Сағаттық белдеулер. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.
Қосымша 1
Мәтін «Сағаттық белдеулер»
Бүкіл әлемде барлық адамдар белгілі бір уақыт бойынша өмір сүреді және жұмыс істейді. Уақытты өлшеу үшін сағат пайдаланылады. Бірақ уақытты есептеу тіпті де қарапайым мәселе емес. Бүкіл дүниежүзінде уақыт бірдей өлшеммен өлшенеді. Ол өлшемдер: секунд, минут, сағат, тәулік, жыл. Әр елдің географиялық орны мен аумағының мөлшеріне қарай белдеулік, декреттік, жергілікті, ал кей елдерде жазғы уақыт деген ұғымдар туады. Уақыттың жылжу қозғалысы Жердің өз осімен (тәулік) және Күнді (жыл) айналуының нәтижесі екені белгілі.
Белдеулік уақыт. Халықаралық келісім бойынша Жер шары 24 сағаттық белдеуге бөлінген. Әр сағаттық белдеу 15 º - тан тұрады. Белдеу ішінде уақытты белдеулік уақыт деп атайды. Белдеу ішінде уақытты барлық нүктеден ортаңғы меридиан бойынша есептеуге келісілген. Сондықтан бір сағаттық белдеудің ішіндегі уақытты белдеулік уақыт деп атайды. 24 сағаттық белдеудің өз нөмірлері (сандары) бар: 0 – ден 23 – ке дейін. Гринвич меридианы ортасынан өтетін сағаттық белдеу нөлдік болып қабылданады. Гринвич меридианынан (Лондонның қасында) 7º30´ б.б. және 7º30´ ш.б. аралығы нөлдік белдеу (оның өзі 24 – ші де). Белдеулердің есебі батыстан – шығысқа қарай жүргізіледі. Әрбір белдеудегі уақыт көршілес белдеудегі уақыттан дәл 1 сағат айырма жасайды. Сағаттық белдеулер картасында белдеулердің шекаралары меридиандар бойынша дәл жүргізілмегендігін байқаймыз. Олар облыстардың, мемлекеттердің шекараларын бойлап немесе қалаларды айналып өтеді. Қазақстан Республикасының аумағы 4 және 5 сағаттық белдеулерде орналасқан. Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңқыстау облыстары 4 белдеуде, ал қалған облыстар 5 белдеуге жатқызылған.
Жер шарындағы күнтізбенің жаңа датасы. Еуразияның батысында күн батқан кезде, оның шығысында келесі күннің таңы ата бастайды. Сондықтан қандай сағаттық белдеуді жаңа тәуліктің басы деп есептеу керек деген маңызды мәселе туады. Жылдың тәуліктерін шатастырмау үшін халықаралық келісім бойынша даталардың ауысу сызығы тағайындалады. Ол географиялық карталарда 12 сағаттық белдеуде, шамамен 180º меридиан бойымен солтүстік полюстен оңтүстік полюске дейінгі аралықта жүргізілген. Бұл күнтізбенің датасының шамалаған шекарасы. Осы сызықтан батысқа қарай Жер шарында күнтізбенің жаңа датасы – жаңа күні басталады.
Декреттік уақыт. Ол 1930 жылы 16 маусымда КСРО үкіметінің декретімен енгізілген. Мұны декреттік уақыт деп атайды. Негізгі мақсаты – электр қуатын үнемдеу.
Жергілікті уақыт. Бір сағаттық белдеудің ішіндегі уақыт ( солтүстік полюстен оңтүстік полюске).
Ақпарат көзі: Бейсенова Ә., Карпеков Қ. «Қазақстанның физикалық географиясы» 8-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2012. – 272 бет.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?