Зерттеуді жоспарлау. Жаратылыстану, 6 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша 1.
Зерттеуді жоспарлау
«Сұйықтың булануы неге тәуелді?»
Тәжірбиені орындау нұсқаулығы:
«Сұйықтың булану жылдамдығы неге тәуелді?» деген зерттеу жүргізіңіз
- Әртүрлі сұйықтықтың булану жылдамдығын зерттеңіз.
- Қағазға әртүрлі сұйықтың бірдей тамшыларын тамызыңыз (су, спирт, өсімдік майы). Бақылау уақытын жазып алыңыз.
- Булану процесін периодты түрде бақылап отырыңыз.
- Булану уақытын жазыңыз.
- Сұйықтың булану жылдамдығының оның бетінің ауданына тәуелділігін зерттеңіз.
- Әртүрлі екі шынының бетіне сприт тамшысын тамызып бірінің ауданын қолымен жаймалап үлкейтіп, булануды бақылаңыз. Қайсы тамшы тез буланды?
- Қорытындыңызды дәптерге жазыңыз.
- Сұйықтардың булану жылдамдығының температураға тәуелділігін зерттеңіз:
- Сыныптағы ауаның және алақаныңның температурасын өлшеңіз. Термометрдің көрсетулерін жазыңыз.
- Спирттің бір тамшысын алақыныңа ал екіншісін шыны бетіне тамыз.
- Тамшылардың булануын бақылаңыз.
- Қорытындыңызды дәптерге жазыңыз.
- Сұйықтың булану жылдамдығының сұйық бетінің ауа қозғалысына тәуелділігін зерттеңіз.
- Екі шыныны салфеткамен сүртіп оларға бір тамшыдан спирт тамызыңыз.
- Шыныны партаның екі жағына орналастырыңыз.
- Екі шынының бірін желпуішпен желпіп ауа ағынын тудырыңыз.
- Тамшылардың булануын бақылыңыз.
- Қорытындыңызды дәптерге жазыңыз.
- Бірінші тәжірбиеге оралыңыз. Булану жылдамдығының сұйықтың тегіне тәуелділігі туралы қорытынды жазыңыз
Қалыптастырушы бағалау:
- мұғалім бақылауы және комментарийі;
- мұғалімнің кері байланысы.
Дескрипторлар Оқушылар |
|
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру