліктері мен түрлері, сұрыптары, мөлшері сияқты шамалар қолданылады.
Еңбек өлшеуіштегі жұмыс уақыты бірлігімен еңбекке жұмсалған уақытты анықтауға мүмкіндік береді. Еңбек өлшеуіштерінің көмегімен заттай өлшеуіштер үлестіріліп, өнімділік мөлшері белгіленеді, еңбек өнімділігі, жұмыс уақытты мен жалақы қорын пайдалану анықталады.
Ақшалай өлшеуіштер (теңге, тиын) шаруашылық құралдарын, олардың пайда болу көздерін, бірдей ақшалай бағалау арқылы іс - әрекеттің процестері мен нәтижелерін жинақтап қорыту үшін қолданылады.
Есептік өлшеуіштердің барлық үш түрін өзара байланыстырып есепте қолдану тек кәсіпорын, сала бойынша емес, бүкіл Республика ауқымында да қорытындыланған көрсеткіштер алуға мүмкіндік береді.
Шаруашылық есептің біртұтас жүйесіне оперативті, статистикалық және бухгалтерлік есептер кіреді.
Оперативті есеп – кәсіпорынның іс - әрекетін күнделікті бақылауға мүмкіндік береді, белгілі бір шаруашылық операциялардың жекелеген деректерін сол болған сәтінде, тікелей орнында өндіріс барысы туралы жүйелі ақпарат алу мақсатымен тіркеу жүйесі болып табылады. Оперативті есептің негізгі талабы – мәліметтерді алудың шапшаңдығы. Есепті бухгалтерлер, диспечерлер, бақылаушылар және тағы басқа қызметкерлер жүргізеді.
Статистикалық есеп – экономиканың әртүрлі салаларында жалпылама – көпшілік сипаты бар құбылыстарды, жалпы қоғамдық құбыластарды олардың салалық жағынан ажырамас байланыстағы сандық жағын зерттейді. Статистика оперативтік және бухгалтерлік мәліметтерін пайдаланады.
Бухгалтерлік есеп – кәсіпорынның шаруашылық қызметін үздіксіз құжаттық байқау мен оны бақылау жүйесі болып табылады. Бұл Қазақстан Республикасының бухгалтерлік және қаржылық есеп беру туралы заңдарымен, бухгалтерлік есеп стандарттарымен, сондай – ақ ұйымның есеп саясаты мен (“Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы” Заңның 6 - бабы) реттелетін кәсіпкерлер, ұйымдардың операциялар жайлы ақпаратты жинау, тіркеу және жинақтап қорыту жүйесі. Есеп қатаң түрде, әр жазба тек арнайы рәсімделген құжат негізінде ғана жүргізіледі, бұл бухгалтерлік есептің бақылаушылық мәнін, оның күмәнсіз сенімділігін, шындылығын және тағы басқаларын арттырады.
Салықтық есеп – бухгалтерлік есептің салық заңдарының талаптарына сәйкес түзетілген мәліметтерін пайдаланады.


Бухгалтерлік есептің әдістемелік тәсілі
Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың әдістемелік негізін әдістер мен тәсілдер жүйесі құрайды. Олар құжаттау, түгендеу, бухгалтерлік балама жасау, екіжақты жазу әдісін қолданып жинақтама және талдамалы шоттар жүйесін, мүліктер мен міндеттемелерді бағалау, калькуляциялау мен кәсіпорынның есеп беруі арқылы жүзеге асырылады.
Бухгалтерлік есеп тәсілінің элементтері:
1. Құжаттама – шаруашылық операцияларының бастапқы тіркеу әдісі мен бухгалтерлік жазбалардың дұрыстығын негіздеу. Бухгалтерлік есептегі бір де бір жазба оны тиісті ресімдеусіз жасалмайды. Құжат – бұл белгіленген тәртіппен ресімделген шаруашылық операциясының жасалғаны туралы ақпаратты жазып қойылған түрде сақтайтын материалдық сақтаушы.
2. Түгендеу – мүліктің іс жүзінде бар екендігі бухгалтерлік есептің мәліметтеріне сәйкестігін тексеру әдісі. Түгендеудің мақсаты – құралдың сақталуын кейіннен бақылау үшін істің нақты жағдайын айқындау, нақты есептік көрсеткіштерді қамтамасыз ету.
3. Бағалау – белгілі бір уақыт сәтіндегі кәсіпорын мүлкін ақшалай өлшеммен бейнелеу амалы. Кәсіпорын құралдарын дұрыс бағалау жанды және затқа айналған еңбекке жұмсалған шығындардың іс жүзіндегі бейнеленуін талап етеді, бұларға есеп объектілерін ақшалай өлшеу де кіреді. Тауарлық – материалдық қорларды, өндіріске жұмсалған шығындарды дұрыс бағаламау, жалақыны және өнімнің өзіндік құнына кіретін басқа да шығындарды дәлме – дәл есептемеу шаруашылық іс - әрекет нәтижелерін анықтаған кезде бұрмалаушылыққа әкеледі.
Бухгалтерлік есепте кәсіпорынның құралдарын бағалау негізінде нақты өзіндік құны салынған.
Кәсіпорын мүлкінің маңызды түрлері ағымдағы есепте және баланста мынандай бағалармен бейнеленеді:
- негізгі құралдар бастапқы, баланстық немесе қалдық құнымен бағаланады;
- материалдар, отын, шикізат нақты өзіндік құны бойынша;
- дайын өнім – нақты өзіндік құны бойынша;
- әртүрлі дебиторлармен және кредиторлармен есептесулер бухгалтерлік есепте құжатта көрсетілген сомамен бейнеленеді.
4. Калькуляция - өнім, жұмыс және көрсетілген қызмет бірлігінің өзіндік құнын ақшалай бейнелеп шығару амалы. Өнімнің өзіндік құны материалдық, еңбек басқаруға жұмсалған шығындардан, әлеуметтік салық аударудан құралады.
5. Шоттар – қаржы жағдайы, міндеттемелер және капитал туралы ағымдағы ақпарат жинайтын, жүйеленетін экономикалық топтастыру. Шоттардағы жазба құжаттар негізінде жасалады – бұл операцияны екінші рет тіркеу. Шаруашылық құралдарының немесе көздерінің әрбір түріне жеке шоттар ашылады.
6. Қосарлы жазба – шаруашылық операцияларын есеп объектілерінің өзара байланысын көрсететін бухгалтерлік есептің шоттарында тіркеу тәсілі.
7. Баланс – белгілі бір сәттегі субъектінің мүлкі, міндеттемелері және капиталы туралы ақпаратты жинақтап қорыту мен экономикалық топтастыру тәсілі. Бұл – субъектінің қаржылық жағдайын сипаттайтын негізгі есепті форма. Баланс барлық шаруашылық құралдарын, олардың пайда болып, қалыптасу көздерін салыстыру және есеп объектісінің барлық жиынтығын бақылауды жүзеге асыру үшін қажет.
Кәсіпорынның қорлары бухгалтерлік баланста ақшалай өлшеммен екі топтамада көрсетіледі: оның бірі кәсіпорынның қандай қорлары бар екендігін, екіншісі – олардың қандай көздерден пайда болғанын көрсетеді, яғни баланс кесте түрінде жасалады. Ол екіге бөлініп, бір жағы – актив, ал екінші жағы – пассив деп аталынады.
Бухгалтерлік баланстың екі жағы өзара тең, өйткені оларда бір ғана мүлік көрсетіледі, бірақ бір жағынан, құрамы мен орналасуы бойынша, екінші жағынан, оның пайда болу көздері бойынша көрініс табады.
Сонымен, баланстың негізінде кәсіпорындағы шаруашылық қорларының жағдайы мен оларды пайдалануға қадағалауды жүзеге асыруға болады.
8. Есеп беру – кәсіпорынның белгілі бір кезең ішіндегі шаруашылық қызметін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі.
Есеп берудің көрсеткіштері кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау үшін, кәсіпорынның нарықтағы жағдайын бағалау үшін тиісті басқарушылық шешімдерге негіздеме әзірлеу және қабылдау үшін пайдаланылады.
Бухгалтерлік есептің әдістемесін құрайтын әдістері мен тәсілдері өзара байланысты және өзара шарттастырылған.
Оларды қолдану нәтижесінде ескеріліп отырған объектілердің бухгалтерлік есепте ақшалай, еңбектік және натуралды өлшеуіштермен үздіксіз, жалпылама және құжатпен негізделе көрсетілуін, мүліктерді, олардың пайда болу көздерін, шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есептің шоттарында біртектес топтастыру қамтамасыз етіледі.
Бұл мүліктерді, оның пайда болу көздері мен шаруашылық операцияларын екіжақты жазу әдісінің көмегімен шоттарда өзара байланыстырып көрсету, мүліктер мен міндеттемелердің нақты қолда барын есеп деректерімен мерзім сайын салыстыру шынайы, жиынтық, жүйеленген есептеме деректерін алуға мүмкіндік береді.
Баланс та, есеп беру де тиісті топтастыру мен шоттарды өңдеуден кейін жасалады.



