Адам құқығы түсінігі және оның негізгі түрлері. Құқық негіздері, 10 сынып, сабақ жоспары, 3 - сабақ.


Адам құқықтары түсінігі

Сабақ тақырыбы:

Адам құқығы түсінігі және оның негізгі түрлері

10 сынып

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Оқу мақсаты

10.1.3.3 адам құқықтары саласындағы халықаралық құжаттардың маңыздылығын бағалау (Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт, Экономикалық, әлеуметтік және және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт).

Сабақ мақсаты

Халықаралық құжаттады ҚР Конституциясымен байланыста бағалау.

Бағалау

критерийлері

Сыни ойлау және бағалау:

  • Адам құқығына қатысты ҚР Конституциясының бір бабын талдайды, іске асыру мүмкіндігін бағалайды.

Тілдік міндеттер

Тілдік мақсат

Оқушылар:

  • Бейнеролик арқылы талқылау жүргізеді (тыңдалым және айтылым дағдылары).
  • Зерттеу жұмысын орындайды (жазылым дағдысы)

Пәнге қатысты лексика мен терминология

  • азаматтық құқық
  • құқық қабілеттілік
  • әрекет қабілеттілік
  • адам құқығы
  • жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі
  • Конституциялық құқық
  • саяси/ экономикалық, мәдени құқық

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Адам құқығы/ бостандығы, ол ...

Адам құқықтары сақталады: ...

ҚР Конститутциясының негізінде адам құқықтарның саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени бағыттары маңызды, себебі ...

Қазақстанда адам құқықтары сақталады, өйткені ...

Адам құқықтары саласындағы халықаралық құжаттардың маңыздылығы ...

Құндылықтарды дарыту

Жалпы адамзаттық құндылықтын дарыту топта жұмыс істеу арқылы жүзеге асады; Адамның жеке азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруда басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге, ел өміріндегі бірқатар проблемаларды шешу көп жағдайда азаматтық қоғамның даму деңгейіне, жоғары патриоттық сананың қалыптасуына байланысты екенін түсінуі.

Пәнаралық

байланыстар

Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы

АКТ қолдану

дағдылары

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі порталы материалдарын пайдалану

Алдыңғы білім

Мектеп бағдарламасы көлемінде 9 сынып «Құқық негіздері» пәні бойынша алған білімдері мен күнделікті өмірдегі әлеуметтік тәжірибелерін, сондай-ақ БАҚ көздерінен берілетін ақпараттарды қолданады. Сонымен қатар Қазақстандағы қазіргі кездегі құқықтық және саяси-әлеуметтік оқиғалардан хабардар.

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Дерек көздері

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Ой шақыру: Сабақты видеоүзінді көрсетіп, тақырыбын, мақсаты мен бағалау критерийлерімен басталады.

Халықаралық құжаттады ҚР Конституциясымен байланыстырып жаңа терминологиямен таныстыру.

Қазақстан Республикасы 1992 ж. бастап БҰҰ мүшесі, 1992 ж. 30 қаңтарынан бастап ЕҚЫҰ мүшесі болып табылады.

Декларация – лат. Conventio - келісім) кез келген саладағы адамдардың мінез-құлқының және іс-әрекетінің, оның ішінде, жаһандық мәселелерді шешу барысында келісім бойынша қабылданған ережелер мен қағидалар;

Пакт, конвенция қандайда бір арнайы мәселе бойынша жасалған шарт, халықаралық келісім.

Ж (жұптық) Оқушыларға Балалар конвенциясы мен декларациядан үзінді таратып, байланысының барын анықтауға бағалауға болатының анықтау.

Дискриптор: дәптермен жұмыс жасату, әр жұптан 10 сөйлемнен тұратын түйінді ой шығаруға ұсыну халықаралық құжаттардың мазмұнын біледі, ҚР Конституциясымен байланыстырады, маңыздылығын бағалайды.

Үй жұмысы. «Қазіргі әлемдегі адам құқықтарының қорғалуда ма?» қорытынды ой жазу

Презентация

«Адам құқығы» бейнематериалhttps://www.youtube.com/watch?v=8AlutjeDCQU

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/O4800000001 Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/O4800000001

Сабақтың соңы

Кері байланыс:

  • нені білдім, нені үйрендім
  • нені толық түсінбедім
  • немен жұмысты жалғастыру қажет

Стикерлер, ауызша жауаптар

Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау. Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)

Талқылау үрдісі кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалаймын.

Дәйекті дәлелдерге ғана негізделген қорытындыға жетудің мағынасының мәні, сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе отырып кем дегенде өзін ойын білдіре алады, ал қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз, негізгі жауап береді.

Рефлексия

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?