Әкімшілік процесс түсінігі, міндеттері мен қағидаттары. Құқық негіздері, 10 сынып, дидактикалық материал.


1-топ.

Құқықтық жағдаят №1

Жарқайың ауданы Державинск қаласының дүкен сатушысы кәмелетке толмағанға темекі бұйымын сатқан.

Сот қаулысымен дүкен сатушысына ҚР ӘҚтК сәйкес қандай жаза қолданылуы тиіс?

2-топ.

Құқықтық жағдаят №2

03.03.2014 жылы С. қаласы Ұ. көшесінің бойында орналасқан «Жезқуат» дүкенінің жанында азамат М. темекі қорабын ашып, жылтыр қағазын өтіп бара жатып лақтырып кеткен, сөйтіп ортақ қоғамдық орынды ластаған. Сот отырысында азамат М. өз кiнәсiн толығымен мойындап, шын жүректен өкінетіндігін бекітті.

 С. қалалық сотының қаулысымен ҚР ӘҚБтК-нің нешінші бабына сәйкес азамат М. әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және жаза түрінде әкімшілік қамауға тартуға бола ма ?

3-топ.

Құқықтық жағдаят №3

Аудандық сотында азамат У.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Іс құжаттарына сәйкес, азамат У. 2014 жылғы 08 мамырда «Мазда-323» көлігінің иесі бола тұра, қаланың Уәлиханов-Байтұрсынов көшелерінің қиылысында алкогольдік масаң күйіндегі азамат С.-ға көлік құралын жүргізуге берген.

 Сот көлік иесі мен жүргізушіге ҚР Жол жүру ережесі туралы және ҚР ӘҚБтК сәйкес қандай жаза тағайындауы тиіс?

4-топ.

Құқықтық жағдаят №4

Қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына  ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 330 бабының 1-бөлімімен аз. Г қатысты әкімшілік іс түсті. Іс материалдарына сәйкес азаматша аз.Г. 09 сәуір 2014 жылы А қаласы 7 шағын ауданының үйдің кіреберіс подъезінде азаматша аз.Т. жанжалдасып лас сөздер мен балағаттап қоғамдық орында құрметтемеушілік білдірген, яғни ҚР ӘҚБтК-нің 330 бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасаған. 

 Сот қандай қаулы шығаруы тиіс?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?