Ата-анасының қамқорлығысыз қалған және жетім балалардың құқығы мен мүддесін қорғау түрлері. Құқық негіздері, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Отбасы құқығы институттары

Мектеп:

Күні:

Сынып: 11

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балалардың құқығы мен мүддесін қорғау түрлері

Сабақтың түр

Жаңа тақырыпты меңгеру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарлама-сына сілтеме)

11.3.4.3 - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалардың құқығы мен мүддесін қорғау формаларын айқындау

 Сабақ мақсаттары

  • отбасылық қатынасқа сипаттама беру үшін әр түрлі дерек көздерінен алынған ақпараттар бойынша қорытынды жасайды;
  • оқушыларды қоғамдық – саяси өмір дамуының кезеңдерімен, тарихи өзгерістердің қоғамдық қатынастардың дамуына тигізген әсерімен танысу және тарихи оқиғаға баға бере алу;
  • ұлттық бірлік, ұлттық тұтастық хақындағы оқушылардың отаншылдық сезімін ояту;

 Бағалау критерийлері

Білу мен түсіну: отбасылық құқықтық қатынас рөлін анықтайды;

Қолдану: - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалардың құқығы мен мүддесін саралайды;

Сыни ойлау және зерттеу:

жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалардың құқығы мен мүддесін қорғау түрлерін бағалайды;

 Тілдік мақсаттар

 

Тілдік мақсат

Оқушылар:

  • «ҚР Неке және отбасы туралы кодексі», «ҚР бала құқықтары туралы заңы» құжаттарға венн диаграмма жазады (Жазылым дағдысы)
  • Кейс технологиясы негізінде проблемалық жадаяттарды талдайды (жазылым дағдысы)

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Отбасы деген (...)

Отбасы құндылығы (...)

Құндылықтарды жаңғырту үшін (...)

Отбасындағы ата-ананың ролі жоғары, себебі (...)

Неке мына жағдайларда (...) тоқтылады.

Неке мына жағдайларда (...) сот тәртібімен бұзылады.

Неке мына жағдайларда (...) жарамсыз деп табылады, себебі (...)

Балалар құқығы туралы Конвенциясында (...) көрсетілген.

Конвенцияның бұл тарауы маңызды, себебі (...)

Балалар құқығын отбасында және қоғамда сақтау маңызды, себебі (...)

Пәнге қатысты лексика мен терминология

  • Отбасы
  • қоғам бірлігі
  • тәрбие
  • некенің тоқтатылуы
  • ұлттық құндылық
  • некенің бұзылуы
  • некенің тоқтатылуы
  • некенің жарамсыздығы
  • алименттік міндеттер

 Құндылықтарды

 дарыту

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеяға сай құндылығы:

Оқушылардың еліміздің ұлттық дамуы және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

Мектептердің құндылығы:

Оқушылар бойындағы жауапкершілік, ынтымақтастық орта құру.

АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтор немесе берілген мәтіннен қажетті мәліметті ала алады.

Бастапқы білім

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-10 минут

Қызығушылықты ояту кезеңі

«Ой шақыру» әдісі арқылы оқушыларға видео көрсетіп, түрткі сұрақтар қойып, тақырыпқа шығады.

«Балаларды тастамаңыздар» атты әлеуметтік ролик

https://youtu.be/ynsZgD0m234

Мақсат галереясы әдісі арқылы әр топ оқушылары өз мақсаттарын ұсынады. Кейін оқу мақсатымен сәйкестендіріледі.

Бағалау критерилерімен танысады.

Мағынаны тану кезеңі

Сабақтың ортасы

10-30 мин

30-55 мин

55-75 мин

«Құқықтық алаң» әдісі арқылы оқушылар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балалардың құқығын қарастырады.

Зерттеу және талдау:

ҚР Неке және отбасы кодексінің 15 тарауы: 115-116 баптарын қарстырады

ҚҰЖАТ 15 тарауы: 115-116 баптары

Зерттеу сұрақтары

  • Құқықтарын қорғау
  • Мүдделерін қорғау
  • Құқықтарын қорғау нысандары
  • Мүдделерін қорғау нысандары

Маңыздылығы (оқушының көзқарасы)

Қоғамда қабылданған норма

Бағалау. Отбасы қатынастары аясында мәселелік жағдаяттарды шешу. Оқушыларды төрт топқа бөліңіздер.

Оқушыларға меншік құқығы аясында даулы мәселелер көрсетілген жағдаяттар ұсынылады.

ҚР Конституциясы

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

http://adilet.zan.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

http://www.akorda.kz/

Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі.

Сабақтың соңы

75-80 минут

Қорытындылау

Еркін микрафон әдісі «Жетім көрсең – жебей жүр» ой түйін жасайды.

Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қорытындылау мақсатында оқушылардың қабілетіне қарай жеке тапсырмалар ұсыну, оқушылардың өздеріне таңдауға беру

Өзіндік рефлексия бірінші ұсынылған форматта немесе екінші форматта жүргізу мүмкіншілігі бар(мұғалімге қажет ақпарат оқушылардың қиналған тапсырмалары және жеке жетістіктері)

АКТ-ның пайдалану уақыты шектеулі,сергіту тапсырмалары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары / оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды ма, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары,ОМ қол жеткізу,саралау тапсырмаларын талдау мүмкіндігі.

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік /қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?