Табиғи су көздері. Жаратылыстану, 2 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім. Заттар мен олардың қасиеттері. Су Күні: | Мектеп: Талдықорған қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні : Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Табиғи су көздері | |||||
Осысабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтемеу) | 2.3.3.3 - судың табиғи көздерін анықтау 2.1.2.1 - «ақпарат көзі» ұғымын және оның зерттеу жүргізудегі маңызын түсіндіру; | |||||
Сабақ мақсаттары | Судың табиғи көздерін анықтай,картамен жұмыс жасауды үйрету.Туған жер табиғатын қорғауға тәрбиелеу | |||||
Бағалау критерилері | Табиғи су көздерін атайды | |||||
Тілдік мақсаттар | мұзға айналу, су қоймалары,жер асты сулары | |||||
Құндылықтарды дарыту | Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік | |||||
Пәнаралық байланыстар | АКТ, | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Оқушылар суды өзге заттардан ажырата біледі, судың ерекшеліктерін атайды, оның маңызын түсінеді. Өздерінің тәжірибесін пайдалана отырып, суды қалай, қайда қолданатынын айтып бере алады. | |||||
Сабақбарысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы | I.Ұйымдастыру бөлімі Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық дайындық.(Ұ) Күндей жадырап,Айдай арайлап,Жұлдыздай жарқырап,Судай мөлдір,таза көңілменБүгінгі сабақты бастаймыз!. “Қызығушылықты ояту” Оқушыларға судың дыбысын тыңдату. -Бұл ненің дыбысы? -Су дегеніміз не? -Қалай ойлайсыңдар, сабақта не жайлы сөйлесеміз? -Сабақтың соңында қандай жетістіктерге жетеміз деп ойлайсыңдар? Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. Табиғи су көздерін анықтаймыз | Презентация | ||||
Сабақ ортасы | (Ұ) Оқушыларға табиғаттағы су көздері туралы Power Point таныстырылымын немесе бейне фильм көрсету, олар оқушыларға табиғаттағы су көздерімен танысуға мүмкіндік береді. Судың табиғи көздері Бұлақ өзен мұхит теңіз құдық көл мұздық (Т) Табиғаттағы су көздері жер үсті және жер асты болатыны туралы ойлану және пікірлерін айтуды ұсыну. (Ж) Оқушыларға кестені толтыруды ұсыныңыз. Табиғаттағы су көздерін кестеге толтырады. (Қ) Табиғатта су тұзды, тұщы, мұздықтар және газ түрінде кездесетінін түсінеді. Су —бұл шексіз теңіздер мен мұхиттар, өзендер және мөлдір көлдер. Дегенмен су тек қана көре алатын, ыстық күндері сүңгіп кететін су айдындарында ғана болмайды. Судың көлемді бөлігі адам көзінен тыс жер астында жасырынған. Бұндай су айдындары жер асты сулары деп аталады. Табиғаттағы су айналымы — жер шарындағы судың күннің әсерінен үздіксіз айналу процесі. Су жер шарындағы мұхиттар мен құрлықтардың бетінен буланады. Су булары ауа ағындарымен жоғары көтеріледі де, қоюланып тамшыға айналады. атмосфералық жауын-шашын түрінде мұхитқа қайта оралса, Су айналымына өсімдіктер де қатысады. Олар құрлыққа жауған жауынның (ылғалды) бойына сіңіріп, қайта буландырады. Алайда адамзат күн сайын ормандарды кесіп жатыр. Үлкен аумақтардағы ормандарды кесу өзендердің су ағынын арттырады. Су айналымының маңызы өте зор. Айналым жер бетінен шексіз көрінетін су қорымен қамтамасыз етеді. Жердегі судың жаңарып отыруына септігін тигізеді. (Т) Картадан Қазақстанның табиғи су көздерін анықтап,атауларын жазу. Қалыптастырушы бағалау
| Суреттер Постер құрастыру Шарлар Балаларға арналған видео «Табиғаттағы су көздері» https://youtu.be/_AwJeHioCdA
Презентация Кесте | ||||
Сабақтың соңы 3 минут |
Қарастырылған мәліметтер бойынша қорытынды жасаңдар.
-Өздерін бағалау Шапалақ арқылы бағалайды. | Шапалақтау арқылы бағалау | ||||
Дифференциация – оқушыларғакөбірекқолдаукөрсетудіқалайжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайтапсырмаларқоюдыжоспарлапотырсыз? | Бағалау – оқушылардыңматериалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Топта жұмыс жасату арқылы дифференциациялау. Қабілеттері әр түрлі оқушыларды топтастырып жұмыс жасату. Топтық жұмыстарды ұйымдастыру үшін қабілеті жоғары оқушыларға күрделі тапсырма беру. | Оқушылардың білімдері бағаланады | Денсаулық сақтау технологиялары. Қолданылған сергіту сәті мен белсенді оқыту әдістері Сабақ барысында қауіпсіздік ережесін сақтау. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру