Мұрагерлік құқық. Құқық негіздері, 11 сынып, қосымша материал 4.
Құқық негіздері пәні, 11- сынып, Қалыптастырушы бағалау | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сыныбы: 11 Оқушының аты –жөні: | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Мазмұны: | ||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||
Бөлім/тақырып | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Бөлім: Жеке құқық Бөлімше: Азаматтық құқық жүйесі және оның негізгі институттары Тақырып: Мұрагерлік құқық | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты: | ||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері: | ||||||||||||||||||||||||||||||||
11.3.1.3. оқу мақсаты бойынша-
Мәтіндегі академиялық ақпараттарды оқи отырып, тақырыптық терминдерге анықтама береді
Мұрагерлік құқық, мұраға ие болу куәлігі, өсиет, мұрагер, мұраны қабылдау тәсілдері, мұрагерлік құқықтың заңдық реттелуі, мұрагерлік құқықтың нысаны терминдеріне түсіндірме жауап жазады 11.3.1.4. оқу мақсаты бойынша-
“Санадағы кинофильм” әдісін қолдану арқылы мәселелердің даму тенденциясын ұсынады
Мұғалім бастаған құқықтық жағдаяттардың жалғасын талдау арқылы білім алушылар жеке және заңды тұлғалардың сұрақтарына ҚР Азаматтық Кодексінің негізінде жауаптарын жазады;
Заң және өсиет бойынша мұрагерлікке ие болудың түрлерін ажыратып, айырмашылықтарын талдайды;
Әрбір білім алушы жұбымен бірге мұрагерлікк заң және өсиет бойынша ие болудың заңдық негіздеріне мысалдар келтіріп, талқылайды. | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар: Оқушылар жеке және жұптық формада ҚР Азаматтық Кодексінің 1046-1076 баптарын оқып, мазмұнын талқылайды; | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Қолдану дағдысы бойынша: 1) ҚР Азаматтық Кодексінің 1046-1076 баптарын оқып, мазмұнын талқылау арқылы кестеде берілген «Мұрагерлік құқық» тақырыбына қатысты терминдер мен ұғымдардың анықтамасын толтырыңыздар:
Сыни ойлаудағдысы бойынша: 2 –тапсырма. “Санадағы кинофильм” әдісі арқылы сіздерге мұғалім ұсынған мұрагерлік құқыққа қатысты тақырыптық кейс стадиды талдау арқылы оқиғалардың әрі қарайғы жалғасын фильмнен үзінді ретінде болжап, мәселелерді шешу жолдарын ұсыныңыздар. 1 –ші құқықтық жағдаят Азамат Мырзағұлов өзі жасамақшы болған өсиетті куәландыру үшін нотариусқа барады. Нотариус оған қажетті көмек көрсетеді де, өсиетті куәландырады. Біраздан соң нотариусқа Мырзағұловтың баласы келіп, оның ойынша, әкесі істеген ісіне есеп бермейтінін мәлімдейді. Жетпіс жасына қарамастан, оның үйленейін деп жүргенін айтып, баласы әкесінің барлық мүлікті бөтен адамға қалдырғанына күдікті екенін айтады. Осыған байланысты ұлы нотариустан әкесінің жасаған өсиетін көрсетуді сұрайды. Нотариус ұлына өсиеттің көшірмесін ұсынады. Баласына өсиет мазмұны белгілі болғанын естіген әкесі, нотариусқа деген талап арызын сотқа береді, ол арызда 10 мың теңге сомасында оған келтірілген моральдық зиянның орнын толтыруды талап етеді. Талап арыз қанағаттандыруға жата ма? Бұл дауда кiмдiкi дұрыс? Сот қандай шешiм қабылдауы тиiс? Мәселелердің әрі қарайғы шешілу жолдарын болжаңыздар. 1 –ші құқықтық жағдаяттың жазбаша жауап кестесі:
2 –ші құқықтық жағдаят Ауырып қалған азамат Момынов Жинақ банкісіндегі өзінің ақша салымын бірнеше жыл бойы іс жүзіндегі некелік қарым-қатынаста болған Нұрланованың қарауына беру туралы сенімхат береді. Сонда Момынов куәгерлердің көзінше Нұрланова осы қаражат есебінен оны жерлеуге байланысты барлық шығындарын өтеп, ал қалғанын өз еркімен жұмсасын деген тілегін білдіреді. Осы сенімхат та, Нұрлановаға мұра бойынша автокөліктің және үй жабдықтарының өтеуі туралы өсиет те, Момыновтың емделіп жатқан ауруханасының бас дәрігерімен куәландырылады. Момыновтың өлімінен кейін әкесімен бірқатар жылдар бойы қатынаспайтын, бірақ заң бойынша Момыновтың жалғыз мұрагері болып табылатын оның ересек ұлы Нұрлановадан Жинақ банкіде Момынов атына сақталған ақша салымының барлық сомасын беруді талап ете отырып, оған талап арыз ұсынады. Момынов пен Нұрланованың әрекеттері қаншалықты дұрыс? Баласының іс –әрекеті заңға сай ма? Осы талап арыз қаншалықты негізделген деуге болады? Мәселелердің әрі қарайғы шешілу жолдарын болжаңыздар. 2 –ші құқықтық жағдаяттың жазбаша жауап кестесі:
3-тапсырма. Өз жұбыңызбен мұрагерліктің нысандарына берілген мәтінді қарастырып, өсиет пен заң бойынша мұрагерлікке мысалдар келтіріңіз және бір –бірінен айырмашылығын ажыратыңыз : Мұраға ие болу екі негіз бойынша пайда болады: өсиет және заң бойынша. Мұра қалдырушы тек азамат болады, ал мұрагерлер – азаматтар да, заңды тұлғалар да және мемлекетте болуы мүмкін. Егер мұра жөнінде өсиет қалдырылмаған болса, онда мұраға ие болу заң бойынша болады. Мұраның ашылу уақыты болып, мұра қалдырушының қайтыс болған күні немесе ол қайтыс болды деп танылған күн (сот шешімінің заңды күшіне енген күні) саналады. Мұраны заң жүзінде қабылдап алу үшін алты айлық мерзім бекітілген. Мұраны алу заң жүзінде және нақтылы түрде болады. Заң жүзінде мұраны алу – ол, мұраның ашылған жері бойынша нотариалдық кенсеге өтініш жазу арқылы жасалады. Мұраның ашылу жері және уақыты, заң бойынша мұрагер болушылардың саны мен кезектері, жұбайының үлесі, мұрадан бас тарту, мұраға қалған мүлікті қорғау (оны сенімгерлікпен басқаруға беру), мұрагерлер арасында туындаған дауды шешу тәртібі және т.б. жөніндегі ұғымдарға тоқтау жөн болады. Мұрадан бас тарту қайталанбас болады, яғни мұрадан бір рет ғана бас тартуға болады. Өсиет және заң бойынша мұрагер болу. Өсиет – ол міндетті түрде жазбаша нотариалдық нысанада жасалатын бір жақты мәміле болады. Өсиет қалдырушы кез келген уақытта: өсиет мазмұнын өзгертуге немесе оған өзгерістер, қосымшалар еңгізуге, одан толық бас тартуға құқылы болады. Өсиетті куәландыру кезінде, нотариус, өсиетте аталған мүлікке деген құқықты күәландыратын құжаттарды талап етуге міндетті емес. Өсиет бойынша мұрагерлікке мысал: ____________________________________________________________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________ Заң бойынша мұрагерлікке мысал: ____________________________________________________________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ Өсиет және заң бойынша мұрагерлікті бір –бірінен қалай ажыратуға болады? ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________ Сабақта жасаған жұмысыңызға баға беріңіз: ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?