Жауын-шашынға не жатады? Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 4

Бөлім: Заттар және олардың қасиеттері. Ауа мен су.

Мектеп:

Мұғалім:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні

Тақырыбы

Жауын-шашынға не жатады?

Оқу мақсаты

4.3.3.2 атмосферада жауын-шашын түзілу процесін сипаттау;

4.1.2.2 алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну.

Сабақтың мақсаты

Жауын-шашынның түрлерімен танысады;

Жауын-шашынның кейбір түрлерінің түзілу жолын сипаттайды.

Бағалау критерийі

Жауын-шашын түрлерін атайды;

Жауын-шашынның түзілу жолдарын түсіндіреді.

Тілдік мақсат

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Қар, жаңбыр, шық, бұршақ, қырау, қылау.

Құндылықтар

Құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, қазақ тілі

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылыммен жұмыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Табиғаттағы су айналымы туралы біледі.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Кіріспе тапсырма. Жедел жауап

  • Күн райы деген не?
  • Су айналымы деген не?
  • Су айналымында су қандай күйлерде кездеседі?

Мысал келтіруді ұсыну

Сабақтың ортасы

Жауын-шашын түрлері. Оқушыларды бес топқа біріктіру. Жауын-шашын туралы әңгіме жүргізу. Олар су айналымына қатысатын жауын-шашын деген не және ол қандай болады деген сұраққа дұрыс жауап іздейді. Әр топқа жауын-шашын түрлері бейнеленген үлестірмелі парақшалар тарату:

1-топқа қар,

2-топқа жаңбыр,

3-топқа қырау,

4-топқа шық,

5-топқа бұршақ

Суреттер және осы жауын-шашын сипаттамасын тарату. Оқушылар берілген сипаттамаларды оқып, оның жауын-шашынның қай түріне жататынын табады және суретімен сәйкестендіре алады.

 Зерттеу жұмысы.

 Жауын-шашын қалай жауады? Топтарға біріктіру.

 Жауын-шашынның қалай жауатынын анықтайды. Зерттеу нәтижесін тіркейтін парақтар мен маркерлер және қажетті ресурстарды тарату. Қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескерту. Ыстық суды банкаға мұғалім құйып береді. Немесе балалардың барлығы көріп бақылай алатын жерде қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, эксперимент жасап көрсету.

 Зерттеу жүргізу нұсқаулығымен таныстыру

 • Банкаға шәйнектен ыстық су құйғанда не болғанын бақылау. Нәтижесін тіркеу.

 • Ыстық судың үстіне целлофанға салынған мұз текшелерін қойғанда не байқалғанын бақылау. Нәтижесін тіркеу.

 • Біраз уақыттан соң банканың қабырғасында және темір қақпақта қандай өзгеріс байқалғанын бақылау. Нәтижесін тіркеу.

 • Банканың қабырғасы мен темір қақпақтағы су тамшыларының банкадағы суға тамшылап қосылып жатқанын бақылау. Нәтижесін тіркеу.

 • Қорытынды жасау.

 Зерттеу нәтижесінде табиғатта жауын-шашын үдерісі қалай жүзеге асатынын анықтап, қорытындылайды.

Зерттеу жұмысын қандай әдістер қолдану арқылы жүргіздіңдер?

Қай жұмыс түрі бақылау болды, қайсысы эксперимент болды,

Қай кезде қай әдіс тиімді болды.

Зерттеу нәтижесін өздері таңдаған формада ұсыну.

Неліктен әр түрлі?

Жауын-шашынның түзілу жолы бірдей болса, онда неге кейде қар, кейде жаңбыр түрінде жауады?

Бұл сұраққа жауап беру үшін кластерді аяқтау.

Мәтінмен жұмыс.

Мақсаты:тақырыпты аралық бекіту.

  • Мәтінді оқу.
  • Білімдерін бекіту, кері байланыс жасау.

Ойлан.

Шөлде жауын бола ма? сұрағы бойынша талдау. Оқушылардың пікірін тыңдау.

Шөлде жаңбыр жауады, бірақ күн ыстық болғандықтан, жаңбыр тамшылары жерге жетпей-ақ ыстық ауа әсерінен буланып кетуі мүмкін.

Сен білесің бе?

Жер бетіне түсетін жауын-шашын мөлшерін арнайы құралмен өлшейді.

Өзіндік жұмыс.

56-жұмыс парағы. Жауын-шашынның түрлері.

Анықтама жаз. Оқушылар қосымша ақпарат көздерін пайдалана отырып, жауын-шашынның түрлерін анықтау және оның анықтамасын беру.

Болжалды жауабы

Жаңбыр – жер бетіне сұйық кұйде түсетін жауын-шашын.

Қар – түрлі ұлпа пішінді мұз қиыршықтары түрінде түсетін жауын-шашын.

Бұршақ – ірілі-ұсақты түйіршік мұз түрінде жауатын жауын-шашын.

Шық – көбіне ауадан бөлініп, шөптерге, жапырақтарға тұрып қалатын су тамшылары.

Қырау – шөпке, түрлі заттарға тұрып қалатын ақ ұлпа мұз қиыршықтары қабаты.

Кестені толтыр. Жауын-шашын түрлерінің қандай күн райында және жылдың қай мезгілінде түсетінін анықтау, білімдерін бекіту.

  • Жауын-шашынның түрлері
  • Қандай ауа-райында түседі?
  • Жылдың қай мезгілінде түседі?

Жаңбыр-Бұлтты және ашық қүндері-Барлық жыл мезгілінде;

Қар-Бұлтты және ашық күндері-Күз, қыс, көктем мезгілінде;

Бұршақ-Бұлтты және ашық қүндері-Жазда мезгілінде;

Қырау-Ашық күндері-Күз, қыс мезгілінде;

Шық-Ашық күндері-Жазда мезгілінде.

57-жұмыс парағы. Жауын-шашынның жыл мезгіліне байланысты өзгеруі.

Сызбаны толықтыр. Оқушылар жауын-шашын түрлерін және олардың қандай күйде болатынын анықтау.

Жауын-шашын: сұйық және қатты.

Сұйық жауын-шашын түрлері: жаңбыр, шық.

Қатты жауын-шашын түрлері: бұршақ, қырау, қар.

Не және қашан? Жауын-шашын түрлерін жыл мезгілдеріне байланысты анықтап, сәйкестендіріп жазу.

Жылы кездегі жауын-шашын: бұршақ, шық, жаңбыр.

Суық кездегі жауын-шашын: қар, қырау.

ҚБ. Мұғалімнің жазбаша кері байланысы.

Жауын-шашын түрлері бейнеленген суреттер

 

 

 

Целлофанға салынған мұз текшелері, 1 л банка, темір қақпақ, қайнаған ыстық су

Ватман қағазы, маркер

Жұмыс парағы

Сабақтың соңы

Рефлексиялық кезең.

Есте сақта!

Бұлттан жер бетіне түсетін сұйық немесе қатты күйдегі ылғалды жауын-шашын деп атайды.

Кері байланыс

ҚБ мұғалімнің кері байланысы

Кері байланыс түрлі түсті парақшалары

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сұрақ қою барысында саралау

Тапсырмалар бойынша саралау:

Қалыптастырушы бағалау құралдары:

-мұғалімнің ауызша кері байланысы (мадақтау, қолдау сөздер айту);

- өзін өзі бағалау;

- мұғалімнің жазбаша кері байланысы;

-оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізу;

-оқушылардың жазбаша кері байланысы

- Әрекеттерді жиі ауыстыру;

- қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе, себебі неде?

Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме?

Саралау бойынша жұмыс дұрыс жүргізілді ме?

Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Жоспардан ауытқу орын алды ма? Неліктен?

Қорытындылау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу