Қазақ әдебиеті | Бекежан Айбекұлы

Қазақ әдебиеті | Бекежан Айбекұлы

Бекежан Айбекұлы (1667, Ақтөбе өңірі, Мұғалжар тауы маңы - 1730) - батыр. «Қыз Жібек» жырындағы Бекежанның прототипі. Сүрмерген садақшы, «қылыштың перісі» атанған. Ел арасында оның ерлігін баяндайтын көптеген жырлар сақталған. Алғашқы әйелі - башқұрт мырзасы Құрамыстың қызы Салиха. Одан туған Қайрақ, Байрақ, Тайлақ деген үш ұлы да танымал батырлар. Тайлақ Аңырақай шайқасында Кіші жүз жасагын бастаса, Байрақ пен Қайрақ - мыңбасы болған. Бекежан батырдың дүниеден озуы жайында екі түрлі дерек бар: бірінде, 45 жасында соғыста алған жарақаттан қайтыс болды десе, екіншісінде түрікмендермен болған соғыста мерт болды делінеді. Бекежан мен оның ұлдарының қабірлері Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Шідерті өзені бойындағы Тайлақ қорымында.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?