Жер атмосферасы. Жаратылыстану, 1 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3A бөлім:Ғарыш

Күні:

Сынып:

Физика-Математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Көкшетау қаласы

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Тақырыбы

Жер атмосферасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

1.6.1.3 Жердің атмосфера қабаты бар екендігін білу.

Дағдылар

Бақылау

1.1.1.2.Бейнеклиптер мен Жердің ғарыштан түсірілген көріністері мен кітаптар неігізінде Жер туралы сұрақтарға жауап табу.

 Жетістік критерийлері:

 

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді:

Жердің ауа қабаты (атмосферасы) бар екенін біледі және түсіндіре алады.

 Тілдікмақсаттар

 

Оқушылар: Жер ғаламшарының ерекшеліктері, орналасуы және пішіні туралы айтып беруі.Жер ғаламшары;

Глобус;

шар –сфера;

атмосфера;

глобус

 Құндылықтардыдарыту

Еңбек және шығармашылық

Пәнаралықбайланыстар

Дүниетану,өзін тану пәнімен байланысты

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар біздің Жер планетасында өмір сүретінімізді білуітиіс. Сондай-ақ, олар Жер планетасы ғарышта орналасқанын білуі тиіс.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ)Ұйымдастыру кезеңі

Терең ғылым сананың,

Тегідөп ой саламын.

Маңызберіпоқимыз,

Ғылымға кіріспе сабағын

(Ұ)Ойын «Не артық?»

Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында ойын өткізіледі:

-Балалар, мына сөздерді оқып, ішінен қай сөз артық екенін анықтаңдар.

Апельсин, мандарин, жер, жаңғақ, қарбыз, анар.

-Не артық болып шықты? /жер/

-Неліктен?

-Бұлардың ұқсастығы бар ма? Қандай?

/барлығы да дөңгелек пішінді/

-Ортақ қасиетін анықтап көріңдерші.

Оқушылар жауап бере алмаған жағдайда, назарын жемістердің қабығына аударамын.

-Балалар, бұл жемістер неліктен тез бүлінбейді?Ішіндегі шырыны неліктен ағып кетпейді?

/балалардың жауаптарын тыңдау/

-Бұл жемістердің оларды зақымданудан сақтайтын сыртқы қабығы бар.Қабық оларды соққыдан, ыстықтан, суықтан қорғайды.Жердің де сыртында оны қорғайтын газдан тұратын атмосферасы бар.

Жеміс-жидектер мен глобустың суреттері.

Сабақтың ортасы

(МК)Жер атмосферасы жайлы бейнежазба көрсету.

Бейнежазбаны талқылау, сұрақтар қою.

-Атмосфера дегеніміз не?

-Ол неден тұрады?

-Атмосфера Жерге не үшін керек?

/оқушылардың жауаптарын тыңдау/

(ОТәж) «Ойлан!Тап!» айдары

Әр топтың алдына глобус және қол шам, қолшатыр, орамал, пакет қойылады.Оқушылар заттар мен құралдарды пайдаланып, атмосфераның жерді күн қыздыруынан қалай қорғайтынын көрсетеді.

Сергіту сәті: Көңілді балақайлар биі.

(МК)Жер атмосферасының қабаты жайлы фото көрсету.

Ғарыштан Жерді түсірген бірнеше фотоларды көрсетіп, оқушылармен әңгімелесу.

(Т) Күннен қорғану – бас киім кию, тері мен көзді қорғау және т.б. туралы ескерту плакаттарын жасау. Қалыптастырушы бағалау - оқушылардың күннен қорғану туралы жақсы ойлары бар ма?

(Ө) Рөлдік ойын

Айға немесе басқа планетаға сапарды жоспарлап, қандай қажетті заттарды алу керек екендігін шешу. -Қандай киім кию керек? -Немен қоректену керек?

(Ө)Қалыптастырушы бағалауға арналған жұмыс

Қалай ойлайсың, атмосфераны қандай заттар көп ластайды?

1-тапсырма:Суреттерді шеңберлермен сәйкестендір: ластайтын заттар көп болған сайын шеңберді үлкейт.

2-тапсырма:Еркін түрде хат жаз.

Мен атмосферамын

(ҚБ)Оқушылардың атмосфераға зиян мен пайда келтіретін заттарды ажырата алуын бағалаймын.

Бейнежазба

Сергіту сәтінің аудиожазбасы

Жер атмосферасының қабаты жайлы фотоматериал

Ойынға қажетті суреттер мен заттар

ҚБ парақтары

Сабақтың соңы

Оқушылар жасаған плакаттарын қорғайды.

«Өз жетістігін бағалау» парағы бойынша өз білімін түсті стикер арқылы бағалайды.

Қосымша ақпарат

Дифференциация –

Тәжірибе жасау барысында және оқушылардың күннен қорғану туралы жақсы ойлары сұраймын.

Жергеқатысты сұрақтарға жауап іздеу.

Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай

жоспарлайсыз?

Суретпен жұмыс істеу барысында

Пәнара

лық байланысДенсау

лық пен қауіпсіздік сақтау шаралары

Сергіту сәті



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу