Макро- және микроәлем. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақтың бастапқы кезеңінде оқушылар өз қалауларымен топтарға бөлінеді. Оқушылар алдыңғы білімді жаңғырту мақсатында макро- және микроәлем нысандарының суреттерін жіктейді. Тапсырманы орындап болғаннан кейін оқушылардың жауаптарын толықтыруға болады. Оқушыларға жасалған жұмыс бойынша кері байланыс ұсыну керек.
Сабақтың орта кезеңінде оқушылар «параметр» сөзінің ұғымын ашулары қажет. «Нысана» әдісі бойынша алдымен ассоциация сөздерді жазады. Содан кейін сол сөздерден анықтамасын құрастырып шығуға болады. Сабақ оқушылардың қабылдау типтерін ескеру бойынша қарастырылған. Бейнероликті тамашалау алдында мұқият қарауларын сұраңыз. Содан кейін бейнеролик бойынша сұрақтар қойыңыз. Топтық жұмыс барысында оқушыларға әртүрлі рөлдерді беруге болады: таймкипер, топ басшы және т.б. Постерге критерийлерді оқушылармен бірлесе отырып құрастыруға болады: тақырыптың ашылуы, ұқыптылық, әсемділік, оқылымдылығы және т.б. Топтық жұмыс барысында бір топ эксперт рөлінде болады. Олар критерийлер бойынша топ жұмыстары мен жауаптарын бағалап, қорытынды жасайды. Сабақ барысында орындалға барлық іс-әрекеттерден кейін мұғалім кері байланыс ұсынуы қажет. Барлық тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға тапсырмаға дескрипторлар көрсетуді ұмытпаңыз. Сабақты бекітуге арналған деңгейлік тапсырмаларды оқушылардың қабілеттеріне байланысты ұсынылады.
Сабақ соңында міндетті түрде сабақ мақсаттарына және бағалау критерийлеріне оралып, оларға жету деңгейі оқушылармен талқылануы қажет. Сабақ бойынша оқушылардан міндетті түрде кері байланыс алу керек. Әр оқушы «Нысана» деп аталатын әдіс бойынша дәптерге жазбаша рефлексия жасауы қажет. Бірнеше оқушы сыныпқа өз жауабын оқиды.
Пайдалы сілтемелер:
https://sci-book.com/osnovyi-filosofii/mikromir-makromir-megamir-66734.html
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?