Бухгалтерлік есептің міндеті мен мақсаты
Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты – барлық кәсіпорындарда орындалатын операциялардың уақтылы есепке алынып, олардың қазіргі күнгі уақыт талаптарына сай орындалуына, яғни жүзеге асырылуына бақылау жасау. Қоғамдық дамудың қай кезеңінде болмасын бухгалтерлік есеп кез келген кәсіпорында, яғни өнім өндіру мен оларды сату, пайдалану, бөлу үдерістерімен айналысу барысында жүргізілгендігі бүгінгі таңда белгілі болып отыр. Бухгалтерлік есептің негізгі бағыты – кәсіпорындардағы есеп жұмысының сапасын арттыруға, есептеу жұмысының барысында қолданылатын, яғни толтырылатын құжаттардың қарапайым әрі түсінікті болуына және ондағы көрсеткіштердің пайдаланушыларға ыңғайлы болуына реттеліп жүргізіледі.
Бухгалтерлік есеп ұйымның есеп беру мен басқару, сондай – ақ экономикалық талдау жұмыстарының нақты түрде жүзеге асырылуын қажетті ақпараттармен қамтамасыз етіп отырады. Бухгалтерлік есептің тексеру, қадағалау, жинақтау принциптерін жүзеге асыру арқылы меншік заңдылығы мен қаржы және қаржыландыру тәртібі, үнемдеу шаралары тиісті заңдарға сай іске асырылады. Шаруашылық жұмыстарын әрі қарай дамыту, өнім өндірудің көлемін ұлғайту мақсатында бухгалтерлік есеп көрсеткіштері мен экономикалық талдау әдістерін кеңінен қолдана отырып, кәсіпорын бойынша іске асырылмай келген резерв қорларын анықтап, оларды іске қосу үшін қажетті шаралар белгіленді. Бухгалтерлік есептің ақпараттық мәліметтері мен көрсеткіштеріне сүйене отырып, экономикалық талдау кестелері жасалынады. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп жұмысының қорытынды құжаттары мен мәліметтеріне қарай әрбір ұжымның әлеуметтік дамуына және ондағы жұмысшы – қызметкерлердің материалдық ынталануына шаралар белгілеу жұмыстары іске асырылады. Бухгалтерлік есептің басты ерекшелігі сол, ол тек қана бастапқы және арнайы құжаттарға жазылып тіркелген нақтылы көрсеткіштер негізінде жүргізіледі. Кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың тиімділігі мен олардың заңдылығы, шығындардың орынсыз жұмсалынбауы, материалдық құндылықтардың қатаң тәртіппен ұқыпты да тиімді жұмсалынуы бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізудің міндеті болып табылады. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден – бір негіз болып табылады. Сондықтан да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті – халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын жүргізу. Қоғамымыздың даму кезеңдерінің қай сатыларында болмасын дамудың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін бухгалтерлік есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.
Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты – ұйымның өз экономикалық және саяси жағдайына тән шаруашылық қызметін тиімді жолдармен басқаруға қажетті ақпараттық мәліметтермен қамтамасыз ету. ....



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: nurgul95 | 70 | 16.03.2019


Загрузка...

KZ / Қазақша Рефераттар жинағы, реферат Бухгалтерлік есеп туралы жалпы мағлұмат туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Бухгалтерлік есеп туралы жалпы мағлұмат на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Экономика жоспарымен, казакша реферат жоспар, Бухгалтерлік есеп туралы жалпы мағлұмат, реферат Бухгалтерлік есеп туралы жалпы мағлұмат туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет реферат Бухгалтерлік есеп туралы жалпы мағлұмат на казахском языке скачать бесплатно информация рефераттар жинағы Экономика жоспарымен казакша рефе, Реферат: Экономика | Бухгалтерлік есеп туралы жалпы мағлұмат реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы