👈 қаріп өлшемі 👉

Қазақ тілі және әдебиет 1 сынып 2 – бөлім «Менің мектебім» Мектеп туралы әңгімелер жазу ҚЫСҚАМЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ


Қысқамерзімді жоспар

Пән:Қазақ тілі және әдебиет

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2 – бөлім «Менің мектебім»

Тақырып: Мектеп туралы әңгімелер жазу. Сс дыбысы мен әрпі

Мектеп: Талдықорған қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Тоқсан: 1 Мұғалімнің аты-жөні : Сейсембаева С.И.

Сынып: 1

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Мектеп туралы әңгімелер жазу. Сс дыбысы мен әрпі

Осы сабақта қол жеткізілетін ОБ сілтеме)

1.2.6.1мұғалімнің көмегімен ерекшелігіне қарай мәтін жанрын (өлең, әңгіме, ертегі) ажырату

1.2.2.1 мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну

1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру

1.1.7.1 тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды)Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды)

 Сабақ мақсаттары

Бірін-бірі тыңдап, сұрақтарға толық жауап береді.

Өз үйлерін сипаттап әңгімелеп береді.

 Жетістік критерилері

Әріп пен дыбысты ажырата біледі, дыбыстардың айтылу ерекшелігін ескере отырып, сөзді дұрыс жазады.

 Тілдік мақсат

 

Сс әрпіне байланысты сөздер, мәтін, әңгімелеу барысында«бір күні», «кенет», «келесі күні» сөз тіркестерін пайдалану.

 Құндылықтарды дарыту

Сабақ барысында оқушылардың бір – бірін тыңдау, көмектесу, жұптасып тапсырма орындау, диалогтық сөйлесу мәдениеті қалыптасады. Татулық, достық, сезімдерін қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыстар

Берілген тақырыпқа байланыст танысытырылым және өздік жұмыстарын орындау арқылы АКТ пәнімен байланыс орнайды.

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар сурет бойынша сөйлем құрып, шағын мәтін жазады. Ойын жеткізуде сөйлемді дұрыс құруға қалыптасады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 – 7 минут

(Ұ) Балалар шеңберге жиналады.

Балалар өздерінің қай мектеп оқушылары екені туралы әңгімелейді.

Тақырыпқа байланысты суреттер.

Сабақ ортасы

25-30 минут

  • Балалар сендерге мектепте оқыған ұнай ма?
  • Ендеше бүгін мектеп туралы өлеңдер,әңгіме оқимыз, жазамыз.

(ОТ) Кітаппен жұмыс.

Мектебім - айтар әнім,

Сан рет қайталадым.

Сан рет қайталадым,

Өзіңнен алғанымды

Өзіңе қайтарамын.

Мектебім, қия алмаймын,

Көп нәрсе қиялдаймын.

Мәңгілік оқушың боп,

Қалуға ұялмаймын.

Мектеп деген білім кені, жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға

Мектеп деген даналардың мекені

Сергіту сәті

Мен гүлдерді жұмаймын,

Торғайларды қумаймын.

Айтқан сөзді тыңдаймын,

Ұстазымды сыйлаймын.

(МК) Жазылым дағдысын қалыптастыру.Сөйлемдерді дәптерге жазу.

Балалар мектепке келді. Олар сабақ оқып отыр.Мектепте әр түрлі үйірмелер бар. Мен домбыра үйірмесіне қатысамын. Бүгін бізге бес сабақ.

  • Қалай ойлайсыңдар, бұл оқылған мәтін бе, мақал ма, ертегі ме?
  • Мәтінге қандай ат қоюға болады?
  • Балалар қайда келді?
  • Мектепте қандай үйірмелер жұмыс істейді?
  • Сен қандай үйірмеге қатысасың?

Мақалды дұрыс құрастырып оқы. «Шашалған сөздерді орнына қой»

Оқу - білім азығы,

Білім – ырыс қазығы.

Білімдіге дүние жарық.

Білімсіздің күні кәріп.

Мектеп – кеме, білім – теңіз.

Оқушыларға С с дыбысы мен әрпін меңгерту.

Оқушылар С с дыбысына байланысты сөздер ойлап табады, сөйлемдер құрайды.

Жазу үлгісіне С с әрпін жазады.

Сөздердің ішінен С с әрпі бар сөздерді тауып, астын сызады.

Суреттерді сөздермен сәйкестендіреді.

Сабақтың соңы

2 – 3 минут

Рефлексия.

Сабақта.

Мен білдім...

Мен үйрендім...

Маған ұнады....

Мен қиналдым....

Менің көңіл – күйім.....

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жазылым қабілеті жоғары оқушылардан сөйлемдерді жазып, тыныс белгілерін дұрыс қоя білуі күтіледі.

Оқушыларға берілген тапсырмалар арқылы әр баланың сабақты қаншалықты қабылдағанын бақылаймын.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталу сергіту сәтін орындау барысында қарастырылады.


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Қазақстандағы жеңілдетілген автокөлік несиелері: Автосалондар қосымша қызмет алуға мәжбүрлейді 20.05.2022
» 220-дан астам адам арыз жазған: Алматыда Qnet қаржылық пирамидасына қатысты қылмыстық тергеу басталды 18.05.2022
» Мектепте оқушы зорланды: мектеп директоры мен мұғалімдері соттала ма? 18.05.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы