Қазақ тілі және әдебиет 2 сынып 5 бөлім Саяхат Драма,сахналық қойылым ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛ


ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛ

5-бөлім: Саяхат

Сабақтың тақырыбы: Драма, сахналық қойылым

  • Жұмбақ шешу.

Екі басы жұдырықтай,

Ортасы қылдырықтай (құмырсқа)

Қос мекенді жануар (құрбақа)

Жыл басы қай жануар? (тышқан)

  • Мақал – мәтелдер

● Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

● Әркімнің өз жері – Мысыр шаһары.

Бақа көлінде патша,

Балық суында патша,

  • Жігіт елінде патша.

Кімнің мекені жақсы?

Бір күні құрбақа, тышқан, құмырсқа – үшеуі кімнің мекені,жайлы қонысы бар екенін білмекші болады.

Құрбақа секіріп, тышқан жорғалап, құмырсқа қыбырлап ұзақ жүреді. Талай шұңқыр, талай төмпешік артта қалады.

Ақыры олар кішкентай шалшық суға кез болады.Шалшықтың маңынан борсыған иіс келеді. Шет жағында жалғыз аяғымен қаздиып тұрған көкқұтаннан басқа бұл маңда ештеңе көрінбейді.

  • Дүниеде ең бір қолайсыз жер осы болар – ау,иісі қандай сасық еді, қолқаңды атады, - деп тышқан мұрнын тыржитты да ,көкқұтанның қасына келді.
  • Көкқұтан,көкқұтан,жер бетінде кімнің мекені жақсы,кімнің қонысы жайлы? – деп сұрады. Көкқұтан мойнын паңдана бұрды да, тышқанды сөге бастады:
  • Соны да сөз деп сұрап тұрмысың?Ең жақсы мекен, жайлы қоныс осы жер емес пе! Иісі қандай жақсы – көкірегіңді ашады.Суы қандай тәтті – жер татиды.Батпағы қандай жұмсақ – нағыз май батпақ, - деді де ұшып барып шалшықтың екінші жағына қонды.

Құрбақа, тышқан, құмырсқа тағы да ілгері қарай жүре береді,Олар сәске түсте ол шеті мен бұл шеті көз жеткісіз жазық далаға келіп жетті.Нағыз ми қайнатар ыстық басталды.

Қалың көдеден басқа көлеңке болар пана жоқ.Құрбақаның тамағы бүлкілдеп,таңдайы кепті:

  • Дүниеде ең бір қолайсыз қоныс осы жерболды – ау, қандай ыстық еді, - деп ауыр дем алды.Көденің түбінде бұғып отырған бозтарғай мұны естіді де, «Шыр» етіп аспанға көтерілді.
  • Дүние жүзінде менің мекенімнен жақсы, менің мекенімнен жайлы еш жер жоқ,менің мекенімнен, менің қонысымнан! – деп әнге салып, биіктей берді,биіктей берді.

Құрбақа, тышқан, құмырсқа тағы да ілгері қарай жүріп кетті.

Әлден уақытта аспанға қара бұлт үйіріліп,артынша - ақ қатты жауын жауды.Жердің миы шығып,батпаққа айналды.Тышқан бауыры суға малынып, жүні сабалақтанып, дірдектеп тоңа бастады.Ал құмырсқа болса, мүлдем әлі құрып,жүруден қалды.Ол шаршап, қалжырап отырып:

  • Дүниеде ең қолайсыз қоныс осы жер болды – ау. Жауыны қандай қатты еді, - деп қамықты.

Бұл уақытта жердің жарықшақтарынан тысқа шыққан жауынқұрттары:

  • Шірікін, жауынды жерге не жетсін! Жер бетінің үнемі ылғал тартып тұрғаны қандай рақат! – деп, мәз – мейрам болып жатты.

Құрбақа,тышқан,құмырсқа бұдан әрі ілгері жүрмеді.Кейін қайтты.Арып – ашып,іңір қараңғысында өз мекен,өз қоныстарына әрең оралды.

Тышқан жып беріп өзінің ініне еніп кетті де, түбіне қарап жатып:

  • О, шіркін! Дүниеде менің інімнен артық жақсы мекен, жайлы қоныс бар ма екен? Өзі тар,өзі қараңғы,өзі қауіпсіз, - деді.
  • Құмырсқа да илеуіне келіп кірді де:
  • О,шірікін! Дүниеде менің илеуімнен жақсы мекен, жайлы қоныс бар ма екен? Өзі жайлы, өзі биік,өзі жұмсақ, - деді.

Ал құрбақа да өзінің орнына секіріп түсіп:

  • О, шірікін! Дүние жүзінде менің орнымнан жақсы мекен, жайлы қоныс бар ма екен? Өзі салқын,өзі дымқыл, өзі көлеңке, - деді.

Сонымен дүниедегі ең бір жақсы мекен, жайлы қоныс – әркімнің өз мекені,өз жері екен.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу