81 Қазақ тілі және әдебиеті 4 бөлім Мені қоршаған әлем Постер жасау Э дыбысы ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Пән: қазақ тілі және әдебиеті

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4-бөлім: Бізді қоршаған әлем

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Иманбаева Н .

Сынып: 1А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтыңтақырыбы

Постер жасау«Э» дыбысы мен әрпі

Осысабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтеме)

Ж4

Өз ойынан мәтін жазу

Ж6

Өз көзқарасы негізінде әр түрлі жанрларда мәтін жазу

Ж9 Оқырманды қызықтыру, сендіру мақсатында жазу

Ж11

Грамматикалықнормалардысақтау

Ж12

Пунктуациялық нормаларды сақтау

Сабақмақсаттары

Берілген сөздердің көмегімен қарапайым постерлер құрастырады.

Сөздерді, сөз тіркестерін,қысқа сөйлемдерді суреттермен, белгілермен толықтыра отырып ұқыпты жазады/тереді.

Жай сөйлемдерде сөздерді дұрыс байланыстырып жазады, көптік жалғауларды дұрыс қолданады

(Мұғалімнің көмегімен сөйлем ішінде және соңында қойылатын тыныс белгілерін ажыратады.)

Жетістіккритерийлері

Білетін әріптерді пайдалана отырып, сөздер құрастырып жазады. Дыбыстар мен әріптер арасындағы байланысты біледі, жазуда саналы түрде ескеріп отырады

Тілдікмақсаттар

Постер құру арқылы сөздік қорларын молайту.

Құндылықтардыдарыту

Жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыру

Пәнаралықбайланыстар

Дүниетану пәнімен байланысты. Табиғат туралы суреттерді іріктеу арқылы постер жасауда дүниетану пәнімен байланыс жүзеге асады.

Бастапқыбілім

Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен жай сөйлем құрастыра алады. Өтілген әріптерді қатыстырып, сөздер, сөйлемдер жаза алады

Сабақбарысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

(МК)Психологиялық тренинг арқылы сабақты бастау

(Ұ)Қол ұстасып бәріміз,

Жылықты сезейік.

Шуақ шашқан күндей боп,

Күлімсіреп жүрейік.

Өткен әріптерді қайталау.

Жұмбақ

Бір алмұрт жоғарыда ілініп тұр,

Оны ешкім жемейтіні білініп тұр.

(электр шамы)

постер құрастыруға арналған суреттер, слайд,дидактикалық материалдар

Сабақтыңортасы

30 мин

(Ұ)

Жарық сыйлап әр үйге,

Электр – күш қуатым.

Өзіңсіз мынау өмірде,

Орындалмас мұқтажым.

(МК)

- Э дыбысы қандай дыбыс?

- Дауысты.

- Бағандағы сөздерді, оқушыларға бір – бірден оқыту.

Сөздердің мағынасын түсіндіру.

- Электр – жарық көзі.

Э дыбысы сөздің басында, ортасында кездеседі екен.

Экскаватор

Экспресс

Элеватор

Экипаж

Экран

(осы сөздерден басталған заттардың суреттерін көрсету )

(Ұ)Сергіту минуты.

Қолға қалам алайық,

Салақтықтан қашайық.

Бүгінгі өткен әріпті,

Көркем етім жазайық.

(Ұ)Дәптермен жұмыс.

(Т)Топтық жұмыс. Алты топқа бөлу.

«Электр – жарық көзі» тақырыбына постер жасау.

Түнде жанып ерек нұр,

Шашып тұрды электр.

Электр – жарық көзі.

(МК) Оқушыларға табиғат туралы білгендері туралы постер жасайтындарын айту. «Бірлесіп жазу» әдісін қолдану.«Сен білесің бе ?» Сұрақ белгілерін, нүкте, леп белгілерін қолдануды үйрету.

(Т) «Сен білесің бе?» Табиғат кереметіне не жатады?

Орман, тау, жасыл шөп, әдемі гүл, көк аспан, т.б

Оқушыларды қызығушылығын оятатын мәліметтерді жазуға қолдау көрсету

(Ұ) Постер жасау үшін әр топтың сөйлемдерін үлкен параққа суреттермен бірге іліп қою. Постер тақырыбын топ мүшелерімен келісіп таңдауды ұсыну.

«Бірлесіп жазу» әдісі нұсқаулығын қарау. Туристік постерлер үлгілерін оқушыларға көрсету.

Оқушыларды деңгейлеріне қарай топтарға бөлу. Көргені немесе оқығандары жайлы ББҮ әдісін қолдануларын ескерту. Жер-су және адам аттарын дұрыс жазуларын қадағалау.

Оқушылар сөйлемдерін шимай параққа жазып, соңғы нұсқасын таза дәптерге жазады.

(Т) Постерге табиғат туралы тақырып таңдау.

1 топ«Біздің ғажайып ормандарымыз»,

2 топ «Керемет әлем»

Сабақтыңсоңы

5 мин

Әр топ постерлерін қорғайды.

  • Бүгін қандай әріппен таныстық?
  • Ол қандай дыбыс?

Қандай тақырыпқа постер әзірледік?

Кері байланыс: «Бағдаршам»

Саралау – оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы

Постер құрастыру барысында және оны қорғауда қиналған оқушыға көмек көрсетіп қолдау жасау.

Оқушылардың постер құрастыру барысында өз ойын тақырып мазмұныныа сай айта білулерін бақылау арқылы бағалау. Мадақтау сөздер, смайл беру арқылы бағалау

Сергіту сәттерін өткізу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу