Қазақ тілі 1 сынып 4 бөлім «Бізді қоршаған әлем» Постер жасау. «Э» дыбысы мен әрпі САБАҚ ЖОСПАРЫ
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Қазақ тілі және әдебиеті Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-бөлім: Бізді қоршаған әлем | Мектеп: Талдықорған қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||
Күні: 2.12.2015 | Мұғалімнің аты-жөні: Cарыева А.Т. | ||||||
Сынып: 1В | Қатысқандар:20 Қатыспағандар саны: 0 | ||||||
Сабақ тақырыбы | Постер жасау. «Э» дыбысы мен әрпі | ||||||
О қу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Ж9 Оқырманды қызықтыру, сендіру мақсатында мәтін жазу Ж11Грамматикалық нормаларды сақтау Ж12 Пунктуациялық нормаларды сақтау | ||||||
Сабақ мақсаттары | Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен жай сөйлем құрастырып жазады Берілген сөздердің көмегімен шағын постерлер мен жарнамалар құрастырады. Жай сөйлемдерде сөздерді дұрыс байланыстырып жазады, көптік жалғауларды дұрыс қолданады Мұғалімнің көмегімен сөйлем ішінде және соңында қойылатын тыныс белгілерін ажыратады. | ||||||
Жетістік критерийлері | Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен жай сөйлемдер құрастырып жазады. | ||||||
Сөздік қор | Зәулім үйлер, көрікті жерлер, табиғат аясына, таза, әдемі, Қаратал өзені, тамаша, керемет, келіңіздер | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Еңбекқорлыққа тәрбиелеу | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Қаланы көркейту туралы әңгіме жүргізу барысында дүниетану пәнімен байланыс жүзеге асады | ||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен жай сөйлем құрастыра алады. Өтілген әріптерді қатыстырып, сөздер, сөйлемдер жаза алады. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың басы | (Ұ) Оқушыларға үйде жаттаған тақпақты кезекпен айтуды ұсыну. Жарықсың ғой электр, Алыпсың ғой, электр. Сен үйіме келмесең, Мультфильм де көрмес ем. | Ресурстар | |||||
Сабақтың ортасы | (Ұ) Өткен сабақта танысқан мәтінмен жұмыс жасау. Мәтінді оқытып, сұрақтарға жауап беруді ұсыну. Экскаватор Экскаватор – алып машина. Экскаватормен жер қазады. Тауды бұзып, тасты жарып, жол салады. Зәулім үйлер мен құрылыс нысандары экскаватордың көмегімен салынады. Өткен сабақтағы материалды жаңа сабақпен байланыстыру үшін осы алып машинаның көмегімен бізді қаламыздың төңірегінде де, демалу орындары жөнделіп, көрікті жерлер көбейгені жайлы айтып, бірнеше суреттер көрсету.
Сөйлем құрастырып айтуға жаттықтыру үшін оқушыларды шеңбер бойына отырғызу. Әр оқушы «Сен білесің бе?» деп бастап өзі білетін мағлұматты айтады. Келесі оқушы: «Жоқ білген жоқпын немесе білемін, бірақ сен мынаны білесің бе?» деп басқа мәлімет айтады. Өз ойын толық жеткізу үшін суреттерді, белгілерді қолданады. Оқушылар өз ойларымен бөліседі. Әр оқушы табиғат аясына шыққанда көргені жайлы айтады. Оқушыларға қаламыздың табиғат аясында көргендерін өзгелермен бөлісу үшін өткен сабақта жасаған постерлерінің негізінде сөздерді, сөз тіркестерін, қысқа сөйлемдерді суреттермен, белгілермен толықтыра отырып, не жазатындарын айту. Туристік постер үлгісін оқушыларға көрсету. (МК,Т,Ұ,Ө) Туристерге арналған жарнама постер жазу үшін «Бірлесіп жазу» әдісін қолдану. Сұрақ белгілерін, нүкте, леп белгілерін қолдануды үйрету. «Бірлесіп жазу» әдісінің кезеңдері:
Оқушылар топпен жұмыс істейді. «Біздің ғажайып табиғатымыз» тақырыбына жасаған постер бойынша жазба жұмысын жүргізеді. Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар қосымша мәліметтер жаза алады. Өзге оқушылар жай сұраққа ғана жауап жазады. Жер-су және адам аттарын дұрыс жазуларын қадағалау. Оқушылар сөйлемдерін шимай параққа жазып, соңғы нұсқасын таза дәптерге жазады. | ||||||
Сабақтың соңы | Сабақты қорытындылау
| ||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Жазу барысында жазылым дағдысы төмендеу оқушыларға жаңадан үйренген дыбыстарды қайталауға мүмкіндік беру. Деңгейлері жоғары оқушылар қосымша мәліметтер жаза алады. Қалғандары жай сұраққа жауап жазады.
| Оқушылардың жазған сөз тіркесі/сөйлемдерін жоғары көтеріп, көрсетуді сұрау барысында бақылау арқылы бағалау. Кері байланыс беру арқылы, смайл беру арқылы бағалау. | Сергіту сәтін ұйымдастыру
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?