Алқабилер соты ұғымы және оның қызметінің негіздері. Құқық негіздері, 11 сынып, презентация.
21-қадам. Алқа билер соты қолданылатын салаларды кеңейту. Заңды түрде АЛҚА БИЛЕР СОТЫ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ҚАТЫСТЫРЫЛАТЫН қылмыстық істердің категорияларын анықтау қажет.»
5 институционалды реформа. 100 нақты қадам
Қалай ойлайсыздар алқабилер соты деп қандай сотты айтуға болады?
Неге бұл қадамда қылмыстық істер бойынша алқабилер соты міндетті түрде қатысатын салалар кеңею керек делінді?
Бұл заңға қарап бүгіңгі сабақтың тақырыбын атаңыздар
Қылмыстық іс жүргізу құқығының институттары
Сабақ тақырыбы: Алқабилер соты ұғымы және оның қызметінің негіздеріСабақ мақсаты
Қазақстан Республикасы алқабилер соты ұғымдарының мағынасы мен қызметінің негіздері ашылады,
Алқабилер сотының ерекшеліктері көрсетіледі.
Бағалау критерийлері
Барлығы: Алқабилер соты ұғымын және оның қызметінің негіздерін біледі және түсінеді.
Көпшілігі: Алқабилер соты ұғымын және оның қызметінің негіздерін талдайды.
Кейбіреулері: Алқабилер сотының қоғамдағы алатын орны мен рөлін талдап, оған өз бағасын береді
Терминдер
Алқаби — присяжный заседатель;
Алқабиге кандидат — кандидат в присяжные заседатели,
Алқабиге кандидаттардың алдын ала тiзiмi — предварительный список кандидатов в присяжные заседатели;
Кездейсоқ таңдау — случайная выборка;
Алқаби — соттың қылмыстық iстi заңда белгiленген тәртiппен қарауына қатысуға шақырылған және ант қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматы;
Алқабиге кандидат — Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiне сәйкес кейiннен алқабилердi iрiктеу рәсiмiне қатысу үшiн алқабиге кандидаттардың тiзiмiне енгiзiлген Қазақстан Республикасының азаматы;
Кездейсоқ таңдау — iрiктеудiң кездейсоқтығын қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн технологияларды пайдалана отырып, алқабиге кандидаттардың алдын ала тiзiмiнен азаматтарды iрiктеуi;
1 топ – Алқабилердің қатысуымен қаралатын қылмыстық істер. Сот құрамы.
Дескриптор: Топ оқушылары алқабилер ұғымын талдап, алқабилер қандай істерді қарауға қатыстыралытын мән-жайлары мен сот құрамын анықтайды;
2 топ - Алқабилердің қатысуымен іс жүргізу ерекшелiктерi.
Дескриптор: Алқабилердің қатысуымен іс жүргізу ерекшелiктерi, соның ішінде алдын ала тыңдау өткізуі мен сот талқылауына қатысу үшін алқабиге алдын ала кездейсоқ таңдау тәртібін көрсетеді.
3 топ - Сот талқылауына қатысу үшiн алқабиге кандидаттарды iрiктеу.
Дескриптор: Сот талқылауына қатысу үшiн алқабиге кандидаттарды iрiктеу ерекшеліктерін көрсетеді
4 топ - Алқабидiң құқықтары, мiндеттерi және оның әрекеттеріне iстi қарауға байланысты қойылатын шектеулер. Сот тергеуінің ерекшелiктерi.
Дескриптор: Алқабидiң құқықтары, мiндеттерi және оның әрекеттеріне iстi қарауға байланысты қойылатын шектеулер, сот тергеуінің еркешеліктері талдап, бұған баға береді
Топтық жұмыс
Сыныптық талқылау
Бейнесюжет негізінде сыныптық немесе топтық талқылау https://www.youtube.com/watch?v=yxy26gRUJps
- Сіздерге ұсынылған бейнесюжетте неге ҚР Бас Прокурорының орынбасары И.Меркель алқа билерді азайту керек деп ұсынды?
Егер бұл ұсыныс қабылданса, қалай ойлайсыздар, мұндай жағдайда адамның құқықтары мен бас бостандықтары шектеліп қалмайды ма?
Алқабилер сотының болашақ моделі қандай болу керек?
Дескриптор: Бейнесюжетті мұқият тыңдап, оған өзіндік құқықтық баға беру
Кері байланыс
Бүгіңгі сабақтан нені біліп түсіндім/ әлі түсінбедім
Сабақты толық игеру үшін нені мен жасауым керек?
Қаншалықты бұл сабақ маған қызықты/ қызықты емес болды? Неліктен?
Сабақ маған қызықты әрі пайдалы болу үшін нені жасауым керек?
Үй тапсырмасы
«Алқабилер соты - нағыз халықтық сотпа?» деген сұрақ аясында ой түйін жасайды. (80-100 сөз)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?