Қорытынды және талқылау. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.


 

 

 Сабақтың басында мәселелік сұрақ арқылы оқушылардың өткен сабақтардағы үйренген білімдерін қолдану мәселесін ортаға салу ұсынылады. Мәселені талқылау арқылы оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыруға, жаңа тақырыпқа қызығушылығын оятуға бағытталған. Оқушылар қойылған сұрақтарға жеке ойланады, одан кейін жұпта ойларын жинақтап, жауап береді. Мәселелік сұрақтардан кейін «Can you guess?» арқылы сабақтың мақсаттарын жасырын символдармен жасырылады. Жасырын символдарды табу арқылы сабақ мақсаты анықталады. Оқушылардың сыни ойлау дағдылары дамытылады.

 Жаңа тақырыпты түсіну үшін оқушылар топтармен шағын зерттеу жұмыстарын орындайды. Оқушыларды топқа бөлу үшін онлайн ресурстарды қолдануға болады. Егер мүмкіндік болмаса оқушыларды қабілетіне қарай немесе басқа критерийлермен топтастырыңыз. Топқа бөлудің онлайн құралдары төменде келтірілген.

 Оқушылар топтық тапсырманы орындамас бұрын ноктбукте немесе компьютерде жұмыс жасау барысындағы қауіпсіздік техникасының ережелерін ескертіңіз.

 Сабақты бекіту барысында оқушылар топтық презентация жасайды. Жұмыстарды бағалау барысында оқушыларға өздерінің қаншалықты дұрыс орындағанын немесе қандай қателіктер жібергенін түсіндіруге мүмкіндік беріңіз. Қабілетті оқушыларды аралас топтарға бөліп жұмыс жасатуға тырысыңыз.

 Сабақ барысында орындалған барлық іс-әрекеттерден кейін мұғалім кері байланыс ұсынуы қажет. Барлық тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға тапсырмаға сәйкес дескрипторлар көрсетуді ұмытпаңыз.

 Сабақ соңында міндетті түрде сабақ мақсаттарына және бағалау критерийлеріне оралып, оларға жету деңгейі оқушылармен талқылануы қажет. Сабақ бойынша оқушылардан міндетті түрде кері байланыс алу керек. Жұмыс соңында оқушылар «Екі жұлдыз, бір тілек» тәсілі арқылы кері байланыс жасайды. Бірнеше оқушыға сыныпқа өздерінің жетістіктерін түсіндіреді немесе қиындық туғызған сәттерді атап, оның шешу жолдарын қарастырады.

 

 Пайдалы сілтемелер:

 

http://www.classtools.net/

http://festival.1september.ru/articles/103946/

https://baribar.kz/student/4056/zertteudinh-qorytyndylaryn-oenhdeu/

http://obuchonok.ru/node/384

https://pedsovet-matematika.jimdo.com/исследовательская-деятельность-учащихся-1/оформление-исследовательской-работы/план-исследовательской-работы/



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу