Алқабилер соты ұғымы және оның қызметінің негіздері. Құқық негіздері, 11 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары.

Бөлім: Іс жүргізу құқығының негіздері

Қылмыстық іс жүргізу құқығының институттары

Мектеп: Алматы қ. ФМБ НЗМ

Уақыты: 2 сағат

Мұғалімнің аты - жөні: Кульбаев А.К.

Сынып: 11

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Алқабилер соты ұғымы және оның қызметінің негіздері

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

11.4.1.3 – Қазақстан Республикасы алқабилер соты қызметінің құқықтық негіздерін анықтау

 Сабақтың мақсаты

Қазақстан Республикасы алқабилер соты ұғымдарының мағынасы мен қызметінің негіздері ашылады, алқабилер сотының ерекшеліктері көрсетіледі.

 Бағалау критерийлері

Барлығы: Алқабилер соты ұғымын және оның қызметінің негіздерін біледі және түсінеді

Көпшілігі: Алқабилер соты ұғымын және оның қызметінің негіздерін талдайды.

Кейбіреулері: Алқабилер сотының қоғамдағы алатын орны мен рөлін талдап, оған өз бағасын береді

 Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология:

Алқаби — присяжный заедатель; алқабиге кандидат — кандидат в присяжные заседатели,  алқабиге кандидаттардың алдын ала тiзiмi — предварительный список кандидатов в присяжные заседатели; кездейсоқ таңдау — случайная выборка; алқабилер соты; төрағалық етуші — судья, тергеуші, мемлекеттiк айыптаушы- прокурор, жәбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, күдікті-айыпталушы-сотталушы, қорғаушы-адвокат, сот отырысының хатшысы; қылмыстық іс жүргізу — уголовный процесс

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Алқабилер соты дегеніміз...

Алқаби дегеніміз...

Алқабилердің негізгі құқықтары мен міндеттеріне...

Алқабилер сотының қоғамдағы маңызы...

Біздің анықтағанымыз...

Қорытындысында...

Біздің тобымыздың ойынша....

 Құндылықтарды

  дарыту

-тұлғааралық қарым-қатынасты дамытуға және бағалауға мүмкіндік беретін жұптық және топтық жұмыстарды қолдану;

- жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу;

- Құндылықтар:

-патриотизм,-ұлттық сана-сезім,-төзімділік,-бостандық,

-ынтымақтастық,-мақсаттылық,-жауапкершілік,-өмір бойы оқу

 Пәнаралық

  байланыстар

Қазақ және орыс тілі, тарих, саясаттану

 АКТ қолдану

  дағдылары

«Алқа билерді азайту ұсынылды https://www.youtube.com/watch?v=yxy26gRUJps

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар іс жүргізу құқығының негіздерін біледі,, күнделікті өмірдегі әлеуметтік тәжірибелерін және БАҚ көздерінен берілетін іс жүргізу құқығы туралы ақпараттарды қолданады.

Сабақ барысы

Сабақтың қезеңдері

Сабақта орындалатыніс - әрекеттер

Оқыту ресурстары

Басы

7 мин

Б Сыныпқа Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «5 институционалды реформа. 100 нақты қадам» атты бағдарламасындағы 21 қадамын слайдта көрсету арқылы «Миға шабуыл» әдісін қолданып, алқабилер соты ұғымы аясында дискуссия ұйымдастыру және сабақ тақырыбын ашу. Дискуссия аясында сұрақтар қойылады.

«21-қадам. Алқа билер соты қолданылатын салаларды кеңейту. Заңды түрде АЛҚА БИЛЕР СОТЫ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ҚАТЫСТЫРЫЛАТЫН қылмыстық істердің категорияларын анықтау қажет.»

  • Қалай ойлайсыздар алқабилер соты деп қандай сотты айтуға болады?
  • Неге бұл қадамда қылмыстық істер бойынша алқабилер соты міндетті түрде қатысатын салалар кеңею керек делінді?
  • Бұл заңға қарап бүгіңгі сабақтың тақырыбын атаңыздар

Мақсат галереясы арқылы оқушылар сабаққа мақсат қойып, тақтаға орналастырады.

Тақырыпқа сай мозайка жинау арқылы 4 топқа бөлеміз.

Ұлт жоспары - Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамыhttps://www.inform.kz/kz/ult-zhospary-n-nazarbaevtyn-bes-institucionaldyk-reformasyn-zhuzege-asyrudyn-100-kadamy_a2777949

ҚР Конституциясы. А.,2017

ҚР «Алқабилер туралы» Заңы. 1 қаңтар 2007 жылы іске қосылды

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi

ҚР Кодексі 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V ҚРЗ

Ортасы

33 мин

Зерттеу жұмысын ұйымдастыру

Т/Ж

1 топ – Алқабилердің қатысуымен қаралатын қылмыстық істер. Сот құрамы.

Дескриптор: Топ оқушылары алқабилер ұғымын талдап, алқабилер қандай істерді қарауға қатыстыралытын мән-жайлары мен сот құрамын анықтайды;

 

2 топ - Алқабилердің қатысуымен іс жүргізу ерекшелiктерi.

Дескриптор: Алқабилердің қатысуымен іс жүргізу ерекшелiктерi, соның ішінде алдын ала тыңдау өткізуі мен сот талқылауына қатысу үшін алқабиге алдын ала кездейсоқ таңдау тәртібін көрсетеді.

 

3 топ - Сот талқылауына қатысу үшiн алқабиге кандидаттарды iрiктеу.

Дескриптор: Сот талқылауына қатысу үшiн алқабиге кандидаттарды iрiктеу ерекшеліктерін көрсетеді

 

4 топ - Алқабидiң құқықтары, мiндеттерi және оның әрекеттеріне iстi қарауға байланысты қойылатын шектеулер. Сот тергеуінің ерекшелiктерi.

Дескриптор: Алқабидiң құқықтары, мiндеттерi және оның әрекеттеріне iстi қарауға байланысты қойылатын шектеулер, сот тергеуінің еркешеліктері талдап, бұған баға береді

Бейнесюжет негізінде сыныптық немесе топтық талқылау https://www.youtube.com/watch?v=yxy26gRUJps

Сұрақ:

- Сіздерге ұсынылған бейнесюжетте неге ҚР Бас Прокурорының орынбасары И.Меркель алқа билерді азайту керек деп ұсынды?

- Егер бұл ұсыныс қабылданса, қалай ойлайсыздар, мұндай жағдайда адамның құқықтары мен бас бостандықтары шектеліп қалмайды ма?

- Алқабилер сотының болашақ моделі қандай болу керек?

Дескриптор: Бейнесюжетті мұқият тыңдап, оған өзіндік құқықтық баға беру

Әр топ өздерінің зерттеулерінің нәтижелерін сыныпқа жариялап, болашақ соттын моделін құрайды.

ҚР Жоғарғы Сотының 2012 жылғы 23 тамыздағы № 4 «Алқабилерді қатыстырып қылмыстық істерді қарауды реттейтін заңнаманы соттардың қолдану практикасы туралы» Нормативтік қаулысы

«ҚР қылмыстық процестік құқығы» оқулық. МОН РК. Алматы. Баспа-2017ж

Алқа билерді азайту ұсынылды https://www.youtube.com/watch?v=yxy26gRUJps

Соңы

5 мин

Кері байланыс

  • Бүгіңгі сабақтан нені біліп түсіндім/ әлі түсінбедім
  • Сабақты толық игеру үшін нені мен жасауым керек?
  • Қаншалықты бұл сабақ маған қызықты/ қызықты емес болды? Неліктен?
  • Сабақ маған қызықты әрі пайдалы болу үшін нені жасауым керек?

Үй тапсырмасы. «Алқабилер соты - нағыз халықтық сотпа?» деген сұрақ аясында ой түйін жасайды (80-100 сөз).

Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)

Коммуникативті дағдыларын дамыту мақсатында құрылған топтар/жұптар тілді меңгеру қабілеті төмен оқушыларды тілді меңгеру қабілеті жоғары оқушылардың қолдау көрсетуін меңзейді. Мұғалім талқылау үрдісі кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалау тиіс.

Дәйекті дәлелдерге ғана негізделген қорытындыға жетудің мағынасының мәні, сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе отырып кем дегенде өзін ойын білдіре алады, ал қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз, негізгі жауап береді.

Топтар арасында жұмыс жасау, талқылауды тыңдау немесе талқылауға көмек беру, қажетіне қарай топтар немесе жеке оқушыларға қолдау көрсету.

Талқылау барысында оқушылар берілген жағдаяттарды қалай шешкендігін, топтағы зерттеу жұмысын бағалау.

Алқабилер сотының қызметін қарастыру негізінде өзара түсінушілік, адамгершілік қасиеттері қалыптастырылады. Алқабилер сотының қоғамдағы алатын орны мен рөлін сезінеді.

Рефлексия

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақ бағанда келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді