Сағаттық белдеулер. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім: 2. Ғалам. Жер. Адам | Мектеп: | ||||||||||||||||
Мерзімі: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Сағаттық белдеулер | ||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.2.5.5 сағаттық белдеулер картасын пайдаланып, уақытты анықтау | ||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушы:
| ||||||||||||||||
Бағалау критерийлері: | 1. Сағаттық белдеуді, белдеулік уақытты, даталардың ауысу сызығын түсіндіре алады; 2. Сағаттық белдеулер картасын пайдаланып, уақытты анықтай алады. | ||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар уақытты анықтап, ауызша түсіндіреді. Тақырыпқа байланысты терминдерді ауызша түсіндіреді. Пәндік лексика және терминология: Сағаттық белдеу, белдеулік уақыт, декреттік уақыт, даталар ауысу сызығы, Гринвич меридианы. Айтылымға қажетті сөз тіркестері: Белдеулік уақыт дегеніміз ... А қаласында уақыт ... болғанда, В қаласында уақыт ... болады. Қазақстан ... сағаттық белдеулерде орналасқан. | ||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Сабақ сыйластықты, ынтымақтастықты дарытуға бағытталған. Құндылықтарды дарыту топтық жұмыстарды ұйымдастыру барысында жүзеге асады. | ||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Уақытты анықтау барысында математика пәнімен байланыс орнатылады. | ||||||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар 5 – ші сыныпта жергілікті жердің қарапайым планын сызды. Бастапқы білімді жаңғырту топтық жұмыс барысында жергілікті жерлердің қарапайым планын сызу арқылы жүзеге асады. | ||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс – әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||
Сабақтың басы 0-5 5-10 | 1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушылар топтарға бөлінеді. «5.2.5.4 рәсімдеу талаптарына сай жергілікті жердің қарапайым жоспарларын сызу» атты оқу мақсаттары бойынша білімдерін көрсетеді. Оқушылар мұғалім ұсынған сөздерді (көл, шалғын, үйлер, жол, орман) қолдана отырып, жергілікті жердің планын сызады.
Топтар жұмыстарын тақтаға іліп, өзара бағалау жүргізеді. Мұғалім оқушылардың жауаптарына толықтырулар енгізеді. Оқушыларға кері байланыс береді. 2. Ой шақыру. Мұғалім оқушыларға бейнероликті көрсетіп, сұрақ қояды: -Бейнеролик не туралы? -Сағаттық белдеулер дегеніміз не? Олар не үшін керек? 3. Мақсатты тұжырымдау. Оқушылармен бірлесе отырып, сабақтың мақсаттары анықталады.
| Бейнеролик «Жердегі сағаттық белдеулер» | |||||||||||||||
Сабақтың ортасы 10-17 17-22 22-25 25-32 32-37 | 4. Мәтінмен жұмыс «Жіңішке және жуан сұрақтар». Оқушылар мәтін бойынша жұмыс жасайды. Алдымен мәтінді оқып, содан кейін мәтін бойынша жуан және жіңішке сұрақтар құрастырады. Төмендегі кестені толтырады.
Қабілеті жоғары оқушылар көбірек жуан сұрақтар құрастыруы мүмкін. Оқушылар өзара сұрақтарға жауап береді. Мұғалім формативті бағалау жүргізеді және кері байланыс ұсынады. 5. Бейнеролик «Сағаттық белдеулер» https://www.youtube.com/watch?v=LXK7BoIgop4 Бейнероликтен кейін мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: -Жерде неше сағаттық белдеу бар? -Қазақстан қандай сағаттық белдеулерде орналасқан? 6. Картамен жұмыс. Оқушылар сағаттық белдеулер картасымен жұмыс жасайды. Карта бойынша анықта: -Гринвич меридинын тап; -Қазақстанның орналасқан сағаттық белдеулерін анықта; -Даталардың ауысу сызығын тап.
7. Уақытты анықтау. Оқушылар сағаттық белдеулер картасын пайдалана отырып, келесі тапсырмаларды орындайды: -Астана мен Мәскеу, Астана мен Нью-Йорк, Ақтау мен Нью-Дели, Алматы мен Париж қалаларының уақыт айырмашылығын анықтайды.
Оқушылар өзара бағалау жүргізеді. Мұғалім кері байланыс береді. 8. Сабақты бекіту мақсатында оқушылар жаңа тақырыпқа байланысты тапсырманы орындайды. Оқушылар сағаттық белдеулер картасын пайдалана отырып, Мехико, Канберра, Рейкьявик, Пекин қалалары орналасқан сағаттық белдеулерді және уақытты анықтайды. Мұғалім тексеріп, оқушыларға кері байланыс береді. | Қосымша 1 Бейнеролик «Сағаттық белдеулер» | |||||||||||||||
Сабақтың соңы: 37-40 | 9. Рефлексия Мұғалім сабақ мақсатарына қайта оралып, сабақ мақсаттарына жету деңгейін талқылайды. Рефлексия «+-!» әдісі Оқушылар кестеге сабақтың жақсы, сәтсіз болған, таң қалдырған кездерін жазады. | Стикерлер | |||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||
Сабақ барысында оқу материалы ақпаратты қабылдаудың түрлі типтерін ескере отырып қолданылады (мәтін, бейнеролик, сурет). Қабілеті жоғары оқушылар қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетеді және өз беттерінше есептер құрастырады. | «5.2.5.4 рәсімдеу талаптарына сай жергілікті жердің қарапайым жоспарларын сызу» оқу мақсаттары бойынша бастапқы білімді формативті бағалау. Жақын арадағы даму аймағын анықтауға арналған диагностикалық бағалау. Картамен жұмыс жасау арқылы картамен жұмыс жасау дағдыларын бағалау. | Сыныпта қозғалыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау. |
Қосымша 1
Мәтін «Сағаттық белдеулер»
Бүкіл әлемде барлық адамдар белгілі бір уақыт бойынша өмір сүреді және жұмыс істейді. Уақытты өлшеу үшін сағат пайдаланылады. Бірақ уақытты есептеу тіпті де қарапайым мәселе емес. Бүкіл дүниежүзінде уақыт бірдей өлшеммен өлшенеді. Ол өлшемдер: секунд, минут, сағат, тәулік, жыл. Әр елдің географиялық орны мен аумағының мөлшеріне қарай белдеулік, декреттік, жергілікті, ал кей елдерде жазғы уақыт деген ұғымдар туады. Уақыттың жылжу қозғалысы Жердің өз осімен (тәулік) және Күнді (жыл) айналуының нәтижесі екені белгілі.
Белдеулік уақыт. Халықаралық келісім бойынша Жер шары 24 сағаттық белдеуге бөлінген. Әр сағаттық белдеу 15 º - тан тұрады. Белдеу ішінде уақытты белдеулік уақыт деп атайды. Белдеу ішінде уақытты барлық нүктеден ортаңғы меридиан бойынша есептеуге келісілген. Сондықтан бір сағаттық белдеудің ішіндегі уақытты белдеулік уақыт деп атайды. 24 сағаттық белдеудің өз нөмірлері (сандары) бар: 0 – ден 23 – ке дейін. Гринвич меридианы ортасынан өтетін сағаттық белдеу нөлдік болып қабылданады. Гринвич меридианынан (Лондонның қасында) 7º30´ б.б. және 7º30´ ш.б. аралығы нөлдік белдеу (оның өзі 24 – ші де). Белдеулердің есебі батыстан – шығысқа қарай жүргізіледі. Әрбір белдеудегі уақыт көршілес белдеудегі уақыттан дәл 1 сағат айырма жасайды. Сағаттық белдеулер картасында белдеулердің шекаралары меридиандар бойынша дәл жүргізілмегендігін байқаймыз. Олар облыстардың, мемлекеттердің шекараларын бойлап немесе қалаларды айналып өтеді. Қазақстан Республикасының аумағы 4 және 5 сағаттық белдеулерде орналасқан. Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңқыстау облыстары 4 белдеуде, ал қалған облыстар 5 белдеуге жатқызылған.
Жер шарындағы күнтізбенің жаңа датасы. Еуразияның батысында күн батқан кезде, оның шығысында келесі күннің таңы ата бастайды. Сондықтан қандай сағаттық белдеуді жаңа тәуліктің басы деп есептеу керек деген маңызды мәселе туады. Жылдың тәуліктерін шатастырмау үшін халықаралық келісім бойынша даталардың ауысу сызығы тағайындалады. Ол географиялық карталарда 12 сағаттық белдеуде, шамамен 180º меридиан бойымен солтүстік полюстен оңтүстік полюске дейінгі аралықта жүргізілген. Бұл күнтізбенің датасының шамалаған шекарасы. Осы сызықтан батысқа қарай Жер шарында күнтізбенің жаңа датасы – жаңа күні басталады.
Декреттік уақыт. Ол 1930 жылы 16 маусымда КСРО үкіметінің декретімен енгізілген. Мұны декреттік уақыт деп атайды. Негізгі мақсаты – электр қуатын үнемдеу.
Жергілікті уақыт. Бір сағаттық белдеудің ішіндегі уақыт ( солтүстік полюстен оңтүстік полюске).
Ақпарат көзі: Бейсенова Ә., Карпеков Қ. «Қазақстанның физикалық географиясы» 8-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2012. – 272 бет.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?