Адам құқығы түсінігі және оның негізгі түрлері. Құқық негіздері, 10 сынып, сабақ жоспары, 5 - сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Келісілді _______________

«_____________________________» жетекшісі ____________

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Адам құқығы түсінігі

Мектеп: НЗМ Ақтау қаласы.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: И.Ж. Ұзақбай

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Адам құқықтары түсінігі және оның негізгі түрлері

Оқу мақсаты

  • 10.1.3.3 адам құқықтары саласындағы халықаралық құжаттардың маңыздылығын бағалау (Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт, Экономикалық, әлеуметтік және және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт) (1 сағат)

Бағалау критерийлері

  • Адам құқықтары саласындағы халықаралық құжаттарды біледі;
  • Адам құқықтары саласындағы халықаралық құжаттардың Қазақстанда жүзеге асырылуын біледі;
  • Венн диаграммасы арқылы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы мен Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт салыстыра алады.

Тілдік мақсаттар

БҰҰ Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы және ҚР Конституцияның баптарына сүйене отырып, адам құқықтары мен бостандықтарымен танысады (оқылым және айтылым дағдылары) және жеке жұмыс орындайды. (жазылым дағдылары)

Құндылықтарды дарыту

Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары, бостандықтары мен міндеттері туралы білімді қалыптастырады

Пәнаралық байланыстар

Қазақстан тарихы, Өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Бастапқы білім

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3-4 мин

2-3 минут

Өткен сабақты еске түсіру үшін мұғалім оқушыларға: «Бұл ненің картасы екенін естеріңізге түсіріңіздер» – деген сұрақ қою арқылы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын халықаралық құжаттар туралы тақырыпқа кіріспе жасаңыз.

Адам құқықтары саласындағы халықаралық құжаттардың қайсысымен танысқан жоқпыз:

  • Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы;
  • Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт;
  • Экономикалық, әлеуметтік және және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт.

Бүгінгі сабақта қарастыратынымыз:

3. Экономикалық, әлеуметтік және және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт

№1-5 слайд

Сабақтың ортасы

10 минут

Жеке жұмыс. Оқушылар картаға қарай отырып, екі халықаралық пактіні қабылдамаған 3 елді көрсетеді.

7-9 слайдтар

1 қосымша

12-15 мин

Жұптық жұмыс. Берілген кестені жағдаятпен таныса отырып, халықаралық құжаттар мен ҚР Конституция бойынша білімдерін пайдаланып толтырады.

  • Нұрлан деген азамат күніне 10 сағат жұмыс жасайды. Еңбек жағдайына құқығы қандай?
  • Жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларын байланыс операторы көпшілікке жариялай ала ма?
  • Мария атты азаматқа өзінің ана тілінде ән айтуға жұмыс орны тыйым салды. Бұл әрекет қаншалықты заңды?
  • Айгүлге өзінің «Инстаграмм» желісіндегі парақшасын жүргізуге тыйым салынды.

10 слайд

2 қосымша

Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт,

Экономикалық, әлеуметтік және және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт, ҚР Конституциясы

Сабақтың соңы

5 минут

  • Он сұрақ! Сабақты аяқтау әдісі

Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.

11 слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?