Қазақстан Респбликасының құқық қорғау органдары. Құқық негіздері, 10 сынып, дидактикалық материал.


 Құқық қорғау органдарының функциясы

 Құқықты қорғау қызметі, негізі, үш нысанда жүзеге асырылады: а) құқық бұзушылықтан сақтандыру жөніндегі әр алуан шаралар жүргізу жолымен; ә) заңды істерді қарау және шешу жолымен; б) құқық бұзушыларды заңмен жауапқа тарту жолымен. Мемлекеттің құқықтық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін құқықтары мен міндеттері арнаулы заңдармен реттелініп әр түрлі органдар құрылады. Қазақстан Республикасында қандай құқық қорғау органдары құрылған: Оған мыналар жатады: полиция органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, прокуратура, әділет министрлігі, әр алуан мемлекеттік инспекциялар (өрт, санитарлық, қаржы және т.б., сот органдары,адвокатура, нотариаттар, кедендік органдар, ішкі және шекара әскерлері, Президент күзетінің қызметі және т.б.

 Құқық қорғау органдары, негізінен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Прокуратураның және Әділет министрлігінің құрамында әрекет етеді.

 Полиция органдарының қызметі. Полиция – Ішкі істер министрлігінің құқықтық қорғау органдары жүйесінде басшылық орын алады, оған құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және болдырмау жөніндегі жұмыстардың анағұрлым көп көлемі жүктелген. Сондықтан ПМ жүйесінде толып жатқан полициялық органдар құрылған. Олар: 1) қылмысты істер полициясы, ол қылмыстарды болдырмау және ашумен айналысады; 2) патруль полициясы – көшелер мен елді мекендерде, басқа да қоғамдық орындарды қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыруды; 3) жол полициясы – жол қозғалысы ережелерін сақтауды және оның қауіпсіздігін қадағалайды; 4) әкімшілік полициясы, оның міндеті - әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу; 5) полицияның арнайы отрядтары – күзетілген маңызды объектілерде құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған және т.б. Заң бойынша – полиция қылмыстар, әкімшілік бұзулар туралы өтініштерді, хабарлауларды қабылдауға және тіркеуге, қылмыстардан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуге, қылмыс жасаған адамдарды іздестіруге; қару сатып алуға, алып жүруге және сақтауға рұқсат беруге; кәмелетке толмағандардың панасыздығы мен құқық бұзуларын анықтауға; шетелдік азаматтардың Қазақстан аумағында болуы кезінде ережелерді сақтауға бақылауды жүзеге асыруға және т.б. міндетті. Қазақстанның полициясы басқа еларалық келісімдер негізінде басқа елдердің полициясымен өзара әрекеттестікте жұмыс істейді. Қазақстан өз аумағында қылмыс жасаған адамдарды іздестіруге, ұстауға және ҚР-на беруге көмектесетін халықаралық полиция ұйымының – Интерполдың мүшесі болып табылады.

 Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметі. Құқық тәртібін қорғауға ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдары үлкен рөл атқарады. ҰҚК-нің басшылығымен облыстар мен қалаларда құрылған аумақтық органдарға жұмыс істейді. ҰҚК жүйесінде барлау бөлімшелері («Барлау» қызметі) бар: мемлекеттік құпияларды сақтауды қамтамасыз етуге арналған үкіметтік мекемелерді байланыс пен ақпараттың арнайы түрлерімен жабдықтайтын орган және басқа құрылымдар жұмыс істейді. ҰҚК органдары тікелей ҚР-ның ПРезидентіне бағындырылған. ҰҚК органдарының басты міндеті ҚР қауіпсіздігіне қатер төндіретін шетелдік мемлекеттердің арнаулы қызметтері мен жекелеген адамдарының барлау және дұшпандық қызметімен күрес болып табылады. Бұл күрес заңға сәйкес жария, сондай-ақ жария емес құралдар мен әдістерді қолдану жолымен жүргізіледі. ҰҚК органдарының қызметіндегі басқа маңызды бағыт – лаңкестікпен, заңсыз қару айналымымен, нашақорлықпен, жемқорлықпен, контрабандамен, пара алумен, басқа да ауыр қылмыстармен күресу болып табылады. ҰҚК органдарына зор құқықтар берілген. Дәлірек айтқанда, олар, мысалы, мақсаттары ҚР-дағы конституциялық құрылысты күшпен өзгерту болып табылатын, лаңкестік, экономикалық контрабандаға, жемқорлық, қылмысты топтардың беделін түсіруге бағытталған қылмыстың ерекше қауіпті түрлері бойынша анықтау және алдын алазерттеу жүргізеді.

 Прокуратура органдарының қызметі. ҚР-ның құқық органдары арасында прокуратура айрықша орын алады. Оның қызметі көп қырлы және көптеген бағыттарда жүзеге асырылады. Прокуратураның басты міндеті барлық мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындардың, мекемелердің және олардың лауазымды адамдарының Заңдарды, Президенттің жарлықтарын, басқа құқықтық нормативтік актілерді мүлтіксіз және біркелкі қолдануына жоғарыдан қадағалауды жүзеге асыру болып табылады. Прокурорлық қадағалаудың мақсаты – Республиканың бүкіл аумағында біртұтас және берік заңдылықты қамтамасыз ету, заңнамалардың талаптарын бұзу фактілерін анықтау және кінәлілерді жауапқа тарту. Прокуратура өз қызметін мемлекет атынан жүзеге асырады. Ол өз қызметін ҚР Президентіне тікелей есеп беретін тек қана Бас прокурорға бағына отырып, басқа мемлекеттік органдарға тәуелсіз атқарады. Прокуратураға кең өкілдіктер берілген. Мысалы, ол мыналарды қадағалауды жүзеге асырады. а) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығын сақтауды; ә) полициялық органдардың тергеулер мен анықтаулар кезіндегі заңдылығын; б) азаматтарды әкімшілік жауапқа тартудың заңдылығын; в) сот белгілеген жазаларды орындау мен азаматтық істер бойынша сот шешімдерін орындау заңдылығын; г) сот органдарының үкімдерінің, шешімдерінің заңдылығын. Өздерінің қадағалау қызметтерін прокуратура әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырады. Мысалы, мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың кез келген заңсыз шешімдері мен қаулыларына наразылық білдіру; қылмысты зерттеу кезінде заңсыз әрекеттерге жол бермеуді бақылау және т.б. жолмен. Қылмыс фактісін анықтағанда прокуратура қылмыстық іс қозғайды, оны сотқа жібереді және мемлекеттік айыптаушы ретінде көрінеді. Сонымен бірге прокурордың сезіктіні қамауға алуға, тінту жүргізуге рұқсат беруге, заңнамалар талаптарын бұзуға әкелуі мүмкін, жұмыстағы кемшіліктерді жоюға лауазымды адамдарға міндетті болатын жазбаша нұсқаулар беруге құқы бар.

 

 http://kitaphana.kz/ka/downloads/referatu-na-kazakskom/212-zan/4255-2012-03-15-10-48-33.html



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?