Қатты, сұйық және газ тәрізді заттар. Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Жаратылыстану Сынып: 3 Заттар және олардың қасиеттері . Заттардың типтері | Мектеп: Модератор: Увалиева А.К Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар: | |||||||||||||
Күні: | ||||||||||||||
Тақырыбы: | Қатты, сұйық және газ тәрізді заттар | |||||||||||||
Оқу мақсаты: | 3.3.1.1 заттарды шығу тегі және агрегаттық күйі бойынша жіктеу; 3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау; | |||||||||||||
Сабақтың мақсаты: | Оқушылар: бір заттың алуан түрлі болатынына көз жеткізеді; заттың үш күйімен танысады. | |||||||||||||
Бағалау критерийі | Заттардың бір күйден екінші күйге алмасатынына көз жеткізеді; Заттардың өзгергендегі күйіне, пішініне, көлеміне сипаттама береді. | |||||||||||||
Тілдік мақсат |
| |||||||||||||
Құндылықтар | Бізді қоршаған әлемді сақтау | |||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Әдебиеттік оқу | |||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | презентация | |||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Барлық нысан дене деп аталатынын, дене заттан құралатынын біледі. | |||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||
Сабақтың басы
| Ұйымдастыру Өткен сабақ бойынша жұмыс. «Жоқ сөздерді толықтыр» Денелер. Заттар Кез-келген бұйым, кез-келген жанды организмдер _________ деп аталады. Ағаш, үй, машина, құс, қар ұшқыны, тұз - денелер. Дене __________________ тұрады. Денелер ___________ және _______________ болып бөлінеді. Табиғи денелер ________ және _______ болып бөлінеді. Олар: қарлығаш,қасқыр,бұлт т.б. Адам қолымен жасалған бұйымдар ____________ денелерге жатады. Мысалы: телефон,теледидар,кітап, шкаф,орындық т.б. | Жеке жұмыс парағы | ||||||||||||
Сабақтың ортасы
| Жұмбақ жасыру. Жылт-жылт етеді, Жылғадан өтеді. Ол не? (Су)
Суреттермен жұмыс.
Зертте. Жұптық жұмыс. Бір оқушы денелермен жұмыс жасайды, екінші оқушы жазба жұмысымен айналысады. 1. Шар үрлеу. Шардың іші немен толғаны туралы жазу. 2. Инесіз шприцке шардың газын тарту немесе жай ғана ауаны сору. Ине кіргізетін саңылауды саусақпен жауып тұрып, шприцтің поршенін итеру. Өзгерісті жазу. 3. Стақаннан шыны аяққа, сосын кесеге су құю. Сұйықтың пішінінде өзгеріс болған немесе болмағанына тұжырым жасау. 4. Шприцті сумен толтырып, ине тұратын саңылауын жауып тұрып, шприцтің поршенін итереді. Қорытындысын жазу 5. Темір шегені стақанға, одан кейін шыны аяққа, содан соң кесеге салады. Қатты дененің пішінінде қандай өзгеріс болатынын тұжырымдайды. Шегені қысып көру. Қатты дене қысыла ма, жоқ па, қорытынды жасау.
Заттардың өзгеруі. Шыны аяқтағы шайды көрсету.
Қант түйірлерін көрсету.
Қантты шайға салып, толық ерігенше араластыру. - Енді не өзгерді? - Шайдың түсі өзгере ме? -Шайдың дәмі ше? -Қант қалай өзгерді? Оқулықтағы сұйық сүттің қатты құртқа айналу үдерісі жайлы әңгімелесу.
Сен білесің бе? Оқушыларға Жер бетіндегі су үнемі қозғалыста болатынын және күйін ауыстыратынын айту. Бағалауға арналған тапсырма. 1. ..........- дене деп аталады. А) Кез- келген заттың сұйық күйі В) Кез-келген қатты дене атомдары С) Кез-келген заттың газ түріндегі түрі D) Кез –келген бұйым, кез-келген тіршілік иесі 2. Табиғаттағы денелер ... болып екіге бөлінеді. А) табиғи және жасанды В) газды және сұйық С) жасанды және қатты D) табиғи және газды 3. Жасанды дене ол-.... А) күн В) ағаш С) әйнек D) су 4. Қатты, сұйық, газ- олар ... А) табиғи дене түрлері В) жасанды дене түрлері С) дененің түрлері D) заттың күйлері 5. Ағаштан жасалған текше-ол ..... А) жасанды дене В) табиғи дене С) дене бола алмайды D) зат бола алады 6. .... заттардан тұрады. А) Денелер В) Сұйықтар С) Газдар D) Атомдар Қосымша тапсырма. Жұмыс дәптері: 47, 48-жұмыс парағы (49, 50 б.) | жұмбақ суреттер Шар, инесіз шприц, стақан, шыны аяқ, кесе, шеге кесте | ||||||||||||
Сабақтың соңы | Рефлексия
| |||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||
Ойлан! Кез келген зат үш күйде де бола ала ма? сұрағына ақпарат іздестіру. | Жұптық зерттеу жұмысын, жеке жұмысты бағалау | Зерттеу тапсырмасымен айналысқанда қауіпсіздік ережелерін сақтау |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?