Ата-анасының қамқорлығысыз қалған және жетім балалардың құқығы мен мүддесін қорғау түрлері. Құқық негіздері, 11 сынып, дидактикалық материал.


№1 бекет

Ата-аналық құқығынан айыру тәртібі мен негіздері.

Ата-аналық құқығынан айыру-ата-аналық міндетін орындамағаны үшін тағайындалатын айрықша және ең жоғары жауапкершілік шарасы.Ата-аналық құқығынан айыру заң белгіленген тәртіп пен негізде ғана жүзеге асады.Ата-аналардың түрлі нысанда көрінетін құқыққа қарсы айыпты әрекеті оларды ата-аналық құқығынан айыру негізі болып табылады. Бұл негіздемелер «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 75-бабында бекітілген.

Ата-аналық құқықтан айыру туралы іс ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе баланың басқа заңды өкілінің ,кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау міндеті жүктелген ұйымдар мен органдардың өтініші бойынша ,прокурордың талабы бойынша қаралады. Ата-аналық құқығынан айыру туралы істі қарауда сот құқығынан айырылған ата-аналардан баланың пайдасына алимент өндіру мәселесін шешеді.

Ата-аналық құқығынан айырылған ата-аналар баласы бар азаматтарға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылар мен жеңілдіктер алудан,баламен туыстық фактісіне негізделегн басқа да барлық құқығын жоғалтады. Мұндай ата-аналар қартайған кезде баланың өзін бағып-қағуына,қаржылық қолдануына да үміттене алмайды. Дегенмен оларда өз баласын бағу алимент төлеу міндеті сақталады.Баланы ата-аналық құқығынан айырылған ата-анадан алыстату мақсатында олармен бірге тұруы бірден оқтатылады.Дегенмен кездесіп тұру мүмкіндігі жоққа шығарылмайды.Оны сот тағайындайды.

Ата-ана құқығын қалпына келтіруді со шешеді. Ата-ананың жүріс-тұрысы,тұрмыс дәстүрі,бала тәрбиесіне көзқарасы жақсы жағына қарай өзгергенде ата-ана құқығын қалпына келтіруге болады.Баланы ата-анасына қайтару баланың мүддесіне сай келсе ғана мүмкін болады.

Сот баланың мүддесін ескеріп,ата-ана құқығын шектеу,яғни баланы ата-анадан олардың құқығынан айырмай-ақ алу туралы шешім шығара алады.Егер ата-ананың біреуінде психикалық ауытқушылық болса немесе басқа да созылмалы аурумен ауыратын болса, жағдайының ауырлығына байланысты балаға қамқорлық жасай алмаса және ата-аналық міндетін орындамаса,балаға өте қатал қараса ата-аналық құқығын шектеу жазасын қолдануға болады.

1.Ата-аналық құқықтан қандай жағдайда айыратынын анықтаңыздар

2.Ата-аналық құқықтан айырылған ата-ананың құқықтары мен міндеттерін ажыратып көрсетіңіздер

3. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 75-бабының заңды талаптарын (жоғары,орта,төмен) бағалаңыздар. Бағалау себебін түсіндіріңіздер

№2 бекет

«Қамқоршылық пен қорғаншылық» түсінігі. Қамқоршылық пен қорғаншылық мақсаты-ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуге алу. Аталған міндеттемені орындайтын арнайы мемлекеттік органдар да бар. Олар-қамқоршылық және қорғаншылық органдары. Бұл органдар ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау жұмысын ғана емес, оларды орналастыру, сонымен қатар әрі қарайғы жағдайларын бақылау жұмыстарын да жүзеге асырулары керек.

Қамқоршылық және қорғаншылық органдарына көмек көрсететін мемлекеттік ұйымдар мен органдардың, мамандандырылған балалар мекемесінің көп екендігін атап өту керекпіз.

Мысалы: ата-аналарды қамауға алатын анықтау және алдын ала тергеу органдары, медициналық мекемелер, балалар баратын мектепке дейінгі мекемелер мен мектептер жатады. Балалар туралы ақпарат алған қамқоршылық және қорғаншылық органдары оларды орналастыру туралы жылдам шешім қабылдаулары керек.

Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, отбасына тәрбиелеуге берілуі тиіс баланы мемлекет міндетті түрде есепке алады. Бұл үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен « Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру» ережесі бекітілді.

Республикада балаларды мемлекеттік қорғау мен оларға қамқорлық жасау интернат мекемелері мен балалар үйінің жүйесі арқылы жүзеге асады.

Балалар мен жас аналарды қолдау үшін 1994 жылы Қазақстанда «Үміт үйі» құрылды.

Оған жалғызбасты аналармен қалған балалар аналарының жағдайы түзелегенше уақытша орналастырылады.Үміт үйінің негізгі мақсаты-балалардың қараусыз қалмауы.

Қорғаншылық 14 жасқа толмаған балаларға, ал қамқорлық 14-18 жас аралығындағы кәмелетке толмағандарға белгіленеді. Кәмелетке толмағандар ата-анасының, асырап алушыларының болмауы, олардың хабарсыз жоғалуы немесе қайтыс болды деп хабарлануы, ата-аналық құқығынан айырылуы, балалардың ата-ананың қамқорлығынсыз қалуы- қамқоршылық пен қорғаншылықты белгілеу негізі. Қамқоршылық пен қорғаншылықты белгілеу қамқоршы мен қорғаншы тағайындау арқылы жүреді.

Қамқоршылық пен қорғаншылық ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеу, бағу, білім беру мақсатында белгіленеді.

Қамқоршының қорғаншыдан айырмасы –кәмелетке толмаған бала жасына сәйкес өздігінен жасай алмайтын мәмілені жасауға келісім береді. Қамқоршылар да, қорғаншылар да өз міндеттерін ақысыз орындайтынын, олардың құқықтары жедел сипатта болатынын айта кету керек. Қарамағандығындағы бала 14 жасқа толған соң оған қорғаншылық жасау тоқтатылады, ал қорғаншы болып жүрген тұлға кәмелетке толмаған тұлғаларға қорғаншылық жасауға ауысады. Қамқоршылық қарамағындағы бала 18 жасқа толған немесе кәмелетке толып, некеге тұрған соң тоқтатылады.

1. Қамқоршылық пен қорғаншылық мақсатын айқындаңыздар

2. Қамқоршылық және қорғаншылық органдары қызметтерін анықтаңыздар

3. Қамқоршылық және қорғаншылық органдарының қызметтеріне тағы қандай қызмет қосар едіңіздер. Түсіндіріп кетіңіздер

№3 бекет

Бала асырап алу. Асырап алу нәтижесінде асырап алушы мен асырап алынған баланың арасында шығу тегі бір туыстар арасындағыдай құқықтар мен міндеттер туындайды. Бұдан бөлек асырап алушының асырап алған балалары мен туған балалары арасындағы құқықтар мен міндеттері де бірдей болады. Кәмелетке толмаған балаларды ғана асырап алуға болады.Бұл жағдайда баланың жасы, есею деңгейі, өзін асырап алуға келісімі есепке алынады.

Баланы патронатты тәрбиеге беру. Патронат-ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы шарт бойынша басқа азаматтардың отбасына тәрбиелеуге беретін тәрбиенің бір түрі. Келісімшарт қамқоршылық және қорғаншылық қызметін атқаратын органдар мен баланы өз тәрбиесіне алуға ниеттенген тұлғаның арасында жасалады. Бала патронатты тәрбиешіге келісімшартта қаралған мерзімге беріледі. Сонымен бірге патронатты тәрбиешіге балаларды бағуға арналған қаражат төленіп тұрады.

Қазақстанда сондай-ақ «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы мен жасөспірімдер» үйлері жұмыс істейді. Мұндай ауылдардың негізгі міндеті-балаларға өздерінің қажеттіліктерін сезінетіндей жағдай жасау, оларды отбасы жағдайында өсіру.

Сонымен, аталған міндеттерді жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік органдар-қамқоршылық пен қорғаншылық органдары бар. Бұл органдар ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау жұмысын ғана емес, оларды орналастыру, болашақ өмірлерін қадағалап отыруы керек.

1. Бала асырап алуда қандай жайттар ескеріледі?

2.Патронатты тәрбиенің ерекшелігін анықтаңыздар

3. Патронатты тәрбиенің жұмысын жетілдіруге қандай ұсыныс қосар едіңіздер



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?