Жер туралы жалпы мағлұматтар. Жаратылыстану, 5 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
«Бекітілді»: ...........................
Гуманитарлык пәндер ӘБ жетекшісі
Бөлім: 2. Ғалам. Жер. Адам | Мектеп: Шымкент қаласы химия - биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Жаманқұлова А.Ж. Жунисова М.Е Утебаев Н.Б | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 5 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | 2.2. Жер туралы жалпы мағлұматтар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 5.2.2.1 Жер ғаламшарының пайда болуын түсіндіреді 5.2.2.2 Жердің құрылысы мен құрамын атайды | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар ғаламтор мәліметтерін және мәтіндерді пайдалана отырып, Жер ғаламшарының пайда болуы туралы гипотезаны талдап, сипаттама жасайды. Жер ғаламшарының пайда болуы туралы өз болжамдарын айтады Жердің құрылысы мен құрамына сипаттама жасайды. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Жер ғаламшарының пайда болуы туралы гипотезаларды біледі. Жер ғаламшарының пайда болуы туралы гипотезаларды сипаттай біледі Жер ғаламшарының пайда болуы туралы өз ойын айта алады Жердің құрылысы мен құрамына сипаттама жасай алады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: ауызша немесе жазбаша Жер ғаламшарының пайда болуын түсіндіреді; Пәндік лексика мен терминология: гипотеза, жер. метаморфты, магмалық тау жыныстары, жер қыртысы, мантия, ядро. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Жер, ғаламшар ретінде ………………….. қалыптасты Жердің ішкі құрылысы ………….…тұрады. Менің ойымшы .......................... өзгереді Менің ойынша ................................. әсер етеді | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Жаһандық азаматтық: Жер ғаламшарының пайда болуы туралы гипотезаны түсіндіргенде қозғалады. Құндылықтарды дарыту: топтық, жұптық жұмыстарды жүргізу барысында оқушылар бір - біріне құрмет көрсету, бір –бірінен үйрену арқылы жүзеге асырылады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниежүзі тарихынан ежелгі өркениетті оқығандарын байланыстыруға болады, дүниетану ғылымы мен математикалық логикаларды еске түсіру арқылы пәнаралық байланыс жүзеге асады, Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тіліндегі мәтіндерімен байланысады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | АКТ дағдыларын дамыту өздеріне қажетті ақпараттарды іздеп табуда ғаламторды қолдануда және карталар мен презентация қолдану барысында жүзеге асады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | бастауыш сыныптағы «Дүниетану» ғылымынан алған білім, зерттеу түрлері тақырыбынан алған білімдер. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
кезеңдер | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-3 мин |
психологиялық ынтымақтастық атмосферасын құру оқушылар бір –біріне жақсы тілектер айтады.
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
4-6 7-13 14-22 23-27 28-33 33-39 39-40 40-45 46-49 50-70 71-73 | Өткен сабақты еске түсіру үшін блиц-турнир
Жаңа тақырыпқа келу: «Қалай ойлайсыңдар, Жерді құдай жаратты ма, әлде….? Жауаптарыңды дәлелдер келтіре отырып жауап беріңдер» Оқушылар әртүрлі жауап береді, Мұғалім: Ия Жердің пайда болуы туралы бастапқы кезде де әртүрлі пікірлер болған, енді оқушылар мына бейнебаянға назар аударайық https://www.youtube.com/watch?v=cAtdk9vZtP4 ( стикерлер көмегімен сыныпты группаға бөлеміз:
Ал енді біз сыныпта ғылыми конференция өткізейік. Әр ғалымның ізбасарлары өз гипотезаларын айтсын. (алдымен топтарға мәтін таратылып беріледі) ( Топтар өз гипотезаларын қорғайды) Мұғалім.Балалар, байқасаңдар, барлық ғалымдардың өз көзқарастары бар, ортақ бір пікір жоқ. Дегенмен, барлығы планета алғашында суық бұлттан пайда болған, кейінен жылынған деген пікірге келіп тоғысатын сияқты. «Доп» бекіту ойыны Оқушылар екіге бөлініп сыныптың ортасына тұрады. Допты бір- біріне лақтырғанда ғалымның атын айтады, допты ұстаған оқушы оның еңбегін баяндайды. Осылай ары қарай жалғасып кете береді. Тапсырма1. Топтық жұмыс Әртүрлі ғалымдардың еңбектерін мултимедиялық ойын бойынша анықтайды : http://learningapps.org/119268 Бағалау: Оқушылар дескриптор бойынша мұғалім бағалайды
Тапсырма 2. Жеке жұмыс «Жердің шығу тарихы» кестесін толтыру
Бағалау: Оқушылар дескриптор бойынша бағаланады
Мұғалім Жердің құрылысы мен құрамы туралы түсіндіреді. Видео https://www.youtube.com/watch?v=VGjBpUobsCc https://www.youtube.com/watch?v=Tl1qbh8B4dA (Демонстрация ) Мұғалім оқушыларға суреттер көрсетеді.немесе эксперимент жасатуға болады. Эксперимент мақсаты: Жердің құрамының біркелкі емес екендігін және қозғалысын көрсету. Процесс:- Екі жұмыртқа аламыз, бірі піскен, бірі шикі, екеуінің сыртына 1-2 деп белгі қоямыз. Сөйтіп үстел үстіне қойып, оларды айналдырамыз. . Қорытынды: піскен жұмыртқа жеңіл айналады және бірнеше секунд айналып тұрады, ал шикі жұмыртқа нашар айналады, тоқтап қалады. Неліктен? Оқушылар мұғалімнің көмегімен қорытынды айтуы керек. Піскен жұмыртқаның іші біртекті қатты болғандықтан оңай, тез айналады, ал шикі жұмыртқаның іші сұйық болғандықтан, қабығымен бірге айналмайды, іші жай айналады. Жер планетасының да ішкі бөлігі қоймалжың, сұйық болғандықтан жер қыртысымен бірдей айналмайды. Тура осы шикі жұмыртқа сияқты процесс жүреді. Тек біз Жердің айналғандағы қозғалысын онша байқамаймыз, себебі біз ауырлық күшінің әсерінен Жерге жабысып тұрмыз және Жермен бірге айналамыз. Тапсырма 3. Топтық жұмыс Әр топқа піскен жұмыртқа береміз. Осы арқылы оқушылар Жердің ішкі құрылысын көрсетуі керек. Пластилин немесе қағаздың көмегімен Жердің моделін жасайды және ішкі құрылысының әр бөлігін түсіндіреді. Бағалау: Оқушылар дескриптор бойынша бағаланады
| презентация Флипчарт, Таратпа материалдар http://learningapps.org/119268 презентация https://www.youtube.com/watch?v=VGjBpUobsCc https://www.youtube.com/watch?v=Tl1qbh8B4dA Піскен және шикі жұмыртқа, маркер Піскен жұмыртқа Пластилин, түрлі- түсті қағаздар, қайшы, желім | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 74-78 79-80 | Сабақтың қорытындысы: Оқушылардың өзін –өзі бағалауын ұйымдастыра отырып, кері байланыс жасаймыз. — Сабақ сіздерге ұнады ма? — Сіздер үшін қиын болған не? — Сабақта не ұнады? Оқушылар өз ойларын айтады. Үй тапсырмасы: «Жер өмірбаяны» тақырыбында эссе жазып келу | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қабілеті жоғары оқушыларға. Қосымша тапсырмалар беруге болады. | Бағалау критерийлері арқылы бағалау; Өзін-өзі бағалау; Өзара топтық бағалау | Техникалық қауіпсіздік ережелерін ғаламтормен жұмыс жасағанда тоқ көзін дұрыс қолдануда сақ болу. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?