Ғылымның рөлі. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

  • Бөлім: 6.1 А. Ғылым әлемі
  • Мектеп:
  • Күні:
  • Мұғалімнің аты-жөні:
  • Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

  • Сабақ тақырыбы

Ғылымның рөлі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.1.1 жаратылыстану ғылымдарының зерттеу нысандарын атау

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

- жаратылыстану ғылымдарының зерттеу нысандарын атайды;

-ғылымның маңызы туралы негізгі ұғымдармен танысады.

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

1.Жаратылыстану ғылымдарының зерттеу нысандарын атай алады.

2.Ғылымның маңызын түсіндіре алады.

3.Жаратылыстану ғылымдарының зерттеу нысандарына мысалдар келтіріп, өз көзқарасын дәлелдей алады.

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

- Жаратылыстану ғылымдарының зерттеу нысандарын ауызша және жазбаша түрде талқылай алады.

-Ғылымның рөлін ауызша түсіндіре алады.

-Бақылау барысында өз ойын айтады және ары қарай жоспарлау үшін зерттеу нысандарын анықтауға ой қоса алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Зерттеу нысаны, зерттеу мәселесі, анықтама. зерттеу

Айтылымға қажетті сөздер мен сөз тіркестер:

Менің ойымша, ...зерттеу нысаны болып табылады.

Мұны ... түсіндіруге болады.

Мен ... түсіндіре аламын.

Глоссарий

Қазақша

На русском

In English

Бақылау

Наблюдение

Observing

Эксперимент

Эксперимент

Experiment

Зерттеу

Исследование

Research

Әдіс

Метод

Method

Өлшеу

Измерение

Measuring

Ғылыми болжам

Гипотеза

Hypothesis

Табиғат

Природа

Nature

Ғылым

Наука

Science

Құндылықтарды дарыту

  Өмір бойы оқуға құштарлық, қоршаған ортаны танып-білуге құштарлық.

 Оқушылардың бірін-бірі сыйлауы, мұғалімді сыйлауы.

 Оқушылардың айтқан пікірлері мен ойына сыйластықпен қарау.

Сабақ сыйластықты, ынтымақтастықты, академиялық шындықты дарытуға бағытталған.

 Құндылықтарды дарыту жұптық жұмыстарды ұйымдастыру, жеке жұмыстарды орындау барысында жүзеге асады.

 Пәнаралық байланыстар

Сабақ тақырыбы ғылымның рөлі болғандықтан, бұл сабақта барлық жаратылыстану ғылымдары (география, биология, химия, физика) байланыста болады.

Оқушылар жаратылыстану ғылымдарының зерттеу нысандарын ажырату арқылы, пәндер арасындағы байланысты көре алады.

АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтордан қажетті ақпараттарды тауып, пайдалана білу

Бастапқы білім

5 сынып, Жаратылыстану

5.1.1.1 ғылымның қызметтерін адам іс-әрекетінің түрі ретінде анықтау

5 сынып, Зерттеу жұмыстарын жоспарлау негізінде ғылымның негізігі қызметтерін біледі.

5 сынып, Зерттеу жұмысының мақсатын, болжамын, қажеті құрал-жабдықтарды таңдау және оларды қауіпсіз қолдануды жоспарлайды.

ЖОСПАР

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-6 мин

7-10 мин

1. Ой қозғау

«Шын және жалған» ойыны бойынша алдыңғы білімдерін тексеру.

Егер айтылған тұжырым шын (дұрыс) болса, онда оқушылар оң қолдарын, егер жалған (дұрыс емес) болса, онда сол қолдарын көтереді.

Қалыптастырушы бағалау:

  • мұғалім бақылауы және комментарийі;
  • мұғалімнің кері байланысы.

Дескрипторлар

Оқушылар

  • жаратылыстану ғылымдарының зерттеу нысанын туралы дұрыс тұжырымды ажырата алады;
  • жаратылыстану ғылымдарының зерттеу нысанын туралы жалған тұжырымды анықтай алады.

2. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау

Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды.

(Мұғалім сұрақтар қоя отырып, сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға көмектеседі)

Үлгі сұрақтар:

  • Қандай жаратылыстану ғылымдарын білесіңдер?
  • Әр ғылымның зерттеу саласын ажыратып бере аласыңдар ма?
  • Ғылымды дамыту не үшін қажет? Неліктен?

Презентация

Қосымша 1

Сабақтың ортасы

11-15 мин

16-25 мин

26-31 мин

32-36 мин

3. Глоссариймен жұмыс

Оқушылардан бақылау, эксперимент, әдіс, гипотеза ұғымдарын қалай түсінетіндерін сұрау.

Оқушылар өз ойларын ортаға салады, түсіндіреді, бірін-бірі толықтырады.

4. Миға шабуыл арқылы жаңа білімді актуальдеу

Үлгі сұрақтар:

  • Адамзатқа көп ғылымдарды меңгеру не үшін қажет?
  • Жаратылыстану ғылымдары нені зерттейді?
  • Зерттеу нысандары қалай анықталады?
  • Жаратылыстану ғылымдарының өзара байланысы қандай?

Жаратылыстану ғылымдары — табиғатты зерттеумен айналысатын ғылымдардың жиынтық атауы.

Табиғат құбылыстары мен олардың дамуының жалпы заңдары былайша топтастырылады:1) физика, химия;2) биология, ботаника, зоология;3) анатомия, физиология, генетика;4) геология, минералогия, палеонтология, метеорология, география (физикалық);5) астрономия (астрофизика және астрохимия).

Жаратылыстану ғылымдары бірнеше салаларға бөлінеді. Мысалы молекулалық биология ағзалардың химиялық құрамын зерттейді, ал цитология жасушаны зерттеумен айналысады. Жоғарғы деңгейде орналасқан физиология ағзаның іш құрылысын зерттейді, ал экология түрлі ағзалардың қарым-қатынасын қарастырады. Физика да бірнеше (механика, термодинамика, оптика, электродинамика ) салаға бөлініп, табиғат заңдылықтарын зерттейді.

5. Жаңа білімді пысықтау

Өздік жұмыс –арқылы оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендігі пысықталады.

Бос торкөздерді оқушылар өз беттерінше толтырады.

«Зерттеу нысандары» кестесі

Зерттеу нысандары

(Не қарастырылады?

деген сұраққа жауап береді)

Зерттеу сұрағы

(Не зерттеледі?

деген сұраққа жауап береді)

Магнит

магниттің қасиеттері

Су

судың қасиеттері мен құрылысы

тәтті қытырлақ

тәтті қытырлақтың балалардың денсаулығына әсері

алма шырыны

алма шырынындағы темірдің мөлшері

Қалыптастырушы бағалау:

  • мұғалім бақылауы және комментарийі;
  • критерий бойынша өзін-өзі бағалауы
  • мұғалімнің кері байланысы.

Дескрипторлар

Оқушылар

  • зерттеу нысанын анықтайды;
  • зерттеу сұрағын анықтайды.

6. Сабақты бекіту

Қалыптастырушы бағалау

«Сәйкестікті тап» тапсырмасы.

Өзара-бағалау

Оқушылар жұмысты орындаған соң жұптар өзара жұмыстарын алмастырып, берілген критерийлермен тексереді және сабақ мақсаттарына жеткендіктерін анықтайды.

Ғылым

Нені зерттейді?

Биология

аспан денелері, олардың құрылысы, қозғалысы, пайда болуы

Геология

әр алуан табиғат құбылыстары, мысалы қозғалыс, дыбыс, жарық, электрлік

Физика

заттар, олардың қасиеттері, басқа заттарға айналып, түрленуі

Химия

Жердің беті

География

тірі тіршілік иелері

Экология

адам ағзаларының бір-бірімен және қоршаған ортамен өзара байланысы, адам мен табиғаттың арақатынасы

Астрономия

Жердің пішіні мен құрылысы

Дескрипторлар

Оқушылар

  • жаратылыстану ғылымдарының зерттеу нысанын сәйкестендіре алады;
  • жаратылыстану ғылымдарының зерттеу нысандарын салыстырады және айырмашылықтарын таба алады.

Глоссарий

презентация

Қосымша 2

Жаратылыстану ғылымдарының қоғамдық ғылымдардан айырмашылығы

https://www.youtube.com/watch?v=931wkAjFsis

Қосымша 3

Қосымша 4

Сабақтың соңы

37-40 мин

7. Кері байланыс «Көңіл-күй өлшегіші»

Сабақ соңында оқушылар кері байланыс жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

(оқушылар стикерді таңдап, «ағашқа» жапсырады): жасыл түсті стикер –жоғары деңгей; сары түсті стикер – орташа деңгей .

Түсті стикерлер

Сары

Қызыл

жасыл

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар

Жаратылыстану ғылымдарының зерттеу нысандарының тізімдерін атай алады.

Оқушылардың көпшілігі

Ғылымның маңыздылығын дәлелдер келтіру арқылы дәлелдей алады.

Кейбір оқушылар

Жаратылыстану ғылымдарының зерттеу нысандарына мысалдар келтіру арқылы өз көзқарасын дәлелдей алады.

  • Сабақ барысындағы мұғалімнің қолпаштау сөздері; «жарайсың», «тамаша», «осылай жалғастыр» тб
  • Өздік жұмысты-өзіндік бағалау
  • Өз-ара бағалау
  • Оқушылар теория жүзінде алған білімдерін өздік және қалыптастырушы бағалау кезінде қолданып, 80% дұрыс тапсырмаларды орындаса оқу мақсатына жетеді.
  • Оқушылар жаратылыстану ғылымдарының зерттеу нысандарын салыстыру барысында сыни ойлау дағдыларын қолдану арқылы сәйкестендіру тапсырмасын орындайды

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақ барысындағы қауіпсіздік техникасының ережелерін еске сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу