Әкімшілік процесс түсінігі, міндеттері мен қағидаттары. Құқық негіздері, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ аты: Құқық негіздері. Сыныбы: 10. Жұмыс формасы: Қысқа мерзімді жоспар.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Процессуалдық құқықтың негіздері.

Бөлімше: Әкімшілік іс жүргізу құқығының негіздері

Мектеп: Қызылорда қаласы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Абджалиев Н.А.

Сыныбы:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Әкімшілік процесс түсінігі, міндеттері мен қағидаттары

Оқу мақсаты:

10.4.3.1 әкімшілік процесс ұғымын, оның міндеттері мен қағидаттарын түсіндіру

10.4.3.2 әкімшілік процесті жүзеге асырудың құқықтық негіздерін анықтау

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

Білу және түсіну: «әкімшілік процесс», «әкімшілік іс жүргізу түрлері», «арыз», «өтініш», «шағым» ұғымдарын түсіндіреді

Қолдану: «Заңды өкіл», «Сарапшы», «Куәгер» ұғымдарын қатыстырып, рольдік қойылым ұйымдастырады

Талдау және бағалау: әкімшілік іс жүргізу түрлері бойынша құқықтық жағдаяттарды талдап, шешімдер ұсынады және баға береді

Бөлімнің басты сұрақтары:

  • Әкімшілік процесс дегеніміз не?
  • Әкімшілік процесс қалай іске асырылады?

Тілдік мақсаттар

Оқушы:

  • «Миға шабуыл» әдісі ретінде суреттер қолданып әкімшілік іс жүргізу жүйесімен танысады (сөйлем және жазу дағдылары)
  • «Әкімшілік іс жүргізу үрідісінде қолданатын қағидалардың маңыздылығы неде?» тақырыбында эссе жазады (жазу дағдылары)

Пән лексикасы және терминология:

Әкімшілік процесс;

Арыз;

Өтініш;

Шағым;

Заңды өкіл;

Сарапшы;

Куәгер.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Мен...деп ойлаймын

Әкімшік процестің ерекшілігі(...)

Мынадай ұсыныстар мен толықтырулар енгізуге (…) болар еді.

Әкімшілік процестің субъектілері мыналар (...)

Әкімшілік процестің қағидаттары (...)

Құндылықтарды дарыту

  • жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу;
  • патриотизм, өз елі үшін мақтаныш сана-сезімін қалыптастыру
  • ұлттық сана-сезім
  • төзімділік
  • бостандық

Пәнаралық байланыстар

Әлеуметтану, Саясаттану

АКТ қолдану дағдылары

Оқушылар интернет-ресурстарын пайдаланады, интербелсенді тақталар арқылы слайдтар көрсетеді

Бастапқы білім

Оқушылар өткен сабақтарда әкімшілік құқығы ұғымымен және ҚР әкімшілік құқығына қатысты әкімшілік құқықбұзушылық заңдарымен таныс

Сабақ барысы

Уақытты

жоспарлау

Жоспар бойынша орындалуы тиіс тапсырмалар:

Дерек көздері

Сабақ басы

7 мин

Ұйымдастыру кезеңі: Мұғалімнің сыныпты сабаққа дайындау үдерісі.

«Миға шабуыл» әдісі ретінде суреттер қолданып, әкімшілік іс жүргізу жүйесімен таныстыру

  • Инфографикадан нелерді байқадыңыздар?
  • Суреттерге назар аударып, «әкімшілік процесс», «әкімшілік іс жүргізу түрлері», «арыз», «өтініш», «шағым» ұғымдарын түсіндіріңіздер.
  • Дескриптор:Оқушылар суреттерге қарап өз жауаптарын береді

№1. Тапсырма

- Арыз, өтініш, шағым ұғымдарының әкімшілік процеске қандай қатысы бар?

- Қалай ойласыздар, әкімшілік іс жүргізуге қандай міндеттер кіреді?

Дескриптор:

- Оқушылар арыз, өтініш, шағым ұғымдарының әкімшілік процеске қандай қатысы бар екеніне өз түсніктерін береді

- әкімшілік іс жүргізудің міндеттерін атайды

Нұрмашев Ү. Ө. Апахаев Н. Ж.

ҚР әкімшілік іс жүргізу құқығы. Оқулық.

Ахметов Р.И. Основные понятия термины административного права.Алматы; 1999;

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы

Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілде

Сабақ ортасы

30 мин

№2. Тапсырма Сыныптық/Топтық жұмыс

- «Әкімшілік ұстау» тақырыбындағы бейне сабақты тамашалап, ондағы заңның баптарына түсініктеме ұсынасыздар.

Бейнематериал және таратпа ресурстар ақпараттары негізінде келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:

- Әкімшілік процестегі әкімшілік ұстау дегеніміз не?

- Әкімшілік ұстаудың қандай заңдық шарттары бар?

- Әкімшілік ұстауда азаматтар мен құқық қорғау органдарының арасындағы қарым-қатынас этикетін құрастырыңыздар.

Дескриптор:

- Оқушылар әкімшілік процестегі әкімшілік ұстаудың анықтамасын береді;

- Әкімшілік ұстаудың заңдық шарттарын ҚР Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің баптарына сүйене отырып түсіндіреді.

- Әкімшілік ұстауда азаматтар мен құқық қорғау органдарының арасындағы қарым-қатынас этикетін инфографика түрінде құрастырады.

Қолданылатын құжаттар: ҚР Конституциясының «Адам және азамат» бөлімі 10-39 баптары аралығы, ҚР Әкімшілік Кодексі; ҚР Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексі, ҚР ішкі істер органдары туралы Заңының 19 –бабы 5-тармағы

Әкімшілік ұстауға түсініктеме беру:

Жеке адамды жеке бас бостандығынан, атап айтканда, оның құқыққа қарсы әрекетін тыю мақсатымен белгілі бір уақыт ішінде арнаулы орында мәжбүрлеп ұстай отырып, іс-әрекет және жүріп-тұру бостандығынан уақытша айыру. Оны ішкі істер органдарының (полицияның) қызметкері; төтенше жағдай жарияланған жердің комендатурасы мен әскери сақшысы; шекара қызметінің органдары; күзетілетін объект орналасқан жердегі аға әскери қызметші, ішкі істер органдарының қызметкері, әскерилендірілген күзеттің лауазымды адамы; барлық қорғау органдары; көлік бақылау органдары; әскери автомобиль полициясының лауазымды адамдары; қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау органдары; салық қызметі мен салық полициясы органдарының лауазымды адамдары; кен кадағалаудың, шекаралық қызмет органдарының, т.б. лауазымды адамдары; кеден органдарының лауазымды адамдары; Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің лауазымды адамдары; сот приставтары жүзеге асыра алады.[1]

Әкімшілік процестің белгілері:

Заң өндірісінің бір түрі;

Мемлекеттік басқару субъектілерінің билік жасау қызметінің бір түрі;

Әкімшілік құқықтың материалды (объективті) нормаларын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасайды;

Әкімшілік іс жүргізудің мақсаты – басқару істерді шешу мен нақты заңдық нәтижелерге жету;

Әкімшілік іс жүргізудің нәтижелері (аралық және толық) ресми құжаттарда бекітіледі;

Әкімшілік құқықтың жекеше институттың қалыптастыратын әкімшілдік іс жүргізу нормаларымен реттеледі;

Нақты реттілікке ие болады.

№3. Тапсырма Топтық/Жұптық жұмыс

1 топ – Әкімшілік процестің белгілерін және мәселелерді шешу жолдарын ұсыну

2 топ – Әкімшілік құқық бұзушылық үшін өкініш анықтамасы және жазаны жеңілдететін мән-жайларды анықтау

3 топ – Әкімшілік құқық бұзушылықты жасауға қасақана жол берген тұлға мен оны жасаған тұлғаның заңға сәйкес жауапкершіліктерін анықтау

4 топ – ҚР ӘҚБтК-нің 330 бабының 1-бөлімі бойынша жасалған әкімшілік құқық бұзушылыққа қолданылатын жауапкершілік деңгейін анықтау.

Сұрақтарға жауап беруде бойынша рольдік қойылымды көрсетудегі әкімшілік процес 2 формада көрініс табады:

1) әкімшілік іс жүргізу өндірісі

2) юрисдикциялық өндірісі

Әкімшілік іс жүргізу өндірістің/ процестің 6 кезеңдері белгіленеді:

1) Тәртіпке қатысты іс қозғау;

2) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы құрастыру;

3) Тергеу ісін жүргізу;

4) Қарастыру;

5) Шағым беру (аппеляция);

6) Орындау

Құқықтық жағдаят №1

Жарқайың ауданы Державинск қаласының дүкен сатушысы кәмелетке толмағанға темекі бұйымын сатқан.

Сот қаулысымен дүкен сатушысына ҚР ӘҚтК сәйкес қандай жаза қолданылуы тиіс?

Құқықтық жағдаят №2

03.03.2014 жылы С. қаласы Ұ. көшесінің бойында орналасқан «Жезқуат» дүкенінің жанында азамат М. темекі қорабын ашып, жылтыр қағазын өтіп бара жатып лақтырып кеткен, сөйтіп ортақ қоғамдық орынды ластаған. Сот отырысында азамат М. өз кiнәсiн толығымен мойындап, шын жүректен өкінетіндігін бекітті. С. қалалық сотының қаулысымен

ҚР ӘҚБтК-нің нешінші бабына сәйкес азамат М. әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және жаза түрінде әкімшілік қамауға тартуға бола ма ?

