Жер бетін бейнелеу тәсілдері. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақтың бастапқы кезеңінде оқушылар өз қалауларымен топтарға бөлінеді. Оқушылар алдыңғы білімді жаңғырту мақсатында жергілікті жердің планын оқиды. Тапсырманы орындап болғаннан кейін оқушылардың жауаптарын толықтыруға болады. Оқушыларға жасалған жұмыс бойынша кері байланыс ұсыну керек. Оқушыларға сабақ мақсатын және бағалау критерийлерін өз бетінше анықтауға мүмкіндік беріңіз.
Сабақтың орта кезеңінде оқушылар академиялық тілді дамыту мақсатында терминдермен жұмыс жасайды. Содан кейін өзара түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Сабақта есептеу тапсырмалары көп болғандықтан, саралауды қабілеті жоғары оқушыларды қабілеті төмен оқушылармен бірге отырғызу арқылы жүргізуге болады. Қабілеті төмен оқушыларға тапсырма көлемін азайтуға болады. Сонымен қатар, қабілеті жоғары оқушылар қосымша күрделендірілген тапсырма орындайды. Сабақ барысында орындалға барлық іс-әрекеттерден кейін мұғалім кері байланыс ұсынуы қажет. Барлық тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға тапсырмаға дескрипторлар көрсетуді ұмытпаңыз. Сабақты бекіту барысында оқушылар өздік жұмыстар орындайды.
Сабақ соңында міндетті түрде сабақ мақсаттарына және бағалау критерийлеріне оралып, оларға жету деңгейі оқушылармен талқылануы қажет. Сабақ бойынша оқушылардан міндетті түрде кері байланыс алу керек. Әр оқушы «Үш сәт» деп аталатын әдіс бойынша дәптерге жазбаша рефлексия жасауы қажет. Бірнеше оқушы сыныпқа өз жауабын оқиды.
Пайдалы сілтемелер:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру