Микроскоппен жұмыс. Жаратылыстану, 5 сынып, презентация.
Пәні: Жаратылыстану
Сынып: 5
Суреттен не көріп тұрсыздар? Бұл құрал қалай аталады?
Не үшін қолданылады?
Сабақтың тақырыбы:
Микроскоппен жұмысОқу мақсаттары:
5.4.2.3 микроскоппен жұмыс істеу ережелерін қолданады
5.4.2.4 уақытша микропрепарат дайындайды
1) ұлғайтқыш қол әйнегі 2) тұтқалы ұлғайтқыш әйнек
Ұлғайтқыш құралдар:
Жарық көмегімен ұлғайтатын микроскоп
Окуляр
Көру түтігі
Объективтер
Заттық үстелше
Айна
Табан
Тұтқа
Бұранда
(Ж) Микроскоптың құрылысы көрсетілген суретті пайдалана отырып, кезекпен оның құрылым бөліктерін табыңыз.
(С) "Жұбыңды тап" ойыны
Микроскоп бөліктерінің атауы мен атқаратын қызметтері жазылған үлестірмелерді сәйкестендіре отырып, микроскоп бөліктерінің қызметтерімен танысу
Микроскоппен жұмыс
1 Мәтін: Микроскоппен жұмыс істеу тәртібін қолдануМикроскопты орналастыру
Преператты микроскоптың зат үстелшесінің дәл ортасына дәл келтіріп орналастыру
Айна арқылы жарықтың преператқа түсуін қамтамасыз ету
Зат анық көрінгеше көру түтігін бұрандамен жоғары, төмен қозғауға болады
Объектив пен көрінетін заттың арақашықтығы 1 см болғанда зат анық көріне бастайды
Жұмысты аяқтағаннан кейін микроскопты қорапшаға саламыз
(Б) Оқушылар микроскоп схемасына белгі қойып, микроскоппен жұмыс жасау ережесін атайды
(Э) Оқушылар пияз өңінің дайын микропрепаратын көру үшін микроскопты қолданады немесе екі заттық шыны арасына шаш салуына болады. Оқушылар үлкейте отырып сурет салулары тиіс.
(Б) Оқушылар пияз өңінің жасушасының суретін А4 парағына үлкейтіп салып, ядро, цитоплазма, жасуша қабықшасын көрсетіп, белгілейді.
Микроскоппен жұмыс
Микропрепарат дайындау
Микроскопқа қажетті құрал-жабдықтар: заттық әйнек (заттық шыны), жабын әйнек, су, сапты ине, тамызғы (пипетка). Кез келген затты микроскоппен қарау үшін алдымен препарат (микропрепарат) дайындайды. Ол үшін заттық шыныға тамызғымен 1-2 тамшы су тамызып, оған көретін затты салады. Үстін жабын шынымен жауып, заттық үстелшеге орналастырады да микроскоппен қарайды. Көретін затты еш уақытта сусыз қарауға болмайды. Өсімдік жасушасының ішкі құрылысын микроскоппен қарауға ең ыңғайлысы пияздың мөлдір қабығы – пияз өңі. Препаратты микроскоппен қарағанда, бір-біріне тығыз орналасқан ұзынша пішінді жасушалар көрінеді. Жасушаның қабықшасы, цитоплазмасы мен ядросы анық көрінеді. Судың орнына йодтың судағы әлсіз ерітіндісін тамызса, ядросы қоңыр түсті болып айқын көрінеді.
Рефлексия
Дереккөздер
Микроскоптың құрылысын білуін тексеруге арналған жұмыс парағы: http://www.biologycorner.com/worksheets/microscope_use.html
Бұл бейне тоған суынан препаратты қалай дайындауды көрсетеді. http://sciencespot.net/Pages/kdzbio.html
http://itest.kz/lekciya_i_tarau_osimdikter_zhasushanyng_ashylu_tarikhy_ulhajtqysh_quraldar Ұлғайтқыш құралдар
Микроскоптың тарихы
https://www.twig-bilim.kz/film/the-history-of-the-microscope-6259/
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?