Құқықтық жағдаят №3

Аудандық сотында азамат У.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Іс құжаттарына сәйкес, азамат У. 2014 жылғы 08 мамырда «Мазда-323» көлігінің иесі бола тұра, қаланың Уәлиханов-Байтұрсынов көшелерінің қиылысында алкогольдік масаң күйіндегі азамат С.-ға көлік құралын жүргізуге берген.

Сот көлік иесі мен жүргізушіге ҚР Жол жүру ережесі туралы және ҚР ӘҚБтК сәйкес қандай жаза тағайындауы тиіс?

Құқықтық жағдаят №4

Қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына  ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 330 бабының 1-бөлімімен аз. Г қатысты әкімшілік іс түсті. Іс материалдарына сәйкес азаматша аз.Г. 09 сәуір 2014 жылы А қаласы 7 шағын ауданының үйдің кіреберіс подъезінде азаматша аз.Т. жанжалдасып лас сөздер мен балағаттап қоғамдық орында құрметтемеушілік білдірген, яғни ҚР ӘҚБтК-нің 330 бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасаған. 

Сот қандай қаулы шығаруы тиіс?

Дескриптор:

Оқушылар әкімшілік процесті жүзеге асырудың құқықтық негіздерін анықтау үшін өздерінің құқықтық ситуациялары бойынша «Арыз», «Өтініш», «Шағым», «Заңды өкіл», «Сарапшы», «Куәгер», «Сот шешімі» және «Медиация» терминдерін қатыстыра отырып, рольдік қойылым ұйымдастырады.

Бағалау үдерісі.

Әрбір тапсырмадан соң мұғалім дескрипторлар арқылы жеке, жұптық және топтық формада орындалған жұмыстардың мазмұнына кері байланыстар беріп бағалайды.

Құқықтық бейнеролик Әкімшілік ұстау

https://www.youtube.com/watch?v=Z1jkjEViTPA

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы

Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілде

Қызылов М. — Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы: Оқулық. — Астана: Фолиант, 2009. — 504 б. 

Қазақстан Республикасының кодексі әкімшілік құқық бұзушылық туралы [Текст] : - Алматы : Баспа, 2001. - 256б. с

Баянов Е. Әкімшілік құқық. Оқулық. Алматы 2007 ж.

Сейдеш, Б. Б. Әкімшілік құқық пәні бойынша дәрістер: учебное пособие. - Алматы : Дәнекер, 2004. - 139 б

Жумабаев К.С. «Құқық негіздері», Практикум, Ақтөбе, 2014 ж.

Матузов Н.И., Малько А.В. Мемлекет жəне құқық теориясы / орыс тілінен қазақшаға аударған Б.Ө.Алтынбасов. –Алматы, 2013.

Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. Мемлекет жəне құқық теориясы. –Алматы, 2006.

Ағдарбеков Т., Əлайдар А., Алайдаров А., Құқық негіздері. Оқу құралы – Алматы: Нұр пресс, 2008. – 246 бет.

Оспанов Қ.И. Құқық негіздері. Оқу құралы – Алматы: Жеті жарғы, 2010. – 304 б.

Нұрмашев Ү. Ө. Апахаев Н. Ж.

ҚР әкімшілік іс жүргізу құқығы. Оқулық.

Ахметов Р.И. Основные понятия термины административного права.Алматы; 1999;

Сабақтың аяғы

3 мин

Рефлексия. «Бекіту» әдісі

  • Мен көп жаңа мағлұмат алдым
  • Бұл менім өміріме қажет болуы мүмкін
  • Сабақта ойланатын нәрселер көп болды
  • Сабақ барысында барлық туындаған сұрақтарға жауап алдым
  • Сабақта мен адал жұмыс жасадым және сабқ мақсатына қол жеткіздім

Үй жұмысы:

«Әкімшілік процеске қатысатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтық сауаттылығы неліктен маңызды?» тақырыбында инфографика құрастыру

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)

Коммуникативті дағдыларын дамыту мақсатында құрылған топтар/жұптар тілді меңгеру қабілеті төмен оқушыларды тілді меңгеру қабілеті жоғары оқушылардың қолдау көрсетуін меңзейді. Мұғалім талқылау үрдісі кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалау тиіс.

Дәйекті дәлелдерге ғана негізделген қорытындыға жетудің мағынасының мәні, сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе отырып кем дегенде өзін ойын білдіре алады, ал қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз, негізгі жауап береді.

Топтар арасында жұмыс жасау, талқылауды тыңдау немесе талқылауға көмек беру, қажетіне қарай топтар немесе жеке оқушыларға қолдау көрсету.

Талқылау барысында оқушылар берілген жағдаяттарды қалай шешкендігін, топтағы зерттеу жұмысын бағалау.

Әкімшілік процесс және іс жүргізудің түрлерін зерттеу барысында оқушылардың бойында отбасылық құндылықтар, өзара түсінушілік, адамгершілік қасиеттері қалыптастырылады. Адамгершілік қасиеттеріне жүгіну қажетілігін сезінеді.

Рефлексия

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақ бағанда келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?