Жер атмосферасы. Жаратылыстану, 1 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3A бөлім:Ғарыш

Тақырыбы: Жер атмосферасы

Күні:

Сынып: 1 «Б»

Физика-Математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Көкшетау қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Кудайбергенова С.Р

Қатысқандар:20

Қатыспағандар саны:0

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

1.6.1.3 Жердің атмосфера қабаты бар екендігін білу.

Дағдылар

Бақылау

1.1.1.2.Бейнеклиптер мен Жердің ғарыштан түсірілген көріністері мен кітаптар неігізінде Жер туралы сұрақтарға жауап табу.

 Жетістік критерийлері:

 

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді: Жердің ауа қабаты (атмосферасы) бар екенін біледі және түсіндіре алады.

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар: Жер ғаламшарының ерекшеліктері, орналасуы және пішіні туралы айтып беруі.Жер ғаламшары;

Глобус;

шар –сфера;

атмосфера;

Құндылықтарды дарыту

Денсаулық сақтау, денені шынықтыруға баулу.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану,өзін тану,өнер пәнімен байланысты

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар біздің Жер планетасында өмір сүретінімізді білуі тиіс. Сондай-ақ, олар Жер планетасы ғарышта орналасқанын білуі тиіс.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

Жұмбақ жастыру

Көзе ілінбейді,

Жұтсаң білінбейді. Ауа

-Балалар,ауа деген не?

-Ауасыз өмір сүру мүмкін бе?

(балалардың жауаптарын тыңдау)

Сабақтың ортасы

Сурет бойынша жұмыс

Оқушылар жердің үстіңгі қабаты бейнеленген суретке қарап,жанындағы оқушыға өз ойын білдіреді.

«Атмосферада не бар»? деген сұраққа пікірталас ұйымдастыру.

«Зерттейік»айдары

-Балалар,атмосфера жерді қалай қорғайды?ол үшін арнайы тәжірибе жүргізу.

Қант себілген тақтайшамен пластинканың ұзындығы стақанның диаметрінен кіші)стаққаның бетін жауып,суы бар шыны ыдасқа түсіріңіз.Қант құрғақ күйінде қалады.(стақан атмосфераның рөлін атқарады)

-Міне,осылай атмосфера жерді қауіпті заттардан қорғайды.

-атмосфера жерді суықтан,зиянды сәулелерден және ғарыштық тастардан(метеориттерден)қорғайды.

Қосымша деректер

Әр оқушының алдына атмосфераның пайда болуы жөнінде деректі материал таратылады.Балалар оқиды,жұппен,топпен білгендерін ортаға салады.

Ғалымдар атмосфераның бір миллионға жуық жыл бұрын пайда болғанын есептейді.1765 жылы М.Ю Ломоносов Венерада атмосфера қабаты бар екенін ашып,ғылыми терминологияға «Атмосфера»деген түсінікті енгізген.Жер атмосферасы грекше atmos-бу, sphere-шар.Атмосфера деп Жермен бірге айналып және оны қоршап,қорғап тұрған газды қабықшаны атайды.Жерден алыстаған сайын ауаның мөлшері де азайып,бос кеңістік басталады.

Экология туралы бейнесюжет көрсету

«Ойлан!»айдары

Оқушылар «Атмосфера болмаса не болады?»деген сұрағы бойынша өз ойларымен бөліседі.Содан кейін сынып алдында өз пікірін қорғайды

-Балалар,атмосфераны сақтау үшін әр адам не істеу қажет?

-Өзің тұратын өлкең таза болу үшін не істер едің?

«Сен білесің бе!» айдары-Атмосфера таза болуы өсімдіктердің көп болуыны байланысты.Мысалы ауаны ең жақсы тазартатын өсімдіктер ол-күнбағыс және үйеңкі.

Зерттеу жұмыстарына қажетті заттар стақан,тақтайша,қант.су,ыдыс

слайд

Сабақтың соңы

Ақ парақ қағазға атмосфераны бейнелейді.

Сабақтың соңында өз суретін көрсетіп,қорғап шығады

Қосымша ақпарат

Дифференциация

Жергеқатысты сұрақтарға жауап іздеу.

Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай

жоспарлайсыз?

Пәнара

лық байланысДенсау

лық пен қауіпсіздік сақтау шаралары

Қабілеті жоғары балалар «Мен-атмосферамын»тақырыбында шағын шығарма жазады

Топтық жұмыс барысында

Сергіту сәті



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу