Экологиялық пирамидада энергия мен заттардың ауысуы. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары. 1 - сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім: 6. Экология және тұрақты даму | Мектеп: | |||||||||
Мерзімі: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Экологиялық пирамидада энергия мен заттардың ауысуы_1-сабақ | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.6.1.3 экологиялық пирамидада энергия мен заттардың ауысуын түсіндіру | |||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушы:
| |||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алады: Қоректік тізбектер құрастырып, тізбектегі ағзалар арасындағы байланысты сипаттай алады Пәнге тән лексика мен терминология: Түзушілер, тұтынушылар, ыдыратушылар, энергия, 10%, пирамида Диалог үшін пайдалы сөз тіркестерінің топтамасы:
Экологиялық пирамидада әр бір келесі деңгейге ... беріледі, себебі... . | |||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Әртүрлі пікірлерді талқылау барысында оқушылар сыйластыққа үйренеді. Жұптық жұмыс кезінде өзара ынтымақтастық танытуды үйренеді. Бір-біріне сұрақ қою, талқылаулар кезінде ашықтық қалыптасады. Экожүйелердің ауысу себептерін анықтау барысында биологиялық алуантүрліліктің сақталуына себепші болады, табиғаттағы тепе-теңдік сияқты, биосфера, экожүйедегі, экономикадағы тұрақтылық сияқты маңызды түсінігі арқылы жаһандық азаматтық дамытылады. Топтық жұмыс барысында ынтымақтастықта жұмыс жасай алу дағдысы, академиялық шынайылық қалыптастырады. | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Экожүйенің ауысуына әкелетін факторларды анықтау физика пәнімен байланысады. | |||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар 5 – ші сыныпта экожүйеге экологиялық факторлардың ықпалы үдерістермен танысты. Оқушылар экологиялық факторларды атай алады, ажырата біледі. Бастапқы білімді жаңғырту жұптық жұмыс барысында экологиялық факторлардың ерекшеліктерін сипаттау арқылы жүзеге асады. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс – әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 0-5 5-10 | 1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушылар өсімдік, шөпқоректі жануар, жыртқыш жануар 1, жыртқыш жануар 2 суреттері арқылы топтарға бөлінеді. Әр топ «Бұл ағзалар өзара қалай байланысады?» сұрағына жауап береді, қоректік тізбек құрастырады. 5- сыныптағы 5.6.1.1 экожүйенің құрамдас бөліктерін анықтау оқу мақсаты бойынша білімдерін көрсетеді. 2. Ой шақыру. Оқушылар «Экожүйедегі қоректік тізбектер туралы білудің маңызы неде?» сұрағын талқылайды.
3. Мақсатты тұжырымдау. Мұғалім оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын, «жақын даму аймағын» және сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтайды. | Қосымша 1 | ||||||||
Сабақтың ортасы 10 - 20 20-25 25 - 28 28-38 | 4. Топтық жұмыс. 1- топ. Суретте берілген ағзалардың көмегімен бірлестіктегі энергияның ағысының сызбанұсқасын құрастыр. 2- топ. Суретте берілген ағзалардың көмегімен бірлестіктегі қоректік тізбектің сызбанұсқасын құрастыр. 3- топ. Суретте берілген ағзалардың көмегімен бірлестіктегі заттардың ағысының сызбанұсқасын құрастыр. Әр топ өз жұмыстарымен бөліседі, мұғалім кері байланыс береді.
5. Мәтін «Энергия қоректік тізбек арқылы қалай өтеді?» Күн – барлық қоректік тізбектердің негізгі энергия көзі, сондықтан экожүйелердің де негізгі энергия көзі болып табылады. Өсімдіктер күн энергиясын қолданып, фотосинтез процесі арқылы қорек жасап шығаруға бейімделген. Кейін бұл қоректі басқа ағзалар қолданады, сондықтан энергия қоректік тізбек арқылы бір трофикалық деңгейден келесі деңгейге өтеді. 6. Мұғалімнің түсіндірмесі. Қоректік тізбекте қанша трофикалық деңгей бар? Әдеттегі қоректік тізбектерде үштен беске дейін трофикалық деңгей болады. Бестен көп трофикалық деңгейі болатын қоректік тізбектер сирек кездеседі, себебі қосымша трофикалық деңгейде ағзалар популяциясын сақтау үшін қолжетімді энергия өте аз болады. 7. Сабақты бекіту. Қоректік тізбектегі ағзалардың арасындағы байланысты көрсететін экологиялық пирамида құрастыр. Оқушылар мұғалім ұсынған дұрыс жауаптардың көмегімен өзара бағалау жүргізеді.
| Қосымша 2 Қосымша 3 Қосымша 4 | ||||||||
Сабақтың соңы: 38-40 | 8. Рефлексия Мұғалім сабақ мақсатарына қайта оралып, сабақ мақсаттарына жету деңгейін талқылайды. Кері байланыс «Табыс баспалдағы». 1 - баспалдақ Мен....................БІЛЕМІН. 2 - баспалдақ Мен....................ТҮСІНБЕДІМ. 3 - баспалдақ Мен................... ЖАСАЙ АЛАМЫН «Мен ТҮСІНБЕДІМ» бөліміне тоқталып, оқушылармен бірге талқылаулар жасап, жауап беріледі. | Қосымша 5 | ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Оқушыларға ресурстың барлық мүмкін түрлері ұсынылғанда олардың өз қабілеттеріне қарай ресурс түрін таңдап алып қолдануы кезінде ресурс түрлері сараланады Оқушылардың сызба, кластер, модель сияқты әртүрлі жолмен өздерінің түсінгенін көрсетуі арқылы тапсырма түрлері сараланады. Сұрақтарға жауап беру кезінде оқушылардың өз деңгейлерінде жауап беру арқылы іс-әрекет сараланады. Кейбір жылдам жұмыс жасайтын оқушыларға қосымша тапсырма орындауды ұсыну саралауды қолдайды. Кейбір оқушыларға ағылшын тіліндегі терминологиямен жұмыс ұсынуға болады | Оқушылардың түрткі және жағдаяттық сұрақтарға жауап берулері кезіндегі өмірмен, өз тәжірибесімен байланысты көрсете алу деңгейлері арқылы Сабақ барысында бағалау критерийлеріне сай тапсырмалардың орындалуы, талқылаулар кезіндегі жауаптары арқылы; Топта, жұпта жұмыс жасай білу дағдылары арқылы; Дескрипторлар арқылы. | Сыныпта қозғалыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау. Партада дұрыс отыруына назар аудару. |
Қосымша 1
Қосымша 2
Қосымша 3
Мәтін «Энергия қоректік тізбек арқылы қалай өтеді?»
Күн – барлық қоректік тізбектердің негізгі энергия көзі, сондықтан экожүйелердің де негізгі энергия көзі болып табылады. Өсімдіктер күн энергиясын қолданып, фотосинтез процесі арқылы қорек жасап шығаруға бейімделген. Кейін бұл қоректі басқа ағзалар қолданады, сондықтан энергия қоректік тізбек арқылы бір трофикалық деңгейден келесі деңгейге өтеді. Бұл процесс өте тиімсіз, себебі жануарлар қозғалғанда, денелерінен заттарды бөліп шығарғанда және дем алғанда энергия жоғалады. Нәтижесінде, келесі трофикалық деңгейге өткен сайын энергия азая түседі, сондықтан жоғарғы трофикалық деңгейлерде ағзалар саны аз болады. Осы байланыстарды биомассалар пирамидасы арқылы көрсетуге болады
Қосымша 4
Қосымша 5
Кері байланыс «Табыс баспалдағы»
1 - баспалдақ Мен....................БІЛЕМІН. 2 -баспалдақ Мен....................ТҮСІНБЕДІМ. 3 - баспалдақ Мен................... ЖАСАЙ АЛАМЫН |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?