Қазақ тілі және әдебиеті 1 сынып 7 бөлім Тағам және сусын Біздің кафеде ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
САБАҚ: қазақ тілі 7-бөлім Тағам және сусын. Біздің кафеде | МЕКТЕП: Көкшетау қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||
КҮНІ: | МҰҒАЛІМНІҢ АТЫ-ЖӨНІ: | ||||||
СЫНЫП: | ҚАТЫСҚАНДАР САНЫ: ҚАТЫСПАҒАНДАР САНЫ: | ||||||
ОҚУ МАҚСАТЫ: | 1.3.4.1 мұғалім қолдауымен оқыған/тыңдаған мәтіндердегі ақпаратты сурет,сызба, белгілер қолданып жеткізу 1.3.8.1 жазу жолын,жоларалық кеңістікті,жолдың жоғары төменгі сызығын сақтап,әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу | ||||||
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: | Тыңдаған мәтіндердегі ақпаратты сурет,сызба, белгілер қолданып жеткізеді. Жазу жолын,жоларалық кеңістікті,жолдың жоғары төменгі сызығын сақтап,әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады. | ||||||
Бағалау критерийлері | Сурет сызба,белгілерді қолдана алады. Әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жаза алады. | ||||||
Алдыңғы білімдер | Көкөністер, жемістер, салт-дәстүр | ||||||
Жоспар | |||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған іс-әрекет | Дереккөздер | |||||
Сабақтың басы 5мин 5 мин | (МК) Ұйымдастыру кезеңі «Шаттық шеңбері» Оқушылардың көңіл-күйлерін бақылау. «Еуропа қалашығына саяхат» жасау 1 шапалақ-қол алысып амандасады 2 шапалақ -құлақтарымен амандасады 3 шапалақ-арқаларымен амандасу 4шапалақ- құшақтасып амандасу. (МК) Сабақтың тақырыбын анықтау. Ф Е А К Кафенің суретін көрсетіп, оқушылардың кафе жайлы ойларын сұрау. -Балалар, біз бүгін сендермен «Тағам және сусын» тарауы бойынша «Біздің кафеде» тақырыбын өтеміз. -Кафе дегеніміз не? -Кафеге адамдар неге барады? -Біздің қаламызда қандай кафелер бар? -Кафеде қандай тағамдар мен сусындар болады? -Кафеде кімдер жұмыс істейді? /оқушылардың жауаптарын тыңдау/ | Кейіпкерлердің суреттері | |||||
Сабақтың ортасы 10 мин 10 мин 5 мин | (Т) «Кім?Қандай?» ойыны Топтарға тірек сызба сызылған парақтар берілерді. Олар тірексызбаларды ақылдаса отырып, толтырады. 1-топ:Кафе қандай болу керек? 2-топ:Даяшы қандай болу керек? 3-топ:Қонақтар қандай болу керек? 4-топ:Тағамдар қандай болу керек? /топтардан 1-2 оқушы ортаға шығып, өз жұмыстарын қорғайды.Басқа топтар оларды тыңдап, толықтырады/ (Т) Қарапайым тағам әзірлеу үшін оқушылар рецепке қарайды, қандай ыдыстардың қажет екендігін шешеді. Ингредиенттерді өлшеп салып, келесі қадамдарды орындайды. (Т) «Ас мәзірі» ойыны Оқушылар 4 топта отырады.Әр топ өздеріне қатысты тағам түрлерін таңдайды. 1-топ:Сүт тағамдары. 2-топ:Ет тағамдары. 3-топ:Жеміс пен көкөніс тағамдары. 4-топ:Ұн тағамдары. Оқушыларға осы аталған тағамдар жайылы әңгімелесу, оларды дайындау үшін ингредиенттерді анықтау. Әр топқа игнредиенттері бірдей жазылған сөздер беріледі.Оқушылар тағамды жасау үшін сәйкес сөзді таңдау керек. 1-топ:Сүтті сұлы ботқасы. 2-топ:Кеспе қосылған ет сорпасы. 3-топ:Көкөніс салаты. 4-топ:Алма бәліші. Жұмыртқа картоп ұн пияз қияр қызанақ өсімдік майы кеспе қант маргарин тұз сұлы үлпектері сүт су май ет орамжапырақ лимон алма. Әр топ жұмыстарын қорғайды.Топтар жұмыстарын өзара бағалайды. -Балалар, кімнің тағамы сендерге көбірек ұнады?Стикерді өздерің ұнатқан тағамға жабыстырыңдар. |
| |||||
Сабақтың соңы 5мин | Рефлексия: -Қандай жаңа сөздерді үйрендік? -Ас мәзірін жасау сендерге ұнады ма? Бағалау: «Баспалдақ» әдісі бойынша бағалау | Стикерлер арқылы бағалау | |||||
Қосымша ақпарат | |||||||
Дифференциация – Балаларға қалай көмектесесіз? Қабілетті балаларға қандай тапсырмалар бересіз? | Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз? | Құндылықтар Денсаулық пен қауіпсіздік Пәнаралық байланыс | |||||
Бақылау |
| ||||||
Бақылау Сабақтың мақсатына жетім бе? Оқушылар не үйренді? Ынтымақтастық атмосферасы қандай болды? Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма? Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен? | |||||||
Қорытынды бағалау Топтық тапсырма беру арқылы бағалау Берілген буындардан сөз құрап жазу. Қаймақ,ірімшік,сүзбе,айран,шұбат,қымыз,көже,шұлық,қолғап,тон,ішік. Сабақтың ең ұтымды кезеңдерін атаңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәтті атаңыз. 1: 2: Келесі сабақтың өткізуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?