Жер ғаламшары қандай? Жаратылыстану, 1 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4 бөлім.Ғарыш. Жер. Кеңістік пен уақыт. | Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: НЗМ ФМБ Талдықорған қаласы | |||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шарипова А.А | |||||||
Сынып: 1 | Қатысқандар: | Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Жер ғаламшары қандай? | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Ғарыш. Жер. | |||||||
Сабақ мақсаттары | 1.4.2.3 Жекелеген ғарыштық денелерді атау және сипаттау. 1.4.1.1 Жердің пішінін оның жасанды моделі негізінде анықтау | |||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||
Сөздік қор | Астрономия, ғылым, астроном, жұлдыздар, галактика, шоқжұлдыздар, ғылым ретінде астрономияның даму тарихы | |||||||
Құндылықтарды дарыту | Топтық жұмыс барысында өзара жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтары қалыптасады. Өзара сыйластыққа тәрбиелеу. | |||||||
Мектеп миссиясы мен мектеп пайымдауы және жаһандық азаматтықтың іске асуы | Ғарыштың, ғарыштық денелердің адам үшін маңыздылығына тоқталу. | |||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі (Ғарыш денелерін дұрыс айта біліуі) ,математика(ғарыштық денелердің ара қашықтығы туралы), музыка (Сергіту сәті,әр ғарыш денесі өздігінен шығаратын дыбысын тыңдату) бейнелеу өнері(Ғарышқа саяхат ретінде қағаз бетіне бейнелеу) сабақтарымен байланыс орнайды. | |||||||
АКТ | АКТ – мен байланыс, презентация | |||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Оқушылар алдыңғы сабақта алған білімдеріне сүйенеді. | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы 5 минут | Психологиялық дайындық - ОМ таныстыру (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. Сабақ оқушылардың сабаққа ұйымдастыру мақсатында төмендегі өлең жолын бірлесе айтудан басталады.
Шаттық шеңбері Жарқырап күнде ашылды, Айналаға нұр шашылды. Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз! Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз.! Сабақ мақсаты: ғарыштық денелерді атау және сипаттау; Жерді глобус бойынша сипаттау. |
Ғарышқа байланысты суреттер ,А4 қағазы | ||||||
Сабақ ортасы
30 минут | МК) «Ғарыш әлеміне саяхат» Ғарыш дегеніміз не?Жерді қоршаған бүкіл дүние – Әлем немесе Ғарыш деп аталады. Оны ерте заманнан бастап адамдар зерттей бастаған.Оқушыларға ғарышкерлер жайлы айтып өту ( слайд) Ғарыштың құрамына: жұлдыздық жүйелер: галактикалар, әлемдік шаң - тозаңдар, әлемнің әр түкпірінен таралған сәулелер кіреді. Ғарыш денелерінің арақашықтығын жарықтың жылдамдығымен өлшейді.Өйткені ол – ең үлкен жылдамдық. Жарық секундына 300мың км жылдамдықпен таралады.Күн – қатардағы жұлдыздардың бірі.Күн - жан - жағына жарық сәуле және орасан зор мөлшерде жылу таратады.Бұл болмаса жер бетін қара түнек басар еді.Жердің Әлемдегі орнын былай өрнектеуге болады:Жер шары - Күн жүйесі - Галактика - Галактикалар тобы - Ғарыш, Әлем.Жұлдыз дегеніміз — айналаға жылу мен сәуле шашып тұратын аспан денелері. Аспан әлемінен жай көзбен қарағанның өзінде 3мыңға жуық жұлдызды көруге болады. Ал телескоппен бірнеше миллион жұлдыз көрінеді.Адамдар жұлдызды аспанды жұлдыздар тобы- шоқжұлдыздарға топтастырады. Барлығы 88 шоқжұлдыз бар.Әр шоқжұлдызға атау берілген.Олардың бірі – Жетіқарақшы шоқжұлдызы. Ол шөмішкіге ұқсайды,Үлкен шөміш деп те атайды.Жер – шар тәрізді, шағын ғаламшар. Жердің жалғыз серігі бар, ол –Ай. Жердің кішірейтілген моделі - глобус. Күнді 8 ірі ғаламшар – Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун айналып жүреді.Ғаламшардың пішіні шар тәрізді, ал көлемі әртүрлі, бірақ олардың барлығы Күннен бірнеше есе кіші. Олардың кейбірі көзге жарық жұлдыз болып көрінеді. Ғаламшарлар жарық шығармайды, тек күн сәулесін шағылыстырады.Жер — Күн жүйесіндегі Күннен әрі қарай санағанда үшінші ғаламшар, адамзаттың тіршілік ететін бесігі. Жер эллипстік (дөңгелекке жуық) орбита бойымен жылына Күнді бір рет айналып шығады. Оның табиғи серігі – Ай. Жердің өз осінен айналуы себебінен Жерде күн мен түн ауысса, ал оның осінің орбита жазықтығына көлбеулігі мен Күнді айналуы салдарынан Жерде жыл мезгілдері өзгеріп отырады. Жер құрамына Күн жүйесінде кездесетін барлық химиялық элементтер енеді. Жер ғаламшарында тіршіліктің пайда болуының алғышарттарына — ғаламшардың қажетті мөлшері, энергия және белгілі температуралық жағдайлар жатады. Сергіту сәті «Серпілген сауал» әдісі арқылы топтар бір-біріне тақырыпқа байланысты сұрақтар қояды.Сен қалай ойлайсың, не себептен «Жеті қарақшы» деп айтады?-Күнді қанша ғаламшар айналып жүреді?-Ғаламшар мен жұлдыздың қандай айырмашылығы бар? «Ойлан, жұптас,бөліс» стратегиясы арқылы топқа тапсырма беру:1-топ: «Жұлдыз деген не ?»2-топ: «Күн жүйесінің құрамына нелер кіреді»?3-топ: «Жердің неше серігі бар?»4-топ: «Ғарыштық кеңістігіндегі денелердің арақашықтығы қандай өлшеммен өлшенеді?» «Не артық?» ойыны.Ғарыш, Жұлдыз, Күн, Жер, Ай, Юпитер, Адам Басбармақ арқылы бағалау.
| «Ғарыш балалар үшін» сайты: ғарыштың интерактивті 3Dбейнелерhttp://v-kosmose.com/kosmos-dlya-detei/ бейне роликтермен, фотолармен және суреттермен өрнектеңіз. Күн жүйесінің ғаламшарлары:http://www.cosmos-online.ru/planets-of-the-solar-system.html | ||||||
Сабақтың соңы 5 минут | (ҚБ) Қорытындылау Бүгін не білдік? Жердің кішірейтілген моделі - ......................... . Күн –Жерге ең жақын орналасқан ........................ . Жер серігі - ................ . Күн жүйесінде ………………. планета бар. Кері байланыс. Мен үшін қызықты болғаны Әлі де түсініксіз... Рефлексия.
| |||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға «ойлан тапсырмасы ұсынылады Қабілетті оқушыларға ғарышқа байланысты сурет салуды тапсырамын. | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Топтық жұмыс барысында бақылау, берілген сұрақтарға жауап беру, ауызша,смайликтер, жұлдызшалар арқылы бағалаймын. | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз Оқушыларды достыққа,бірлікке тәрбиелеуді топен, жұппен жұмыс барысында қарастырдым |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?