Тірі және өлі табиғаттағы процесстер. Жаратылыстану, 5 сынып,презентация.


Үй тапсырмасын қайталау тапсырмалары

Суреттен тірі ағзаларды тауып , не үшін тірі ағза болып есептелетіндігін түсіндіріңіз.

Сабақ тақырыбы 5.3 А Тірі және өлі табиғаттағы процесстер

Сабақ мақсаты :

Тірі организімдердің негізгі қасиеттерін білу

Тірі организімдердің тіршілік деңгейлерін білу.

Тіршілік дегеніміз – құрлымы нәруыздармен нуклеин қышқылдарының күрделі биологиялық полимерлерінен тұратын , өзін –өзі реттейтін , өзінен кейін өзі тектес ұрпақ қалдырып отыратын тірі организімдер жиынтығының ашық жүйесі .

Тірі табиғат 5 үлкен дүниеге бөлінеді :

Вирустар

Бактерия

Саңырауқұлақ

Өсімдіктер

Жануарлар

4. Жұптық жұмыс

Оқушылар жұбына суреттер таратылып беріледі , оқушылар өздерінің түсініктеріне сүйене отырып тірі организім деңгейлерін ретімен орналастырады.

(Дұрыс Жауап)

Тірі организімдердің негізгі қасиеттері

 

Химиялық құрамы біркелкі

Зат және энергия алмасу

Көбеюі

Өсуімен дамуы

тітіркендіргіштігі

Тұқым қуалаушылығы

Тірі организімдердің химиялық құрлымының біркелкі болуы

Тірі ағыза құрамында табиғатта кездесетін 70 тен астам химиялық элементтер болады. Тірі организімдер құрамындағы органикалық қосылыстардың өздеріне тән ерекшеліктері болады. Олар тірі организімде белгілі бір қызымет атқарады. Мысалы белок , нуклеин қышқылы .

Тірі организімдегі зат және энергия алмасуы .

Қоршаған ортамен тірі организім арасында үнемі заттармен энергия алмасу жүреді . Зат алмасу кезінде организімдер өздеріне қажетті қоректік заттарды сіңіріп тіршілік әрекеттерінен пайда болған ыдырау өнімдерін сыртқа шығарады.

Тірі ағзамен қоршаған орта арасында үнемі зат алмасу жүреді

Ағза

Қоршаған орта

Тірі организімдердің көбеюі

Тірі организімдер көбею арқылы ұрпақ қалдырып өз тіршілігін үнемі жалғастырып отырады.

Тірі организімдердің өсуімен дамуы

Тірі организімдерге тән қасиеттердің бірі – олардың өсуімен дамуы , организімдер өскен кезде жасушалар санының артуынан жеке мүшелері ұлғаяды да жас даралар бірте бірте ересектеріне айналады.

Тірі организімдердің тұқым қуалаушылығы

Тұқым қуалаушылық арқылы тірі организімдер өздерінің белгілерін , қасиеттерін және ерекшеліктерін ұрпақтарына береді.

Кез келген тірі организім сыртқы орта жағдайымен және басқада организіммен өзара тығыз байланыста болады. Қоршаған ортаның әртүрлі жағдайларына жауап береді.

Тірі организімдердің тіршілік деңгейлері

Табиғаттағы барлық тірі организімдер бір-біріне ұқсас біркелкі құрлымдық деңгейлерден тұрады . Бұл тірі ағзалардың барлғына тән заңдылық болып саналады.

Молекулалалық генетикалық деңгей .

Бұл тіршілікке тән ең бастапқы қарапайым деңгей.кез келген тірі организім қарапайым немесе күрделігіне қарамай оның бәріде біркелкі молекулалық қосылыстардан тұрады.

Жасушалық деңгей – жер бетіндегі тірі организімдердің көпшілігінің құрлымдық және қызыметтік бірлігі жасушадан тұрады. Жасушаның құрамындағы органоидтердің өзіндік қызыметі болады.

Ұлпалық деңгей - Шығу тегі , құрлысы және атқаратын қызыметі бірдей жасушалар мен жасуша аралық заттар жиынтығы.

Мүшелік деңгей – көп жасушалы организімдерде шығу тегі құрлысы және атқаратын қызыметі біркелкі ұлпалар жиынтығы

Организімдік деңгей - организімдегі мүшелер жүйесі бірігіп қызымет атқара отырып тұтас бір организімді құрайды. Бір жасушалы және көп жасушалы организім бар болып саналады.

Популяциялық түрлік деңгей – бір түрге жататын әр түрлі бір табиғыи орта жағдайында , белгілі бір аймақта таралған даралар жиынтығы.

Биосфералық деңгей - Жер шарындағы барлық тірі организімдермен олардың тіршілік ететін жалпы табиғи рта жағдайлары.

Сабақты бекіту тапсырмалары

Тапсырма 1 Жеке жұмыс

Төмендегі берілген сөйлемді оқып тірі организім қасиетіне сәйкес келетін келмейтінін анықтаңыз.

1) Тек адамдар ғана жасушадан тұрады.

2) Барлық тірі организімдер өзінен кейін өзі тектес ұрпақ қалдырады.

3) Өсімдіктерде зат алмасу жүрмейді .

Өсімдіктер сыртқы тітіркендіргішке жауап бермейді

Барлық тірі организімдердің құрамында кездесетін химиялық элементтер ұқсас болады.

і



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу