Микроскоппен жұмыс. Жаратылыстану, 5 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер

Мектеп: ХББ НЗМ Атырау

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Есенгалиева Г.С.

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Микроскоппен жұмыс

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

  • 5.4.2.3 микроскоппен жұмыс істеу ережелерін қолдану
  • 5.4.2.4 уақытша микропрепарат дайындау

 Сабақ мақсаттары

  • Микроскоппен жұмыс істеу ережелерін қолданады
  • Уақытша микропрепарат дайындайды

Бағалау критерийлері

  • Микроскоптың құрылысын, жұмыс істеу ережелерін біледі
  • Микропрепарат дайындаудың қарапайым тәсілдерін біледі және қолданады

 Тілдік мақсаттар

 

Пәндік лексика және терминология:

  • микроскоптың көру түтігі, окуляр, объектив, бұрандалар, табаны, тұтқасы жарық көзі, айна, диафрагма қысқыштар, микропрепарат, үлкейту, сурет аздап ұлғайту, ұлғайтқыш линзалар линза, фокус

Оқытудың тілдік мақсаты:

Оқушылар орындай алады:

  • микроскоп схемасына белгі қояды
  • микроскоппен жұмыс жасау ережелерін атау

(оқылым дағдылары)

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Анық көрінуі үшін................. дұрыс орналастыру қажет.

Нақты бейне алғанға дейін ......................жөнге келтіру қажет.

Сіз ... екендігіне көз жеткізіңіз

... үшін абай болыңыз

 Құндылықтарды

 дарыту

Өзіне және айналадағыларға құрметпен қарау; табиғаттағы үдерістерді жан-жақты оқып, білу арқылы оны қорғауды үйрену

Пәнаралық байланыстар

Биология: уақытша микропрепарат дайындайды, микроскоппен жұмыс жасау ережелерін қоданады.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, презентация

Бастапқы білім

Жануарлардың негізгі сипаттамаларын атайды (1 сынып).

Жануарларды омыртқасыздар және омыртқалылар деп жіктеу. Жануарлар топтарының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін сипаттайды.

Өсімдіктерді салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетеді. (2 сынып).

Өсімдіктерді белгілеріне қарап жүйелеу. (3 сынып).

Балдырлар, саңырауқұлақтар, қыналар, қырықжапырақтар және гүлді өсімдіктерді ажырату және сипаттау (4 сынып).

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 мин

4-5 мин

- Ұйымдастыру. Сәлемдесу.

Сабаққа қажетті жағдайды қалыптастыру

Жаңа сабаққа кіру

) Сыныпқа микроскоптың бірнеше суретін көрсету.

  • Суреттен не көріп тұрсыздар? Бұл құрал қалай аталады?
  • Не үшін қолданылады?

Оқушылар не көріп тұрғандарын табуға тырысады. Сол арқылы сабақтың тақырыбы анықталады. Сабақ мақсатымен және жетістік критерийлерімен танысу.

Презентация

Слайд 2-3

Сабақтың ортасы

6-7 мин

8-12 мин

13-17мин

18-23мин

24-26мин

26-30мин

31-34мин

35-38мин

(Ж) Микроскоптың құрылысы көрсетілген диаграмманы пайдалана отырып, кезекпен оның құрылым бөліктерін табады.

Ұлғайтқыш құралдар: 1) ұлғайтқыш қол әйнегі; 2)тұтқалы ұлғайтқыш әйнек.

(С) Оқушыларға "Жұбыңды тап" ойынын ойнауды ұсыныңыз. Микроскоп бөліктерінің атауы мен атқаратын қызметтері жазылған үлестірмелерді сәйкестендіре отырып, микроскоп бөліктерінің қызметтерімен танысады

Жарық көмегімен ұлғайтатын микроскоп.

1. Окуляр. 2. Көру түтігі. 3. Объективтер. 4. Заттық үстелше. 5. Айна. 6. Табан. 7. Тұтқа. 8. Бұранда.

(Т) оқушылардан микроскоппен жұмыс істеу кезінде сақталуы тиіс қауіпсіздік техникасының ережелерін құруды сұраңыз.

Ол үшін қауіпсіздік техникасы ержелерінің тізімін ұсынып, соның ішінен топта талқылай отырып, микроскоппен жұмыс барысында сақталуы тиіс ержелерді белгілейді. Оқушыларға микроскоппен жұмыс істеу ережелерін таратып беріп, танысуын қадағалау қажет. 1 Мәтін: Микроскоппен жұмыс істеу тәртібі (Қосымшада көрсетілген).

(Э) Содан кейін оқушылар пияз өңінің дайын микропрепаратын көру үшін микроскопты қолданады немесе екі заттық шыны арасына шаш салуына болады. Оқушылар үлкейте отырып сурет салулары тиіс. 2 Мәтін. Микропрепарат дайындау (Қосымшада көрсетілген).

) Оқушылар микроскоп схемасына белгі қойып, микроскоппен жұмыс жасау ережесін атайды

(Б) Оқушылар пияз өңінің жасушасының суретін А4 парағына үлкейтіп салып, ядро, цитоплазма, жасуша қабықшасын көрсетіп, белгілейді.

(С) Оқушыларға дайын және уақытша микропрепараттарды көрсетіп, айырмашылықтарын табуды сұраңыз.

Оқушылардың жауаптарын толықтырыңыз.

(С) Оқушыларға тоған суы үлгісінен микропрепаратты қалай дайындауды көрсетіңіз.

Қосымша: оқушылар Роберт Гуктың жұмысын зерттей алады.

Слайд 4

Микроскоптың құрылысын білуін тексеруге арналған жұмыс парағы:

http://www.biologycorner.com/worksheets/microscope_use.html

Правила работы с микроскопом:

http://www.yaklass.ru/p/biologia/bakterii-griby-rasteniya/biologiia-uchenie-o-zhivykh-organizmakh-13701/metody-issledovaniia-v-biologii-ustroistvo-uvelichitelnykh-priborov-13454/re-4ef4bc78-291f-4d2e-ac3c-46c2ba1d23dc

Құрал-жабдықтар:

Микроскоп, заттық шыны, жабын шыны, пинцет, тамызғы

Бұл бейне тоған суынан препаратты қалай дайындауды көрсетеді.

http://sciencespot.net/Pages/kdzbio.html

микроскоптар, тоған суы, заттық шыны, жабын шыны және тамызғыштар, өсімдік материалы

https://www.twig-bilim.kz/film/the-history-of-the-microscope-6259/

Сабақтың соңы

38-40мин

Сабақ соңында оқушыларға «Ресторан» немесе «Меню» әдісі арқылы рефлексия жүргізіледі:

Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасыныңсақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар:

  • Жазбалары және бағдарлары жоқ сызбалар;
  • Топта ұйымдастыру жұмыстарын алады;
  • Микроскоппен жұмыс

Қабілеті орта оқушылар:

  • Бағдарлары жоқ сызбалар;
  • Суретке талдау жұмысы осы деңгейдегі оқушыларға қолдау береді;
  • (Тапсырма мазмұны бір, орындау уақытына қарай ықшамдалған, бірақ оқушының таңдау құқығы бар)

Қабілеті төмен оқушылар:

  • Деңгейлік сұрақтар;
  • Мұғалімнің қолдауы;
  • Жазбалары және жартылай бағдарлары бар сызбалар
  • Орта деңгейдегі зертханалық парақ.
  • Ынталандыру, қолдау көрсету, формальды емес бағалау түрлері;
  • Оқушылар өзара бағалайды;
  • Жұппен бағалау жүргізеді;
  • Микроскоппен жұмыс қалыптастырушы бағалау ретінде жүзеге асады;
  • жұмысқа жазбаша кері байланыс беріледі.

  • Оқушылар микроскоппен жұмыста туындайтын қауіп қатердің алдын алу шараларын белгілейді.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары / оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрысжүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік /қиындықтары туралы нен ібілдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1 Мәтін: Микроскоппен жұмыс істеу тәртібі

1. Микроскоппен отырып қана жұмыс істеу керек. Оны үстелдің шетіне (5-8 см қашықтықта) орнықты етіп қояды. Жұмыс істеп болғанша микроскопты орнынан қозғамайды. 2. Қарайтын заттың дайын препаратын микроскоптың зат үстелшесі ортасындағы тесікке дәл келтіріп орналастырады.

3. Қозғалмалы айна арқылы заттық үстелшедегі препаратқа жарық түсірілуі тиіс (жарықтың түскен-түспегенін окулярға қарап бақылайды). 4. Бұрандамен зат анық көрінгенше көру түтігін ептеп қана жоғары немесе төмен қозғайды. Объективпен көретін заттың ара қашықтығы мөлшермен 1 см-дей болғанда, зат анық көріне бастайды.

5. Жұмыс істеп болған соң микроскопты қабына салу қажет. 6. Микроскопты түрлі химиялық реактивтермен қатар қоюға болмайды, бөлек таза шкафта сақталады.

Микроскоптан басқа майда затты (3-5 есе) сәл үлкейтіп көрсететін, құрылысы қарапайым құрал – ұлғайтқыш қол әйнегі (лупа). Оның негізгі бөлімі – екі жағы бірдей дөңес шыны (линза). Пайдалануға ыңғайлы болу үшін шынының айналасы құрсауланған, қолмен ұстайтын сабы бар. Ұлғайтқыш әйнектің сабынан ұстап, заттың бейнесі анық көрінгенше затқа біресе жақындатып, біресе алыстатып қарайды.

Ұлғайтқыш қол әйнегінен күрделірек тұтқалы ұлғайтқыш әйнек болады. Ол затты 10-25 есе үлкейтеді. Тұтқалы ұлғайтқыш әйнектің де табаны (микроскоптікіндей), зат қоятын үстелшесі (тұтас тұнық әйнектен жасалған), қозғалмалы айнасы бар. Көру түтігін қозғайтын бұрандасы болады. Қарапайым көру түтігінің бір жағы – окуляр, екінші жағы – объективі. Затты көру тәртібі микроскоптағыдай.

2 Мәтін. Микропрепарат дайындау

Микроскопқа қажетті құрал-жабдықтар: заттық әйнек (заттық шыны), жабын әйнек, су, сапты ине, тамызғы (пипетка). Кез келген затты микроскоппен қарау үшін алдымен препарат (микропрепарат) дайындайды. Ол үшін заттық шыныға тамызғымен 1-2 тамшы су тамызып, оған көретін затты салады. Үстін жабын шынымен жауып, заттық үстелшеге орналастырады да микроскоппен қарайды. Көретін затты еш уақытта сусыз қарауға болмайды. Өсімдік жасушасының ішкі құрылысын микроскоппен қарауға ең ыңғайлысы пияздың мөлдір қабығы – пияз өңі. Препаратты микроскоппен қарағанда, бір-біріне тығыз орналасқан ұзынша пішінді жасушалар көрінеді. Жасушаның қабықшасы, цитоплазмасы мен ядросы анық көрінеді. Судың орнына йодтың судағы әлсіз ерітіндісін тамызса, ядросы қоңыр түсті болып айқын көрінеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу