Қатты, сұйық және газ тәрізді заттар. Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

  • Пән: Жаратылыстану
  • Сынып: 3-сынып
  • Тарау: Заттар және олардың қасиеттері. Ауа мен су.
  • Мектеп:
  • Модератор: Данабаева М.А.
  • Қатысқандар саны:
  • Қатыспаған оқушылар:
  • Күні:

  • Тақырыбы:

Қатты, сұйық және газ тәрізді заттар

Оқу мақсаты:

3.3.1.1 заттарды шығу тегі және агрегаттық күйі бойынша жіктеу;

3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау.

 Сабақтың

 мақсаты:

Заттардың шығу тегін жіктей алады.

 Бағалау критерийі

Заттардың шығу тегін біледі;

Заттарды агрегаттық күйі бойынша жіктейді;

Ақпарат көздерінің түрлерін анықтайды.

Тілдік мақсат

Заттардың агрегаттық күйін сипаттай алады.

Пәндік терминология мен тірек сөздер: Сұйық, қатты, газ тәрізді.

 Құндылықтар

Оқушыларды өзара құрмет көрсетуге, бір біріне түсіністікпен қарауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, математика.

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылыммен жұмыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Заттардың шығу тегі туралы, жасанды және табиғи заттарды біледі.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 минут

4 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа қызығушылықты ояту мақсатында төмендегі өлең жолдарын айту. Бір-біріне жақсы сөздер, тілек айту.

Біз бақытты баламыз,Ойнап күліп аламыз,Жетілсін деп санамыз,Оқып білім аламыз!

Сұрақтар:

  • Оқу не үшін қажет?
  • Білімді болу үшін не істеу керек?

Не ортақ?

Мақсаты: Заттардың әртүрлі күйде болуын еске түсіру. Оқулықта берілген суреттерге мұқият қарап, оларды салыстырады. Айырмашылығын анықтайды.

Тапсырманы орындау барысында суреттердің арасында қандай байланыс барын анықтайды.

Қорытынды шығару: заттардың үш күйде болатынын анықтау, қатты, сұйық, газ тәрізді ұғымдарын еске түсіру.

Кесте толтыру.

Өзен

Мұз түйіршіктері

Қайнап тұрған шәйнек

Ұқсастығы Айырмашылығы

ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Слайд №1

Өзен, мұз түйіршіктері, қайнап тұрған шәйнектің суреттері

Оқулықпен жұмыс

Слайд №2,3

Сабақтың ортасы

5 минут

6 минут

3 минут

1 минут

4 минут

1 минут

3 минут

6 минут

Заттың күйлері.

Мақсаты: Заттарды белгілі бір күйлеріне байланысты топтастыру.

Оқушылар оқулықтағы суреттерге мұқият қарап, оларды белгілі бір белгілеріне қарай топтастырады. Өз жауаптарын дәлелдейді, сыныптастарының жауаптарымен салыстырады.

Жетекші сұрақтар арқылы қатты заттарды, сұйық заттарды, газ тәрізді заттарды ажыратады.

Сұрақтар:

Қатты заттар қандай болады? Мысал келтір.

Сұйық заттардың ерекшеліктері қандай? Мысал келтір.

Неліктен газ тәрізді деп атаймыз? Ойыңмен бөліс.

ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Зерттеу жұмысы.

Мақсаты. Заттардың газ тәрізді болуын, сұйықтық ретінде болуын және қатты болуын анықтайды.

Тапсырма жұптасып орындалады.

Ресурстарды тарату: шарлар, шөлмек тығыны, стақан, шыны аяқ, кесе (немесе кез келген бірдей көлемдегі үш түтік), су, бір реттік қолданылатын инесіз шприц, заттардың үш агрегаттық күйі туралы бейнеүзінді.

Зерттеу барысы.

  • Оқушылар шарды үрлейді. Газ шарды толығымен не жартылай толтырғаны туралы қорытынды жасайды. Шприцке шардың газын тартады немесе жай ғана ауамен толтырады. Ине кіргізетін саңылауды саусақпен жауып тұрып, шприцтің поршенін итереді. Газдың тартылғандығы не тартылмағандығы туралы қорытынды шығарады.
  • Стақаннан шыны аяққа және кесеге су құяды.Сұйықтың пішінінде өзгеріс болған немесе болмағанына тұжырым жасайды. Шприцті сумен толтырып, ине тұратын саңылауын жауып тұрып, шприцтің поршенін итереді. Сұйықтық тартылғандығын не тартылмағандығын анықтайды. Шөлмектің тығынын алып, алдымен стақанға, одан кейін шыны аяққа, содан соң кесеге салады.
  • Қатты дененің пішінінде қандай өзгеріс болатынын тұжырымдайды. Тығынды қысып көреді. Қатты дененің қысылғанын немесе қысылмағанын анықтайды. Нәтижелерін зерттеуші күнделігіне жазып қояды.

Саралау.

Ынтасы жоғары оқушылар жұбына заттардың қатты, сұйық және газ тәрізді болу ерекшелігі туралы ой қорыту ұсынылады.

Зерттеу жұмысын қорытындылау: Заттардың газ тәрізді болуын, сұйықтық ретінде болуын және қатты болуын анықтай келе олардың пішіндерінің өзгеруі туралы ой қорыту.

«Мен зерттеушімін» бөлімін жүзеге асыру.

  • Зерттеу жұмысы барысында қандай дереккөздер пайдаландыңдар?
  • Қай ақпарат көзі пайдаланған тиімді болды?

ҚБ Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы

Ойлан.

Мақсаты: Кез келген заттың үш күйде де бола алуын анықтау. Денелердің барлығы бірдей бір күйден басқа күйге ауыса алмайтындығын түсіну.

Жетекші сұрақтар арқылы бір заттың қалай бір күйден екінші күйге ауысқаны туралы ой қозғайды. Қорытынды жасайды.

Егер мұз түйіршіктерін қолға ұстаса, не болады?

Егер ыдысқа су құйып, оны отқа қойса не болады?

Темірді қыздырғанда не болады деп ойлайсыңдар?

Барлық денелер бір күйден екінші күйге ауыса алады ма, қалай ойлайсыңдар?

Ағашты қыздырса, не болады?

ҚБ Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы

Заттардың өзгеруі.

Мақсаты: Заттардың өзгеруін анықтау, олардың өзгеріске ұшыраған күйлерін сипаттау.

Оқулықта берілген суреттер бойынша бірнеше сұрақтарға жауап беру. Жетекші сұрақтар:

- Шыныда қандай зат бар?

- Қант түйірлерін қандай?

- Қантты шайға салып, толық ерігенше араластырса не болады?

- Шайға қантты салса түсі өзгереді ме?

- Қант неге жоқ болып кетті?

Оқулықтағы екінші сурет бойынша сұйық күйдегі жаңа сауылған сүт және ашыған сүт, қатты күйдегі құрт туралы ой бөлісіп, қорытындылау.

Сергіту сәті. Бейнежазба әуенімен қимылдау.

Сен білесің бе? Оқушыларға Жер бетіндегі су үнемі қозғалыста болатынын және күйін ауыстыратыны туралы әңгімелеп беру.

Жеке жұмысқа дәптермен жұмыс ұсынылады.

47-жұмыс парағы. «Заттың күйлері», 49-б.

Үш күй. Заттардың атауын оқып, кестенің сәйкес бағанына орналастырады.

Бағалау. Дескриптор:

Оқушылар:

  • Қатты денелерді ажыратады;
  • Сұйық денені ажыратады;
  • Газ тәріздіні ажыратады.

48-жұмыс парағы. «Қатты, сұйық және газ тәрізді заттар», 50-б.

Сәйкестігін тап. Оқушылар су күйінің атауын, оның қасиетін және сәйкес суретін сәйкестендіреді.

Бағалау. Дескриптор:

Оқушылар:

  • Берілген сөздер мен суреттерді сәйкестендіреді.

ҚБ Мұғалімнің жазбаша қалыптастырушы бағалауы

Оқулықпен жұмыс

Слайд №4,5,6

 Шарлар, шөлмек тығыны, стақан, шыны аяқ, кесе (немесе кез келген бірдей көлемдегі үш түтік), су, бір реттік қолданылатын инесіз шприц

Зерттеушінің күнделігі

Кесте

Оқулықпен жұмыс

Оқулықпен жұмыс

https://www.youtube.com/watch?v=fY0N407XXj0&list=PLyv3wPdSdAyAnTf__b3HqZSNEQ7O4GRNX

Дәптермен жұмыс

Слайд №7,8

Сабақтың соңы

2 минут

Кері байланыс. Оқушылар кері байланысқа стикерлерді тиісті орынға жабыстырады.

Тазалық тақтасы

Слайд №9

Қосымша ақпарат

Саралауоқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру. Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру.

Сабақ барысында

-мадақтау, қолдау сөздер айту арқылы бағалау.

-оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау.

Сергіту жаттығуларын орындағанда, тақтаның алдында топтық жұмыс жасаған кезде оқушылар сынып ішінде жүргенде қауіпсіздік ережелерін сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу