Қазақ тілі және әдебиет 2 сынып 5 бөлім Саяхат Күнделік жазу ҚЫСҚАМЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Қазақ тілі және әдебиет

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім: Саяхат

Мектеп: Талдықорған қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Тоқсан:2 Мұғалімнің аты-жөні : Сейсембаева С.И.

Сынып: 2

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Күнделік жазу

Осы сабақта қол жеткізілетін ОБ сілтеме)

2.4.1.1 Жай сөйлемдерді жазады, мәтінді құжаттар редакторында баса алады

2.4.4.1 Орфография ережелерін басшылыққа алып жаңа сөздерді дұрыс жазады; үлкендердің көмегімен зат есім, сын есім және етістікті пайдаланып жай сөйлемдер құрастырып жазады

 Сабақ мақсаттары

Мәнерлеп оқиды, өз тарапынан қойылған сұрақтарға көпмағыналы сөздерді қолданып жауап беруге үйренеді. Орфография ережелеріне сай сын есім, зат есім, етістікті пайдаланып сөйлемдер құрастырып жазады.

 Бағалау критерийлері

Тақырыпқа қатысты көркем сөздер мен терминдерді таңдай отырып, сауатты жаза алады

 Тілдік мақсат

Көркем сөздерді пайдаланып, күнделік жазу.

 Құндылықтарды дарыту

Сабақ барысында оқушылардың бір – бірін тыңдау, көмектесу, жұптасып тапсырма орындау, диалогтық сөйлесу мәдениеті қалыптасады. Татулық, достық, сезімдерін қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыстар

Берілген тақырыпқа байланыст танысытырылым және өздік жұмыстарын орындау арқылы АКТ пәнімен, дүниетану пәндерімен байланыс орнайды.

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар сурет бойынша сөйлем құрып, шағын мәтін жазады. Ойын жеткізуде сөйлемді дұрыс құруға қалыптасады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 – 7 минут

(Ұ) Оқушылармен шеңбер құру.

Шеңберге тұрып Ойын жаттығу. Өз есімдерін (аттарын) әр түрлі дауыс ырғағымен айту.(созып, күліп, ренжіп, буындап...) Сендердің есімдерің неше буыннан тұрады?

Сабақ ортасы

25-30 минут

(Ұ,Т) Сан есім және сын есім туралы түсіндіріп, сөйлемнің ішінен табуға және қатыстырып сөйлем құрауға үйрету.

Жұмбақты диктант ретінде жазу.

Қалпағы бар дөңгелек,

Сары гүлмен қоршалған.

Қарай-қарай күнге ерек,

Мойны талып шаршаған.

Бұл не?

-Сын есімдерді табу. Дәлелдеу.

Күнбағыс- дыбыстық талдау.

3-кезең. Жоспарлау, жазу, түзету (мұғаліммен бірлесіп жазу, жоспарлау, жобалау, түзету және жазу).

Мен жаңа қалаға келдім. Мұнда бәрі басқаша... мен қазіргі таңда ғажайып күйдемін, өйткені өзім үшін барлығы жаңалық. Ары қарай көргендерін топтасып орындайды.

) Топпен жұмыс.

Әр топқа сурет беріледі. Суретте берілгендер туралы жазу, жазылған сөйлемдерде сан және сын есімдер болуы керек.

1 – топ. Көкшетау, Оқжетпес

2 – топ. Қаланың көрікті жерлері (Бәйтерек, Ақорда,)

3 – топ. Хайуанаттар бағындағы аю, қабылан, керік суреттері.

4 – топ. Қаланың көрікті жерлері.

(Есіл өзені, Ханшатыр)

Топпен орындап болғаннан кейін, тексеріп, редакциялап дәптерге жазу.

Суреттер, дидактикалық материал.

Сабақтың соңы

2 – 3 минут

Рефлексия.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жазылым қабілеті жоғары оқушылардан сөйлемдерді жазып, тыныс белгілерін дұрыс қоя білуі күтіледі.

Оқушыларға берілген тапсырмалар арқылы әр баланың сабақты қаншалықты қабылдағанын бақылаймын.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталу сергіту сәтін орындау барысында қарастырылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу